Меню командасынан басқа, тораптарды редактрлеу атрибуттар панелінің батырмалары көмегімен мүмкін. Ол төменгі суретте (8-сурет) көрсетілген.
Тораптарды қосу және жою
Қисыққа қажет форманы беру үшін оған жаңа тораптар орналастыру қажет. Оның қарапайым әдісі – жаңа торап пайда болатын қисықтың сол нүктесіне Форма құралының көрсеткішін екі рет шерту арқылы орындауға болады. Екі рет шерткен соң қайта құрылған торап ерекшеленеді, оған атрибуттар панелінің сәйкес батырмалары немесе контекстік меню командалары көмегімен қажет типті беруге болады.
Егер қисықтың бар торабын ерекшелеп, атрибуттар панелінде «плюс» таңбасымен батырманы шертсек, жаңа торап алдыңғы ерекшеленген торапқа сәйкес сегмент ортасына қойылады, сонымен қатар екі торап та (алдыңғы және жаңа құрылған) ерекшеленген болады. Торапты қосу батырмасын қайталап шретсек, екі жаңа тораптың пайда болуына әкеледі.
8-сурет. Қисықтың ерекшеленген тораптарының жиынтығы үшін атрибуттар панелі