русс | укр

Языки программирования

ПаскальСиАссемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование

Все о программировании


Linux Unix Алгоритмические языки Аналоговые и гибридные вычислительные устройства Архитектура микроконтроллеров Введение в разработку распределенных информационных систем Введение в численные методы Дискретная математика Информационное обслуживание пользователей Информация и моделирование в управлении производством Компьютерная графика Математическое и компьютерное моделирование Моделирование Нейрокомпьютеры Проектирование программ диагностики компьютерных систем и сетей Проектирование системных программ Системы счисления Теория статистики Теория оптимизации Уроки AutoCAD 3D Уроки базы данных Access Уроки Orcad Цифровые автоматы Шпаргалки по компьютеру Шпаргалки по программированию Экспертные системы Элементы теории информации

Билет 30


Дата добавления: 2015-08-14; просмотров: 2234; Нарушение авторских прав


Орман экожүйесінің мониторингі. Орман экожүйесінің биосферадағы рөлі. Орман ресурстарын қорғау шаралары.

Орман мониторингі ормандарды ұдайы кешенді бақылау, бағалау және олардың жай-күйінің болжау жүйесі болып табылады. Бұл жұмыс орман қоры жөнінде ұдайы жаңартып отыратын ақпарат алу үшін жүргізіледі, соның негізінде орман ресурстарын көп жақты мақсатта пайдалану жөнінде шешім қаблыданады. Табиғи және антропогендік факторлар әсерінен орман экожүйесі жай - күйінің өзгеру болжамы беріледі.

Орман экологиялық жүйесі мониторингі қызметін ҚР-ның Орман шаруашылығын басқару мемлекеттік органы құрайды, ол ҚР-сы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің орман шаруашылығын жүргізуге бөлінген қаражаты шегінде республикалық бюджеттің есебінен қаржыландырады. Орман экологиялық жүйесінің республикалық мониторинг орталығын және мониторингтің аймақтық орталықтар жүйесін қамтиды.

Орман экожүйесінің мониторингін жүргізудің тәртібі:

· Ауаның,топырақтың,судың ластануы туралы мәліметтер,ақпараттар,ормандарды жер бетінде зерттеудің нәтижелерін орман қоры шекарасындағы өзгерістердің мәліметін, аэроғарыштық ақпаратты және т.б. мәліметтерді жиау;

· Аэроғарыштық суреттерді өңдеуді, оны талдауды, алынған ақпараттарды статистикалық және картографиялық ақпарат банк деректерімен салыстыруды,орман қорында болан өзгерістерді айқындау;



· Шаруашылық қызеті мен табиғи дағдарысқа ұшырамаған бөліктердегі деректердің маңызын арттыруды;

· Бөліктік және картографиялық деректер банкіне өзгерістер енгізуді;

· Орын алған өзгерістерді ескере отырып, орман қорының статистикалық көрсеткіштерін қайта есептеуді;

· Түрлі тақырыпта орман карталарын жасауды;

· Орман қорындағы өзгерістерді талдау мен болжауды, сондай-ақ әр түрлі факторлар ықпалынан болған зиянды ең аз мөлшерге жеткізу жөніндегі шаралар ұйымдастыру.

Орман деп ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы жіне маңызды экологиялық,экономикалық және әлеуметік мәні бар табиғи кешенді айтамыз. Жер шарында орман қоры 37,0млн км²,ал жер шарының ауданы 149 млн.га, оның 7,7 Ресей мемлекетінің үлесіне, канадаға -4,2, бразилияға- 3,3, АҚШ – 2,9 млн км² үлесіне тиесілі.

Орман табиғи кешен ретінде көп салалы қызмет атқараыды:

Біріншіден, орман ғаламдық оттегі мен көміртегі айналы­мында маңыз­ды рөл атқарады.

Екіншіден, орман ауаға шығарылған зиянды заттарды сіңіріп, ауаны, қоршаған ортаны тазартады, сондай-ақ дыбыстық ластау­ды бәсеңдетеді.

Үшіншіден, орман микроклиматтық әсер етеді және ғалам­дық мас­штабта климат қалыптастырады.

Төртіншіден, орман экожүйелерде ылғалдылық сақтауға, су айналы­мы­на қатысады.

Бесіншіден, орман топырақ эрозиясын болдырмайды, ланд­шафты, то­пы­рақтың құнарлығын сақтайды.

Алтыншыдан, орман көптеген өсімдіктер мен жануарлардың өсу, өмір сүру ортасы, яғни жердегі биологиялық алуан түрлі­ліктің сақталуы­ның табиғи ортасы.

Жетіншіден, орман рекреациялық және рухани-эстетикалық қызмет­тер атқарады.

Сегізіншіден, орман белгілі дәрежеде жердегі экологиялық қауіп­сіздікті қамтамасыз етеді.

Тоғызыншыдан, орман экономиканың көптеген салаларына шикізат бе­реді және шаруашылық әрекеттерде кең қолда­нылады.

Алайда, соңғы жылдары адамдардың шаруашылық әрекетінен орман қоры бұзылды. Тоқырауға ұшырады. Соңғы 10 мың жылда жердегі орманның 1/3 жойылған,қазіргі күннің өзінде жыл сайын тропикалық ормандар 17млн-ғаазайып отыр.

Орман ресурстарын молықтыру және қорғау шаралрын жүргізгенде, ең басты мән берілетін жағдай, орман өсімдіктерінің қорын молайту. Әсіресе жапырақты орман ресурстарын молайту болып табылады. Ол үшін республикада орман шаруашылықтары республикалық деңгейде стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруы тиіс. Онда орман шаруашылығына бөлінетін нвестицияларды арттыру, ұзақ мерзімді орманды пайдалануды тиімді жетілдіру, орманды пайдаланудың экономикалық және экологиялық тиімділігін арттыру.

Сонымен қатар, орман ресурстарын үнемдеп, ұтымды пайдаланудың тиімді жолдарының бірі – ұтымды пайдалану және ысырапты, қалдықтарды азайту. Қазір ағаш өсіруден,қорғау мен кесуден бастап, соңғы өнімге дейінгі тізбектің барлығында 30%-ға дейін ағаш ысырабына жол беріледі.

Санитарлы-гигиеналық мониторинг және ауыз судың сапасы.

Санитарлы-гигиеналық мониторинг-адамның өмір сүруіне қауіпсіз санитарлы-гигиеналық жағдайын, оның тамақтануын, азық түлігін және адамзаттың генетикалық өзгерістерін бақылайды.Оның негізгі мақсаты-адам денсаулығын сақтау болып табылады.

Адамзат баласының мәдениеті мен техниканың өндіргіш күштердің артуы, Жер бетіндегі халық санының қарқынды өсуі адам баласының суға деген қажеттіліктерін артырады. Суға деген қажеттіліктің артуы әсіресе өндіріс орындары шоғырланған және халық қоныстанған аймақтарда анық байқалып отыр.

Судың сапасы шаруашылық – ауыз суға, мәдени-тұрмыстық,балық шаруашылық және техникалық мақсаттарға пайдалануға мүмкіндігін анықтайтын судың қасиеті мен құрамын көрсетеді.

Ауыз су сапасына ең алғашқы стандарт 1937 жылы бекітілген. Қазіргі кезде республикада ауыз судың сапасын МемСТ 2874-82 белгілейді. Барлық судың құрамында еріген заттар болады. Ондағы ең көп кездесетін элементтерге Са,Mg, Na,Cl және К жатады.Ауыз судың сапасын бағалауда химиялық көрсеткіштермен қатар, бактериологиялық және органолептикалық көрсеткіштер қолданылады. Судың бактериологиялық көрсеткіштерін анықтауда: біріншіден,судағы бактериялардың жалпы саны, ол судың 1мм-не 100-ден аспауы керек; екіншіден,ішек таяқшасы тобының бактерияларының саны арқылы жүргізіледі. Ол коли-индекс:судың бір литрдегі ішек таяқшасының шамасы(үштен аспауы тиіс) немесе коли-титрмен:бір ішек таяқшасы болатын судың милиметрмен мөлшері(300мл-ден кем болмауы керек)анықталады.Ауыз суға және шипалығын пайдалануға бағытталған сулар негізгі 11 көрсеткіштермен нормаланады. Қазіргі кезде 1200-дей улы затарға ШРК белгіленген.

Сонымен, ауыз судың сапасы халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі. ДДСҰ-ның мәліметтері бойынша, судың сапасының төмен болуы салдарынан жылына шамамен 5млн адам өледі,әр түрлі дәрежеде сумен уланған немесе ауырған адамдардың саны 500млн-нан 1млрд-қа дейін жетеді.

3.Ауа құрамында бірнеше зиянды ластаушы заттардың мөлшері анықталды:

СО SO2 NO2 Pb
Зиянды заттардың концентрациясы, мг/м3 0,1 0,01 0,001
РШК, мг/м3 0,05 0,04 0,0003

Шешуі: / ПДК + / ПДК + / ПДК + / ПДК= 6/3+0,1/0,05+0,01/0,04+0,001/0,0003=4,3

Жауабы:Ластаушы заттардың тұрғындарға зиянды әсері бар себебі: ∑=4,3>1.

Билет

Қазақстандағы шөлейттену проблемалары. Шөлейттенуге қарсы күрес шаралары.

Ғарыштық мониторинг. Биосфераның ғаламдық өзгерісіндегі адамның рөлі.

Биоалуантүрліліктің таралуын бағалауда 45 есептік аудан таңдап алынды. Анықталатын түр 15 ауданда байқалған. Анықталатын түрдің аудандар бойынша кездесу жиілігінің коэффициентін табу керек, % бойынша ?

1.Шөлейттену деп адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп,шөлге ұқсас ландшафтардың пайда болуы.Шөлейтттенуге алып келетін факторлар:артық мал жаю,егін егу,жер қойнауын игеру,өнеркәсіптік ж/е әскери,азаматтық нысандарды пайдалану,топырақ эрозиясы,жер асты жер үсті суларының химиялық ластану,өсімдік жамылғысынң деградациясы.Қазіргі таңда шөлейттену процесі Азия мен Қазақстанда да қарқын дамуда.Арал теңізінің деңгейі 14 м төмендеп,аумағының азаюы салдарынан 2,5млн га жер шөлге айналуда.Бұл өңірден жыл сайын 75млн т тұз желмен көтеріліп,шалғай өңірлерге тарауда.Арал тұздары Тянь-Шань,Памир мұздықтарында,тіпті Солтүстік мұзды мұхиттанда табылған.БҰҰ мәлеметі бойынша Қ-ң 272,5млн га террит-ң 179,9млн га жері н/е барлық алаңның 66% шөл дала.Қ-н шөлейттену алқабы бойынша Азия елдері арасында 1ші орында.Қ-ң 26,6 млн га күшті ж/е өте күшті шөлейттенген,жайылымдардың 5,6млн га жұтаңданған.Шөлейттенуге қарсы күрес шаралары:Топырақтың құнарсыздануын болдырмау,жайылымдарғы түскен жүктемені шектеу, ормандарды кесуді тоқтату,суарудың тиімді әдістерін пайдалану ;1997ж ҚР Заңымен бекітілген«Шөлейттенуге қарсы күрес» жөніндегі конвенция қабылданды.Тозған жерді қалпына келтіру мақсатында Алматы обл Жамбыл ауд «Жайылымды ресурстарыд орнықты басқару» ж/е Ақмола,Ақтөбе,БҚО,

Қарағанды,Қостанайды қамтитын «Далалық экожүйелерді сақтау ж/е орнықты басқару» жобалары жасалды.

2.Ғарыштық мониторинг дегеніміз ғарышта ұшатын аппараттармен қашықтан мониторинг жүргізудің түрі.Табиғат ресурстарын есептеу және жағдайын бағалау үшін ғарыштық техникаларды пайдаланып, Жерді қашықтан бақылаудың бір түрі. Соның нәтижесінде табиғат ресурстарының ғаламдық және аймақтық таралуы және оларды пайдалану барысындағы өзгерістері туралы ауқымды мәліметтерді өте қысқа мерзімде алуға болады.

Ғарыштан түсірілген суреттердің негізінде өсімдіктер мен топырақтың карталары жасалады.Ғарыштан суретке түсіру қоршаған ортаға келетін әсерлерді бағалау жобаларын әзірледе,бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін,ағаш отырғызу жоспарларын әзірлеуде т.б пайдаланылады.Ғарыштық суретке түсіру аппаратарында мультиспекторлы сенсорлар пайдаланылады.Суреттің тағы бір сипаттамасы оның кеңістікті айыра білу қабілеті,яғни Жер бетінде бір біріне жақын орналасқан нысандарды айыра білу қабілеті.Ғарыштық мониторингтің артықшылығының бірі жер серіктерінің ондаған жылдар бойы тұрақты ақпаратпен қамтамасыз етіп,дәйекті талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

2005ж бастап қоршаған орта жағдайының өзгеруін автоматты режимде бақылау мақсатында өндірістік экологиялық мониторингі жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде аэроғарыштық мониторинг жүйесі құрылды.

Аэроғарыштық мониторин жүйесінің басты міндеті Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мұнай дақтарын,ластану көздерін,төгілулерін анықтау ж/е математикалық модельдерді пайдаланып 120 сағатта олардың таралуын болжау.Мониторингтің осы түрін іске асыру ҚР Ғарыштық зерттелер институтының тікелей басшылығымен жүргізіледі.Институттың TERRAжер серігіндегі MODIS көп арналы сенсорынан деректер қабылдайтын бекеті бар.

3.Биоалуантүрліліктің таралуын бағалауда 45 есептік аудан таңдап алынды. Анықталатын түр 15 ауданда байқалған. Анықталатын түрдің аудандар бойынша кездесу жиілігінің коэффициентін табу керек, % бойынша ?

Берілгені:

П-45(жалпы саны)

R-15(кездесуі мүмкін аудан саны)

К-? (кездесу жиілігінің коэффициенті)

Билет

Өндірістік мониторинг. Энергияның балама көздеріне сипаттама, оның түрлері.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мониторингі.

Сукцессия сатылары. Геоэкологиялық мониторинг жүргізу тәсілдері.

1.Өндірістік мониторинг-өндірістік процестің,қоршаған ортаға физикалық және химиялық әсер етуінің және шаруашылық немесе өзге іс әрекеттің нәтижесінде қоршаған ортаның жай күйіндегі өзгерістердің белгіленген өлшемдерін эксперименттік(өлшеу) н/е жанама(есептеу)негізінде бағалау.Табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаның ө.мониторингін,өздері жүзеге асыратын шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға жасайтын ықпалы туралы есепті ж/е есеп беруді жүргізуге міндетті.Қоршаған ортаның өндірістік мониторингі үшін пайдаланылатын өлшеу құралдары стандарттау мен метрология талаптарына сай болуы керек.Ө.М. деректері мен стратегиялық,трансшекаралық ж/е экологиялық қаупті нысандардың қоршаған ортаға әсері туралы есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға,облыстардың жергілікті органдарына ҚР заңдарында белгіленген мерзімде беріледі.Ө.М жүзеге асыруда операциялық мониторинг,эмиссиялар мониторингі,әсер ету мониторингі орындалады.

Операциялық мониторинг-(өндірістік мониторнгті бақылау)табиғатты пайдаланушы іс әрекеті көрсеткіштерінің өндірістің технологиялық регламентінің шарттарын сақтауды бақылау үшін арналған технологиялық үрдістер өлшемдерін бақылау.Эмиссиялар мониторингі-ластану көздерінен өнеркәсіптік эмиссиялардың санын ж/е сапасын бақылау.

Әсер ету мониторингі-қоршаған орта обьектілерінің жағдайын санитарлық қорғаныс аймағы шегінде,табиғатты пайдаланушылардың шаруашылық әрекетініңүрдісінде айқындалған басқа учаскелерде де теріс әсерді бақылау.

Баламалы энергия —энергияны дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) емес, Күннен, геотермиялық көздерден әрқалай температураны және т.б. пайдалану арқылы алу.Баламалы энергия түрлері:жел,күн,су энергиясы, геотермаль көздер энергиясы,толқындар энергиясы,био энергия. ҚР Үкіметінің 1999 9сәуірдегі №384 «Электр энергиясын дамытудың 2030ж»бағдарламасына сай республика энергобалансына балама энергия көздерін тарту қарастырылған. 2009ж «Энергияның балама көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңы қабылданды.Жел энергиясы атмосферадағы ауа массаларының кинетикалық энергиясын электр энергиясы, жылу немесе басқа да энергия түрлеріне айналдыру үшін қолданылады. Энергияның бір түрден екінші түрге өзгеруі жел генераторлары (электр тоғын алу үшін), жел диірмендері (механикалық энергия үшін) және басқа да агрегаттар көмегімен жүзеге асады.ҚР желдің энергетикалық қуаты 3 млрд кВт/сағ.Жел әлеуеті зор аймақтар: «жоңғар қақпасы», «Шелек дәлізі».Су электр станциялары (СЭС) су ағымының әлеуетті энергиясын элекр энергиясына айналдыруға қолданылады. Су электр станциялары көбінесе өзен бойында тоған және су қоймаларын құра отырып салынады. Сондай-ақ, су ағымының кинетикалық энергиясын еркін ағымдық СЭС-терде қолдануға болады.Қ-да ораташа 357млн.кВт/сағ өндіретін жиынтық қуаты 78МВт энергия өндіретін 21 СЭС бар.Күн энергетикасы— күн энергиясын әр түрлі амалдар арқылы (электрэнергиясын және жоғары температуралы жылу өндіретін гелиоэлектростанциялар, күн элементтері менбатареялары, үй-жайларды, жылыжайды және т.б. жылыту мақсатымен төмен температуралы жьшу алу үшін қолданылатын күн коллекторлары және т.б.) пайдалану.ҚР күн энергиясын пайдалану мүмкіндігі 1трлн кВт/сағ.Қ-н терр-да күн радиациясының деңгейі жылына 1300-1800кВт сағ/м.Күннің түсу ұзақтығы жылына-2000-3000сағ.Геотермалдық энергетика — энергияны Жердің ішкі жылуынан алу. Геотермалды энергетика табиғи және жасанды болып бөлінеді. Алғашқысы табиғи жылы көздерден алынса, екіншісі жер қабатына суды және басқа сұйықтарды жәнегаз тәрізді заттарды айдап сіңіруден альшады. Геотермалды энергетика тұрмыстық қажетте жөне жылыту қондырғыларында кең қолданылады. Кем тұсы — жылы сулардың жоғарғы улылығы және сұйықтар мен газдардың химиялық зиянды реакциялары.Қ-ң готермаль энергия әлеуеті: 317,6трлн/т оның ішінде техникалық қол жетімді қоры 4,1трлн/т.Өнеркәсіптік бұрғылау тереңдігі 5км.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мониторингі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мұндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.

3)Экологиялық сукцессия –бір биоценоздың басқа биоценозбен ауысып отыруы. Экологиялық сукцессия өсу, тұрақтану және климакс сатыларынан тұрады. Өнімділік критериін негізге ала отырып, оларды бір-бірінен былай ажыратады: бірінші сатыда өнім өзінің ең жоғары дәрежесіне дейін өседі; екінші сатыдаөнім тұрақты болып қалады; үшіншісінде – жүйенің бұзылуына қарай ең төмен деңгейіне жетеді. Экологиялық сукцессияның автотрофты, гетеротрофты, аутогенді, аллогенді,фитогенді, зоогенді, ландшафты, антропогенді түрлері бар. Мысалы, аутогендіэкологиялық сукцессияішкі байланыс арқылы жүрсе, ал аллогенді Экологиялық сукцессия сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болады. Топырақтары жоқ, жалаң тау жыныстарынан немесе тіршілігі жоқ жерлерден (мысалы, топырақтың шағыл немесе бұрынғы мұздық болған жер) басталатын сукцессияның типін- алғашқы сукцессия деп атайды.Бастапқы немесе алғашқы сукцессияның мысалы ретінде Мичиган көлінің төңірегіндегі дюналарды (құм шағылдарды) шөп басуын алуға болады. Дюналардың алғашқы қоныстанушылар қауымдастығы астық тұқымдастардан, талдардан, шиеден, мақта ағашынан және жүйрік қоңыздар, ін қазғыш өрмекшілер мен секіртпелер тәрізді жануарлардан тұрады. Ал екінші немесе қайталанған сукцессия-бұрын тірі организмдердің әсеріңде болған және органикалық заттары бар толығынан немесе белгілі бір дәрежеде өсімдіктерден айрылған беткейден басталады. Мысалы, өртенген жерлер немесе кесілген ормандар. Топырақта бұл жерлерде сукцессияғаәсер ететін түқымдар, споралар және вегатативті көбеюдің мүшелері сақталуымүмкін. Геоэкологиялық мониторинг-табиғи экожүйелерді бақылау.Географилық тұрақты бақылаулар жүйелеріне сүйене отырып,экожүйелердің биологиялық өнімділігі,олардың өздігінен тазаруға қабілеттілігі,заттардың рауалды шекті концентрациясының көрсеткіштері қолданылады.

 

Билет

1 Пестицидтердің табиғи ортаға әсері. Тыңайтқыштарды қолданудың мониторингі.

Пестицидтер (лат. Pestis-жұқпалы ауружәне caedo – өлтіремін) - өсімдік зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне, жануарлар эктопразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар.Химиялық құрамы бойынша пестицидтер бессыныпқа топтастырылады:хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, гексахлорциклогексан,

полихлорпинен, полихлоркамфен және т.бФосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.бКарбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин).

Хлорфеноксиқышқыл туындылары – дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады;Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы.

Тыңайтқыштарды пайдалану ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының өнімділігін арттырады, өсімдіктерді қорғауда маңызы зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде пестицидтерді пайдаланудың салдарынан 500 000-нан 2 миллионға жуық адам уланып, олардың 10-40 мыңы өлім жағдайымен аяқталатыны туралы статистикада тіркелген. Көптеген елдерде пестицидтерді пайдалануға тыйым салынған.Пестицидтер ішінде–дихлордифенолтрихлорэтанды іс жүзінде көп қолданылып келдіЖыл сайын дүние жүзі бойынша 400-500 млн т минералды тыңайтқыштар, пестицидтер, гипс пен фосфориттер топыраққа түседі. Тек қана пестицидтер жыл сайын 2 млн тонна өндіріліп, егістікке пайдаланылады. Тықайтқыштарды пайдалану ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін артуына әсер етеді, сол сияқты түрлі аурулар мен зиянкестер әсерінен өнімнің шығын болуын азайтады. Тыңайтқыштар тек өсімдіктер, жануарлар мен адамға ғана емес, топырақ пен суға да зиянды әсер тигізеді. Сол сияқты топырақ құнарлығы мен гидрофауна тіршілігіне, су ресурстарының гигиеналық жағдайына да үлкен әсерін тигізеді. Топырақтың микро-және макрофаунасы топырақ түзілу процесіне белсенді қатысады. Топырақ түзілу процесінде топырақтағы буылтық құрттар типіне жататын жауын құртының рөлі ерекше. Олардың топырақ биомассасындағы үлесі - 50-70%. Топырақтағы организмдердің қалдықтарын жауын құрттары қорытып, қарашірікке айналдырады және топырақ құрамына әсер етеді. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жердің әрбір гектарында 1-200 млн-ға дейін жауын құрттары болады, олар 1 жыл ішінде 1 га жердегі 400-600 тонна топырақты өңдейді.

2 Қазақстан Республикасы жер ресурстарының тақырлану мәселелері және тақырлануға қарсы күрес шаралары.

Тақырлану– жаһандық экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблеманың айқын көрінісін білдіреді.Тақырлану деп – адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуын айтады. Дүние жүзінде климаттың өзгеруі мен қуаңшылықтың өсуіне байланысты Тақырлану процесі қарқынды жүруде.Тақырлану нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін. БҰҰ-ның мәліметі бойынша Қазақстанның 272,5 млн.га территориясының 179,9 млн.га жері немесе барлық алаңның 66% шөл дала. Жайылымның азып-тозуынан 963 млн.доллар зиян келіп отыр. Егістік жерлердің эрозияға ұшырауынан 779 млн. доллар, топырақтың екінші реттік тұздануынан 375 млн. доллар кірістен айырылып отыр. Халықаралық мамандардың есептеулері бойынша Қазақстанда қарашіріктің азаюынан жалпы шығын көлемі 2,5 млрд. долларға бағаланып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1994 жылғы 17 маусымда Париж қаласында «Біріккен Ұлттар Ұйымының Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 17 шілдедегі Заңымен бекітілгенТақырланға қарсы күрес жөніндегі конвенция қабылданды. Жер ауданының басым бөлігі жеткіліксіз ылғалдану аумағында орналасқан Қазақстан үшін тақырлану мәселесі өзекті болып табылады.

3 Биоалуантүрліліктің таралуын бағалауда 70 есептік аудан таңдап алынды. Анықталатын түр 45 ауданда байқалған. Анықталатын түрдің аудандар бойынша кездесу жиілігінің коэффициентін табу керек, % бойынша ?

R-45(нақты)

П-70(жалпы)

К-?

К=

Билет

1. Стратосфера жағдайының мониторингі.

Стратосфера — тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера қабаты. Бұл қабат бүкіл атмосфера салмағының 20%-ын құрайды. Мұнда күннің ультрафиолетті сәулеленуін күшті сіңіретін озон қабатының болуына байланысты жоғарыдан келетін температураның төмендеуі тоқталады. 30 км биіктік шамасына дейін температура өзгермей 50° шамасында сақталып тұрады, ал одан әрі қарай биіктікте біртіндеп жоғарылай отырып, 60 км биіктікке барғанда тіпті 75°-қа дейін артады. Статосферада су буы және бұлт атаулы мүлдем дерлік болмайды. 1951 жылы халықаралық келісім бойынша стратосфера деп тек 40 км биіктікке дейінгі қабатты атап, ал 40-тан 80 км-ге дейінгі қабатты мезосфера (орта қабат) деп атау керектігі келісілді.

2. Аэроғарыштық монитринг және қашықтан бақылау мәліметтері.

Аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүргізуінің негізгі міндеттері:

- атмосфералық ауаның ластану көздерін, соның ішінде ілеспе мұнай газын өртеу жөніндегі қолданыстағы шырақты қондырғыларды анықтау;

- мұнай дақтарын және ластану көздерін анықтау;

- Магистральдық газ және мұнай құбырларының жоғары қауіпті тәуекелді учаскелерін анықтау;

- мазутталған аумақтарды анықтау және картаға түсіру, мазутталуды және ірі мұнай қоқысы қоймаларын ауданы бойынша жою серпінін бақылау;

- мұз және мұздықтар жағдайын қадағалау;

- ақпаратты дерекқорда жүйеге келтіру және сақтау;

- мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау.

Ғарыштық мониторингінің артықшылығының бірі – жер серіктерінің ондаған жылдар бойы тұрақты ақпаратпен қамтамасыз етіп, салыстырмалы дәйекті талдау жүргізуге мүмкіндік беруі.Қашықтан бақылаудың тағы бір маңызды аспектісі – мұнай өндіруші компаниялардың инфрақұрылымдарының нысандары теңіз жағасына өте жақын орналасқандықтан жаға линияларына жүргізілетін мониторинг және Каспий теңізінің жағалауындағы бүкіл аумақтың өсімдік жамылғысын талдау. Мұндай міндеттер елімізде 2001 жылдан бері Қазақстан Республикасы Ғарыштық зерттеулер институтымен бірлесіп орындалып келеді

3.Алматы облысының тұрмыстық мақсатта тұтынатын судың құрамында бірнеше зиянды ластаушы заттардың мөлшері анықталды:

Фенол, толуол Аммиак селитрасы Сынап Қорғасын
Зиянды заттардың концентрациясы, мг/л 0,0005 0,03 0,0008 0,003
РШК, мг/л 0,001 2,0 0,04 0,03

Ластаушы заттардың тұрғындарға әсері қалай болады? Зиянды әсері бар ма немесе

зиянды әсері болмайды ма? Анықтау керек.

 

 

№35

1)Топырақ морфологиясы, оны зерттеу әдістері. Топырақтағы зиянды заттарды нормалау.

Топырақ жабындысы атмосфералық ауаға және суаттарға қарағанда динамикалығы жоғарырақ және аз буферлі жүйені білдіреді. Сондықтан да оны зерттеу әдістері басқа табиғи жүйелерді сараптау әдістерінен өзгеше. Топырақтың бір ерекшелігі, ол өтіп жатқан процесс және өзгерім туралы мәліметтерді жинақтайды. Сондықтан да қоршаған ортаның лездегі жағдайын ғана емес, сонымен қатар процестердің ажары бола алады.

Топырақ жабындысының маңыздылығы ешқандай затпен алмастыра алмайсың, әрі оның табиғи ортада қайта қалпына келуі үшін жүздеген жылдар керек. Геомембрана немесе геодерма сияқты жердің жұқа топырақ жабындысы атмосфералық ауаның, жер асты және жер үсті суларының сапасына әсер ететін бірнеше экологиялық функцияларды атқарады.

Топырақтың ластануын бақылау

Ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылатын жерлердегі топырақтарға қолданылатын пестициттердің барлығын: гексохлроциклогексан, гранозан, полихлропропилен, метофос, цирам, севин, гептохлор, карбитон және т.б. бақылап отырады.Олардың мөлшері өңделгеннен кейін лезде және кейіннен ыдырау жылдамдығын білу үшін анықталады. Қаланың және өндірістік комбинаттың аумағындағы топырақ құрамында ауыр металдардың, бензопереннің және басқа да улы заттардың болуына қадағаланады.

Топырақтың ластануын болдырмау үшін көп жағдайда жер бетіне түсетін ластаушы заттарды талдау қажет болады. Бұл мақсатта атмосфералық жауын-шашындардың ластануы бақыланады. Біздің еліміздің жағдайында қардың ластануын бақылау маңызды, себебі қардың еруі барысында ластаушы заттар ландшафт бетіне енеді.Сынақ алу барысында сульфат иондары, аммоний нитраты, рН мөлшері, сонымен бірге бензопирен мен ауыр металдардың құрамы анықталады.

Топырақтың физикалық қасиетін анықтау

Топырақ- жер қабатының тамырланатын құнарлы жоғарғы қатпары. Бұл қатпардан өсімдіктер өзіне қажетті су мен минералдық қоректену элементтерін алады. Кез келген топырақ бір- бірімен тығыз байланыстағы үш басты құрамдас бөліктен тұрады.

Топырақтың қатты фазасы өсімдіктердің тіршілігіне қажетті негізгі қордан тұрады. Оның құрамындағы күрделі минералдар 90% және одан да жоғары пайызды құраса, ал қалған 10% - ы топырақтың құнарлы болуында маңызды роль атқаратын органикалық заттардан тұрады.Топырақтың қатты фазасының жарты көлемі байланысқан оттегіне, үштен бір бөлігі кремниге 10%-дан жоғары­- алюминий мен темірге, тек 7%-ы ғана – басқа элементтерге келеді.Топырақтың ұсақталған (коллоидты) бөлшектері органикалық заттардың жиынтығы топырақты- сіңіргіш кешенді (ТСК) құрайды.Көптеген топырақтардың ТСК қосынды заряды теріс болғандықтан өзінің жоғарғы қабатында сіңірілген күйде оң зарядталған иондарды – катиондарды ұстап тұрады.

Топырақтан сынама алу және үлгілерді физико – химиялық талдауға дайындау

Топырақтың физико – химиялық талдауын жүргізу үшін сынама алуды дұрыс жүргізу керек. Топырақтан үлгі алуда көктем және күз кезінде жүргізген дұрыс. Сынама үлгісін 5 – 8 жеке, ауданы 100 м2- ден 1 га дейін болатын аймақтың әр бір жерінен алынған топырақтан құрастырылған біріктірілген (аралас, орташа) түрі ұсынылады. Жүздеген жылдар жатқан кеніштен топырақты 0 – 10 см тереңдікте, егіндікте 0 – 20 см тереңдіктен, орманмен жабылған территорияларда орман жабындысынан; батпақ жерлерде 0 -20 см жоғарғы шымтезекті қабат. Практикада көбінесе топырақтың үлгісін алу үшін әдетте конверттеу әдісі қолданылады.

Су суырындыларын дайындау

Топырақтық су суырындыларын әдетте суда ерігіш қосылыстарды анықтау үшін, сонымен қатар топырақтың актуалдық қышқылдылығын анықтау үшін қолданады. Оны дайындау үшін 20 гр құрғақ ауалы сүзілген топырақты 100 мл колбаға орналастырып 50 мл дист. су қосылады да, 5 – 10 мин шамасында шайқап, содан соң фильтрлейді.

Тұзды суырындыны дайындау

Топырақты араласқыш қышқылдылығын анықтау үшін тқзды суырындыны келесі түрде дайындайды, 10 гр құрғақ ауалы топырақты колбаға орналастырып, 25 мл калий хлоридінің 1 М ерітіндісін (немесе натрий хлориді) құяды. Жақсылап арластырып, келесі күнге дейін қалдырады да , келесі күні сүзеді.

Топырақтың гидролитикалық қышқылдылығын тұзды топырақ суырындысында анықтайды. Бұны гидролитикалық сілтілі тұзды (әдетте натрий ацетаты) қолдану арқылы жасайды. Колбаға 40 гр құрғақ ауалы топырақты сеуіп 100 мл натрий ацетатының 1 М ерітіндісін қосады да, 1 сағ. көлемінде шайқап (ротаторды), сүзеді.

Топырақтағы химиялық элементтің сапалық анықтамасы

Экологиялық қауіптілігі жағынан химиялық заттар, әр түрлі жолдармен топыраққа түсетін үш класқа бөлінеді:

4. – кадмий, сынап, қорғасын, мырыш, фтор, мышьяк, селен, бензапирен;

5. – кобальт, молибден, бор, мыс, хром, никель, сурьма;

6. – ацетофинон, барий, вольфрам, марганец, ванадий, стронций.

 

Карбонат иондары. Топырақтың кішкене мөлшері фарфор ыдысқа салады да 10% тұз қыщқылының бірнеше тамшысын тамызады. Реакция нәтижесінде түзілетін көміртегі оксиді СО2 көпіршік түрінде бөлінеді. Бөліну интенсивтілігін құрамындағы карбонаттың мөлшерімен анықтайды.

10% тұз қышқылы ерітіндісінен “қайнайтын” топырақ карбонатты топырақ тобына жатады. Мұндай топырақ үшін сулы суырындының талдауы жүргізіледі. Егер топырақ “қайнамаса”, онда сапалы реакция үшін су суырындысын емес тұз қышқылды суырындыны дайындайды.

Нитрат иондары. 5 мл фильтратқа күкірт қышқылындағы дифениламин

ерітіндісінің тамшысын қосады. Егер нитраттар немесе нитрит ерітіндісінің болуынан көк түске боялады.

Алюминий. 5 мл тұзды топырақ суырындысына натрий фторидінің 3% ерітіндісін тұнба түзілгенге дейін қосамыз. Тұнба тез әрі мол түзілсе, бұл топырақтағы алюминий мөлшерінің көп болуын білдіреді.

Натрий. Топырақтағы натридің болуын топырақтық суырынды ерітіндісінің тамшысы бар шыны таяқшаны енгізген кезде жалынның ақ сары түске боялуын көреміз.

Топырақта ауыр металдар қосылыстарының болуын сандық әдіс арқылы анықтайды. Бұл үшін әдістеме немесе басқа да қолда бар инструкциялар бойынша талданатын сулы суырындыны дайындайды. Мг/л суырынды бойынша алынған нәтиже топырақ бойынша мг/кг – ға формула бойынша есептеледі:

Сn= 2, 5 *Cb

Мұнда Cn - топырақтағы анықталатын элементтің құрамы, мг/кг ;

Cb – сол элементтің сулы суырындыдағы концентрациясы, мг/л;

2)Ақаба сулар. Ақаба суларды тазарту тәсілдері.

Ақаба сулар — тұрмыстық қоқыстар және өндірістік қалдықтармен ластанып, елді мекендер аумағынан арнаулы канал жүйелері арқылы сыртқа шығарылатын сулар. Ол тұрмыстық (мысалы: аурухана, асхана,жеке пәтерлерден т. б. шығарылған сулар), өндірістік (мысалы: кен байлықтарын өндіру кезінде жер астынан айдап шығарылған, жылу агрегаттарын суыту кезінде пайдаланылған тағы басқа сулар) және атмосфералық (жаңбыр және қар мен мұздан еріген тағы басқа сулар) болып бөлінеді. Қоршаған табиғи ортаны ластайтын болғандықтан мұндай суларды дер кезінде тазарту қажет. Ақаба суларды тазарту механикалық (судағы тез тұнатын немесе су бетіне қалқып шығатын заттарды техникалық құралдармен арылту, ол үшін көбіне қиыршық тасты, құмды сүзгіні пайдаланады), биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен органикалық заттарды суда жақсы еритін минералды не қарапайым затқа дейін ыдырату), физикалы-химиялық (ақаба суды ластағыш заттардан коагуляция, адсорбция және хлорлау арқылы тазарту) сияқты әдістермен жүзеге асырылады

3)«Адам-қоғам-табиғат» жүйесінің өзара әрекеттесу кезеңдері.

Өркениет дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға антропогенді жүктеме шамасы да артады. Антропогенді жүктеме –адамдардың және олардың шаруашылығының тұтас табиғатқа немесе оның жеке экологиялық құрамдас бөліктері мен элементтеріне тікелей және жанама әсер дәрежесі. Антропогенді жүктемеге экожүйеге кіретін түр популяциясының ресурстарын пайдалану, мал жаю, рекреациялық әсер ету, ластану т.б. жатады. Егер антропогенді жүктеме жылдан-жылға өзгеріп отырса, онда экожүйе флюктуациясына, ал экожүйеге тұрақты әсер етсе сукцессияға себеп болады. Антропогенді жүктеме экологиялық нормалау көмегімен қауіпсіз деңгейге дейін реттеліп отырады. Экологиялық нормалау нормативтермен бекітіледі. Экологиялық нормативтер дегеніміз- адамның өзін қоршаған табиғи ортаға рұқсат етілген шекті әсер етуінің ғылыми негізделіп, заңнамалық тұрғыда белгіленген шамасы.

Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі

Жекелеген адамзат тіршілігінің дамуы (онтогенез) «жабулы» күйінде адамзат тегінің тарихын қайталайды (филогенез). Тұлғаның адамгершіліктік қалыптасуы процесінде табиғаттың басым күшінің рөлі адамдардың қол жеткізген, тәрбиеленген, дамыған әлеуметтік қасиеттеріне байланысты өзгеріп отырады. Қоршаған ортаға индустриалды араласудың күшеюін ғылыми-техникалық және ақпараттық революциямен байланыстыруға болады. Ол табиғат ресурстарын шектен тыс өндіруден және қоршаған ортаның қоқыстармен жан-жақты ластануынан көрінеді. Одан адамзат қоғамы үшін болжанбаған теріс құбылыстарға әкелетін биосферадағы қайтымсыз өзгерістердің қаупі туындайды.

«Табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.

 

№36

1)Парниктікәсер: себептері, салдары, Киото хаттамасы.

Атмосфераның құрамы мен жағдайы ғарышпен жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен жерге немесе жерден ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +1000°. Бұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиакциясының рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл газының жердегі климат пен температураны қолдап тұратын концентрациясы 0,003 пайыздан аспаған ал кейінгі жылдары бұл газдың көлемі әр он жыл сайын 2 жылға ұлғайып отыр. Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер тұрғындары жылдан-жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда.Осы мәселелер Киото хаттамасында қарастырылды.Киото хаттамасы - жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге арналған, 1997 жылы Жапонияның Киото қаласында қабылданған халықаралық құжат. Киото хаттамасы – ха­лық­аралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағыт­талған тұңғыш құжат.

2. Табиғи орта жай-күйінің мониторингі және оның түрлері.

Қоршаған табиғи орта мониторингі дегеніміз – адамдардың денсаулығына, тірі ағзалардың тіршілігіне, олардың қауымдастығына, табиғат кешендеріне зиянды және қауіпті жағдайлардың алдын алу, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шараларын жасау мақсатында қоршаған ортаның жағдайын бағалау және болжау. Бірінші кезекте табиғаттағы антропогендік өзгерістерге басты назар аударылады. Бақылау әдістері бойынша мониторинг: биосфералық (ғаламдық), экологиялық, биологиялық (индикаторлар көмегімен), санитарлық-токсикологиялық, халықаралық, аймақтық, ұлттық, жергілікті, ғарыштық және т.б. болып жіктеледі.

Ықпал ету көлемі бойынша мониторинг кеңістіктік және уақыттық болып жіктеледі. Ақпаратты талдау сипатына қарайбазалық, әлемдік, аймақтық және ерекше қауіпті аймақтардың (импактылы) мониторинг болып бөлінеді. Базалық мониторингі – адамның тікелей немесе жанама түрде әсер етуі арқылы өзгеріске ұшырайтын табиғи процестер мен құбылыстарды бақылау, қадағалау.

Ғаламдық мониторинг – биосферадағы планетарлық үдерістер мен құбылыстарды табиғатқа антропогендік әсерлермен қоса бақылау. Ғаламдық мониторинг құрамында табиғи үдерістердің жағдайын, әлемдік мұхиттардың жағдайын, газдардың ауысуын бақылау және болжау, жердің жылу және энергетикалық балансын, радиация деңгейін, тропосферадағы және бірен-саран гидросферадағы оттегі мен көмір қышқыл газ деңгейінанықтау, атмосфераның ластану деңгейін бақылау.

Қазіргі таңда адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің әсерінен климаттың өзгеруі тірі ағзаларға кері ықпалын тигізуде. Азот және көміртегі тотығының атмосферада шамадан артық жиналуы салдарынан озон қабатының бұзылуы; әлемдік мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы мәселелерін, атмосфера (тропосфера) және гидросфера, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жердің топырақ жамылғысын әлемдік деңгейде бақылауға бағытталған.

Ғарыштық мониторинг дегеніміз ғарышта ұшатын аппараттармен қашықтан мониторинг жүргізудің түрі.Табиғат ресурстарын есептеу және жағдайын бағалау үшін ғарыштық техникаларды пайдаланып, Жерді қашықтан бақылаудың бір түрі. Соның нәтижесінде табиғат ресурстарының ғаламдық және аймақтық таралуы және оларды пайдалану барысындағы өзгерістері туралы ауқымды мәліметтерді өте қысқа мерзімде алуға болады.

Аймақтық мониторинг – белгілі бір аймақтағы қоршаған ортаның болмысындағы процестерді бақылап, қай жерлерде осы процестер және болмыстар табиғи жағдайда өзгергендігін сондай-ақ, антропогендік әрекеттердің әсерінен базалық немесе негізгі биосфераға тән табиғи көріністен ерекшелігін анықтайды. Мысалға: Арал теңізі, Семей полигонын, Чернобыль трагедиясын едәуір қауіпті аймақтарды алуға болады.

Аймақтық мониторингтің төмендегідей синонимдері бар: геоэкологиялық, геожүйелік, табиғи шаруашылықтық. Маңызды мониторингтердің бірі биосфералық мониторинг – антропогендік факторлардың әрекеті әсерінен өзгерістерді қоса алғанда, биосфера деңгейінде табиғи процестер мен құбылыстарды бақылау жүйесі. Биологиялық мониторинг – биологиялық ортаның жағдайын, дамуын және өзгерістерін қадағалау, бақылау жүйесі.

Гляциологиялық мониторингдеп атмосферадағы, гидросферадағы, литосферадағы табиғи мұздар, олардың даму динамикасы мен режимі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы, жердің эволюциясындағы мұздың рөлін болжау, бақылау жүйесін айтады.

Импактылы мониторинг –қоршаған ортадағы ерекше қауіпті аймақтар мен қауіпті жерлердегі антропогендік әрекеттердің тигізетін зардаптарын зерттейді. Ластанудың мөлшері немесе өлшемі – табиғи ортаның жекелеген құрамдас бөліктерінің (топырақ, су, атмосфера) ластауды тудыратын себепті анықтау құралы, ауқымы, таралу көлемі және сапалы талдау кіреді качественный анализ.

Жергілікті мониторинг – атмосферадағы адамды улайтын химиялық заттардың уытты құрамын, табиғи судың, өсімдіктердің, топырақтың, нақтылы ластайтын ошақ көздерін (өнеркәсіп орындары, құрылыс нысандары, кен өндіру, мелиоративтік жүйені, энергетика өндірісі және т.б.) бақылайды. Сонымен бірге ластану себептерін, табиғи ортаның ластану дәрежесін анықтайды. Жергілікті мониторинг қоршаған ортаның жағдайын сол ортада өмір сүретін адамдардың ден-саулығына қарап бағалайды, ол дегеніміз табиғи ортаның ең маңызды, ауқымды және кешенді жағдайы. Жергілікті мониторингті табиғатты қорғау қызметтерін жасаушылар жүргізеді.

3. Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, құрғақ жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттық жүйені құрушылар) жатады.

Бақылау объектілері келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық, ауалық гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеорологиялық), топырақтық. Климаттық мониторинг: сейсмикалық, ионосферлық, Күн магнитометриялық, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі және т. с.

 

№37 - билет

1.Ғарыштан мониторинг жүргізу. Жерді қашықтан зондылау.

Ғарыштық мониторинг дегеніміз ғарышта ұшатын аппараттармен қашықтан мониторинг жүргізудің түрі. Табиғат ресурстарын есептеу және жағдайын бағалау үшін ғарыштық техникаларды пайдаланып, Жерді қашықтан бақылаудың бір түрі болып табылады. Соның нәтижесінде табиғат ресурстарының ғаламдық және аймақтық таралуы және оларды пайдалану барысындағы өзгерістері туралы ауқымды мәліметтерді өте қысқа мерзімде алуға болады. Жерді қашықтықтан зондтау - жер бетін әр түрлі түсіруші құрал-жабдықтармен жабдықталған әуелік және ғарыштық құрылғылармен бақылау болып табылады. «Жерді қашықтан зондтау» ұғымы әр түрлі камера, сканер, микротолқынды қабылдағыштар, радиолокаторлар және т.б құралдар арқылы электромагниттік сәулелерді өзіне жазу дегенді білдіреді. Қазіргі заманда теңіз түбі, жер атмосферасы, Күн жүйесі туралы ақпаратттарды жинау мен жазу үшін қолданады. Ол өз қызметін теңіз кемелерінің, ұшақтың, ұшатын ғарыш құралдарының, телескоптадың көмегімен іске асырады. Сондай- ақ қазіргі заман әдісін геология, орман шаруашылығы және география сияқты ғылым мамандары да зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда қолданады. Зондтау әдісі белсенді және белсенді емес болып бөлінеді. Белсенді емес әдістер күннің белсенділігіне негізделе отырып, Жер бетіне табиғи бейнені немесе екілік жылулық сәулелендіруді қолдануы мүмкін. Белсенді әдіс – жасанды бағытталған іс-әрекет арқылы нысандарды сәулелендіру. Жерді қашықтықтан зондтау жаһандық, жоғарғы кеңістіктік, спектрлік және уақыттық көлемде шұғыл түрде мәлімет жинауға мүмкіндік береді.

2. Топырақ морфологиясы, оны зерттеу әдістері. Топырақтағы зиянды заттарды нормалау.

Топырақтың морфологиясы –оның сыртқы белгілерінің(түсі, құрылысы, құрамы, құрылымы, жаңа түзінділер мен қосылыстар) жиынтығы. Топырақта физико-химиялық және биологиялық үрдістердің нәтижесінде топырақ түзілу үздіксіз жүріп жатады. Топырақтың морфологиясын зерттеу далалық және зертханалық әдістер бойынша жүргізіледі.

Далалық әдісті топырақ кесіндісін (көлденең қимасын) шұңқыр қазу арқылы жүргізеді. Топырақтың морфологиясын білу үшін оның құрылысын (қабаттарын және олардың қалыңдығын), түсін, құрылымын, әр түрлі қосылыстарды, жаңа түзінділерді анықтайды. Сондай-ақ, топырақтың гранулометриялық құрамын топырақ түзуші тау жыныстарының сипатына, ылғалдылығына, органикалық заттарға , судың дәміне (тұщы, ащы, кермек және т.б.) қарай белгілейді.

Зертханалық әдісбойынша жоғарыда келтірілген морфоогиялық анықтаулар топырақ құрылысын бұзбай, жәшікпен алынған үлгілерде, монолиттерде жүргізіледі.

Топырақтану ғылымының негізін қалаушы В.В. Докучаев топырақты негізгі үш генетикалық қабаттарға жіктеді: А – қарашірік аккумулятивтік; В – аралық (иллювиалдық), С – топ



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Билет 29 | Билет жауабы


Карта сайта Карта сайта укр


Уроки php mysql Программирование

Онлайн система счисления Калькулятор онлайн обычный Инженерный калькулятор онлайн Замена русских букв на английские для вебмастеров Замена русских букв на английские

Аппаратное и программное обеспечение Графика и компьютерная сфера Интегрированная геоинформационная система Интернет Компьютер Комплектующие компьютера Лекции Методы и средства измерений неэлектрических величин Обслуживание компьютерных и периферийных устройств Операционные системы Параллельное программирование Проектирование электронных средств Периферийные устройства Полезные ресурсы для программистов Программы для программистов Статьи для программистов Cтруктура и организация данных


 


Не нашли то, что искали? Google вам в помощь!

 
 

© life-prog.ru При использовании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.

Генерация страницы за: 0.462 сек.