Қазіргі таңда жоғары оқу орындарының саясаты республикадағы экономиканың барлық саласы бойынша дайындаудың бәсекеге қабылетті және жауапты кәсіби мамандарды дайындаудың шарттарында қажеттілігін қамтамасыз етуі анықталды. Жоғары мектептің интеллектуальды әлеуетін және тәжірибелік қызметтерін, олардың интеграциясын ғылыми және өндірістік, халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес келтіру.
Қазақстан Републикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Келешекті бірге қалаймыз» Жолдауында аталғандай білім берудің сапасы Қазақстанның индустриализациясы мен инновациясының дамуының негізі болуы керек. Осы тапсырамаларды орындау үшін «Тұран-Астана» университетінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары қабылданды. Онда оқу жүйесінде инновациялық білім беру бағдарламасына ендіру көзделген. Сондай-ақ студенттердің өзекті басқару тапсырмаларын тұлға ретінде дамытудың мақсатты бағытта әсер етуін қарастыру.
«Тұран-Астана» университеті өзінің стратегиясын ұзақ уақыттық ізденіс барысында қалыптастырды. Бұл үрдіс дамудың барлық кезеңдерінен өтті.
Өзінің білім беру қызметін университет 1998 жылы Қазақстандағы мемлекеттік емес алдыңғы қатарлы білім беру мекемелерінің бірі Алматы қаласындағы «Тұран» университетінің филиалы ретінде бастады.
Филиал республика астанасының Астана қаласына ауысуына байланысты ашылды, бастысы Астана қаласын мемлекеттің зияткерлік, ғылыми-білім беру орталығы ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатымен қызметін бастады.
2004 жылы университет филиалы «Тұран-Астана» университеті білім беру мекемесі болып құрылды.
2005 жылы білім беру және ғылыми-зерттеу жұмысын біртіндеп көтеру мақсатымен жоғары оқу орнын құрылымдық реформалауға бағыт алынды – оқытудың толық циклын қамтитын «Тұран» білім беру корпорациясы құрылды:
- жоғары оқуға дейінгі – лицей (Алматы қаласы);
- орта-кәсіптік – колледждер (Алматы, Астана қалалары);
- жоғары оқу орындық – бакалавриат («Тұран» университеті, Алматы қаласы, «Тұран-Астана» университеті, Астана қаласы);
- магистратура - («Тұран» университеті, Алматы қаласы, «Тұран-Астана» университеті, Астана қаласы);
- докторантура - («Тұран» университеті, Алматы қаласы);
- қайта даярлау және біліктілікті көтеру институты (Алматы қаласы);
- «Тұран-Профи» халықаралық кәсіби академиясы (Астана қаласы).
«Тұран» білім беру корпорациясының эгидасымен жүзеге асырылып келе жатқан университеттің осындай кешенді даму қарқыны университеттің білім беру және материалдық-техникалық потенциалын мүмкіндігінше толығымен пайдалануға мүмкіндік береді, студент үздіксіз білім алуы үшін барынша жағдай жасап, оның біліктілігін көтеруіне ықпалдасып ғылыми-зерттеу жұмысына жас маман ретінде ат салысуына бар жағдай жасалған.
«Тұран-Астана» университетінің Даму стратегиясын қалыптастыру және ендіру мақсаты – жоғары кәсіптік білім беруді жаңалау, білім беру, ғалым және өндірісті ұштастыратын инновациялық бағыт алу, жоғары білікті мамандарды даярлау, инновациялық-білім беру және шетелдік ұйымдармен ғылыми-өндірістік байланыстарды нығайту, әлемдік білім беру кеңістікке интеграциялану.