Тораптарды тегістеу деп олардың орналасуын горизонталь не вертикаль бойынша орналастыруды айтамыз, яғни олар бір горизонтальды немесе вертикальды қисықта немесе түгел бірге орналасуы керек. Тегістеу тек қисыққа жататын біреуден көп торап ерекшеленген жағдайда ғана мүмкін. Бірнеше тораптарды ерекшелегеннен кейін Упорядочить – Выровнять и распределить командасын орындау керек және экранда торапты тегістеу диалогтік терезесі пайда болады (9-сурет).

9-сурет. Тегістеу диалогтік терезесі
Дәріс №4, 5.CorelDraw қүрделі объектілер тұрғызу
Дәріс жоспары
1. Объектілермен жұмыс істеудің қосымша мүмкіндіктері
2. Орналасу вкладкасымен жұмыс істеу мысалы
Дәрістің қысқаша мазмұны
Объектілермен жұмыс істеудің қосымша мүмкіндіктері
CorelDraw программасы күрделі объектілерді құру және редактрлеу бойынша үлкен мүмкіндіктер береді. Упорядочить (Arrange) менюінде объектілермен әртүрлі операциялар орындауға мүмкіндік беретін командалар бар.

Түрлендіру (Преобразования )
Бұл терезеде объектілерді түрлендірудің барлық түрлері берілген. Олар бес вкладкадан тұрады.