Объектілерді орналастыруға арналған. Г және В санағыштары объектілердің координаттарынан тұрады, олардың типі Относительное (Relative) жалаушасына байланысты. Егер жалауша алынса, онда координаттар абсолютті болып табылады, кері жағдайда – бұл объектінің бастапқы орнына қатысты орын ауыстыру координаттары. Терезенің төменгі жағындағы маркерлі тор нүктені таңдауға мүмкіндік береді, оның координаттары объектілер координаттарын сипаттау керек.
Енгізілген өзгерістер Применить батырмасын басу кезінде енгізіледі. Применить к копии батырмасы енгізілген өзгерістермен көшірме жасайды.
Келесі суретте терезені баптаудың әртүрлі режимі кезінде объектілердің орналасу параметрі келтірілген.

Орналасу вкладкасымен жұмыс істеу мысалы
Фигураның оң жақ шекарасын оның көшірмесін құра отырып, 20 бірлікке оңға жылжыту.

Бұрылыс (Поворот)
Фигураны бұру үшін пайдаланылады. Г және В санағыштары нүктелер координаттарынан тұрады. Относительно центра жалаушасы координат абсолюттігін немесе қатыстығын анықтайды. Угол санағышы фигура бұрылысының бұрышын анықтайды.
Бұрылыс вкладкасымен жұмыс істеу мысалы
Жоғары бұрышқа қатысты фигураны 20 градусқа бұру керек.
