1. Су нысандарының және трансшекаралық өзендер мониторингі.
Су нысандарының мониторингі-су шаруашылығы баланстарын құру және есебі қызметтері, нормативтік-анықтамалық ақпаратты ұсыну қызметтері, сондай-ақ геоақпаратық технологиялар негізінде су шаруашылығы жағдайын талдау қызметтері бойынша ақпаратты енгізу, жинақтау, сақтау және ұсынуды іске асырады. Су нысандарының және су шаруашылық құрылымының санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай болуы үшін, ластануын тоқтату, су құрамының жұтаңдануы мен қоқыстануын болдырмау үшін су қорғау аумақтары мен алабында пайдаланудың ерекше жағдайлары жатады. Республикалық бюджеттің есебінен Есіл өзенінің арналарын қайта қалпына келтіру шаралары, арналарын қамыс пен тұнбалардан тазарту, өзеннің кеңеюі, өзен жағасының бағытының түзелуі мен көріктендіріліуі іске асырылады. Есіл экология департаменті Солтүстік Қазақстан филиалы Солтүстік Қазақстан облысындағы су нысандарын қорғау жұмыстары үнемі жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысының су ресурстары Есіл өзенінің тармақтары (Аққанбұрлық өзені, Иманбұрлұқ өзені) Сілеты өзені, Чағлынқа, Қамысақты, Ащысу, Қарасу және уақытша ағымды басқа арналары бар.
Трансшекаралық өзендер мониторингі-трансшекаралық өзендер мен сулардың, сондай-ақ, қоршаған ортаға трансшекарлық әсерді болдырмау, шектеу және азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің жай-күйіне шекаралас мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылатын бақылау жүйесі.
Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің маңызды құраушысы болып табылады. Тараптар осы бағытта трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану және қорғау, олардың ластануы мен сарқылуын болдырмау мәселелері бойынша жалпы ұстанымды қалыптастыруға ұмтылуда.
2. Фондық (реңдік) мониторинг.
Реңдік мониторинг-қоршаған ортаның кешенді реңдік мониторингі бекеттерінің мамандандырылған желісіндегі атмосфера мен басқа да ортаның биосферамен өзара іс-қимылының жай-күйіне бақылау жүргізу жүйесі. Тірі ағзаларға үнемі әсер ететін Жерден және ғарыштан таралатын иондаушы сәулелерді радиациялық рең деп атайды. Радиациялық реңдер екіге жіктеледі. Біріншісі, табиғи радиациялық рең; екіншісі жасанды радиациялық рең.
Табиғи радиациялық реңге Жердің табиғи радионуклидтердің сәулеленуі және ғарыштық сәулелер кіреді. Табиғи радиациялық реңді қалыптастыратын иондаушы сәулелердің көздеріне: құрылыс материалдарының құрамына кіретін немесе пайдалы қазбаларымен бірге жердің бетіне шығарылған табиғи радионуклидтердің сәулеленуі жатады.
Жасанды радиациялық рең- уран мен плутоний ядроларының ыдырау нәтижесінде пайда болатын жасанды радионуклидтер арқылы қоршаған ортаның ластануы.
3. Биоалуантүрліліктің таралуын бағалауда 30 есептік аудан таңдап алынды. Анықталатын түр 15 ауданда байқалған. Анықталатын түрдің аудандар бойынша кездесу жиілігінің коэффициентін табу керек, % бойынша ?
Шешуі: к=r/n
r-кездесу жиілігі
n-кездесу аймағы
к=15/30*100%=50%
Жауабы: к=50%.
№25 билет
1. Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік экологиялық мониторинг құрылымы.
2. Биосфералық мониторингтің деңгейлері және жіктелуі.
3. Ауыз судың құрамындағы хлордың РШК мөлшері 0,5 мг/л-ға тең. А нүктедегі ауыз судың құрамындағы хлордың концентрациясы 0,3 мг/л, ал Б нүктесіндегі ауыз суда хлордың мөлшері – 0,9 мг/л болған. Қай нүктедегі суды тұтынуға болады? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.
Жауаптары:
1. Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік экологиялық мониторинг құрылымы. Қоршаган орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің (ҚО мен ТРБММЖ) ұғымының негізгі мақсатттарын, атқаратын міндеттерін,оның құрылымын, мазмұнын және мониторингті жүзеге асырудың тәртібін, қаржыландыру көздерін қамтиды. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі –Қазақстан Республикасының экологиялық ұауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау, ұдйы өсімін молайту және ұымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін, сондай-ақ қоршаған орта мен табиғи ресурстарды нақты жай-күйінің деректерін қадағалауды енгізетін көпмақсатты ақпараттық жүйе.
Бірыңғай мемлекеттік жүйесінің мақсаттары мен міндеттері.ҚОмен ТРБММ-нің мақсаты табиғи ресурстарды пайдалануды басқару мен шаруашылық шешімдер қабылдауды ақпараттық қамтамасыз ету және олардың пайдалануын бақылау, қоршаған ортаның жай-кұйі мен қоршаған орта факторларының халық денсаулығына әсері туралы халықты хабардар ету болып табылады.
ҚО мен ТРБММ-нің міндеттері:
1) ҚО мен табиғи ресурстардың жай-күйін, сондай-ақ оларға антропогендік әсерлердің көздерін тұрақты қадағалау
2) Республиканың бүкіл аумағында және жекелеген аймақтардың аумақтарында қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың нақты жай-күйін талдау, бағалау , сондай-ақ олардың өзгерістері мен халық денсаулығына әсерін болжау
3) Қоршаған табиғи орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ақпараттарды сақтау және жинақтау болып табылады.
ҚОмен ТРБММ-нің негізгі қызметтері:
1) ортаның өзгерістерін бағалау үшін жеткіліті кезеңділікпен қоршаған ортаның барлық өлшемі бойынша аспаптық, талдау және басқа да әдістермен байқау жүргізу;
2) барлық экологиялық ақпаратты жинау мен тіркеу,қоршаған орта мен табиғи ресурстар бойынша ақпараттық деректер банкі мен кадастрлар жүргізу;
3) табиғи орта әсерлердің сипаттамалары, ластану деңгейінің өзгеруі мен оның салдары арасындағы байланысты анықтау;
4) аймақтық, рспубликалық және халықаралық және деңгейде қоршаған орта, табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ақпарат алмасуды ұйымдастыру
5) орталық ақарушы органдардың , олардың аумақтық бөлімшелерінің, кәсіпорындарды, мекемелердің , ұйымдардың меншік нысанына карамастан, жүзеге асыратын қоршаған орта мен табиги ресурстар мониторингінің бірыңғай әдістемелік және метрологиялық базасын қамтамасыз ету:
6) ҚО мен табиғи ресурстар мониторингі саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысар жүргізуді негіздеу:
7) ҚО мен ТРБММЖ шеңберінде алынған ақпаратпен мемлекеттік атқрушы органдарды, заңды , жеке тұлғалар мен халықты қамтамасыщ ету.
ҚО мен ТРБММЖ-ніңқұрылымы мониторинг обьектілерімен және оның аумақ аясымен анықталады. Мониторинг обьектілеріне қарай мынадай түрлерге жіктеледі
a) Атмосфералық ауаның мониторингі
b) Жер үсті су ресурстарының мониторингі
c) Жер ресурстарының мониторингі
d) Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің мониторингі(ұдайы өсімі мен пайдалануы)
e) Жер қойнауының мониторингі(ластану бөлігінде):
ҚО мен ТРБММЖ-ға басшылық жасау мен басқару.
ҚО мен ТРБММЖ-ің әдістемелік басқаруды қоршаған ортаны ұорғау саласындағы ҚР орталық атқарушы органы және қоршаган орта мен табиғи ресурстадың мониторингін жүеге асыру жөніндегі басқа да мемлекеттік органдардыңжұмыстарын үйлестіретін оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
ҚО мен ТРБММЖ-ін ұйымдастыру, жұмыс істеуі мен қаржыландырудың тәртібі
1) Республикалық деңгейде –қоршаган ортаны коргау саласындағы Қазақстан Республикасның орталық атқарушы органы және уәкілетті органдар өз құзіреті шегінде;
2) Аймақтық деңгейде – аумақтық өз құзіреті шегінде жүзеге асырады.
ҚО мен ТРБММЖ-ін жүргізуді қаржыландыру уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
2.Биосфералық мониторингтің деңгейлері және жіктелуі.
Биосфералық мониторинг дегеніміз- ол антропогендік факторлардың әсерінен өзгерістерді қоса алғанда, биосфера деңгейінде табиғи үрдістер мен құбылыстарды бақылау жүйесі.
Биосфералық бақылау -табиғаттағы ғаламдық фондық өзгерістерді: радиация деңгейін, атмосферадағы зиянды заттар, шаңның мөлшерін, жылудың тасымалдануын, планетадағы ауа райы мен климаттың т.б. өзгерістерді бақылау.
Биосфералық мониторинг. Биосфералық мониторинг табиғаттағы жаһандық өзгерістерді (радиация дәрежесі, атмосферада көмірқышқыл газының, озонның,жылудың болуы және оны шаң басу дәрежесі, мұхит және Жер ауалы қабағы арасындағы газ айналымы, құстар, сүтқоректілер, балықтар және бунақденелілердің әлемдік жылыстауы, ғаламшардағы ауа райы - климаттық өзгерістері) анықтауға мүмкіндік берді. Биосфералық мониторингтің басты әдісі әр алуан жер серіктерінің жәрдемімен биосфера күйін бақылау болып табылады. Олар озон қабатының, радиациялық аясының, жер температурасы тәртібінің жағдайларын тұрақты бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Экологтар үшін негізгі биосфералық мониторингтің негізгі түрлері:
Биосфералық мониторинг - биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.
3. А нүктесі тұтынуға жарамды
№26 билет
Трансшекаралық ластанулар мониторингі.
Трансшекаралық ластаулар мониторингі-трансшекаралықсулар мен ауаның трансшекаралық ластануының, сондай-ақ қоршаған ортаға трансшекаралық әсерді болдырмау, шектеу және азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің жай-күйіне шекаралас мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылатын бақылау жүйесі.
Трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға әсерін бағалаудағы жұртшылықтың рөлі.
Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісім-шарттармен, трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы табиғатты қорғау конвенциясымен анықталатын шекаралас экожүйелердің табиғи әлеуетін пайдалану бойынша Қазақстан көршілес елдермен бірге шешімдерді әзірлеуді қажет етеді.Қазақстан мен Қырғызстанның трансшекаралық аумағындағы конвенцияның рәсімдерін практикалық жүзеге асыру үшін «Қырғыстан мен Қазақстанда трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша БҰҰ ЕЭК Конвенциясын практикалық қолдану» пилотты жобасын іске асыру үшін негіз болған нұсқаулық пайдаланылды. Бұл нұсқаулық Орталық Азия елдері үшін ұжымдық және жеке дара шараларды қабылдауға негіз болып табылады.Жұртшылықтың қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізуге қатысуы ҚР Экологиялық кодексінде бекітілген.
2.Топырақтың деградациялануы. Топырақ эрозиясы. Эрозияның түрлері. Шөлейттену конвенциясы.
Топырақтың бүлінуі(деградацялануы)-адамның барлық өндірістік қызметіне бірінші кезекте ең өажетті ресурс болып жер саналады. Жер ресурстарын ең негізгі тұтынатын саланың бір аруашылығы. Ауыл шаруашалағының қарамағындағы жер ресурстарының жарамсыз түрге айналуына себеп болатын жағдайлар:
· Топырақ эрозиясы немесе дефляциясы – су мен желдің және тағы басқа табиғи құбылыстарының әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым-жартылай бүлінуі, топырақтың құнарлығының төмендеуі;
· Агротехниканы дүрыс қолданбайтындықтан, негізінен ауыспалы егіс болмауынан және қоректі заттектердің топыраққа жеткілікті түрде қайта айналып келмеуіне байланысты гумус молшері томендеп, топырақ құнарлығының біртіндеп азаюы;
· Құрғатымсыз жерді суландыру және бакылаусыз суды қолдану, топырақтың су астындақалуы мен екінші реттік тұздануы;
· Топырақтың техникада қолдану бүлінуі;
· Топыратың химиялық және радиациялық ластануы
Топырақ эрозиясы.
Топырақ эрозиясы (латынша erosіo – желіну) – топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы. Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады. Тіпті шөл аймақтарындағы құмды алқаптардың шөп өспейтін бөліктері жел әсерінен бір орыннан екінші орынға жиі жылжып отырады. Оларды жылжымалы құмдар деп атайды. Топырақ бетінде өсімдік жақсы өскен алқаптар жел эрозиясына ұшырай бермейді. Өсімдік тамырлары топырақтың беткі қабатын бекітіп ұстап тұрады, өскіндері жауын суының біразын өздеріне сіңіріп, қалғанын жер астына өткізеді, ал екпе ағаштар қар тоқтатуға және олардың топырақ бетінде біркелкі таралуына септігін тигізеді, желдің күшін азайтады, т.б. Ал бұл жерлерді кәдімгі қайырмалы соқамен жыртып, топырақтың майда ұнтақталған бос қабаты жер бетіне шыққан кезде олар желдің еркіне беріліп ұшады. Осындай жағдай тың игеру кезінде Қазақстанның солт. аймақтарында кең өріс алған.
Су эрозиясы қатты нөсерлеп жауған жаңбырдан немесе қыста мол жиналған қардың тез еруі нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайлар еңіс жері мол таулы беткейлерде жиі кездеседі. Бұл су ағындары тік беткейдегі топырақ бетін ғана шайып қоймай, көп жағдайларда сай, жыралардың пайда болуына әкеп соғады. Тау етегіндегі беткей алаптарын су эрозиясынан қорғау үшін бұл жерлерге а. ш. дақылдарын, жеміс ағаштарын отырғызып, қолдан ыңғайлы жер бедерлерін сатылап жасау (террасалау) әдісі де қолданылады. Топырақтың су эрозиясының бір түрі ирригациялық эрозия, ол адам қолдан суаратын жерлерде болады. Суармалы жерлерде судың өз ағысымен ағуы үшін оның бір бағытта еңісі бар жер бедері таңдалынып алынады. Сол бағытқа қарай майда суару арықшалары жүргізіледі, бірақ еңіс жерлерге қарай суды мөлшерлеп қана жіберу қажет. Олай болмаған жағдайларда, әсіресе, еңісі тіктеу суарылмалы беткейлерде топырақтың ирригац. эрозиясы өріс алады.
Шөлейттену – адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафтардың пайда болуы. Дүниежүз. климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін. Соңғы 50 жыл бойында дүние жүзінде 800 миллион га-дан астам жер Шөлейттенуге ұшыраған. Мұның негізгі бөлігі Африка құрлығына келеді. Мысалы, Сахара шөлі оңтүстікке қарай 650 – 700 км шамасында жылжыған, ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы Оңтүстік Африканың 60 миллион тұрғыны жарамды жерлердің Шөлейттенуі салдарынан өздерінің атамекенінен басқа аудандарға қоныс аударуға мәжбүр болады. Шөлейттену процесі Орталық Азияелдері мен Қазақстанда да жылдам қарқынмен дамуда.
3.Ауа құрамында бірнеше зиянды ластаушы заттардың мөлшері анықталды:
СО2
SO2
NO
Pb
Зиянды заттардың концентрациясы, мг/м3
1,5
0,07
0,05
0,00003
РШК, мг/м3
0,05
0,04
0,0003
Ластаушы заттардың тұрғындарға әсері қалай болады? Зиянды әсері бар ма немесе
зиянды әсері жоқ па? Жауаптарыңды тұжырымдаңдар.
ΣССО/ПДК + СSO2/ПДК + С NO2 /ПДК +СPB/ПДК=1.5/3+0.07/0/05+0.05/0.04+0.00003/0.0003=3.25
Жауабы: Ластаушы заттардың тұрғындарға зиянды әсері бар, өйткені Σ=3.25>1.
Билет
1.Ауылшаруашылық және орман ресурстарын зерттеуде космостық ақпараттарды қолдануы.
Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман — географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі.Орман ресурстары — табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі; орман қорлары және ағаш тұқымдарына жатпайтын құндылықтар (азықтық, аңшылық косіпшілік ресурстары, жабайы өсімдіктердің жемістері мен жидектері, саңырауқұлақтар, емдік өсімдіктер және т.б.). Орман шаруашылығы– экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады. Орман көптеген ерекше экологиялық-экономикалық қызметтер атқарады. Сондықтан оны пайдалану да кешенді болуы керек.
Біріншіден, орман ғаламдық оттегі мен көміртегі айналымында маңызды рөл атқарады.
Екіншіден, орман ауаға шығарылған зиянды заттарды сіңіріп, ауаны, қоршаған ортаны тазартады, сондай-ақ дыбыстық ластауды бәсеңдетеді.
Үшіншіден, орман микроклиматтық әсер етеді және ғаламдық масштабта климат қалыптастырады.
Төртіншіден, орман экожүйелерде ылғалдылық сақтауға, су айналымына қатысады.
Бесіншіден, орман топырақ эрозиясын болдырмайды, ландшафты, топырақтың құнарлығын сақтайды.
Алтыншыдан, орман көптеген өсімдіктер мен жануарлардың өсу, өмір сүру ортасы, яғни жердегі биологиялық алуан түрліліктің сақталуының табиғи ортасы.
Жетіншіден, орман рекреациялық және рухани-эстетикалық қызметтер атқарады.
Сегізіншіден, орман белгілі дәрежеде жердегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Тоғызыншыдан, орман экономиканың көптеген салаларына шикізат береді және шаруашылық әрекеттерде кең қолданылады.
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.
Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер - негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы - елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi. Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi.
2. Мониторинг түрлері және олардың өзара байланысы.
«Мониторинг» сөзі латын тілінде «монитор» - «бақылаушы», «сақтандырушы» деген мағынаны береді. Желкенді кеменің басқа кемелермен, қайраңдармен, су астынан көтеріліп тұратын жар тастардан (риф) соқтығысып қалудан сақтандырып тұратын матросты «монитор» деп атаған (Е.Н. Вилесов, 1999). Қазіргі кезде мониторингтің көптеген түрлері бар. Қоршаған табиғи орта мониторингі дегеніміз – адамдардың денсаулығына, тірі ағзалардың тіршілігіне, олардың қауымдастығына, табиғат кешендеріне зиянды және қауіпті жағдайлардың алдын алу, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шараларын жасау мақсатында қоршаған ортаның жағдайын бағалау және болжау. Бірінші кезекте табиғаттағы антропогендік өзгерістерге басты назар аударылады. Бақылау әдістері бойынша мониторинг: биосфералық (ғаламдық), экологиялық, биологиялық (индикаторлар көмегімен), санитарлық-токсикологиялық, халықаралық, аймақтық, ұлттық, жергілікті, ғарыштық және т.б. болып жіктеледі.
Ықпал ету көлемі бойынша мониторинг кеңістіктік және уақыттық болып жіктеледі. Ақпаратты талдау сипатына қарайбазалық, әлемдік, аймақтық және ерекше қауіпті аймақтардың (импактылы) мониторинг болып бөлінеді. Базалық мониторингі – адамның тікелей немесе жанама түрде әсер етуі арқылы өзгеріске ұшырайтын табиғи процестер мен құбылыстарды бақылау, қадағалау.Ғаламдық мониторинг – биосферадағы планетарлық үдерістер мен құбылыстарды табиғатқа антропогендік әсерлермен қоса бақылау. Ғаламдық мониторинг құрамында табиғи үдерістердің жағдайын, әлемдік мұхиттардың жағдайын, газдардың ауысуын бақылау және болжау, жердің жылу және энергетикалық балансын, радиация деңгейін, тропосферадағы және бірен-саран гидросферадағы оттегі мен көмір қышқыл газ деңгейінанықтау, атмосфераның ластану деңгейін бақылау. Ғаламдық мониторинг аймақтың және тұтастай биосферадағы табиғи процестер туралы білуде, қоршаған ортаны қорғау барысында ғаламдық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.
Қазіргі таңда адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің әсерінен климаттың өзгеруі тірі ағзаларға кері ықпалын тигізуде. Азот және көміртегі тотығының атмосферада шамадан артық жиналуы салдарынан озон қабатының бұзылуы; әлемдік мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы мәселелерін, атмосфера (тропосфера) және гидросфера, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жердің топырақ жамылғысын әлемдік деңгейде бақылауға бағытталған.Осы деңгейлес ғарыштық мониторингтің міндеттерін сипаттап көрсету қажет. Ғарыштық мониторинг дегеніміз ғарышта ұшатын аппараттармен қашықтан мониторинг жүргізудің түрі.Табиғат ресурстарын есептеу және жағдайын бағалау үшін ғарыштық техникаларды пайдаланып, Жерді қашықтан бақылаудың бір түрі. Соның нәтижесінде табиғат ресурстарының ғаламдық және аймақтық таралуы және оларды пайдалану барысындағы өзгерістері туралы ауқымды мәліметтерді өте қысқа мерзімде алуға болады. Аймақтық мониторинг – белгілі бір аймақтағы қоршаған ортаның болмысындағы процестерді бақылап, қай жерлерде осы процестер және болмыстар табиғи жағдайда өзгергендігін сондай-ақ, антропогендік әрекеттердің әсерінен базалық немесе негізгі биосфераға тән табиғи көріністен ерекшелігін анықтайды. Мысалға: Арал теңізі, Семей полигонын, Чернобыль трагедиясын едәуір қауіпті аймақтарды алуға болады.Аймақтық мониторингтің төмендегідей синонимдері бар: геоэкологиялық, геожүйелік, табиғи шаруашылықтық. Маңызды мониторингтердің бірі биосфералық мониторинг – антропогендік факторлардың әрекеті әсерінен өзгерістерді қоса алғанда, биосфера деңгейінде табиғи процестер мен құбылыстарды бақылау жүйесі. Биологиялық мониторинг – биологиялық ортаның жағдайын, дамуын және өзгерістерін қадағалау, бақылау жүйесі. Гляциологиялық мониторинг деп атмосферадағы, гидросферадағы, литосферадағы табиғи мұздар, олардың даму динамикасы мен режимі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы, жердің эволюциясындағы мұздың рөлін болжау, бақылау жүйесін айтады.Импактылы мониторинг – қоршаған ортадағы ерекше қауіпті аймақтар мен қауіпті жерлердегі антропогендік әрекеттердің тигізетін зардаптарын зерттейді. Ластанудың мөлшері немесе өлшемі – табиғи ортаның жекелеген құрамдас бөліктерінің (топырақ, су, атмосфера) ластауды тудыратын себепті анықтау құралы, ауқымы, таралу көлемі және сапалы талдау кіреді качественный анализ.Жергілікті мониторинг – атмосферадағы адамды улайтын химиялық заттардың уытты құрамын, табиғи судың, өсімдіктердің, топырақтың, нақтылы ластайтын ошақ көздерін (өнеркәсіп орындары, құрылыс нысандары, кен өндіру, мелиоративтік жүйені, энергетика өндірісі және т.б.) бақылайды. Сонымен бірге ластану себептерін, табиғи ортаның ластану дәрежесін анықтайды. Жергілікті мониторинг қоршаған ортаның жағдайын сол ортада өмір сүретін адамдардың ден-саулығына қарап бағалайды, ол дегеніміз табиғи ортаның ең маңызды, ауқымды және кешенді жағдайы. Жергілікті мониторингті табиғатты қорғау қызметтерін жасаушылар жүргізеді.
3.Ауа құрамында бірнеше зиянды ластаушы заттардың мөлшері анықталды:
СО
SO2
NO2
Pb
Зиянды заттардың концентрациясы, мг/м3
0,9
0,05
0,01
РШК, мг/м3
0,05
0,04
0,0003
Ластаушы заттардың тұрғындарға әсері қалай болады? Зиянды әсері бар ма немесе
Жауабы: Ластаушы заттардың тұрғындарға әсері өте жоғары.Себебі Σ=26,25>1
Билет
1. Су сапасының мониторингі. Суды ластаушы көздер.
Су планетамыздың ең негізгі табиғи қоры. Жер бетінің 29%-ын құрлық, ал қалған бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Мұхиттағы су гидросферасының барлық массасының 97%-ын құрайды.Жер беті ауданының 71%-дан астам су алып жатыр.
Су мониторингі жүйесінің шегінде жер үсті су көздеренің сапасын бақылаудың төмендегі түрлерін келтіруге болады:
· Жер үсті суларының ластану деңгейін физикалық, химиялық, гидрологиялық және гидробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау;
· Арнайы міндеттерді шешу үшін арналған бақылау.
Осы бақылаулардың әрқайсысы келесі қызметтердің нәтижесінде жүзеге асады: су нысандарында немесе олардың бөліктерінде алдын ала бақылау және зерттеу жүргізу;алдын ала таңдалып алынған тіректердегі су нысандарын жүйелі түрде бақылау жүргізу; шаруашылық ұйымдарды, сонымен қатар, қызығушылығы бар мекемлерді жүйелі ақпараттармен және режимнің өзгеріс болжамымен таныстырып, су ластануының тех өзгерісі туралы төтенше ақпараттармен қамтамасыз ету.
Су сапасын бақылаудың мақсаты – алғашқы мәліметтердің аса жоғары стандартын қамтамасыз ету. Бақылаудың жақсы сапасвн қамтамасыз ету үшін суды жинау немесе су үлгісін алу бойынша жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру қажет.
Гидроэкожүйлер сапасының мониторингі мақстақа сай басқарудың бұрынғы Жалпы мемлекттік жүйеде, адам үшін, сонымен қатар биото үшін қауіп тудыратын суды тұтыну орындарындағы бақылау тіректерінде жүргізіледі. Бақылаудың негізін кешенділік, жүйелелік, гидрологиялық жағдайлардың сипаттарымен келісе отырып, оларды жүргізу мерзімін анықтау құрайды.
Жер үсті су сапасын бақылауды жүргізу және ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары 17.1.5.05-85 Мемлекеттік стандартпен және ИСО 5667-1:1980; 5667-6:1990; 5667-4; 1987 стадарттарымен анықталады. Су ресурстарының сапасына кешенді баға стандарттық әдістемелік ұсыныстар негізінде беріледі.Су нысандарының сапасын бағалауда үнемі қоданылатын көрсеткіштер категориясына су ластануының гидрохимиялық, гидробиологиялық индексі жатады.
Соңғы жылдары өзен, көл, теңіз және мұхит суларының ластануы қатты байқалуда.Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; өнеркәсіп орындары; ауыл шаруашылығын химияландыру: халық шаруашылығының басқа да салалары. Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Су ресурстарын ластаушы негізгі көздерге мыналар жатады:
· Өндіріс орындарынан шыққан зиянды қалдықтар;
· Минералды тыңайтқыштар мен химиялық заттар арқылы ауыл шаруашылығы сулары;
· Атмосферадағы ластаушы заттар ;
· Мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші өнеркәсіп орындарынан шыққан ағынды сулар
Судың сапасы, соның ішінде, ауыз судың сапасы халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі. ДДСҰ-ның мәліметтері бойынша, судың сапасының төмен болуы салдарынан жылына шамамен 5 млн адам өледі, әр түрлі дәрежеде сумен уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн-нан 1 млрд-қа дейін жетеді. Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі. Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбіне өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.
2.Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымның (ДМО) қызметі мен құрылымы, Қазақстан Республикасындағы ДМО-ның элементтері.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) — метеорологиялық бақылаулар мен зерттеулерді дамыту бағытындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, ұлттық ауа райын қадағалау қызметтерін үйлестіру мақсатын көздейтін ұйым. 1947 жылы БҰҰ жанынан құрылды. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым құрылғанға шейін оның қызметін Халықаралық метеорология ұйым (1871) атқарып келген. Қазір ұйымның 150 мүшесі бар. Жоғары органы — 4 жылда 1 рет шақырылатын Дүниежүзілік метеорология конгресс. Атқару кеңесі ұлттық метеорол. қызметтердің 24 директорынан тұрады және жылына 1 рет шақырылады. Ірі географиялық аудандардағы арнаулы қызметтерін 6 аймақтық ассоциация (Африка, Азия, Оңтүстік Америка, Солтүстік және Орталық Америка, Оңтүстік-батыс Тынық мұхиты, Еуропа) үйлестіріп отырады. Метеорология бақылауларды жасау және стандарттау, ақпараттар алмасу, ауа райын болжау, т.б. үрдістеріне байланысты техникалық мәселелерді тиімді шешіп отыру үшін арнаулы комиссиялар құрылған. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның тұрақты жұмыс істейтін хатшылығы Женевада (Швейцария) орналасқан.
Ұйымның мақсаттары: а) метеорологиялық бақылаулар, сондай-ақ метеорологияға жататын гидрологиялық және басқа да геофизикалық бақылаулар шығаратын станса желісін құруда дүниежүзілік ынтымақтастықты жеңілдету және міндеттеріне қызмет көрсетудің метеорологиялық және басқа да түрлерін қамтамасыз ету кіретін орталықтарды құру және қолдау; b)метеорологиялық және басқа да тиісті ақпаратпен тез алмасу жүйелерін құруға және қолдауға ықпал ету; с) метеорологиялық және басқа да тиісті бақылаулардың стандартталуына ықпал ету және бақылау мәліметтерін және статистикалық мәліметтерді бірыңғай шығаруды қамтамасыз ету; d) су проблемаларын шешуде авиацияда, кеме қатынасында, ауыл шаруашылығында және адам қызметінің басқа салаларында метеорологияны одан әрі қолдануға ықпал ету; е)шұғыл гидрология саласындағы қызметке және метеорологиялық, гидрологиялық қызметтер арасындағы одан арғы тығыз ынтымақтастыққа ықпал ету; j) ғылыми-зерттеу жұмысын және метеорология саласындағы, қажеттілігіне байланысты, басқа да аралас салалардағы кадрларды дайындау жөніндегі жұмысты ынталандыруға, сондай-ақ ғылыми зерттеулер және кадрларды дайындау бойынша халықаралық аспектердің қызметін үйлестіруге ықпал ету.
ДМҰ 10 негізгі ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы өз жұмысын жүргізеді. ДМҰ-дың ғылыми- техникалық бағдарламалары метеорологиялық және гидрологиялық қызмет көрсетудің кең спектрін қамтамасыз етуде және осындай қызмет көрсетуден пайда алуда, сондай-ақ қазіргі және туындап отырған проблемаларды шешуде барлық мүше елдерге көмек көрсетуге бағытталған. Бағдарламалар өз ара көмекті метеорологиялық, гидрологиялық және басқа мүше-елдер арасындағы тиісті ақпаратпен ғаламдық алмасу арқылы құрылған және құрылуды жалғастырып жатқан білім базасын бірлесіп пайдаланудан алатын тұжырымдамаға және практикалық тәжірибеге негізделген. ДМҰ бағдарламалары метеорологиялық және егер әрбір мемлекет жалғыз іс-әрекет ететін болса, туындауы мүмкін аз шығындармен салыстырғанда, барлық елде онымен байланысқан қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
1992 жылдан бастап Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымның конвенциясына қосылғаннан бері Қазақстанда басқа елдермен ынтымақтастық байланыс орнап келеді. Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі мамандарының көпшілігі Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымның техникалық комиссиясының мүшесі болғандықтан, гидрометеорология саласындағы соңғы жетістіктермен, ғылыми зерттеулердің нәтижесімен танысуға мүмкіндік туып отыр. Бүгінде ауа-райының мониторингін бақылайтын жер бетіндегі станциялар мен зертхана жұмыстары іске қосылған. Алайда, 1995-1997 жылдар аралығында экономиканың төмендеп, қаржының жетіспеушілігі салдарынан метеорологиялық станциялар саны азайып кеткен. Қазіргі кезде небары 300-ге жуық метеопосттар жұмыс жасайды, ал халықаралық дәрежеге сай болу үшін оның санын 1200-ге жеткізу қажет екен.
3.Биоалуантүрліліктің таралуын бағалауда 50 есептік аудан таңдап алынды. Анықталатын түр 43 ауданда байқалған. Анықталатын түрдің аудандар бойынша кездесу жиілігінің коэффициентін табу керек, % бойынша ?