Renesas Electronics компаниясы электр энергиясын есептейтін бiрфазалық статикалық электрондық есептеуiштерiнің қызметiн жобалауға мүмкiндiк беретiн 78K0R/LG3-M 16-дәрежелiк микроконтроллерлерді жасап шығарды. Құрамына 20 Мгц жиiлiкпен жұмыс істейтін және 128 Кбайттық флеш жадысы бар жоғары өнiмдi 16-биттiк ядроны біріктірген жаңа микроконтроллерлер есептеуiштiң барлық негiзгi функцияларын құрамына біріктірген.

2.1.-сурет. Бір кристалды 78K0R/LG3-M микроконтроллер
Айырмашылық ерекшелiктері:
- Бiр фазалық электр энергиясы есептеуiштерiнiң ұлғаймалы функционалдығын қолдауы. Үлкен көлемдi флеш жадының арқасында электр энергиясының бiр фазалық есептеуiштерiндегi әр түрлi функциялардың iске асу мүмкiндiгi.
- Кiрiстiрiлген метрологиялық iшкi жүйе. Микроконтроллерлер құрамына төрт кiрiстiрiлген 24-биттiк аналогты-цифрлық түрлендiргiш (АЦТ) кіреді. Метрологиялық қозғағыш қосымша функцияларды орындау үшiн калибрлеу функциясын және қуат есептеуiшті іске қосады. Құрылымның активті қуатты өлшеуінің жоғарғы дәлдiктерге жетуіне мүмкіндік туады (қателік шамамен 0.1% құрайды).
- Ультратөмен энергия тұтыну. Микроконтроллерлер жұмыс қабiлеттiлiгін қорек көзінің кернеуін 1.8-3.6 В аралығында сақтайды және электр энергиясынан ажыратылған жағдайда кішкене корек көзінің арқасында өте аз энергия тұтынып құрылғының нақты уақыт сағатында жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады.