1. Мұздықтардың мониторинг жүйесі. Қазақстандағы мұздықтардың криогенезі.
Жыл сайын қар жамылғысы 115 млн. км2 ауданды алады, кейбір экстремальді жылдары бұл аудан 125 млн.км2 дейін жетеді. Соның ішінде солтүстік жарты шарда 79 млн.км2, оңтүстікте 46 млн. км2 қар басқан территорияны 2/3 бөлігі құрылыққа, ал 1/3 бөлігі теңіз мұздарына жатады. Қар жабындысын табиғи ортаның ластануын зерттеу мақсатына қолдану ғалымдарды ертеден қызықтырды. Қар жабындысының ластанудың қолайлы индикатор ететін бір қасиеттері бар. Ластанушы көзі ретінде атмосфералық жауын – шашын, атмосфералық ауа, қолданылады. Көптеген және маңызды нәтижелерді анықтаған практикалық және принципиалдық негізгі себептерін атайық. Бұл нәтижелер қардың ластану параметрлерін өлшеу арқылы алынады. Құрғақ және ылғалды жуу процесі нәтижесінде қалыптасқан және түскен қарды ластаушы заттардың концентрациясы, атмосфералық ауаға қарағанда 2 – 3 есе көп. Сондықтан да бұл заттардың мөлшерін есептеу дәрежесі жоғары және қарапайым әдістермен жүргізіледі.
Жер шарының таулы және полярлы аудандарында қар жамылғысы біртіндеп мұзға айнала отырып, ондағы ластанушы заттарды консервілейді де қолайлы жағдайда сақтайды. Бұлар мұздықтар массасында жүздеген, мыңдаған жылдар бойы сақталып, атмосфералық ауа құрамының және ластануының шежіресі болады. Сонымен қатар, қар жабындысы қоршаған ортаның қышқылдануының тиімді индикаторы болып саналады. Қар жамылғысының ластануы біздің ғасырларымыздың 70-ші жылдарының ортасында тез өсе түсті. Қар атмосфераның мына заттармен ластануының индикаторы бола алатындығы көрсетілді: сульфаттармен, нитраттармен, аммонимен, негіздермен, ауыр металдармен, ароматты, мұнай, полицикленді көмірсутегімен, хлорорганикалық пестицидтермен және газтәріздіні қосқандағы бірқатар басқа да заттармен.
Бұрынғы КСРО аумағындағы мұздықтарды үнемі бақылап отыратын бағдарлама шеңберінде Қазақстан территориясында мұздықтарды жүйелі бақылап отыру 1950 – 60 жылдары басталды. 1973 жылы бірнеше мұздықтарды жыл бойы бақылап отыратын, әлемде теңдесі жоқ толық бағдарлама қабылданды. Қазақстан аумағындағы оңтүстік – шығыс Қазақстанның Шым ( Жетісудың Алатауы) тауларында қадағалау жүргізілді. Орталық Тұйық су мұздығын бақылау ұзақтығы 50 жылды құрайды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында Жердің мұздары еру жағдайында екендігіне мұздықтардың мониторинг нәтижелері күмән келтірмейді. 1956 жылдан 1975 жылдар аралығында жалпы мұздықтар аудандары кеміп, Іле Алатау және Шелек өзені бассейнінің солтүстік баурайындағы 369 мұздықтың 31% мөлшеріне ұлғайды. Осы мұздықтардың жалпы өсу ауданы аталған кезеңде 15,7 км² құрайды.
Соңғы жылдары таудағы мұздықтардың еруіне байланысты криогенез зерттеулері өзекті болып отыр. Тұйық су мұздығының температуралық режимі мен еріген лай ағысын зерттегенде, қазіргі уақытта көлемі 500 мың м³-тен асатын жер асты су айдындары бар екендігі анықталды. 1960 жылдардың ортасында Іле Алатауының солтүстік макробеткейлерінің әрқайсысының көлемі 10 мың м³ артық барлығы 10 көл саналған. 1980 жылы олардың саны – 41-ге дейін, ал 1990 жылы 60-қа дейін көбейді. Олардың ішіндегі ең ірілері жырып өткен жағдайда қиратуды, бұзуды туғызатын гляцияалдық селдердің пайда болуына әкеп соғады. Климат жылынған жағдайда мұндай гляциалдық селдердің ықтималдығын арттырады. Сондықтан, мұздық жүйені мониторингтеумен қатар, криогендік үрдісті де қадағалап отыру қажет. Мұндай жұмыстардың тек теориялық емес практикалық та маңызы бар. Ол қазіргі климаттың өзгеруі жағдайында гляциалдық селдердің алдын лау іс –шараларын әзірлеуге үлесін қосты.
Жердің беті бүгінде ең көлемді және өте қауіпті антропогендік жүктемені өткеріп жатыр. Адамның іс-әрекетінің салдарынан топырақ деградациясы республикада кең орын алып жатыр. Топырақтың (химиялық, мұнай өнімдерімен, раоактивті және өндірістік-коммуналдық ақаба сулармен) ластануы егістіктерде, мұнай-газ кәсіпорындары алаңдарында, әскери полигондарда, елді мекендерде байқалған. Егістіктерде минералдық тыңайтқыштар, гербицидетер мен пестицидтерді өлшемсіз қолдану нәтижесінде топырақта өте улы: мышьяк,кадмий,сынап,селен,қорғасын,мырыш,фтор; уылылығы орташа: кобальт,бор,никель.мыс,молибден,хром; қауіптілігі шамалы: сторнций, барий, марганец,вольфрам жинақталады. Химиялық элементердің ыдырауы, усыздануы топырақтың қышқылдығына,механикалық құрамына, температурасына, ылғалдылығына және микробиологиялық процестерге байланысты болады. Мұнай, газ өндіруші және тасымалдаушы аудандарда топырақ олардың қалдықтарымен және қолданылатын химиялық заттармен ластанады. Сонымен, барлық табиғат зоналарында топырақтың экологиялық мәселелері бар. Сондықтан топырақты қорғау және ұтымды пайдалану ұлттық саясатқа айналы, тұрақты дамудың негәзә болуы тиіс. Топырақты қорғау жүйесін жетілдіру қажет, оның ішінде топырақ эрозияға, тұздануға жол бермеу,қарашірік балансын сақтау, органикалық және минералдық тыңайтқыштар беру, мелиорация, ауыспалы егістік, топырақты өңдеу мен биологиялық қорғауды жетілдіру, егістіктер мен жайылымдарды дұрыс пайдалану.
3.Қоғамдық және тұрмыстық мақсатта тұтынатын су құрамында бірнеше зиянды ластаушы заттардың мөлшері анықталды: