1.Қоршаған ортаның ластану түрлері. Табиғи және антропогенді ластаушылар
Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады.Антропогендік ластануды өз кезегінде жергілікті және ғаламдық деп бөлуге болады. Жергілікті ластану өнеркәсіп аймақтарында немесе қала төңірегінде болуы мүмкін. Ғаламдық ластану үлкен қашықтықтарға тарап биосфералық процестерге, Жерге әсер етеді. Антропогендік ластану адам қатысуымен, олардың тікелей немесе жанама әсер етуінен пайда болады.
2. Қазақстан Республикасы топырақ ресурсының жай-күйі мониторингі.
Жер мониторингi болып жатқан өзгерiстердi уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрi дамуын болжау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiлетiн жер қорының сапалық және мөлшерлiк жай-күйiн базалық (бастапқы), жедел, мерзiмдi байқау жүйесiн бiлдiредi.Жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Елімізде ауылшаруашылық аудандарының, қалаға жақын аймақтардың, өндіріс нысандарының топырағының ластануына мұқият қадағалау жүргізіледі. Бұл қадағалау фондық деңгейде де жүргізіледі.Топырақ жабындысының фондық ластануын бақылаудың үлкен маңызы бар.Ол атмосфералық жалпы және осының салдары ретінде топырақтың ластануын көрсетеді.Топырақтың ластануын болдырмау үшін көп жағдайда жер бетіне түсетін ластаушы заттарды талдау қажет болады. Бұл мақсатта атмосфералық жауын- шашындардың ластануы бақыланады. Топырақты қорғау және сақтау , тақырлануын болдырмау және ұтымды пайдалану ұлттық саясатқа айналып, тұрақты дамудың негізі болуы тиіс.Топырақты өңдеу мен биологиялық қорғауды жетілдіру, егістіктер мен жайылымдарды дұрыс пайдалану қажет.