русс | укр

Языки программирования

ПаскальСиАссемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование

Все о программировании


Linux Unix Алгоритмические языки Аналоговые и гибридные вычислительные устройства Архитектура микроконтроллеров Введение в разработку распределенных информационных систем Введение в численные методы Дискретная математика Информационное обслуживание пользователей Информация и моделирование в управлении производством Компьютерная графика Математическое и компьютерное моделирование Моделирование Нейрокомпьютеры Проектирование программ диагностики компьютерных систем и сетей Проектирование системных программ Системы счисления Теория статистики Теория оптимизации Уроки AutoCAD 3D Уроки базы данных Access Уроки Orcad Цифровые автоматы Шпаргалки по компьютеру Шпаргалки по программированию Экспертные системы Элементы теории информации

Билет жауабы


Дата добавления: 2015-08-14; просмотров: 1811; Нарушение авторских прав


1.Су ресурстарының трансшекаралық ластану мониторингі.

Қазіргі таңда су нысандарының ластануы өзекті проблема болып табылады, өйткені барлығына мәлім ақиқат «Су – өмірдің көзі». Суды қорғау, су нысандарының барлық жиынтықтарын құрайтын, судың жинақталған аумақтары біздің мемлекетіміздің жіті бақылауында. Қазақстан Республикасы трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән береді. Трансшекаралық өзен су ресурстарын басқару проблемасы оларды қайта бағалаудан кейін өзектілігі артып отыр. Орталық азия елдерінің ішінде су тапшылығы орын алған Қазақстан үшін су балансын жақсарту жолдарын іздеу қажет. Су көлемінің азаюы экономикалық көрсеткіштерге, экожүйе мәселесін шешуге, сумен қамсыздандырудың әлеуметтік кепіліне де тікелей байланысты.Трансшекаралық өзендерді әділ әрі ұтымды пайдалану мәселелерін шешу - Қазақстан сыртқы саясатының басым міндеттерінің бірі. Өңірдің тұтас алғанда алдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі көп жағдайда мемлекеттердің суға қатысты қарым-қатынасының дамуына байланысты. Қазақстан су қорларының саласында өзінің көршілері Қытай, Ресей, Қырғызстан және Өзбекістан сияқты елдерден елеулі тәуелділікте болып отыр. «Қазақстан Республикасының су ресурстарын бірігіп басқару және су пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі 2009 - 2025 жылдарға арналған ұлттық жоспары» негізінде белгілі мәселелер шешіліп отырылады.



2. Ғаламдық экологиялық мәселелер. Озон қабатының жұқаруы.

Ғаламдық экологиялық мәселелер - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

Ресурстар проблемасы;

Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

Энергетикалық проблема;

Демографиялық проблема;

Климаттың өзгеруі;

Экологиялық проблемалар. т.б

Ғаламдық мәселелерді ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Ғаламдық мәселелерді шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады. Ғаламдық мәселелердің экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б Соның ішіндегі маңыздыларының бірі- Озон қабатының жұқаруы.

Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын қабат. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге көбейтеді. Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын.

3. 8 000 000г/30г= 266 666,667

 

Билет

1- Тыңайтқыштарды қолдану мониторингі-Пестицидтерді қолданудағы барлық нұсқау-ұсыныс талаптары толық сақталып жүргізілсе, өсімдікте еш қандай препараттардың қалдықтары қалмайды.Пестицидтерді қолдану нысандарына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді. Арамшөптерді жоюға қолданатандары гербицидтер, зиянды жәндіктерге қарсы қоланылатын инсектицидтер, өсімдіктің ауруларына (негізінен саңырауқұлақты аурулар) қарсы фунгицидтер және т.б. деп аталады

Суперэкотоксиканттар- суперэкотоксиканттар қатарына - өзгергіш мутагендер және канцерогендер болып табылатын радионуклидтерді, кейбір ауыр металдарды (сынап, кадмий) және металлоидтар (мышьяк, селен, хлор- және фосфорорганикалық пестицидтерді) жатқызады.

Суперэкотоксиканттар аса төзімділігімен, қоршаған ортада уыттылықтылығының шексіздігімен (кумуляциядан тыс) сипатталады. Қандайда бір қосылыста барлық ортада кездесседі, кейбір қосылыстар және қоршаған ортаның қосылыстары арқылы айналымға түседі, адамның нерв жүйесі (трофикалық) байланыстарының, организміне әсер етуі байқалады, канцерогенді, мутагендік әсерге душар етеді, клеткалардың иммунитетін (ауруға қарсы түру күшін нашарлатады) төмендетеді, ішкі органдарды зақымдайды және ағзаны әлсіретеді.

2- Аэроғарыштық мониторинг және қашықтан бақылау жүйесі. Ғарыштық мониторинг дегеніміз ғарышта ұшатын аппараттармен қашықтан мониторинг жүргізудің түрі.Табиғат ресурстарын есептеу және жағдайын бағалау үшін ғарыштық техникаларды пайдаланып, Жерді қашықтан бақылаудың бір түрі. Соның нәтижесінде табиғат ресурстарының ғаламдық және аймақтық таралуы және оларды пайдалану барысындағы өзгерістері туралы ауқымды мәліметтерді өте қысқа мерзімде алуға болады.

3-Қоғамдық және тұрмыстық мақсатта тұтынатын су құрамында бірнеше зиянды ластаушы заттардың мөлшері анықталды:

Күкірт Аммиак Сынап Қорғасын
Зиянды заттардың концентрациясы, мг/л 0,0005 0,03 0,0008 0,003
РШК, мг/л 0,001 0,39 0,04 0,03

Ластаушы заттардың тұрғындарға әсері қалай болады? Зиянды әсері бар ма немесе

зиянды әсері болмайды ма? Анықтау керек.

3. 0,0005/0,001+0,03/0,39+0,0008/0,04+0,003/0,03=5,38

Жауабы: зиянды себебі 5,38 1-ден үлкен.

 

Билет

1- Қоршаған ортаға автокөлік құралдарының қауіпті әсерінің деңгейін төмендету жолдары.

Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету - тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты. Сондықтан қазіргі танда жанармайды аз жұмсайтын автокөліктер үлгілері жасалып, бензинді сұйылтылған газға алмастыру, бензиннің орнына мал азықтық (қызылша, жүгері) өсімдік майларын пайдалану қолға алынуда.

2- Пестицидтер. Пестицидтердің негізгі топтары. Пестицидтердің табиғи ортаға тигізетін зардаптары.

Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар.

Пестицидтердің негізгі топтары.

6. хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.

7. Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.

8. Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.

9. Хлорфеноксиқышқыл туындыллары – дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.

10. Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.

Пестицидтердің табиғи ортаға тигізетін зардаптары. Пестицидтер мәдени өсімдіктердің зиянды организмдерін құртумен қатар, ғылыми нұсқауларын сақталмай қолданса қоршаған табиғи ортаға елеулі зиян келтіреді, топырақ пен суды ластайды, өсімдіктерді және олар арқылы жан-жануарларды улайды. Тағамдық өнімдерде жинақтала келіп, адам организмдеріне түседі. ДДТ барлық тірі организмдерге тіпті балдырларға да зиянын тигізеді екен. Оның миллиардтан бір бөлігі фотосинтездің жылдамдығын баяулатады. Ал жасыл өсімдіктер атмосфераны ауамен қамтамасыз ететіндігі сіздерге белгілі.. Оның әсері уландырудан бастап мутагендікке дейін жетті. ДДТ тұрақты болғандықтан, ол қоректену тізбегімен өсімдіктер организміне өтедіде, өсімдікпен қоректенетін жануарларға, олардан аңдарға беріледі. Өсімдік және жануар тектес тағаммен тамақтанудың арқасында ДДТ адам организміне де түсетіндігін сезіп отырған боларсыздар. Осылайша жылжу кезінде әрбір организмде жинақталған ДДТ—ның шамасы 10 есе артып отырады. Организмде жиналған препарат ондағы басқа заттармен қосылысып, улылығы артады да, адамдарды, жануарларды өлтіре алатын шамаға жетеді.

3. Космос корабльдерін ғарышқа ұшырусапарында атмосфераға орташа шамамен 3 тонна азот тотығы таралады. 1 молекула азот тотығы 10 молекула озонды ыдыратады. Озонның ыдырау реакциясы былай жүреді:

NO + O3 = NO2 + O2;NO2 + O = NO + O2.

Нәтижесінде, зымыраннан босап шыққан барлық азот оксиді қанша тонна озонды

жоятынын есептеңдер?

3 000 000/30=300 000

Билет 43

1. Литосфераның ғаламдық ластану мәселелері.

Литосфера (грекше “lithos” — “тас” + “sphair” — “шар”) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.

Литосфераның ғаламдық ластауныны әсер ететін антропогендік факторлар болып табылады.олардың негізгілері

-ауыл шаруашылығында пестицидтерді пайдалану

-мұнай және мұнай өнімдері

-тұрмыстық және өндірістік қалдықтар

-ауыр металдармен ластану

-жерді тиімсіз пайдалану

-радиациямен ластану және

2.Ауыр металдар. Ауыр металдармен және бейметалдармен ластану көздері.

Қазіргі кезде ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүруде. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.

Ғалымдардың мәліметтері бойынша жоғарыда келтірілген түсті металл балқыту зауыттарынан жыл сайын қоршаған ортаға - 154650 т. мыс, 121500 т. мырыш, 89000 т. қорғасын, 12000 т. никель, 765 т. кобальт, 1500 т. молибден, 30,5 т. сынап, ал көмір және мұнай өнімдерін жағудан 1600 т. сынап, 3600 т. қорғасын, 2100 т. мыс, 700 т. мырыш, 3700 т. никель және автокөлік газынан 260000 тонна қорғасын бөлінеді. Ал Қазақстанда Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметі бойынша ауаның ластануының 70%-дан көбі автокөліктердің, 11%-дайы жылу-электр орталықтарының үлесіне тиеді.

Ауыр металдармен ауаның, судың және топырақтың ластануы Қазақстанның ірі өндіріс орталықтарында да экологиялық өзекті мәселе болып саналады. Мысалы, Семей қаласының өндірістік орындарына жақын маңдағы топырақ құрамындағы кейбір ауыр металлдардың жинақталуы қалыпты мөлшермен салыстырғанда мырыш -7,4, қорғасын - 9,9, мыс-3,8, кадмий-13,3, марганец-1,3, кобальт-2,4 есеге артық. .

Топырақта жиналатын өте улы ауыл металдар: мышьяк, кадмий , сынап, селен, қорғасын, мырыш, фтор; улылығы орташа:кобальт, бор, никель, мыс, молибден, хром; Қауіптілігі шамалы: стронций, барий, марганец, вольфрам жинақталады..

3. б нүктесі тұтынуға жарамды

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Билет жауабы | Билет 44


Карта сайта Карта сайта укр


Уроки php mysql Программирование

Онлайн система счисления Калькулятор онлайн обычный Инженерный калькулятор онлайн Замена русских букв на английские для вебмастеров Замена русских букв на английские

Аппаратное и программное обеспечение Графика и компьютерная сфера Интегрированная геоинформационная система Интернет Компьютер Комплектующие компьютера Лекции Методы и средства измерений неэлектрических величин Обслуживание компьютерных и периферийных устройств Операционные системы Параллельное программирование Проектирование электронных средств Периферийные устройства Полезные ресурсы для программистов Программы для программистов Статьи для программистов Cтруктура и организация данных


 


Не нашли то, что искали? Google вам в помощь!

 
 

© life-prog.ru При использовании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.

Генерация страницы за: 3.095 сек.