1. «Мониторинг»сөзі латын тілінде «монитор» - «бақылаушы», «сақтандырушы» деген мағынаны береді. Желкенді кеменің басқа кемелермен, қайраңдармен, су астынан көтеріліп тұратын жар тастардан (риф) соқтығысып қалудан сақтандырып тұратын матросты «монитор» деп атаған (Е.Н. Вилесов, 1999). Қазіргі кезде мониторингтің көптеген түрлері бар. Қоршаған табиғи орта мониторингі дегеніміз – адамдардың денсаулығына, тірі ағзалардың тіршілігіне, олардың қауымдастығына, табиғат кешендеріне зиянды және қауіпті жағдайлардың алдын алу, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шараларын жасау мақсатында қоршаған ортаның жағдайын бағалау және болжау. Бірінші кезекте табиғаттағы антропогендік өзгерістерге басты назар аударылады. Бақылау әдістері бойынша мониторинг: биосфералық (ғаламдық), экологиялық, биологиялық (индикаторлар көмегімен), санитарлық-токсикологиялық, халықаралық, аймақтық, ұлттық, жергілікті, ғарыштық және т.б. болып жіктеледі.
Ықпал ету көлемі бойынша мониторинг кеңістіктік және уақыттық болып жіктеледі. Ақпаратты талдау сипатына қарай базалық, әлемдік, аймақтық және ерекше қауіпті аймақтардың (импактылы) мониторинг болып бөлінеді. Базалық мониторингі – адамның тікелей немесе жанама түрде әсер етуі арқылы өзгеріске ұшырайтын табиғи процестер мен құбылыстарды бақылау, қадағалау.
2)Литосфера (грекше “lithos” — “тас” + “sphair” — “шар”) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.
Литосфераның ғаламдық ластауныны әсер ететін антропогендік факторлар болып табылады.олардың негізгілері
-ауыл шаруашылығында пестицидтерді пайдалану
-мұнай және мұнай өнімдері
-тұрмыстық және өндірістік қалдықтар
-ауыр металдармен ластану
-жерді тиімсіз пайдалану
-радиациямен ластану және т.б
Билет
1.Ксенобиотиктер (Ксенобиотики) (грекше xenos — бөтен, жат, bios — тіршілік, өмір) — тірі организмдерге жат химиялық заттектер. Ксенобиотиктер биоталық айналымға кірмейді, әдетте, адамның шаруашылық іс-әрекетінен тікелей немесе жанама пайда болады. Оларға пестицидтер, минерал тыңайтқыштар, жуғыш заттектер(детергенттер), радионуклидтер, синтетикалық бояғыш заттектер және т.б. жатады. Қоршаған табиғи ортаға түскен соң олар аллергиялық реакция туғызуы, организмдерді өлімге душар етуі, тұқым қуалайтын белгілерді өзгертуі, иммунитеті төмендетуі, зат алмасуды бұзуы, табиғи экожүйедегі процестердің барысын биосферадеңгейіне дейін тұтастай өзгертуі мүмкін. Сыртқы ортадағы және тірі организмдердегі ксенобиотиктердің айналымын детоксикация және деградация арқылы зерттеу табиғатты қорғау жөніндегі санитариялық-гигиеналык шараларды ұйымдастыруда өте маңызды.
Диоксиндер — полихлорланған дибензодиоксиндер (ПХДД) және соларға ұқсас полихлорланған дибензофурандар (ПХДФ) класына жататын улы химиялық заттектер. Диоксиндер мен фурандар химиялық, целлюлоза-қағаз, металлургия және өнеркәсіптің басқа да салаларының қосымша ластағыш заттектері болып табылады. Олар сондай-ақ өнеркәсіптік және түрмыстық қоқысты, қорғасын қосылыстары бар бензинді, қозғалтқыш отынын және т.б. жаққан кезде түзіледі. Өте тұрақты қосылыс болғандықтан (топырақтағы жартылай ыдырау кезеңі шамамен 10 жыл) Диоксиндер топырақта, өсімдікте, жануарда және адам организмінде жиналады. Қоршаған ортаға өнеркосібі дамыған елдерде Диоксиндер едоуір мөлшерде шығарылады.
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. 1940 жылы швейцария химигі Пауль Мюллер ең алғаш синтездеу жолымен ДДТ-ны тауып, оны ауылшаруашылығының зианкестерімен күресуге пайдалануды ұсынған. Осы жаңалығы үшін ғалымға кезінде Нобель сыйлығы берілген.
Органикалық қышқылдар – құрамында карбоксил тобы (COOH) бар органикалық қосылыстар. Көмірсутек радикалдарының табиғатына байланысты органикалық қышқылдар алифатты (қаныққан, қанықпаған),алициклді және ароматты болып бөлінеді. Молекуласындағы COOH тобының санына қарай бір, екі, көп негізді болып та ажыратылады. Көбінесе органикалық қышқылдарды карбон қышқылдары деп атайды. Мысалы, CH3–COOH (сірке қышқылы), CH2=CH(CH3)–COOH (метакрил қышқылы), C6H6–COOH (бензоин қышқылы), HOOC–CH2–COOH (малон қышқылы). Бұлардан басқа құрамы әртүрлі болып келетін органикалық қышқылдар кездеседі. Мысалы, SH қышқылдарға метилтиолды (CH3–SH), CH қышқылдарға ацетиленді, NH қышқылдарға сірке қышқылының амидін (CH3–C(NH2)=O), т.б. жатқызуға болады
Альдегидтер (лат. al(cohol) dehyd(rogenatum) — сутексiз спирт) - органикалық қосылыс. Молекула құрамында карбонил немесе оксо топшасы бар көмірсутек туындыларын альдегидтер және кетондар деп атайды.Құмырсқа альдегиді — өткір иісті газ, сірке альдегидінен бастап келесі мүшелері — сұйық, ал жоғарғылары — қатты заттар. Альдегидтердің физикалық қасиеттері бұдан бұрынғы қарастырылған заңдылықтарға сәйкес келеді. Молекулалық массалары өскен сайын балқу және қайнау температурасы артады. Спирттерден өзгешелігі — альдегидтерде молекулааралық сутектік байланыс түзілмейді, сондықтан сәйкес спирттермен салыстырғанда қайнау температуралары төмен болады.
2.. И.П Герасимов бойынша мониторинг сатылары.Әр бір сатылары бойынша анықтама.
Мониторингті ұйымдастыру барысында белгілі бір мәселелерді шешу мақсатында И.П Герасимов 1975 жылы 3 сатыны ұсынған: Олар биоэкологиялық мониторинг (санитарлы-гигиеналық), геоэкологиялық мониторинг (табиғи - шаруашылық), биосфералық мониторинг( ғаламдық ).
Биоэкологиялық мониторинг - табиғи ортаның жағдайын оның адам денсаулығына әсері тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер - ауруға ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы және т.б. қолданылады.
Геоэкологиялық мониторинг - табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады.
Биосфералық мониторинг - биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.
Билет
1. Ғаламдық мониторинг жүйесі.
Ғаламдық мониторинг – биосферадағы планетарлық үдерістер мен құбылыстарды табиғатқа антропогендік әсерлермен қоса бақылау. Ғаламдық мониторинг құрамында табиғи үдерістердің жағдайын, әлемдік мұхиттардың жағдайын, газдардың ауысуын бақылау және болжау, жердің жылу және энергетикалық балансын, радиация деңгейін, тропосферадағы және бірен-саран гидросферадағы оттегі мен көмір қышқыл газ деңгейінанықтау, атмосфераның ластану деңгейін бақылау. Ғаламдық мониторинг аймақтың және тұтастай биосферадағы табиғи процестер туралы білуде, қоршаған ортаны қорғау барысында ғаламдық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.
2. Бүкіләлемдік Метеорологиялық Ұйымның (БМО) қызметі мен құрылымы, Қазақстан Республикасындағы БМО-ның элементтері.
1992 жылдан бастап Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымның конвенциясына қосылғаннан бері Қазақстанда басқа елдермен ынтымақтастық байланыс орнап келеді. Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі мамандарының көпшілігі Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымның техникалық комиссиясының мүшесі болғандықтан, гидрометеорология саласындағы соңғы жетістіктермен, ғылыми зерттеулердің нәтижесімен танысуға мүмкіндік туып отыр. Бүгінде ауа-райының мониторингін бақылайтын жер бетіндегі станциялар мен зертхана жұмыстары іске қосылған. Алайда, 1995-1997 жылдар аралығында экономиканың төмендеп, қаржының жетіспеушілігі салдарынан метеорологиялық станциялар саны азайып кеткен. Қазіргі кезде небары 300-ге жуық метеопосттар жұмыс жасайды, ал халықаралық дәрежеге сай болу үшін оның санын 1200-ге жеткізу қажет екен.
3. Биоалуантүрліліктің таралуын бағалауда 50 есептік аудан таңдап алынды. Анықталатын түр 43 ауданда байқалған. Анықталатын түрдің аудандар бойынша кездесу жиілігінің коэффициентін табу керек, % бойынша ?
Билет
1. Табиғи ортаның ғаламдық мониторингі. Авиациялық мониторинг.
Қоршаған табиғи орта мониторингі дегеніміз – адамдардың денсаулығына, тірі ағзалардың тіршілігіне, олардың қауымдастығына, табиғат кешендеріне зиянды және қауіпті жағдайлардың алдын алу, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шараларын жасау мақсатында қоршаған ортаның жағдайын бағалау және болжау. Бірінші кезекте табиғаттағы антропогендік өзгерістерге басты назар аударылады. Бақылау әдістері бойынша мониторинг: биосфералық (ғаламдық), экологиялық, биологиялық (индикаторлар көмегімен), санитарлық-токсикологиялық, халықаралық, аймақтық, ұлттық, жергілікті, ғарыштық және т.б. болып жіктеледі.
Авиациялық мониторинг-қашықтан мониторинг жүргізу әдісі, авиациялық ұшатын аппараттар көмегімен табиғи үрдістер мен құбылыстарды бақылау.
Қазіргі уақытта қарашірік құрамын бақылау бірінші кезектегі міндеттердің біріне жатады. Топырақтағы органикалық заттардың санының өзгеруі топырақ ерекшеліктері мен олардың құнарлығының өзгеруімен ғана емес, сондай-ақ топырақтың азуына ұшырауының сыртқы теріс процестердің әсерін де бейнелейді.
Қарашіріктің құрамы органикалық заттардың қышқылдығы бойынша анықталады. Топрыақ алындысына қышқылдағышты үстеиһмелейді және қайнатады. Мұнда қарашірік құрамына кіретін органикалық заттар СО2 және Н2О-ге дейін қышқылданады. Жұмсалған қышқылдағыштың санын титрометрлік немесе спектрофтометрлік әдіспен анықтайды. Қышқылдағыштың санын білгеннен кейін органикалық заттардың санын анықтайды.
3. Қоғамдық және тұрмыстық мақсатта тұтынатын су құрамында бірнеше зиянды ластаушы заттардың мөлшері анықталды:
фенолдар
Аммиак селитрасы
Сынап
Қорғасын
Зиянды заттардың концентрациясы, мг/л
0,0002
0,02
0,0005
0,003
РШК, мг/л
0,001
2,0
0,04
0,03
Ластаушы заттардың тұрғындарға әсері қандай? Зиянды әсері бар ма немесе
зиянды әсері жоқ па? Жауаптарыңды түсіндір.
Фенолдар – молекула құрамында көміртек атомымен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксил тобы бар хош иісті қосылыстар. Фенолдар фенол-фармальдегидті шайырлар, бояғыш және дәрілік, залалдандырушы заттар алуда қолданылады. Фенол немесе оксибензол, С6Н5ОН – спирт, эфир, хлороформда жақсы еритін, өзіне тән өткір исі бар, түссіз, кристалды улы зат. Теріні, көз бен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарын тітіркендіреді.
Аммиак селитрасы , аммоний селитрасы, аммоний нитраты – NH4NO3, құрамында азот бар, түссіз, суда жақсы еритін, түйіршікті, қышқыл тыңайтқыш. Оны 56 – 60% азот қышқылын газ күйіндегі аммиакпен бейтараптап алады. Аммиак селитрасы тиімділігі жағынан азот тыңайтқыштарының арасында 1-орын алады. Аммиак селитрасының өсімдікке әсері қолдану әдісіне, мерзіміне, мөлшеріне байланысты болады. Ол дақыл түріне, топырақ құрамына, климат жағдайына қарай өзгереді.
Сынап (Hydrargyrum), Hg – элементтердің периодтық жүйесінің ҚҚ тобындағы химиялық элемент. Бұдан 2000 жылдай бұрын Үндістан, Қытай, т.б. елдерде бояу, дәрі және косметик. зат ретінде сынап минералы – киноварь (HgS) қолданылған. Табиғатта бос күйінде сирек, көбіне суда еріген және газ қалпында кездеседі. Адам ағзасына өте қауіпті, улы зат.
Қорғасын (лат. Plumbum), Pb – элементтердің периодты жүйесінің IV-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Қорғасын-бұл ауыр метал,улы,улылығы 1-3 грам,адам өміріне қауіпті мөлшері 10 грам. Ағзаға қорғасын қосылыстары асқорыту жүйесі ,тыныс алу жүйесі, тері арқылы түседі. Қорғасынмен уланған кезде миға зақым келеді (энцефалопатия), эритроциттердің бұзылуынан қанның тыныс алу қызметі, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады
Билет
1. Биоалуантүрлілік деген не? Биологиялық мониторинг нысандарына нелер жатады?
2. Орман мониторингі. Орманнның қасиеттері.
3. Ауа құрамында бірнеше зиянды ластаушы заттардың тасталым мөлшері анықталды:
СО
SO2
NO2
Pb
Зиянды заттардың концентрациясы, мг/м3
0,1
0,01
0,001
РШК, мг/м3
0,05
0,04
0,0003
Ластаушы заттардың тұрғындарға әсері қандай болмақ? Зиянды әсері бар ма немесе
зиянды әсері болмайды ма? Анықтау керек.
1. Биоалуантүрлілік бисоферадағы зат пен энергияның биогеохимиялық алмасуының тұрақтылығы анықтайтын негізгі фактор. Биоалуантүрлілік өмірлік маңызды ресурс, Жердегі тіршіліктің негізі болып саналады. Биоалуантүрлілікпен қамтамасыз етілетін тауарлар мен қызметтердің санын бағалау өте қиын. Бірқатар түрлер өмір үшін қажеттілігі зор. Мысалы, адамдарға тағамға 7000-ға жуық өсімдік түрлерін пайдаланады, бірақ әлемдік азық-түліктің 90%-ға жуығы 20 түр есебінен құрылады, ал олардың ішінде 3 түрі (бидай, жүгері, күріш) барлық қажеттіліктің жартысына жуығын жабады.
2. Орман мониторингі ормандарды ұдайы кешенді бақылау, бағалау және олардың жай-күйінің болжау жүйесі болып табылады. Бұл жұмыс орман қоры жөнінде ұдайы жаңартып отыратын ақпарат алу үшін жүргізіледі, соның негізінде орман ресурстарын көп жақты мақсатта пайдалану жөнінде шешім қаблыданады. Табиғи және антропогендік факторлар әсерінен орман экожүйесі жай - күйінің өзгеру болжамы беріледі.
Орман экологиялық жүйесі мониторингі қызметін ҚР-ның Орман шаруашылығын басқару мемлекеттік органы құрайды, ол ҚР-сы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің орман шаруашылығын жүргізуге бөлінген қаражаты шегінде республикалық бюджеттің есебінен қаржыландырады. Орман экологиялық жүйесінің республикалық мониторинг орталығын және мониторингтің аймақтық орталықтар жүйесін қамтиды.
Орман экожүйесінің мониторингін жүргізудің тәртібі:
· Ауаның,топырақтың,судың ластануы туралы мәліметтер,ақпараттар,ормандарды жер бетінде зерттеудің нәтижелерін орман қоры шекарасындағы өзгерістердің мәліметін, аэроғарыштық ақпаратты және т.б. мәліметтерді жиау;
· Аэроғарыштық суреттерді өңдеуді, оны талдауды, алынған ақпараттарды статистикалық және картографиялық ақпарат банк деректерімен салыстыруды,орман қорында болан өзгерістерді айқындау;
· Шаруашылық қызеті мен табиғи дағдарысқа ұшырамаған бөліктердегі деректердің маңызын арттыруды;
· Бөліктік және картографиялық деректер банкіне өзгерістер енгізуді;
· Орын алған өзгерістерді ескере отырып, орман қорының статистикалық көрсеткіштерін қайта есептеуді;
· Түрлі тақырыпта орман карталарын жасауды;
· Орман қорындағы өзгерістерді талдау мен болжауды, сондай-ақ әр түрлі факторлар ықпалынан болған зиянды ең аз мөлшерге жеткізу жөніндегі шаралар ұйымдастыру.
Жауабы:Ластаушы заттардың тұрғындарға зиянды әсері бар себебі: ∑=4,3>1.
Билет
1. Қоршаған орта ластануын бағалаудың биоиндикациялық әдісі. Мысал келтіріңдер.
2. Ғарыштық мониторинг. Биосфераның ғаламдық өзгерісіндегі адамның рөлі.
3. Биоалуантүрліліктің таралуын бағалауда 45 есептік аудан таңдап алынды. Анықталатын түр 15 ауданда байқалған. Анықталатын түрдің аудандар бойынша кездесу жиілігінің коэффициентін табу керек, % бойынша ?
1. Өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер- өнеркәсіп орындарынан шығатын ластаушы заттардың, ионды радиацияның жоғарғы деңгейінің, ортаның химиялық құрамының өзгеруінің, шу мен жылумен ластанудың тірі организмге әсердің сезімтал индикаторы болып табылады. Қазіргі көзқарас бойынша, биоиндикатор- табиғи процесстер жағдайлары немесе тіршілік ортасының антропогенді өзгеруінің көрсеткіші болатын организмдер, олардың ортада кездесуі, саны мен даму ерекшеліктері. Биоиндикация- биоиндикатор организмдерінің даму ерекшеліктері, кездесу немесе мүлде болмау факторына қарап қоршаған орта жағдайларына баға беру әдісі
2. Ғарыштық мониторинг дегеніміз ғарышта ұшатын аппараттармен қашықтан мониторинг жүргізудің түрі.Табиғат ресурстарын есептеу және жағдайын бағалау үшін ғарыштық техникаларды пайдаланып, Жерді қашықтан бақылаудың бір түрі. Соның нәтижесінде табиғат ресурстарының ғаламдық және аймақтық таралуы және оларды пайдалану барысындағы өзгерістері туралы ауқымды мәліметтерді өте қысқа мерзімде алуға болады.
Жерді қашықтан бақылау (ЖҚБ) – суретке түсіру аппаратураларының сан алуан түрлерімен жабдықталған авиациялық және ғарыштық құралдардың Жер бетін қадағалау (бақылау) әдісі. Суретке түсіретін аппаратураның жұмыс диапазоны микрометр бөліктерінен бірнеше метрге дейінгі толқындар ұзындығын құрайды: ультракүлгін, көрінетін, жақын инфрақызыл, қысқа инфрақызыл, жылулық инфрақызыл, микротолқынды радиодиапазон. Ғарыштық аппараттардан (жер серіктері мен бекеттерден) алынған ЖҚБ деректері атмосфераның мөлдірлігіне біршама тәуелді болумен сипатталады. Сондықтан ғарыштық аппараттарда көп арналы жабдықтар (мультиспектрлі сенсорлар) пайдаланылады. Бұл жабдықтар бір мезгілде әр түрлі диапазондағы электромагинтті сәулелерді тіркей алады. Ал 100 және одан да көп диапазон пайдаланылған кезде гиперспектрлік суретке түсіруге болады. Суреттің тағы бір маңызды сипаттамасы – оның кеңістіктік айыру қабілеті, яғни Жер бетінде біріне бірі жақын орналасқан нысандарды анықтау мүмкіндігі. Кеңістікті айыру қабілеті суретке түсіру құралы мен спутник орбитасының биіктігіне байланысты болады. QuickBird және Ikonos сериясындағы коммерциялық спутниктердің айыру қабілеті бүгінгі таңда ең жоғары болып табылады және тиісінше 61 см мен 1 метрге жетеді, яғни Жер бетіндегі көлемі осындай нысандарды анықтауға мүмкіндік береді.
Ғарыштан түсірілген суреттердің негізінде өсімдіктер мен топырақтың карталары жасалады. Ғарыштан суретке түсіру деректері түрлі жобаларды, атап айтқанда қоршаған ортаға келетін әсерлерді бағалау жобаларын әзірлеу барысында, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін, ағаш отырғызу жоспарларын әзірлеу үшін және басқа да мақсаттарда пайдаланылады. Жолдар, ірі автокөлік магистральдары, құбыр желілері, ғимараттар мен полигондар секілді жаңа нысандарды салу барысында да ғарыштан бақылау әдісі арқылы қоршаған ортаға тиетін әсерді барынша азайтуды басшылыққа алуға мүмкіндік туады. Ғарыштан түсірілетін суреттер құрылыс жұмыстарын жүргізуден бұрын және кейін жер бетінің жағдайын құжаттауға және жер пайдалану ісін жоспарлауға мүмкіндік береді.
1) Радиациялық мониторинг- қоршаған орта мен территорялардағы нысандардың техногендік және табиғи ластануын бақылау жүйесі. Радиациялық мониторинг (табиғи ортаның радиоактивті ластануын анықтау) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің <Казгидромет> РГБ арқылы жүзеге асады.
2) Альфа-ыдырау.Химиялық элементтердің радиоактивті ядроларының изотоптары альфа-бөлшектерді бөледі. Ауыр ядролар үшін альфа-ыдырау сипаты тән.
Бета-ыдырау.Бұл кезде ядро изотоптарының элементтері өзбеттерімен электрондарды шығарады.
Гамма–ыдырау.Атомдардың номерлерімен массалар санының өзгертілуінсіз, массасы мен зарядтары жоқ, фотонның элементарлы бөлшектері түріндегі изотоп элементтерінің көп мөлшердегі энергияларының ядролардың қозулары нәтижесінде шығарылатын жағдай.
Спонтанды бөліну. Ядролардың спонтанды бөлінулері кезінде электрондар, гамма кванттар, сонымен қатар нейтрондар бөлінеді. Радиоактивті ыдырау өнімдеріне тұрақты және радиоактивті изотоптар жатады. γ – сәулелердің фотондары (гамма кванттар) α және β бөлшектер сияқты зарядтары болмайды және де электрлік және магниттік алаңдар бойынша әкетулерге бөлінбейді. Нейтронды сәулелер ауыр ядроларды бөлу кезінде ыдырауы мүмкін.
3) Иондалатын сәулеленудің тірі ағзаға әсері екі түрде болады. Біріншісі – тура әсер, екіншісі –жанама әсер. Иондалатын сәулелену организмге тура әсер еткенде тәрә ағзаладың молекулалары радиациялық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Ағзадағы молекулалар физикалық және химиялық қасиеттерін өзгенртеді. АЛ радиация жанама түрде әсер еткенде – жасушадағы органоидтардың (митохондрия, рибосомалар, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты және т.б.) сандары мөлшерден тыс артып, ағзада физиологиялық және биохимиялық үрдістердің қалыпты өтуіне кедергі жасайды.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мониторингі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.
Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мұндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.
3.Сукцессия сатылары. Геоэкологиялық мониторинг жүргізу тәсілдері.
Сукцессия (лат. succesіo – сабақтастық, біртіндеп ауысу) – Жер бетінің белгілі бір аймағындағы бір биогеоценоздың екіншісіне ауысуы. Сукцессия нәтижесінде биогеоценоздардың өзгеруі заңды құбылыс, ол организмдердің бір-бірімен және оларды қоршаған ортаның абиотиктердің факторларының арасындағы өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады. Сукцессия белгілі бір уақыт аралығын қамтиды. Сукцессияның 2 түрі бар. Алғашқы Сукцессия бұрын ешқандай организмдер тіршілік етпеген бос кеңістікте (қорым тастарда, жанартау атқылағаннан кейінгі лавалық жыныстарда, шағыл құмдарда, жасанды су қоймаларында, т.б.) пайда болады. Мысалы, кейбір көлдегі экожүйенің эвтрофикациясын (тозуын) атауға болады. Бұл кезде көлдің жағалауынан ортасына қарай өсімдік жамылғысы біртіндеп өсе бастайды да, көл шымтезекті батпақты биогеоценозға ауысады. Бірақ бұл да тұрақты болмайды, біртіндеп шалғынды не орманды биогеоценозға айналуы мүмкін. Екінші реттік Сукцессия негізінен адамның іс-әрекеттерімен тікелей байланысты (мысалы, өрт, орман ағаштарын кесу, т.б.). Әсер ететін факторларға байланысты Сукцессияны орыс ғалымыВ.Н. Сукачев (1880 – 1967) 2 түрге бөледі. Эндогендік Сукцессия бастапқы биогеоценоздың өз ішінде пайда болады. Бұл кезде биогеоценоздың құрамындағы организмдердің тіршілік әрекеті тікелей сол биогеоценоздағы өсімдік жамылғысының өзгеруіне байланысты. Экзогендік Сукцессия қоршаған ортада болып жататын сыртқы себептер мен адамның іс-әрекетінен туындайды.
Геоэкологиялық мониторинг- табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық тұрақты бақылаулар жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, олардың өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың рауалды шекті концентрациясының көрсеткіштері қолданылады.
Билет.
1.Атмосфералық ауа құрамының мониторингі.
Атмосфералық ауа
Құрғақ атмосфералық ауаның 99,9% көбі азот, оттегі, және аргоннан тұрады.Тек 0,1% көміртегі диоксиді, криптон, неон, гелий, ксенон және сутегі үлесіне келеді. Бірақ таза ауаның құрамында да көміртегі оксидінің, озонның, азот оксидтерінің және аммиактың, (0,003-0,25 мг/м3 дейін) сонымен қатар метан мен сутектің 0,5-1,5 мг/м3 іздік мөлшері бар. Ауада осы газдардың шамалы мөлшерінің мөлшерінің болуы, атмосферанвң жоғары қабаттарында бос озонның, сонымен қатар шіру және ыдырау үрдістерімен (аммиак, метан, көміртегі окситтері және азот) немесе атмосфералық құбылыстарымен (азот диоксиді) түсіндіріледі. Кейбір бейорганикалық синтез үрдісі кезінде жұмыс белдемінің ауасы реакцияласуға қабілетті және бейорганикалық газдармен ластанады. (хлор, хлор диоксиді, озон, азот оксидтері және т.б.) олардың өзара әсерлесуі нейтролиздің улы хлоридінің түзілуінің себебі болып табылады. Атмосферада секілді өнеркәсіптік панажайлар ауасында қатты бөлшектер (шаң, күйе) металдар аэрозольдері (металлургиялық технологиялық үрдістер кезінде ұшқыш заттектердің булары ауада конденсациялану кезінде түзілетін жоғары молекулалық органикалық қосылыстар болуы мүмкін.
Ауаның негізгі ластаушылары және олардың көздері
Ауа бассейнінің ласануына өндіріс негізгі үлесіне қосады, әсіресе оның шоғырланған әсерленеді. Атмосфераның индустриалды ластауының негізгі көздері ретінде атмосфераға күйе, күл және күкірт диоксидін шығаратын және тас көмір негізінде жұмыс жасайтын жлу электр стансалары (ЖЭС); шығарындыларының құрамнда күйе, шаң, темір оксиді және күкірт диоксиді, кейде фториттері бар металлургиялы зауыттар, үлкен мөлшерде шығарлатын шаң көзі – цемент зауыттары болып табылады.
Атмосфералық ауаны химия өндірісінің өнеркәсіптерімен ластануы келесі себептерге байланысты:
· өнімнің толық шықпауы (реакцмяның толық жүрмеуі, ақырғы өнімнің жоғалуы және т.б.)
· шикізатты өңдеген кезде атмосфераға қоспала мен ластауылардың шығуы (табиғи фосфаттар мен кеніштерлен фторлы қосылыстарды; табиғи газдан, шикі мұнайдан және тас көмірден күкіртсутекті және күкірт диоксидін;күкірт қышылының өндірісінде күкіртті колчеданнан мышьяк және селеньді және т.б.);
· өндірістік үрдістер кезінде заттектердің жоғалуы, мысалы, жасанды жібек пен вискозаны жасау кезінде күкіртсутектің, күкірт көміртегінің және ұшқыш органикалық еріткіштердің; күкірт қышқылының камералық және мұнаралық әдістермен өндірген кезде азот оксидтерініғ алюминий өндірісі кезінде фтор қосылыстарының және т.б.;
· термототығу деструкциясы қыздыру немесе кептіру үрдістерінің нәтижесінде ауаға иісті заттектердің тотығу және деструкция өнімдерінің түсуі. (тағам өнімдерінің, сабынның, желімнің және ағаштан жасалған бұйымдардың өндірісі, автомобильдерді бояу, синтез және полимерлі материалдарды өңдеу еріткіштер өндірісі және т.б.).
2. ҚР жер ресурстарының шөлейттену мәселелері және оны шешу жолдары.
Шөлейттену әлемдік деңгейде бұрын да, қазір де және болашақта да болатын жаһандық табиғи өзгерістердің қатарына жатады. Ол – циклдық өзгерістердің туындысы. Оның әрі қарай дамуы, күрделенуі адамның іс-әрекетімен тікелей байланысты. Қазақстан жерінің шөлейттенген негізгі аймақтары Шығыс Қазақстан (Семей өңірі), Алматы облысы (Балқаш көлі маңы), Қызылорда облысы (Арал маңы), Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы (Жезқазған аймағы) бүгінгі таңдағы адам мен қоғам арасындағы үлкен арақатынастың күрделенуіне әкеліп соғуда. Оңтүстік Қазақстанда Амудария мен Сырдария алабының 2 миллион гектар жері шөлге, топырақтары сор, тақырға айналған Арал табанынан ұшқан тұздар экожүйені қайтымсыз бүлдіруде. Жаңа антропогендік ландшафтының қалыптасуы әлемдік деңгейде де байқалады. Мысалы, Жапониядағы Хиросима мен Нагасаки, АҚШ-тағы Невада штатындағы жасалған сынақ жарылыстары. Шөл дала зонасы егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылады. Мұнда негізінен ашық-қызғылт топырақты жерде ғана егіншілікпен шұғылданады. Шөлейтте қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған. Ойдым-ойдым суармалы жерлерде көкөніс, бақша егіледі. Шөл аймағында Барсакелмес, Үстірт мемлекеттік қорықтары ұйымдастырылған. Қазақстанның барлық дерлік аумағы ежелгі дефляциялық-аккумулятивті үрдістерге белсенді жеткен ежелгі өзен арналарында пайда болған кең алқапты құмды шөл далаға жатады. Шөлге айналумен күресу бойынша іс-әрекеттердің ұлттық бағдарламасында төрт басым бағыт анықталған. Олар: – көп жылдық жыл бойына созылатын жайылымдарды құру; – шағын тұтынушыларға арналған күн энергиясы қондырғысын жасау және іске асыру; – Арал маңында орналасқан халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында Арал маңындағы экологиялық жағдайды сауықтыру; – ең маңызды инженерлік құрылыстарды құм басудан және дефляциядан қорғау.
Билет
Атмосфераны ластаушы заттар. Ластаушы заттардың түрлері. «Қышқыл жаңбырлардың» пайда болу себептері мен оның тигізетін зардаптары.
1. Аэроғарыштық монитринг және қашықтан бақылау мәліметтері.
2. Қоғамдық және тұрмыстық мақсатта тұтынатын су құрамында бірнеше зиянды ластаушы заттардың мөлшері анықталды:
фенол
Аммиак селитрасы
Сынап
Қорғасын
Зиянды заттардың концентрациясы, мг/л
0,0005
0,03
0,0008
0,003
РШК, мг/л
0,001
2,0
0,04
0,03
Ластаушы заттардың тұрғындарға әсері қандай болады? Зиянды әсері бар ма немесе
зиянды әсері болмайды ма? Анықтау керек.
Атмосфера ауасыннегізгі ластаушылар өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары, олардың үлесі – 51%, электр энергиясын, газ, су өндіруші және таратушы кәсіпорындар үлесі – 27,8%, тау-кен өндірісі кәсіпорындары – 13,7% көлік және байланыс – 33%, басқалары - 4,1%.
Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметі бойынша 2005 жылы атмосферадағы ластаушы заттар (ЛЗ) шығарушы кәсіпорындар саны 6634. Олардағы ластаушы көздер 108576, шығарған ластаушы заттар 3 млн.т. Барлық шығарылған ластаушы заттар 76% газ және сұйық күйіндегі заттар, 24% қатты тозаңдар. Алғашқыларының 64,4% күкіртті ангидрит, 18,1%- көміртек оксиді, 8,8% азот оксиді және 5,1% көмірсутектер.
Зиянды заттардың атмосфераға көп мөлшерде шығарылуы көпшілігінде ластаушы көздердің тиісті тазарту құрылымдарымен жабдықталмауы. Шығарылымдардың 63% тұрақты көздердің есепке алынған мұржаларынан шығарылады, қалғандары есепке алынбаған көздерден булану, кебу, газдардың таралуы, т.б. арқылы шығарылады. Оларды тазарту тұрмақ есепке алудың өзі қиын.
Газ күйіндегі шығарылымдармен қатар едәуір мөлшерде денсаулыққа қауіпті ауыр металдардың ұсақ тозаңдары да шығарылады. Тұрақты көздерден шығарылатын осындай атмосфераны ластаушылардың басым бөлігін энергетика кәсіпорындары шығарады. Олар атмосфераға негізгі азот оксидін, шаң және күйе шығарушылар. Ондай кәсіпорындар өнеркәсіпті қалаларда орналасқан. Тұрақты көздерден шығарылған 3 млн.т. ластаушы заттар 76% 25 өнеркәсіпті, ірі қалалар шығарған. Олардың қатарында Балқаш, Теміртау, Павлодар, Ақсу, Жезқазған, Екібастұз, Ақтөбе (әрқайсысында 150 мың т. дейін), т.б.
Атмосфераға ластаушы заттар жылжымалы көздерден (автомобильдер, құрылыс және жол техникалары, тепловоздар, авиация т.б.) де шығарылады. Жыл сайын автомобильдер саны артып отырғандықтан қалаларда олардың атмосфераны ластау үлесі тұрақты көздерден де артып барады. Мысалы, Алматыда барлық шығарылымдардың 90% жуығы автомобильдің үлесі.Бір автомобиль жылына орташа 15 мың км жүргенде 2т. отын жағады, сонда атмосфераға 700 кг тұншықтырғыш газ, 40 кг азот диоксидін, толық жанып кетпеген 230 кг көмірсутектер, 2-5 кг, жанармайдың құрамындағы ұсақ тозаңдарын шығарады екен, олардың қатарында улы қорғасын қосындылары бар (этилденген бензинге қолданылады). Қаладағы көлік «кептелмелерінде», бағдаршамға тоқтап, жүргенде автомобильдер шығарылымдары күрт артады.
Атмосфераның ластануын зерттегенде 16 астам ластаушы қосындылары анықталады, оның ішінде шаң-тозаң, күкірт диоксиді, сульфаттар, көміртек оксиді, азот диоксиді, фторлы сутегі, күкіртсутек, ауыр металдар, т.б.
Ауаның сапасының негізгі сан бельгісі ластаушы заттар жол берілетін шоғырлану шегі (рауалды шоғырлану шегі –РШШ). Ауаның ластану деңгейі қауіптілігінсыныбын ескере отырып нормаланған бес ластаушы заттар бойынша кешенді атмосфераның ластану индесі (АЛИ) көрсеткішімен бағаланады.
Ластану индексін есептеу әдісі рауалды шекті шамада барлық ластаушы заттардың адамға әсері бірдей деген ұйғарымға сүйенеді, ал шекті шамадан артқанда зияндылығы қауіптілік сыныбына сәйкес артады.
«Казгидромет» мәліметі бойынша Қазақстанның ірі қалаларында атмосфера ауасының сапасы төмен деңгейде қалып отыр. 17 қалада кем дегенде бір заттың шоғырлануы РШШ артық, 6 қалада (Алматы, Қарағанды, Риддер, Теміртау, Өскемен, Шымкент) 3 және одан астамзаттар бойынша артық. Шаң-тозаңның орташа жылдық шоғырлануы 9 қалада 1,1-2,0 РШШ, азот диоксиді – 10 қалада 1,3-1,9 РШШ; формальдегид – 7 қалада 1,3-6,0 РШШ; фенол -5 қалада 1,3-3,0 РШШ болған.
Зиянды заттардың орташа және ең көп мөлшері шығарылымдардың мөлшеріне, сондай-ақ қаланың орналасқан физика-географиялықауданына байланысты кең шамада ауытқып отырады.
Атмосфералық ауаны химия өндірісінің өнеркәсіптерімен ластануы келесі себептерге байланысты:
· өнімнің толық шықпауы (реакцмяның толық жүрмеуі, ақырғы өнімнің жоғалуы және т.б.)
· шикізатты өңдеген кезде атмосфераға қоспала мен ластауылардың шығуы (табиғи фосфаттар мен кеніштерлен фторлы қосылыстарды; табиғи газдан, шикі мұнайдан және тас көмірден күкіртсутекті және күкірт диоксидін;күкірт қышылының өндірісінде күкіртті колчеданнан мышьяк және селеньді және т.б.);
· өндірістік үрдістер кезінде заттектердің жоғалуы, мысалы, жасанды жібек пен вискозаны жасау кезінде күкіртсутектің, күкірт көміртегінің және ұшқыш органикалық еріткіштердің; күкірт қышқылының камералық және мұнаралық әдістермен өндірген кезде азот оксидтерініғ алюминий өндірісі кезінде фтор қосылыстарының және т.б.;
· термототығу деструкциясы қыздыру немесе кептіру үрдістерінің нәтижесінде ауаға иісті заттектердің тотығу және деструкция өнімдерінің түсуі. (тағам өнімдерінің, сабынның, желімнің және ағаштан жасалған бұйымдардың өндірісі, автомобильдерді бояу, синтез және полимерлі материалдарды өңдеу еріткіштер өндірісі және т.б.).
Ауа ластаушыларының классификациясы
Көзге және түзілу механизіміне байланысты ауа ластаушыларын біріншілік және екіншілік деп бөледі. Біріншілері, тікелей стационарлы немесе жлжымалы көздерден ауаға тү.сетін химиялық заттектер болыпкеледі. Екіншілері, атмосферадағы біріншілік ластаушыларының өзара және ультракүлгін сәулеленудің әсерінен ауадағы заттектермен (оттегі, озон, аммиак,су) әсерлесуі нәтижесінде түзіледі. Көп жағдайда екіншілік ласаушылар мысалы, пероксиацетилнитраттар (ПАН) тобының біріншілік ластаушыларынан біршама улы болады. Ауадағы қатты бөлшектер аэрозольдердің көбісі екіншілік ластаушылар болып табылады.
Ластаушылардың потенциалды қауіптілік және улылығын олардың таралуын және эмиссия көздерін ескере отырып оларды шартты түрде бірнеше топтарға бөледі:
· атмосераның негізгі (критериалды) ластаушылары – көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азо оксидтері, көмірсутектер, қатты бөлшектер, және фотохимиялық оксидтер;
· полициклдық ароматикалық көмірсутектер (ПАК);
· элементтер іздері (негізінен металдар)
· тұрақты газдар (көміртегі диоксиді, фотохлорметандар);
· пестецидтер;
· абразивті қатты бөлшектер (кварц, асбест және т.б.);
· ағзаға жан-жақты әсер ететін әртүрлі ластаушылар (нитрозаминдер, озонполихлорланған және т.б.)
Барлық критериалды ласчтаушылар атмосфераны біріншілік ластаушыларына жатқызады.
Азот оксидтері іштен жану қозғалтқыштарындағы күшті қондырғыларда азот пен оттегінің жоғары температуралы бекітуі кезінде түзіледі. Азот оксиді атмосферада электрлік разряд кезінде түзіледі және жұмысын атқарып болған автомабиль газдарыда болады. Жыл сайын атмосфераға 5*107 тонна азот оксиді түзеді, оның ішінде 53 % антропогенді көздерден ақыр соңында оксидтер атмосферада нитрадтерға айналады.
Күкірт диоксиді құрамнда күкірті бар отынның жануы кезінде түзіледі. Бұл улы газдың эмиссиялық көздері стационарлы көздері болып табылады, мысалы, ЖЭС, өнеркәсіп объектілер – рафинирленген мұнай, тыңайтқыштар, күкірт қышқылын және мұнайлы химиялық өнімдерді өндіру, іштен жану қозғалтқыштары. Күкірт диоксиді ауаның фотохимиялық тұмшаның түзілуіне қатынасатын, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпті басты және ең маңызды ластаушыларына жатқызады. Күкірт диоксидінің атмосфераға жалпы эмиссиясы жылына 8*107 тонна құрайды, яғни атмосфераға улы химиялық заттектердің түсуіне біршам асад және энергияны тұтынудың өсуіне пропорционалды тұрақты өседі.
Көміртегі оксиді – ауаның газ тәрізді ластаушыларының ішінде ең қауіптісі және кең таралғаны, оның улылығы қан гемоглабинімен реакцияға келісілген. СО түзілуі әртүрлі отынның толық жанбауы кезіндң жүреді. СО табиғи көзі орман өрттері және атмосферада органикалық қосылыстардың фотохимиялық айналуы болып табылады. СО шамамен 25% антропогенді түзілген. Көміртегі оксидінің біршама аөлшері қалалармен өндірістік аймақтардың атмосферасына жұмысын атқарып болған автокөлік газдкрмен түседі. Атмосферадағы СО орташа концентрациясы автострада аудандарында және қалалардағы қарбалас сәттерде біршама өседі.
Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH Қышқылдық жауын-шашындар пайда болуының негізгі себебі күкіртің қос оксидімен ластану болып табылыды. Су буының қатысуында күкіртті антигридті қышқылының ерітіндісіне айналады. Осындай жолмен көмірқышқыл газы мен азот оксидтерінің көмір қышқылы мен азот қышқылы түзіледі.Олар органикалақ қышқылдармен мен басқа да қосылыстар араласып,қышқыл реакциясы бар ерітіндіні береді. Қышқылдық жауын—шашындардың түзілуіндегі күкірт қос оксидінің улесі 70% . Қышқылдық жауын—шашындардың көмірқышқыл газы да үлесін қосады.Алғашқы қышқылдық жауын—шашындар 1907-1908 жылы Англияда байқалған. Қазіргі уақытқа дейін 2,2-2,3 болатын жауындар тіркелген. Қышқылдық жауын—шашындар солтүстік жарты шарда жаксы таралған.бұл жерде қышқыл заттардың шығарылуы мен олардың жаңбыр , қар, тұман түрінде ылғалды тұндыруға қолайлы жағдай бар. Қышқылдық жауын—шашындар Скандинавия елдері Англия, Бельгия,Дания , Польша елдеріне тән. Қышқылдық жауын—шашындар топыраққа ,су экожуйесіне ,өсімдіктерге , архитектура ескерткіштеріне,ғимараттарға зиянды әсерін тигізеді. Қышқылдық жауын—шашынның зиянды әсері әсіресе оңтустік пен тропиктік аудандарда ағыс арқылы әсер етеді.Тропиктік топырақтар нейтралды және сілтілі таралғанымен ,онда жауынның үнемі шайып кетуі себепті нейтралдаушы заттар болмайды.
2) Ғарыштық мониторинг дегеніміз ғарышта ұшатын аппараттармен қашықтан мониторинг жүргізудің түрі.Табиғат ресурстарын есептеу және жағдайын бағалау үшін ғарыштық техникаларды пайдаланып, Жерді қашықтан бақылаудың бір түрі. Соның нәтижесінде табиғат ресурстарының ғаламдық және аймақтық таралуы және оларды пайдалану барысындағы өзгерістері туралы ауқымды мәліметтерді өте қысқа мерзімде алуға болады.
Жауубы: Ластаушы заттардың тұрғындарға әсері зиянды әсері болмайды. Себебі ∑=0,3<1.
Билет
1. Уыттылық, уыттылық дәрежесі (летальды доза) және оның әсері. Суперэкотоксиканттар.
2. Ақаба сулар. Олардың жіктелуі. Ақаба суларды тазарту әдістері.
3. «Адам-қоғам-табиғат» жүйесінің өзара әрекеттесу кезеңдері.
1) Уыттылық дегеніміз кейбір заттардың - ағзалардың (организмдердің) физиологиялық қызметін бұзуға қабілеттілігі, өз кезегінде ауыруларға душар етеді (интоксикация, улану) немесе ауыр жағдай өлімге соқтырады. Шын мәнінде улану – заттардың өмірмен сәйкес келмеуінің өлшемі. Берілген реакциялар, уытты әсермен байланысты, тірі ағзаларда элементтердің аса көп болуы және осы реакциялардың болуына ықпал ететін негізгі элементтер:
1. Ag, Au, Br, Cd, Ca, F, Hg, I, Pb, U02 – клетка мембранасының
сіңіруін өзгертеді.
2. As, Sb, Se, Те, W, F – тіршілік үшін маңызды метаболиттермен бәсекеге
түседі.
3. Cs, Zi, Rb, Se, Sr – жағдайды барынша нашарлатады, тіршілік үшін аса маңызды иондардың орнын басады немесе алмастырады.
4. Тірілік үшін маңызды фосфат немесе нитрат (арсенат, фторид, борат,
бромат, селенат, теллурат, вольфрамат) сияқты топтар молекулаларының қозғалысын тежейді.
Уыттылықтағы және оны мөлшерлеудегі бір аса маңызды түсінік, зиянды заттар болып табылады. Биологиялық жүйелерді зардапқа ұшырататын заттардың барлығын зиянды деп есептеуге болады. Сонымен қатар, барлық ксенобиотиктер (тірі организмдер үшін бөтен, жасанды синтезделген заттар), ауыр металдар зияды заттар ретінде қабылданады.
Уыттылық дәрежесі дегеніміз - уыттылық мөлшерінің (дозасы), көлемін сипаттау, заттардың санымен (ереже бойынша, тірі организмнің массасының бірлікке қатынасы: өсімдік, жан-жануар, адам), жекелеген уытты күштің пайда болуына себепші көрсеткіш. Уыттылық мөлшері аз болған сайын, улану күшті болады. Орташа өлім мөлшеріне (летальді доза- ЛД50), абсолютті өлім мөлшеріне (ЛД100), аз немесе минимальді өлімге душар ететін мөлшеріне (ЛД10) және тағы басқаларға ажыратады. ЛД сандарының пайыздары жекелеген уытты күштердің пайда болу мүмкіндігін көрсетеді – белгілі жағдайда 50, 100 және 10 % сынаққа алынған топтағы жан-жануарлардың өліміне себеп болған уыттылық мөлшері. Уыттылық мөлшерінің яғни, дозасының көлемі зиянды заттардың ағзаға (организмге) келу не түсужолдарына байланысты. ЛД5о (ҰД) дозасы сынаққа алынған жануарлардың жартысын өлімге душар етті, ЛД10 немесе ЛД100.- ге қарағанда уыттылық көрсеткішінің едәуір нақты сандық сипатын көрсетті.
Салыстырмалы түрде жақында ғана ластаушы заттардың арасынан суперэкотоксиканттар–деген ұғымды ажыратты, уыттылық мөлшерінің аздығына қарамастан ферменттердің белсенділігін жылдамдататын немесе бәсеңдететін ықпал жасауға қабілетті. Олардың қатарында диоксиндер және дибензофурандар, полихлорлы және полибромды бифенилдер, бензантрацендер, нитрозаминдер, нафтиламиндер және басқа да органикалық заттар бар. Сондай-ақ, суперэкотоксиканттар қатарына - өзгергіш мутагендер және канцерогендер болып табылатын радионуклидтерді, кейбір ауыр металдарды (сынап, кадмий) және металлоидтар (мышьяк, селен, хлор- және фосфорорганикалық пестицидтерді) жатқызады.
Суперэкотоксиканттар аса төзімділігімен, қоршаған ортада уыттылықтылығының шексіздігімен (кумуляциядан тыс) сипатталады. Қандайда бір қосылыста барлық ортада кездесседі, кейбір қосылыстар және қоршаған ортаның қосылыстары арқылы айналымға түседі, адамның нерв жүйесі (трофикалық) байланыстарының, организміне әсер етуі байқалады, канцерогенді, мутагендік әсерге душар етеді, клеткалардың иммунитетін (ауруға қарсы түру күшін нашарлатады) төмендетеді, ішкі органдарды зақымдайды және ағзаны әлсіретеді.
2) Ақаба сулар — тұрмыстық қоқыстар және өндірістік қалдықтармен ластанып, елді мекендер аумағынан арнаулы канал жүйелері арқылы сыртқа шығарылатын сулар.
Ол тұрмыстық (мысалы: аурухана, асхана, монша, жеке пәтерлерден тағы басқа шығарылған сулар), өндірістік (мысалы: кен байлықтарын өндіру кезінде жер астынан айдап шығарылған, жылу агрегаттарын суыту кезінде пайдаланылған тағы басқа сулар) және атмосфералық (жаңбыр және қар мен мұздан еріген тағы басқа сулар) болып бөлінеді. Қоршаған табиғи ортаны ластайтын болғандықтан мұндай суларды дер кезінде тазарту қажет. Ақаба суларды тазарту механикалық (судағы тез тұнатын немесе су бетіне қалқып шығатын заттарды техникалық құралдармен арылту, ол үшін көбіне қиыршық тасты, құмды сүзгіні пайдаланады), биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен органикалық заттарды суда жақсы еритін минералды не қарапайым затқа дейін ыдырату), физикалы-химиялық (ақаба суды ластағыш заттардан коагуляция, адсорбция және хлорлау арқылы тазарту) сияқты әдістермен жүзеге асырылады.
Ақаба сулар фазалы-дисперісті жағдайы бойынша 4-топқа бөлінеді:
· І топ-бөлшектерінің өлшемі, 10-5см жүзгіндер, судың лайлылығын туғызатын эмульциялар мен суспенциялар.