русс | укр

Языки программирования

ПаскальСиАссемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование

Все о программировании


Linux Unix Алгоритмические языки Аналоговые и гибридные вычислительные устройства Архитектура микроконтроллеров Введение в разработку распределенных информационных систем Введение в численные методы Дискретная математика Информационное обслуживание пользователей Информация и моделирование в управлении производством Компьютерная графика Математическое и компьютерное моделирование Моделирование Нейрокомпьютеры Проектирование программ диагностики компьютерных систем и сетей Проектирование системных программ Системы счисления Теория статистики Теория оптимизации Уроки AutoCAD 3D Уроки базы данных Access Уроки Orcad Цифровые автоматы Шпаргалки по компьютеру Шпаргалки по программированию Экспертные системы Элементы теории информации

Биттік микроконтроллерлер, XC82/XC83Smart


Дата добавления: 2015-08-31; просмотров: 1559; Нарушение авторских прав


XC82x және XC83x сериялары 24 Мгц жиiлiкте жұмыс iстейтiн 8-биттiк Infineon микроконтроллерлерiнің топтарына жатады. Қазіргі кезде бұл микроконтроллерлер 2-8 Кбайттық флэш жадымен шығарылады. Микроконтроллердің сыртқы көрінісі 4-суретте бейнеленген.

Микроконтроллерлердiң ең маңызды мiнездемелерiне коммуникациялық интерфейстер, генерациялы ендік импулсті модулятор сигналы және көп каналды 10 биттiк АЦТ, сонымен бірге төмен энергия тұтынудың қауіпсіз режимін жатқызуға болады. Микроконтроллердің стандартты 8 биттiк мәлiметтердi өңдеуiн көбейту/бөлу модулі арқылы математикалық сопроцессор жылдамдатады. Бұл микроконтроллерлердiң базасында қозғалтқыштардың басқару жүйелерi үшiн тиiмдi және интеллектуалды шешiмдердi құруға мүмкiндiк бередi.

2.2-сурет. Infineon микроконтроллерлерiнің сұлбасы

Ерекшелiктері:

- Сенсорлық басқару (ТЕСҚ-ның кеңейтілген кiтапханасымен);

- Көбейту/бөлу блогы (өнiмдiлiктi қосымша жоғарылату және басқару мүмкiндiктерiн кеңейту үшiн);

- 10 битті төрт каналдық АЦТ;

- Векторлық сопроцессор (коллекторсыз қозғалтқышты векторлық басқару үшiн);

- Тізбектелген интерфейстердің болуы;

- Жұмыстың өшу/қосылу тәртiптері.

Микроконтроллерлердiң XC82x/XC83x топтары сенсорлық басқару интерфейсінiң арқасында қозғалтқыштарды автоматтық басқару және автомобилдiк нарықтың жаңа құрылғылары ретінде қолданыла бастады. Олардың әрқайсысына жекелей тоқтала кетсек, XC82x/XC83x микроконтроллерлерінiң негізгі қолданылу аймақтары былай жіктеледі:



· Қозғалтқышты басқару құралдары:

- Желдеткiштердi, үрлегiштерді және тағы басқа құрылғыларды басқаруға арналған кеңейтілген коммуникациялық құрымдардың тұрақты тоғының коллекторсыз қозғалтқыштарында;

- Өлшегіш аспаптардың қозғалтқышын тiкелей басқаруда.

· Автомобилдiң сенсорлық басқару құралдары:

- Жарық шығаруда жарық диодтарының сәуле тарату түсiн реттеу;

- Басқару құралдары (терезе көтергiштерді, айнаны, т.б.)

- Автокөлiктiң төбесіндегі люкті басқару;

- Отырғыштарды басқару;

- Орталықтандырылған басқару жүйелерi, мысалы, жылыту, желдету және ауа тазарту;

- Аспаптық панельдерді жарықтандыруды қамтамасыз етуді басқару.

3-БӨЛІМ

МИКРОКОНТРОЛЛЕРДІҢ КОМАНДАЛАР ЖҮЙЕСІ

Микроконтроллердің командалар жүйесі логикалық, арифметикалық операцияларды орындауға, сондай-ақ нақты уақыт режимінде басқарып жұмыс істеуіне улкен мүмкіндік береді.

Командалар жүйесін шартты түрде бес бөлімге бөлуге болады.

- Арифметикалық командалар;

- Логикалық командалар;

- Ақпаратты беру командалары;

- Биттік процессор командалары;

- Басқарма берілісінің және тармақты командалар.

 

Командалар жүйесінде қолданылатын символдар және белгілеулер кестесі

Белгіленуі, символ Тағайындалуы
А Аккумулятор
Rn Таңдалған регистор
r Командада көрсетілген жүктелген регистордың номері
direct Тура адрестелген 8-биттік ішкі мәліметтердің адрес ұяшығы
@Rr Ішкі ЖЕСҚ мәліметтерінің адрестелетін 8-биттік ұяшығы
data8 8-биттік тікелей мәліметтер
dataH 16-биттік тікелей мәліметтердің үлкен биттері (15-8)
dataL 16-биттік тікелей мәліметтердің кіші биттері (7-0)
addr11 11-биттік адрес
addrL Тағайындалған адрестің кіші биттері
disp8 8-биттік байт
bit Тура адрестік бит
a15, a14...a0 Адрес биттері
(Х)[M] Х элементінің М разряды
  + - * / AND OR XOR /X Операциялар: Қосу Алу Көбейту Бөлу Логикалық көбейту (және операциясы) Логикалық қосу (немесе операциясы) 2 модулі арқылы қосу Х элементінің инверсиясы

Микроконтроллерлерде қолданылатын операндтар

Белгіленуі Функциясы
ADC Тасымалдаумен қосу
ADD Тасымалдаусыз қосу
ADIW Тікелей мағынада қосу
AND Логикалық AND-ны орындау
ANDI Логикалық AND-ны тіклей мағынада орындау
ASR Арифметикалық оңға жылжыту
BCLR Жалауды тазалау
BLD Бит регисторына Т жалаушасын жүктеу
BRBC Бит регистор жағдайында тазаланған жағдайда өту
BRBS Бит регистор жағдайында орнатылған жағдайда өту
BRCC Тасылмалдау жалаушасы тазаланған жағдайда өту
BRCS Тасылмалдау жалаушасы орнатылған жағдайда өту
BREQ Тең жағдайда өту
BRGE Тең немесе үлкен болған жағдайда өту
BRHC Жартылай тасылмалдау жалаушасы тазаланған жағдайда өту
BRHS Жартылай тасылмалдау жалаушасы орнатылған жағдайда өту
BRID Глобалды үзуге тыйым салынған кезде өту
BRIE Глобалды үзуге рұқсат етілген кезде өту
BRLO Аз болған жағдайда өту (белгісіз)
BRLT Аз болған жағдайда өту (белгімен)
BRMI Минус кезде өту
BRNE Тең емес кезде өту
BRPL Плюс жағдайда өту
BRSH Тең немесе үлкен болған жағдайда өту (белгісіз)
BRTC Т жалаушасы тазаланған жағдайда өту
BRTS Т жалаушасы орнатылған жағдайда өту
BRVC Аса толу тазартылған кезде өту
BRVS Аса толу орнатылған кезде өту
BSET Жалаушаны орнату
BST Т жалаушасына регистрдан битті жазу
CALL Келесі программаны шақыруды орындау
CBI I/O регистрінде битті өшіру
CBR Регистрдағы битты өшіру
CLC Тасымалдау жалаушасын тазарту
CLH Жартылай тасымалдау жалаушасын тазарту
CLI Глобалды үзу жалаушасын тазарту
CLN Теріс мағына жалаушасын тазарту
CLR Регистрді тазалау
CLS Белгі жалаушасын тазарту
CLT Т жалаушасын тазарту
CLV Аса толу жалауын тазарту
CLZ Нольдік мағыналы жалауды тазарту
COM Бірлікке дейін толықтыруды орындау
CP салыстыру
CPC Тасымалдау есебімен салыстыру
CPI Константпен салыстыру
CPSE Тең болса салыстыру және тексеру
DEC Декрементирлеу
EOR Шығаруды орындау
ICALL Келесі программаны жанама шақыру
IJMP Жанама өту
IN I/O портынан мәліметтерді регистрге жазу
INC Инкрементирлеу
FMUL Бөлшекті көбейту
FMULS Сандық бөлшекті көбейту
FMULSU Белгілі және белгісіз (белгісі жоқ) бөлшекті көбейту
JMP Өту
LD Rd,X Жанама жүктеу
LD Rd,X+ Соңынан инкреминтерлеу арқылы жанама жүктеу
LD Rd,-X Алдын ала инкреминтерлеу арқылы жанама жүктеу
LDI Тікелей мағынада жүктеу
LDS Тікелей мағынада ЖЕСҚ-тан жүктеу
LPM Программа жадысына байтты жүктеу
LSL Логикалық солға жылжыту
LSR Логикалық оңға жылжыту
MOV Регистрді көшіру
MUL Көбейту
NEG Екіге дейін толықтыру
NOP Бос команданы орындау
OR Логикалық OR-ді орындау
ORI Логикалық OR-ді тікелей мәнмен орындау
OUT I/O портына регистрден мәліметтерді жазу
POP Стектен регистрді жүктеу
PUSH Стекке регистрді орнату
RCALL Келесі программаны қатысты шақыру
RET Бастапқы программаға кайта оралу
RETI Үзілуден қайта оралу
RJMP Қатысты өту
ROL Тасымалдау арқылы солға жылжыту
ROR Тасымалдау арқылы оңға жылжыту
SBC Тасымалдаумен шегеру
SBCI Тасымалдаудың тікелей мәнімен шегеру
SBI I/O регисторына битті орналастыру
SBIC I/O регистрінде бит тазаланған болса өткізу
SBIS I/O регистрінде бит орнатылған болса өткізу
SBIW Созден тікелей мәнімен шегеру
SBR Регистрге битті орналастыру
SBRC Регистрде бит тазаланған болса өткізу
SBRS Регистрде бит орнатылған болса өткізу
SEC Тасымалдау флагын орнату
SEH Жартылай тасымалдау флагын орнату
SEI Глобалды үзу флагын орнату
SEN Теріс мән флагын орнату
SER Регистрдің барлық биттерін орнату
SES Белгі жалаушысын орнату
SET Т жалаушасын орнату
SEV Толу жалауын орнату
SEZ Нолдік мәне жалауын орнату
SLEEP SLEEP режимін орнату
ST X,Rr Жанама жазу
ST Y,Rr ЖЕСҚ-қа регистрден Ү индексін қолданып жазу
ST Z,Rr ЖЕСҚ-қа регистрден Z индексін қолданып жазу
STS Тікелей ЖЕСҚ-қа жазу
SUB Тасымалдаусыз шегеру
SUBI Тікелей мәнге шегеру
SWAP Ниббл орындарын ауыстыру
TST Нолге немесе минусқа тексеру
WDR Таймерді түсіру (нолге айналдыру)


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Бiр кристалды микроконтроллер, 78K0R/LG3-M | Микроконтроллер директивалары


Карта сайта Карта сайта укр


Уроки php mysql Программирование

Онлайн система счисления Калькулятор онлайн обычный Инженерный калькулятор онлайн Замена русских букв на английские для вебмастеров Замена русских букв на английские

Аппаратное и программное обеспечение Графика и компьютерная сфера Интегрированная геоинформационная система Интернет Компьютер Комплектующие компьютера Лекции Методы и средства измерений неэлектрических величин Обслуживание компьютерных и периферийных устройств Операционные системы Параллельное программирование Проектирование электронных средств Периферийные устройства Полезные ресурсы для программистов Программы для программистов Статьи для программистов Cтруктура и организация данных


 


Не нашли то, что искали? Google вам в помощь!

 
 

© life-prog.ru При использовании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.

Генерация страницы за: 0.092 сек.