русс | укр

Языки программирования

ПаскальСиАссемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование

Все о программировании


Linux Unix Алгоритмические языки Аналоговые и гибридные вычислительные устройства Архитектура микроконтроллеров Введение в разработку распределенных информационных систем Введение в численные методы Дискретная математика Информационное обслуживание пользователей Информация и моделирование в управлении производством Компьютерная графика Математическое и компьютерное моделирование Моделирование Нейрокомпьютеры Проектирование программ диагностики компьютерных систем и сетей Проектирование системных программ Системы счисления Теория статистики Теория оптимизации Уроки AutoCAD 3D Уроки базы данных Access Уроки Orcad Цифровые автоматы Шпаргалки по компьютеру Шпаргалки по программированию Экспертные системы Элементы теории информации

Университет миссиясы


Дата добавления: 2015-08-14; просмотров: 1020; Нарушение авторских прав


 

«Тұран-Астана» университетінің миссиясы – өзінің кәсіби қызметі саласында инновациялық ойлау мүмкіндігіне ие, бәсекеге қабілетті, алғыр, жағымды өзгерістерді ендіре алатын мамандар дайындау.

 

 

2. Университеттің перспективалық бағыттары

 

Университеттің ғылыми-әдістемелік, мәдениет-ақпараттық, материалды-техникалық және кадрлық-педагогикалық әлеуеті және ресурстары 2015 жылға дейін университет Астана қаласындағы бірден-бір заманауи білім беру, инновациялық-зияткерлік және мәдени-ағартушы орталығы дәрежесіне дейін жетуне мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Келесі бағыттарды ұстанатын болады:

- бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде техникалық, экономикалық және гуманитарлық бағыттар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауда көшбасшылық;

- ОПҚ, студенттер, магистранттар және докторанттармен шетелдік жоғары оқу орындарымен нәтижелі алмасу, екідипломдық білім беру жүйесінің жүзеге асырылуы, шетел тілдерінде оқу бағдарламаларын құру, кадрларды даярлауда шетелдік мамандарды тарту;

- пәндер мазмұнын инновациализациялау, оқытудың, басқару және бақылаудың инновациялық технологияларын құру, оларды аймақтық және республика деңгейлеріне тарату;

- нанотехнологиялар саласында жаңа ғылыми бағыттарды игеру, осы бағытта жоғары ғылыми нәтижелерге қол жеткізу;



- «Инновациялық технологиялар және өнімдер» ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру;

- университет қабырғасында қызметі кәсіпорындар, ұйымдар және аймақтардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми-өндірістік бөлімшелердің жұмыс жасауы;

- университеттің негізгі мамандықтары бойынша халықаралық аккредитациядан сәтті өту;

- университеттің ұлттық және әлемдік рейтингтеріне белсенді қатысуы, университет ғалымдарының жоғары импакт-факторлы халықаралық журналдарында басылуы.

 

 

3 Университет қызметінің стратегиялық бағыттары

 

Мәселелер және жағдайы

 

Қазіргі кезде университетте бакалавриат бағдарламалары 16 мамандық бойынша және магистратура бағдарламалары 10 мамандық бойынша жүзеге асырылады:

Болашақ білімгерлерді алдын-ала кәсіптендіру және мамандандырудың, болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмысын және білім-беру үрдісін интеграциялау (ғылыми конференциялар, сайыстар, ректорлық гранттар, студенттердің ғылыми жұмыстарын басу, туристтік саяхаттар және т.б.) тәжірибесі қалыптасқан.

 

Кадрларды даярлау екі факультетте (инженерлік-экономикалық және гуманитарлық-заң) жүзеге асырылады. Университет құрылымында 6 кафедралар жұмыс істейді.

Университет студенттерінің жалпы саны (15.01.2011ж) 2490 адамды құрайды. Оның ішінде күндізгі оқу бөлімінде – 1490 адам, сырттай бөлімде - 480 адам. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 13 студент білім алуда.

Магистранттар саны 210 адамды құрайды, қашықтан оқыту технологиясы бойынша білім алатын студенттер саны 310 адам.

Жыл сайын университетті бітіріп шығатын түлектер саны 400 маманнан асады.

Университет штатында 190-нан астам жоғары білікті оқытушылар қызмет атқаруда, оның ішінде 20 ғылым докторлары, 1 PhD докторы, 84 ғылым кандидаты және доценттері, 28-ден астам магистрлер.

Олардан басқа толық және сапалы түрде оқу үрдісін 30-дан астам отандық және шетелдік маман-практиктер, ғалымдар, штаттық қосатқарушылық және еңбекті сағатпен төлеу шартымен жұмыс істейтін қызметкерлер қамтамасыз етеді.

Жалпы университет ОПҚ дәрежелілігі пайызы 54,7 құрайды. Мемлекеттік тілде оқытушылардың жалпы санының 80-85 пайызы құрайды.

Кадрларды таңдай және үлестіру жоғары оқу орындары ғылыми-педагогикалық лауазымдарын алмастыру туралы ережелерге және оларға сай жасалған «Тұран-Астана» университетінің конкурстық комиссия туралы қаулысына сәйкес жүргізіледі. Университет оқытушыларының орташа жасы 43,6 құрайды. ОПҚ-ның жалпы санынан 33 ге дейінгі оқытушылар саны 40 пайызды құрайды.

Жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатымен университет ОПҚ өз кәсіби біліктілігін және ғылыми-зерттеу жұмысын ынталандыру үздіксіз көтеріп отырады.

ОПҚ біліктілігін көтеру жүйесі келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

§ халықаралық жобаларға қатысу;

§ ғылыми-әдістемелік және оқу семинарларына, конференцияларға қатысу;

§ курстарда оқу;

§ ғылыми орталықтарда тәжірибеден өту;

§ кәсіби біліктілігін көтеру институтында оқу.

«Тұран- Астана» Университеті жыл сайынғы республикалық «Ең үздік оқытушы» атты конкурстың қатысушысы болып табылады. Соңғы жылдары аталған конкурсқа қатысқан екі оқытушымыз грант иегерлері болды.

Стратегиялық бағдарлама шеңберінде оқу үрдісін шыңдау үшін ақпараттық технологияларды қолдануға үлкен көңіл бөлініп жүр. Осыған орай университет «Cisco Systems, Inc.» (Сан-Франциско қ. АҚШ) Қазақстан Республикасы өкілі ретінде – «CCNA Discovery» компьютерлік жүйелер мен желілер бойынша мамандарды дайындау бағдарламасы бойынша ТОО «Orient Lab. Компетенция орталығымен» ынтымақтастық құрды. Шетелдік құрастырушы ойлап шығарған оқу үрдісін іске асыру ды қамтамасыз ету және оқытудың жаңа технологияларын апробациялау үшін жоғарыда аталған «Cisco Systems, Inc» компаниясы дайындаған сертификацияланған нұсқаушы жұмыс жасайтын университетте «Turan Training Center» локалды желілік академия құрылған. Қазіргі уақытта университеттің материалды- техникалық базасын құрушы:

§ Оқытудың заманауи техникалық құралдарымен жабдықталған лабораториялар, мамандандырылған кабинеттер мен оқу аудиториялары, оқу және абонемент залы, кітапхана орналасқан екі оқу корпусы.

Барлық оқу сыныптары заманауи компьютерлермен және 19 дюймдік сұйықкристалды мониторлармен жабдықталған, және де жұмыскерлер мен студенттер ақысыз және шектеусіз уақытпен пайдаланатын локалды желі интернетке қосылған. Университеттің бөлімдері компьютерлермен, принтерлермен, аудио- видео аспаптарымен жабдықталған. Сабақ жүргізу үшін интерактивті тақталар, мультимедиа проекторы, панорамды экрандар бар.

§ Университетте әр түрлі жабық және ашық спорттық жарақтардан құралған спорттық базасы, спорттық және дайындық залдары бар.

§ Оқу- әдістемелік құрал, кітап, көрнекілік құралдарын басып шығару үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған типография, бар. Полиграфиялық құрал қойылған өндіріс орнымен редакциялық- баспа бөлімі жұмыс жасайды.

§ студенттерге қызмет көрсетуде тамақ және тұрмыстық қызмет көрсету жүйесі жақсы ұйымдастырылған. 70 орны бар асхана жұмыс жасайды.

§ медициналық пункт. Медпункт жұмыскеріне университеттің асханасына қойылатын санитарлы- гигиеналық талаптарының жағдайын және астың сапасын қадағалау, салауатты өмір салтын насихаттау мен санитарлы- ағартушылық жұмысты ұйымдастыру міндеті қойылған.

§ студенттерге барлық жағдай жасалған- ғаламторға шығу мүмкіндігі бар компьютерлермен жабдақталған оқу залымен, демалыс бөлмесі, асүй, элеткр техникасымен жабыдқталған тұрмыстық бөлмемен қамтамасыз етілген жатақхана;

Барлық ғимараттар санитарлық норма талаптарына сай және өртке қарсы құралдарымен, білім-беру мекемелеріне қойылатын квалификациялық талаптарға және мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес жабдықталған

.Университет білім беру қызметін ұсыну барысында отандық және шетелдік партнерлармен қарым-қатынас орнатып, кадрларды даярлау және қайта дайындау саласында, оқытушылар, магистранттар және студенттердің біліктілігін көтеру және тәжірибемен алмасу аясында өзара ынтымақтастық жөнінде келісімшарттар жасайды.

Университете инновациялық инфрақұрылым дамуда. Университет құрамында түрлі ғылыми-зерттеу орталықтары, ғылыми-тәжірибелік бөлімдер және зертханалар, оқу-өндірістік бөлімдер қызмет атқарады.

Басқару және оқу үрдісі барысында саны 249 құрайтын компьютерлер қолданылады. Оқу корпустарының барлығы INTERNET жаһандық желісіне шығатын INTRANET ортақ желісіне қосылған. Ресми сайты (www.turanastana.kz) және портал (www.turanastana.do.kz.) қызмет атқарады.

Университетте ақпараттық және маркетингтік қызметтердің түрлері бар, компьютерлік класстарда оқу үрдісінде пайдалану үшін Windows XP және Windows Server 2007 жүйелерінің 100 ден аса лицензияларымен жабдықталған, «Tamos University Suite» оқу үрдісін басқаруды автоматтандыру жүйесі ендірілген.

§ Ғылыми жобалар мен жүйелі зерттеулер орталығы (ҒЖЖЗО):

Интеллектуальды технологиялар мен жүйе саласында ғылыми-теориялық зерттеулерді жанжандыру. Ғылыми-әдістемелік зерттеулер қызметінің негізі мыналар: теория жүйесі, жүйелі сараптама, қолданбалы математика, кибернетика, технологияның басқару және ақпараттық теориясы (компьютерлік). Орталықтың ғылыми-тәжірибелік қызметінің негізгі бағыты интелектуальді технологияларды ендіру және қолдау (Intellectual Information Technology, IIT), басқару жүйесі және шешім қабылдауды қолдау жүйесі (Control System, CS), (Decision Support System, DDS).

§ Ғылыми орталықтар: «Қазақстантану-Казахстановедение» орталығы, «Жер қатынастарының мәселелері», «Экотуризм ғылыми орталығы», «Экономикалық юриспруденция».

§ Студент жастардың әлеуметтік-психологиялық мониторинг орталығы.

§ «Тұран-Астана» университетінде М.В.Ломоносов атындағы қоғамдық ғылымдар орталығы.

§ «Астана қаласы аймағындағы әлеуметтіклингвистік және гендерлік зерттеулер» зертханасы.

§ Жас ғалымдар кеңесі.

§ «Тұран-Астана жаңалықтары» ғылыми журнал.

Ынтымақтастық пен келісімшарттар негізінде шетелдік ғылыми-білім беру мекемелерімен ғылыми байланыстарды кеңейту.

Бірлескен қызметтің негізгі бағыттары және бірлескен білім беру өнімдерін жүзеге асыру (тілдік және кәсіби тәжірибелер шеңберінде), бірлескен білім беру және ғылыми конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, форумдар ұйымдастыру, оқытушылардың, магистранттар, студенттердің тәжірибе алмасуын қарастыру, ғылыми және білім беру гранттар конкурсына қатысу.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Алмания экономика және басқару академиясымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін келісімшарт түзілген. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасы, Санжы Шуар университетімен келісімшарт жасалып, студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының білімін көтеру және тәжірибе алмасу көзделген.

Ынтымақтастық жайлы ЖШС «Arta Software» мемарандумға қол қойылған. Осы мемарандум аясында университет «Академическая инициатива» ғылыми жобасына қатысады.

Ынтымақтастық жайлы Флорида штаты университетімен мемарандумға қол қойылған. «Туризм» мамандықтарының студенттері халықаралық туристік тәжірибеден өту Лос-Америкос қ. (Канар аралдары) үшін кепілдік хатқа қол қойылған. Мажарстан Янош Кодолани атындағы унивеситетпен Халықаралық ынтымақтастық аясында келісімшарт түзілген.

Ресей Мемлекеттік Сауда-Экономикалық университетімен, Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдер институтымен халықаралық келісімшарт түзілген. М.В.Ломоносов атындағы ММУ, Орал мемлекеттік экономикалық университеті, Кострома мемлекеттік университеті, Орынбор мемлекеттік университеті, Ростов мемлекеттік университеті, Челябі мемлекеттік университеті, Құрылыс және жылжымайтын мүлікте экономика, басқару және ақпараттық жүйелер институты, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарымен байланыстар нығайтылуда.

Университет маңызды жетістіктеріне қарамастан білім беру, инновациялық және тәрбиелік қызметтеріне қарамай өзекті мәселелері бар. Бұл мәселелерді шешу үшін ұжымның жақын арадағы мынадай бағыттары болуы керек:

1. Оқытушы-профессолар қажетті деңгейде толықпайды. ОПҚ жас ерекшеліктері ұлғайған. Университет оқытушыларының орта жасы 43,6, ал ғылыми дәрежелі оқытушылардың жастары елудің үстінде. Білімін жетілдіру мен өтетін географиясы шектеулі. Бүгінде ОПҚ шет тілдерінде сабақ жүргізу үшін тілдік дайындықтары төмен. Міне осындай жағдайлардың барлығы ғылыми-педагогикалық кадрлардың шеберлігіне өз әсерін тигізеді.

2. Университеттің материальды-техникалық ресур зертханасының базасы көп жылдардан бері баяу жаңартылуда. Бақылау және өлшеу құралдары мен механизмдері физикалық тұрғыда ескірген. Тиісті материалдық базалар мен ғылыми зертханалардың сәйкес келмеуі оқу процесі мен ғылыми зерттеулердің сапасына кері әсерін тигізеді.

3. Университетте инновациялау процесі негізінен білімді бақылау әдістері мен тәсілдер арқылы жүргізіледі. Жеткіліксіз жағдайда мамандықтардың пәндер аясында білімнің мазмұнына әсер етеді. Инновациялау пәндердің мазмұнына байланысты өйткені тәжірибенің және халықаралық тенденцияның танылуы бәсекеге қабылетті мамандарды дайындауға септігін тигізеді;

4. тілдік кафедраларда сабақтарды шет тілдерінде жүргізу фактілері кезедеседі. Сондай-ақ аз да болса оқу бағдарламалары шет тілдерінде жасалған. Шетелдік оқытушылар мен ғалымдар үлесі сабақ беруде, ғылыми зерттеулерде, атап айтқанда бакалавриат пен магистратурада аз мөлшерде;

5. университет ғалымдарының кафедралардағы ғылыми жетістіктері нақты аймақтық мекемелердің тапсырмаларын қанағаттандыратын толыққанды сұранысқа ие емес. Соған қарамастан университет кафедралардың шетелдік жоғары импакт-факторы бар журналдардағы жарияланымдары қажетті деңгейде емес.

6. студенттермен жалпы адамилық пен қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру үшін жеке тәрбие жұмыстарын жүргізу сапасын жақсарту қажет;

7. университеттің ұлттық емес білім беру рейтингтерінде тәжірибесінің болмауы оның азиялық, еуропалық және әлемдік білім беру кеңістігінде танымалдығына және мәртебесіне кедергі келтіреді.

 

Университеттің қызмет көрсету бағыттарының стратегиясы

 

Университеттің келешек миссиясы, сондай-ақ соңғы жылдардағы сараптама нәтижесі мен оның даму тенденциясы «Тұран-Астана» университетінің 5 жылдық жақын мерзімдегі қызметінің стратегиялық бағытын жасауға мүмкіндік береді:

1. Оқу-ғылыми инфрақұрылымдары мен ғылыми-педагогикалық кадрлардың сапасын көтеру;

2. Толыққанды көлемде оқу процесінің инновациялануын және оның жүйесін басқару;

3. ОПҚ мен студенттердің академиялық ұтқырлықтары мен әр ұлтты білім беруді қамтамасыз ету;

4. Магистранттар мен студенттер білімінің бәсекеге қабылеттілігін қамтамасыз ету;

5. Университет ғалымдарының ғылыми өнімдерінің сұраныстарын қамтамасыз ету;

6. Жастар арасында жалпыадами құндылықтар мен қазақстандық патриотизм мәдениетін көтеру;

7. Азиялық, еуропалық және әлемдік білім беру кеңістігінде университетті танытып, оның мәртебесін қалыптастыру

 

3.1 Ғылыми-педагогикалық кадрлардың сапасын арттыру және оқу-ғылыми инфрақұрылымын жетілдіру стартегиясы

Мақсат: Университетте оқу-ғылыми инфрақұрылымды құру және кәсіби шеберлікке жету мен жауапты ғылыми-педагогикалық кадрлардың жоғары оқу орындарының халықаралық аккредитация жүйесінің талаптарына сәйкестігіне жету

 

Бағытты мақсаттар:

 

№ р/с Бағытты мақсаттар Бр. өлш. Жылдар
Болон жүйесінің параметріне сәйкес ішкі нормативті-инструктивті жаңа құжаттар мен жаңа МОС жасап, ендіру бр.
Жаңа заманауи ғылыми-білім беру бағдарламасы тізімін кеңейту бр.
Оқу-ғылыми зертханаларды жаңарту бр.
Заманауи құралдармен жабдықталған жаңа оқу-ғылыми зертханаларды құру бр.
Күрделі аймақтық мекемелерде техникалық, экономикалық және гуманитарлық кафедралардың оқу-ғылыми-өндірістік орындарын құру бр.
Жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау (жалпы ОПҚ ғылыми дәрежелілердің саны %) %
Кафедраларда жұмыс үшін магистрлерді дайындау (жалпы ОПҚ академиялық магистрлік дәрежесімен оқытушылардың саны %) %
Кафедра жұмыстары үшін РhD докторларын дайындау (жалпы ОПҚ ғылыми дәрежелілердің саны %) % 0,15 0,5 2,0 4,0 8,0

 

 

Тапсырма 1. Жаңа заманауи типтік бағдарламалар мен мемлекеттік стандарттар жасауға қатысу. Болон жүйесінің параметріне сәйкес ішкі нормативті-инструктивті жаңа құжаттарды жасау.

 

№ р/с Шешу жолдары (іс-шаралар) Орындау мерзімі Орындаушылар
Мамандықтардың типтік бағдарламаларын және МОС жасау жұмыс тобын құру ҚР БжҒМ келісілген ОӘК төрағасы, ОӘБ
Мамандықтардың типтік бағдарламалары мен МОС жасау ҚР БжҒМ келісілген ОӘЖ жөніндегі проректор, ОӘБ
Мамандықтардың типтік бағдарламалары мен МОС сараптама жасау ҚР БжҒМ келісілген ОӘЖ жөніндегі проректор, ОӘБ
Университеттің нормативті-инструктивті құжаттарды жасау жұмыс тобын құру 2011-2015 жылдар ОӘЖ жөніндегі проректор, ОӘБ
Университеттің жаңа нормативті құжаттарын жасау 2011-2015 жылдар ОӘЖ жөніндегі проректор, ОӘБ

 

Көрсеткіштер:

 

№ р/с Көрсеткіштер Бр. өлш. Жылдар
Университеттің бакалавриат, магистратура мен доктарантура мамандықтары үшін кредиттік оқу технологиясының сынақтық балдық жүйесін ендіру %
Бакалавриат, магистратура мен доктарантура мамандықтарын заманауи жаңа мемлекеттік стандарттармен қамтамасыз ету үлесі %
Бакалавриат, магистратура мен доктарантура мамандықтарын жаңа типтік бағдарламалармен қамтамасыз ету үлесі %
Бакалавриат, магистратура мен доктарантура мамандықтарын оқу бағдарламаларының пәндерімен қамтамасыз ету үлесі %

 

 

Тапсырма 2. Оқу-ғылыми зертханаларды жаңғырту. Жаңа оқу-ғылыми зертханаларды құру, оларды заманауи құралдармен жабдықтау.

 

№ р/с Шешу жолдары (іс-шаралар) Орындалу мерзімі Орындаушылар
Белгіленген қаржы көздерінің оқу-ғылыми зертханаларды жаңарту жоспарын жасау 2011 жыл Ректор, ОӘЖ жөніндегі проректор, ҒЗЖ жөніндегі проректор
Зертхана құралдарын алу үшін қаржыландыруды қамтамасыз ету 2011-2015 жылдар Ректор, бас бухгалтер
Оқу-ғылыми зертханаларды жөндеуден өткізу жоспарын жасау 2011-2015 жылдар ӘШБ проректоры
Оқу-ғылыми зертханалардың жаңа құралдарын монтаждау 2011-2015 жылдар ОӘЖ жөніндегі проректор, ҒЗЖ жөніндегі проректор, факультет декандары

 

Көрсеткіштер:

 

№ р/с Көрсеткіштер Бр. өлш. Жылдар
Жаңа оқу-ғылыми зертханалар құрылды %
Жаңаланған оқу-ғылыми зертханалардың үлесі %
Оқу-ғылыми зертханаларды жөндеуден өткізу жасалғаны %

 

 

Тапсырма 3. Білім беруді жаңа заманға сай ғылыми және әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету

 

№ р/с Шешу жолдары (іс-шаралар) Орындалу мерзімі Орындаушылар
Оқулық, ғылыми және әдістемелік әдебиеттер мен материалдарды сатып алу және оны қаржыландыру жоспарын жасау 2011-2015 жылдар ОӘЖ жөніндегі проректор, ғылыми библиотека директоры, бас бухгалтер
Оқулық, ғылыми және әдістемелік әдебиеттер мен материалдарды сатып алу және оны қаржыландыру жоспарын жасау   Бакалавриат, магистратура мен доктарантура мамандықтарының міндетті компонентте жаңа заманауи ғылыми, әдістемелік оқулықтарын сатып алу 2011-2015 жылдар ОӘЖ жөніндегі проректор, ОӘБ, факультет декандары, ғылыми библиотека директоры
Бакалавриат, магистратура мен доктарантура мамандықтарының таңдау компонентте университет оқытушыларының ғылыми, әдістемелік әдебиеттерін жариялау 2011-2015 жылдар ОӘЖ жөніндегі проректор, ОӘБ, баспа директоры, кафедра меңгерушілері
Оқытушылардың бакалавриат, магистратура мен доктарантура мамандықтарының электронды ғылыми, әдістемелік әдебиеттерін жасау 2011-2020 жылдар ОӘЖ жөніндегі проректор, кафедра меңгерушілері

 

Көрсеткіштер:

 

№ п/п Көрсеткіште Бр. өлш. Жылдар
Университеттегі бакалавриат, магистратура мен доктарантура мамандықтарының міндетті компонентте ғылыми және әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету %
Университеттегі бакалавриат, магистратура мен доктарантура мамандықтарының таңдау компонентте ғылыми және әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету %
Университеттегі бакалавриат, магистратура мен доктарантура мамандықтарын электронды оқулықтар, ғылыми және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету %

 

 

Тапсырма 4. Күрделі аймақтық өндірістерде тәжірибе базаларын құру, техникалық, экономикалық және гуманитарлық сала бойынша кафедраларда оқу-ғылыми-өндірістік орындарын жаңарту

 

№ р/с Шешу жолдары (іс-шаралар) Орындалу мерзімі Орындаушылар
Оқу-ғылыми-өндірістік орындарының жоспарын жаңарту және жаңа тәжірибе базалары мен қаржыландыруды құру 2011 жыл ОӘЖ жөніндегі проректор, ОӘБ, факультет декандары, бас бухгалтер
Оқу-ғылыми-өндірістік орындарының техникалық, экономикалық және гуманитарлық мамандықтар үшін жаңарту және толықтыру 2011-2015 жылдар факультет декандары, кафедра меңгерушілері
Күрделі аймақтық өндірістер, өнеркәсіптер мен мекемелерде студенттер, магистранттар, РhD докторанттардың тәжірибеден өту базалары жайлы келісімшарттар жасау 2011-2015 жылдар факультет декандары, кафедра меңгерушілері
Униерситет мамандықтары үшін университеттік тәжірибелердің базасын құру 2011-2015 Жылдар факультет декандары, кафедра меңгерушілері

 

Көрсеткіш:

 

№ р/с Көрсеткіш Бр. өлш. Жылдар
Университеттің техникалық, экономикалық, гуманитарлық мамандықтары үшін оқу-ғылыми-өндірістік аудандары жаңашаландырылған бр.
Аймақтық өндірістерде, өнеркәсіптер мен ұйымдарда өндірістік тәжірибелердің жаңа базасы құрылған бр.
Униерситет мамандықтары үшін университеттік тәжірибелердің базасы құрылған бр.

 

 

Тапсырма 5. Университеттің ғылыми-педагогикалық кадрлар сапасын көтеру

 

№ р/с Шешу жолдары (іс-шаралар) Орындалу мерзімі Орындаушылар
Ғылыми-педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру және дайындау мен қайта дайындаудың жоспарын жасау 2011 жыл ОӘЖ жөніндегі проректор, ОӘБ, факультет декандары
Университет кафедралары үшін ғылыми-педагогикалық саланың магистрлерін дайындау, оларды конкурстық негізде қабылдау 2011-2015 жылдар білімін жетілдіру және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру орталығының директоры, кадрлар бөлімінің бастығы
Университет кафедралары үшін РhD докторлары дайындау, оларды конкурстық негізде қабылдау 2011-2015 жылдар білімін жетілдіру және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру орталығының директоры, кадрлар бөлімінің бастығы
Университет оқытушы-профессорларын білімін жетілдіру мен қайта дайындықтан өткізуді ұйымдастыру 2011-2015 жылдар ОӘЖ жөніндегі проректор, жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру орталығының директоры, кадрлар бөлімінің бастығы
Университетте ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындау және шақыру   2011-2015 жылдар ОӘЖ жөніндегі проректор, ҒЗЖ жөніндегі проректор, жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру орталығының директоры, кадрлар бөлімінің бастығы

 

Көрсеткіштер:

 

№ р/с Көрсеткіштер Бр. өлш. Жылдар
Университет кафедралары үшін ғылыми-педагогикалық саланың магистрлер дайындалып, конкурстық негізде қабылданған адам
Университет кафедралары үшін РhD докторлары дайындалып, конкурстық негізде қабылданған адам
Білімін жетілдіру мен қайта дайындықтан өткен университет оқытушы-профессорлары құрамының үлесі %
Университет мамандықтары бойынша шақырылып, дайындалған ғылым докторлары мен кандидаттары адам

 

Тапсырма 6. Жаңа ұрпақтың ғылыми-білім беру бағдарламаларының тізімін кеңейту (сұранысқа ие жаңа мамандықтардың ашылуы)

 

№ р/с Шешу жолдары (іс-шаралар) Орындалу мерзімі Орындаушылар
Университет мамандықтарының аймақтық қажеттілікке орай мамандықтарды дайындау жоспарына сараптама жасау 2011 жыл ОӘЖ жөніндегі проректор, ОӘБ
Аймақтардың қажеттілігіне орай жаң бакалавриат мамандықтарына лицензия алу 2011-2015 жылдар ОӘБ, факультет декандары
Университет және аймақтық қажеттілікке орай магистратура мен доктарантура бойынша жаңа мамандықтар ашу 2011-2015 жылдар ОӘЖ жөніндегі проректор, ОӘБ, жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру мен білімін жетілдіру орталығы
Жұмыс берушілермен бірге білім беруді жетілдіру бағдарламаларын жүзеге асыру және құру 2011-2015 жылдар ОӘЖ жөніндегі проректор, ОӘБ, факультет декандары

 

Көрсеткіштер:

 

№ р/с Көрсеткіштер Бр. өлш. Жылдар
Аймақтық қажеттілікке орай бакалавриаттың жаңа мамандықтарына лицензия алынды бр.
Аймақтың эконмикасы мен университеттің қажеттілігі үшін магистратура мен РhD доктарантураның жаңа мамандықтары ашылды бр.
Жұмыс берушілермен бірге жетілдірілген білім берудің кәсіби бағдарламасы құрылып, жүзеге асырылған бр.

 

3.2 Білім беру процесін инновациялау және оны басқару жүйесінің толықкөлемді стратегиясы

 

Мақсат: университетте білім беру процесін инновациялау мен оның механизмін тиімді жүзеге асыру және қалыптастыру

 

Мақсатты бағыттар:

 

№ р/с Мақсатты бағыттар Бр. өлш. Жылдар
Білім беру инновациясына аудит жүргізу (ОПҚ инновациялық компетенциясы, ақпараттық база, оқу технологиясы мен интерактивті әдіс) бр.
Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы ОПҚ ашық сабақтарына мониторинг жүргізу бр.
Электронды білім беру ресурстары бр.
Білім беру технологиясы банкі, әдіс және тәжірибе бр.
ОПҚ кадрларлық кәсіби өсімі (ОПҚ саны және оқудан өткен қызметкерлер) адам до 20 до 30 до 45 до 60 до 80
Нормативті-жолкөрсетуші (инструктивной) базасы процесін жетілдіру бр.

 

 

Тапсырма 1. Университеттің тиімді және адекватты жоспарларының қажеттілігі мен инновациялық рсурстарын инвентаризациядан өткізу, сондай-ақ инновациялық өнімдерді жасау және оларды ендіру. ОПҚ тренингі мен оқуда инновациялық мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін бағалау.

 

№ р/с Шешу жолдары (іс-шаралар) Орындалу мерзімі Орындаушылар
Бекітілген жоспарлар мен формалар бойынша аудит ұйымдастыру 2011, 2013, 2015 жылдар Инновациялық технологияларды оқыту орталығы, менеджерлер кафедралар мен деканаттар, факультет декандары

Тапсырма 2. Заманауи білім юеру технологияларды пайдалана отырып инновациялық мықтылықтың кеңею принциптері негізінде ашық сабақтар құрамы мен құрылымдарын қалыптастыру

 

№ р/с Шешу жолдары (іс-шаралар) Орындалу мерзімі Орындаушылар
ОПҚ кафедраның жұмыс жоспарында және жеке жоспарларда өнімдерді жасауды жоспарлау «Инновациялық технологияны оқу процесіне ендіру» 2012–2015 жылдар Оқытушылар, кафедра меңгерушілері, ИТОО
Кеңес беруді ұсыну 2012–2015 жылдар ИТОО
Университет кестесіне мониторинг жүргізуді қарастыру 2012–2015 жылдар ИТОО
Мониторинг өткізу 2012–2015 жылдар ИТОО
УҒӘК мен ҒК аналитикалық ақпараттарды дайындау 2012–2015 жылдар ИТОО
Жағымсыз факторлар мен сараптамалар жасау 2012–2015 жылдар ИТОО

 

 

Тапсырма 3. Мультимедиялық өнімдерді тиімді пайдалану және құру

 

№ р/с Шешу жолдары (іс-шаралар) Орындалу мерзімі Орындаушылар
ОПҚ кафедраның жұмыс жоспарында және жеке жоспарларда өнімдерді жасауды жоспарлау («Инновациялық технологияны оқу процесіне ендіру») 2012–2015 жылдар Оқытушылар, кафедра меңгерушілері, ИТОО
Кеңес беруді ұсыну 2011–2015 жылдар ИТОО
Техникалық қызметтерді ұсыну 2011–2015 жылдар ИТОО
Эксперттік сервис 2011–2015 жылдар ИТОО
Әдістемелік сервис 2011–2015 жылдар ИТОО
Өнімдерді оқу жүйесіне ендіру 2011–2015 жылдар ИТОО
Өнімдердің бақылаудың өзектілігі мен актуальдығы 2011–2015 жылдар ИТОО

 

 

Тапсырма 4. ОПҚ инновациялық сапасын көтеру

 

№ р/с Шешу жолдары (іс-шаралар) Орындалу мерзімі Орындаушылар
Арнайы семинар-тренингтер өткізу 2011-2015 жылдар ИТОО, жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру мен білімін жетілдіру орталығы

3.3 ОПҚ және студенттердің академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету мен интернационалдық білім беру стратегиясы

Мақсат. Халықаралық білім беру кеңістігінде университеттің пайдалы білім беру жүйесін қалыптастыру.

Мақсатты бағыттар:

№ р/с Мақсатты бағыттар Бр. өлш. Жылдар
Университеттегі студенттер, магистранттар мен доктаранттар үлесі % 0,2 0,4 0,6 0,8 1,0
Университеттің шетелдердегі ЖОО оқитын студенттер, магистранттар мен доктаранттар үлесі % 0,2 0,4 0,6 0,8 1,0
Университет оқытушыларының шетелдерде тәжірибеден өткендерінің, сондай-ақ университетте жұмыс жасайтын шетелдік мамандардың үлесі % 0,2 0,4 0,6 0,8 1,0

 

 

Тапсырма. 1. Университет студенттерін, магистранттарын, доктаранттары мен оқытушыларын үш тұғырлы тілге дайындауды қамтамасыз ету.

 

№ р/с Шешу жолдары (іс-шаралар) Орындалу мерзімі Орындаушылар
Университет оқытушылары мен доктаранттарын тілдік дайындықтан өткізуді ұйымдастыру 2011-2015 жылдар ОӘБ, ИТОО, тілдік дайындық орталығы директоры  
Кафедраларда пәндерді шет тілдерінде оқытуды қарастыру 2011-2015 жылдар ОӘБ, факультет декандары, кафедра меңгерушілері
Студенттерге тілдік дайындықтарын арттыру үшін қосымша сабақатар беруді ұйымдастыру 2011-2015 жылдар ОӘБ, факультет декандары, кафедра меңгерушілері
Оқытушыларға тәжірибе алмасу бағдарламалары негізінде шетелдік тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру 2011-2015 жылдар ОӘЖ жөніндегі проректор, ҒЗЖ жөніндегі проректор, кадрлар бөлімінің бастығы

 

Көрсеткіштер:

 

№ р/с Көрсеткіштер Бр. өлш. Жылдар
Университетте шет тілін білу үшін дайындықтан өткен оқытушылардың саны чел.
Мамандықтардың оқу жоспарларында шет телдерінде оқытылатын пәндердің үлесі %
Қосымша тілдік дайындықтан өткен студенттердің үлесі % 1,0 1,2 1,6 1,8 2,0
Шетелдерде тәжірибеден өткен, сондай-ақ арнайы бағдарлама бойынша оқытушылардың үлесі % 1,0 1,2 1,6 1,8 2,0

 

 

Тапсырма. 2. Университетте білім беру қызметін отандық және халықаралық критерилерге сәйкестігін қамтамасыз ету

 

№ р/с Шешу жолдары (іс-шаралар) Орындалу мерзімі Орындаушылар
Университет мамандықтарын мемлекеттік аттестациядан өту және оған дайындық жасау ҚР БжҒМ ЖОО аттестациялау жоспары бойынша ОӘЖ жөніндегі проректоры, универсиетет бөлімшелерінің жетекшілері  
Университеттің институтаралық аттестациядан өту және оған дайындық жасау 2010-2011 жылдар Ректор, ИТОО, универсиетет бөлімшелерінің жетекшілері
Ғылыми-білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық мамандандырылған аккредитациядан өту және оған дайындық 2011-2012 жылдар Ректор, ИТОО, универсиетет бөлімшелерінің жетекшілері
Жаңа инновациялық ғылыми-өндірістік орталықтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар құру 2011-2015 жылдар ОӘЖ жөніндегі проректоры, ИТОО, факультет декандары
Шетелдік ЖОО серіктестердің қатысуымен екі диплом алу бағдарламасын жүзеге асыру   2013-2015 жылдар ОӘЖ жөніндегі проректор, ҒЗЖ жөніндегі проректор, факультет декандары
Шетелдік ЖОО келісімшарттар жасау, бірлескен ынтымақтастық және тәжірибе алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру 2011-2015 жылдар Ректор, ҒЗЖ жөніндегі проректор, ОӘЖ жөніндегі проректор

 

 

Көрсеткіштер:

 

№ р/с Көрсеткіштер Бр. өлш. Жылдар
Мемлекеттік аттестациядан өткен университет мамандықтарының үлесі %
Халықаралық мамандандырылған аккредитациядан өткен ғылыми-білім беру бағдарламаларының үлесі бр.
Университеттің институтаралық аккредитациядан өту бр.      
Жаңа инновациялық ғылыми-өндірістік орталықтар саны бр.
Шетелдік ЖОО серіктестердің қатысуымен екі диплом алу бағдарламасын меңгерген университет студенттері мен магистранттар саны адам -
Шетелдік ЖОО келісімшарттардың, бірлескен ынтымақтастық және тәжірибе алмасу бойынша жүзеге асырылған бағдарламалардың саны бр.

 

3.4 Студенттер, магистрантар мен PhD докторантардың бәсекеге қабылеттілігін қамтамасыз ету стратегиясы

Мақсат. Студенттер, магистрантар мен PhD докторантардың сұраныстарын және бәсекеге қабылетті біліктілігін технологиялық білім беру мен басқару негізінде қолдану

Мақсатты бағыттар:

 

№ р/с Мақсатты бағыттар Бр. өлш. Жылдар
Университет бітірушілерінің жұмыспен қамтамасыз етілуі %
Студенттер мен магистранттардың оқу нәтижелілігі (үлгерімнің оқу жылдары бойынша нәтижесі) %
Студенттердің халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық пәнаралық олимпиадалар бойынша жеңімпаздардың саны ед.
Университетте «Студент-зертеуші» атағын алған студенттер саны ед.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылған студентер саны %
Халықаралық, республикалық конкурстарда ең жақсы ғылыми жұмыс жеңімпаздарының саны ед.
ҒЗЖ нәтижесінің мазмұндылығы бойынша бітірушілердің диплом жұмыстарының саны %
Бітірушілердің диплом жұмыстарының шет тілдерінде орындалған саны %
Бітірушілердің диплом жұмыстарының өндірістерге енгізуге ұсынғандарының саны %

 

Тапсырма 1. Унивеерситетте оқу нәтижесінің жоғарылығын қамтамасыз ету

 

№ р/с Шешу жолдары (іс-шаралар) Орындалу мерзімі Орындаушылар
Бітірушілердің өнідірістер мен ұйымдар базасында жұмыс берушілердің өкілдерінің қатысуымен диплом жұмыстарының дайындығы 2011-2015 жылдар ҒЗЖ жөніндегі проректор, ОӘБ, факультет декандары, кафедра меңгерушілері
Студенттер мен магистранттардың кіріспе және наноинженерлік сала бойынша жаңа оқу-ғылыми пәндерін игеру 2011-2015 жылдар ҒЗЖ жөніндегі проректор, ОӘБ, факультет декандары, кафедра меңгерушілері
Оқу-өндірістік сабақтарды өнеркәсіптер мен ұйымдарда өткізуді ұйымдастыру 2012-2015 жылдар ҒЗЖ жөніндегі проректор, ОӘБ, факультет декандары
Студентер мен магистранттардың оқу нәтижесінің өсу динамикасын мониторинг жасауды өткізу және ұйымдастыру 2011-2015 жылдар ОӘБ, факультет декандары

 

 

Көрсеткіштер:

 

№ р/с Көрсеткіштер Бр. өлш. Жылдар
Бітірушілердің өнідірістер мен ұйымдар базасында жұмыс берушілердің өкілдерінің қатысуымен орындалған диплом жұмыстарының үлесі %
Студенттер мен магистранттардың кіріспе және наноинженерлік сала бойынша жаңа оқу-ғылыми пәндерін игеру (оқу жұмыс жоспарының таңдау компонентіндегі) үлесі %
Оқу-өндірістік сабақтарды өнеркәсіптер мен ұйымдарда өткізуді ұйымдастыру үлесі %
Студентер мен магистранттардың оқу нәтижесінің өсу динамикасын мониторинг жасауды өткізу және ұйымдастыруды игеру %

 

 

Тапсырма 2. Университет бітірушілерінің еңбек нарығында бәсекеге қабылеттілігін қамтамасыз ету

 

№ р/с Шешу жолдары (іс-шаралар) Орындалу мерзімі Орындаушылар
Оқуға түсушілер үшін университет белгілеген бал негізінде қабылдау сапасын арттыру 2012-2015 жылдар ҒЗЖ жөніндегі проректор, қабылдау комиссиясы, факультет декандары,
Университет базасында және шетелдік ЖОО базасында жазғы кезеңде қосымша кредиттерді игеруді ұйымдастыру 2011-2015 жылдар ҒЗЖ жөніндегі проректор, ОӘБ, факультет декандары
Студенттердің мамандықтары мен қосымша мамандықтары курстарында мүмкіндіктері мен қабылеттерін дамытуды ұйымдастыру 2011-2015 жылдар ҒЗЖ жөніндегі проректор, ОӘБ, факультет декандары
Студенттер мен магистранттар үшін оқудан тыс мезгілде және жазғы демалыстарда мамандықтар үшін университетте қызмет көрсету орталығын ұйымдастыру 2011-2015 жылдар ҒЗЖ жөніндегі проректор, ОӘБ, факультет декандары

 

Көрсеткіштер:

 

№ р/с Көрсеткіштер Бр. өлш. Жылдар
Студенттер мен магистрантт

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Кіріспе | ХОД БОЕВЫХ ДЕЙСТВИЙ


Карта сайта Карта сайта укр


Уроки php mysql Программирование

Онлайн система счисления Калькулятор онлайн обычный Инженерный калькулятор онлайн Замена русских букв на английские для вебмастеров Замена русских букв на английские

Аппаратное и программное обеспечение Графика и компьютерная сфера Интегрированная геоинформационная система Интернет Компьютер Комплектующие компьютера Лекции Методы и средства измерений неэлектрических величин Обслуживание компьютерных и периферийных устройств Операционные системы Параллельное программирование Проектирование электронных средств Периферийные устройства Полезные ресурсы для программистов Программы для программистов Статьи для программистов Cтруктура и организация данных


 


Не нашли то, что искали? Google вам в помощь!

 
 

© life-prog.ru При использовании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.

Генерация страницы за: 1.589 сек.