русс | укр

Языки программирования

ПаскальСиАссемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование

Все о программировании


Linux Unix Алгоритмические языки Аналоговые и гибридные вычислительные устройства Архитектура микроконтроллеров Введение в разработку распределенных информационных систем Введение в численные методы Дискретная математика Информационное обслуживание пользователей Информация и моделирование в управлении производством Компьютерная графика Математическое и компьютерное моделирование Моделирование Нейрокомпьютеры Проектирование программ диагностики компьютерных систем и сетей Проектирование системных программ Системы счисления Теория статистики Теория оптимизации Уроки AutoCAD 3D Уроки базы данных Access Уроки Orcad Цифровые автоматы Шпаргалки по компьютеру Шпаргалки по программированию Экспертные системы Элементы теории информации

Постреквизиттер


Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 1403; Нарушение авторских прав


Бұл пән алдағы «Журналистикаға кіріспе», «Тележурналистика», «Радиохабар дайындаудың технологиясы», «Журналистік шеберлік» және жекелеген мамандандыру пәндерін оқуда қолданыла алады.

 

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны

Пәнді оқытудың мақсаты:

Ақпаратта жаңа технологияның дамуы жаңашыл тенденцияларға ие болды. Ақпаратты жинауда, өңдеуде компьютерлік бейнемонтаждың рөлі ерекше. Компьютерлік бейнемонтаж өзіндік спецификаға ие. Студенттерге бейнемонтаждың ерекшеліктерін, өңдеудің тәсілдерін оқыту.

1.6. Оқыту нәтижелері

– Қазіргі заманғы электронды құралдарды пайдалану;

– Adobe Premiere Pro, Sound forge бағдарламаларымен танысу;

– Студенттердің телевизиялық құралдармен (камера, штатив, микрофон, компьютер, видеомагнитофон) жұмыс істей білуі;

–Бейнемонтаж дайындауға үйрену;

– Түсірілген бейнематериалдарды өңдеу;

 

1.7 Тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

Жұмыс түрлері Мақсаты және мазмұны Ұсын. әдеб. Орындау ұзақтығы Бақылау формасы Баллдар Есеп беру түрі Тапсыру мерзімі
Практик. сабақта ауызша жауап беру Практик. сабақтың жоспар-а сәйкес Практик. сабақта ұсын. әдебиетті қолд. 2 курс бойы сабақ кестесі мен оқу бағдар- лама сәйкес Ағымд. бақылау (сабақта жұм.мен ауызша жауабы бағалан.) Прак. сабақ тың әр тақ. байл. балға дейін   Оқу жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес практ. сабақта
СОӨЖ бағдар ламасын да қараст. тақ-қа сай тапсырм. орындау, және келесі жұмыс түріне қатысу: сауалн. СОӨЖ сабақ тарының жоспар-а сәйкес СОӨЖ сабаққа дайын-ға ұсын. әдеб. қолдану (жазба және ауыз.) 2 курс бойы сабақ кестесі мен оқу бағдар- ламасына сәйкес Аралық бақылау (СОӨЖ сабағындажазбаша және ауызша жауабы бағалан.) Практик. Сабақ тың әр тақ. б-ша ауызша жауабы, реферат пен баянда ма үшін балға дейін   СОӨЖ сабағында оқу жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес
СОӨЖ және СӨЖ сабақтарындағы жазбаша жұмысы СОӨЖ және СӨЖ сабақ-ң жоспар-а сәйкес СОӨЖ және СӨЖ дайын-ға ұсын. әдеб.қолдану 2 курс бойы сабақ кестесі мен оқу бағдарлама.сәйкес Аралық бақылау (жазбаша жұмыста көрсет. нәтиже-ді қорғай алуы бағалан.) Жазба жұмыста көрсет. нәтиже- ді қорғай алуына балға дейін   СОӨЖ және СӨЖ сабақтар– ында оқу жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес
СӨЖ аясында ауызша және жазбаша жауаптарға дайын далу (баянда ма, рефе-рат, шығарма және т.с.с.) СӨЖ сабақ-ң жоспар-а сәйкес СӨЖ дайын-ға ұсын. әдебиет қол–дану курс бойы сабақ кестесі мен оқу бағдар–лама сәйкес Үй тапсырм. бақылау (Практик., СОӨЖ және СӨЖ сабақтар-а дайынды ғы бағалан) Әр тақы рып бойын ша жазба-ша және ауызша дайындығына 10 балға дейін (баянд, реферат)   Практи калық сабақта, оқу жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес
Аралық бақы лауға дайын дық (ауызша және жазбаша) Тесттік сұрақтар және ауызша жауап Әдеб-р тізімі 2 курс бойы дайындық Аралық жауабы (ауызша және жазбаша жұмыс-ң дұрыс. мен нақтылық бағалан.) 40 балға дейін (жазба жұмыс 20 бал, ауызша жауабы 20 бал)   4 семестр аяғында

 



1.8 Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1.8.1. НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Бакенова Г. Мастерство тележурналиста. А., 2000

2. Бакенова Г. Телевидение Казахстана: вчера и сегодня. А., 2000

3. Барманкулов М., Возможности космического телевидения. А., 1993

4. Барманкулов М. Журналистика для всех. А., 1979

5. Барманкулов М., Телевидение: деньги или власть. А., 1997

6. Вартанов А. Актуальные проблемы телевизионного творчества. Москва, 2003

7. Версии. Телевизионные сценарии. Москва, 1989

8. Ворошилов В.В. Журналистика. Базовый курс. Санкт-Петербург, 2006

9. Ворошилов В. Техника и технология СМИ. Москва, 2000

10. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. Алматы, 2011

11. Ибраева Г. Mass media в политической структуре общества. А., 2000

12. Засурский И. Масс-медиа второй республики. Москва, 1999

13. Калмыков А.А., Коханова Л.А. Интернет-журналистика. Москва, ЮНИТИ, 2005, 383 с.

14. Қазақ журналистикасы. 3 томдық. Алматы, Таймс баспа үйі, 2008, 2-ші т. Қазақ теледидары, 2008, 350 б.

15. Князев А. Основы тележурналистики и телерепортажа. Бишкек, 2001

16. Система СМИ России. Москва, 2003

17. Спутниковая связь и вещание. Москва, 1988

18. Саруханов В. Азбука Тв. Москва, 2003

19. Так работают журналисты ТВ. Москва, 2005

20. Тұрсынов Қ. Масс-медиа. А., 2002

21. Телевидение: вчера, сегодня, завтра. Сост. Дугин Е. Москва, 1989

22. Телевизионная журналистика. Ред. Юровский М. Москва, 2002

23. Птачек М. Цифровое ТВ. Москва, 1990

24. Резников Ф.А. Самоучитель Adobe Premiere Pro. Москва, «Лучшие книги», 2008, 320 с.

25. Шаболовка 53. Страницы истории ТВ. Москва, 1988

26. Оханян Т. Цифровой и нелинейный монтаж. Москва, 2001

 

1.8.2. ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Баспасөз, полиграфия және БАҚ терминдерінің сөздігі. А., 1995

2. Введенская Л.А. Словарь ударений для дикторов радио и телевидения. Изд.2. -М.:ИКЦ «МарТ”; Ростов н-Д; Издательский центр “МарТ”, 1998

3. Гаймакова Б.Д., Макарова С.К., Новикова В.И., Оссовская М.П. Мастерство эфирного выступления. М., Аспект Пресс, 2004

4. Жақан С. Сөйлеу техникасы. Алматы, Қазақ университеті, 2002

5. Леонтьева В. Объяснение в любви: записки диктора Центрального ТВ. Москва, 1986

6. Ливер Д. Свет на ТВ. Москва, 2000

7. Летунов Ю.А. Время, люди, микрофон. Москва, 1974

8. Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы, 2002

9. Тұрсын Қ. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. А., 2004

10. Синицын Е. “Я веду репортаж...”. Москва, 1983

11. Молдабеков Ә. “Хабардың” бес белесі. А., 2000

 

1.9 Білімді бағалау көрсеткіштері

Бақылау түрі Балл
Ағымдық
Аралық
Қорытынды бақылау
Барлығы:

1.10 Курстың саясаты мен процедурасы

1. Сабаққа жүйелі қатысу, кешікпеу, сабақты себепсіз босатпау;

2. Ауырған жағдайда медициналық расталған анықтама көрсету және оқытушы белгілеген уақытта қарыз сабақтарын өтеу;

3. Үй жұмысын тиянақты орындау, тапсырма орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;

4. Нақты және жауапкершілікті болу

2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2.1 Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары

Барлығы (несиелер саны: 3)

Тақырып атауы Лек Сем СОӨЖ СӨЖ
Кіріспе. Жаңа телевизиялық технологиялар
Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері
Компьютерлік бейнеөңдеу
Компьютерлік технологияның көмегімен бейнені өңдеу
Телевизияның жаңа ақпаратты технологиялары және мүмкіндіктері
Цифрлық технологияның дамуы және қолданылуы.
7. Телевизиялық монтаж түрлері
8. Телевизиядағы шығармашылық топ
Телевизия тәжірибесінде қолданылатын негізгі ұғымдар
Телевизиялық түсіру (съемка) түрлері
  Барлығы:

2.2. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ:

Лекция 1 Кіріспе. Жаңа телевизиялық технологиялар Мультимедияның кең өріс алуы, жаңа үлгідегі коммуникативті пішіндердің пайда болуы адамдар арасында үлкен қызығушылыққа алып келді. Оларды атап айтсақ: Интернет, мультимедиа және телевидениенің интерактивті үлгісі – қашықтықтан оқыту, әртүрлі пішіндегі виртуалды конференциялар, жиналыстар, презентациялар және т.б. Қазір хабарласудың жаңа үлгісі пайда болды. Ол – виртуалды хабарласу, адамдар бір-бірін көрмесе де сөйлесе алады, сұхбаттасады, дауласа алады, өз көзқарастарын айта алады, одан кейін виртуалды әлемде көптің бірі болып қала береді.

Экрандық көркемдіктің жетекші құралы, дамуына қарай, әрі қарай ізденістерге алғышарттар жасай отырып, жаңа бейнелі құрылымның, көрермендер тыңдауына басқарма құрал ретінде монтаж басты ұйымдастырушы болып саналады.

Монтаждың функционалды бағыты техникалық қабылдауларды жинақтаумен жүзеге асырылады. Әртүрлі кесілген эпизодтардың (немесе бейнелер) қосылуы және уақытпен кеңістікте өтіп жататын өзгерістер тұтас бір иллюзиялық кескіндемені құрайды. Болып жатқан жаңалық немесе оқиғаны съемкаға түсіру барысындағы алынған жеке пландар, аталған жаңалықтың пайда болуының символы, пландарды бір-бірімен қосқанда жаңа образдардың тууы біртұтас көріністің бейнесін береді. Кадрдың мазмұны қатар тұрған кадрдың мазмұнына сәйкестенеді.

Пландардың түсірілімдері бір-біріне сәйкес келу керек, бір-бірін салыстыруда, ал қарсы қоюда қарама-қарсы мағынаны ашу керек. Себебі, біз жаңалықтың экрандық кеңістікте көрінуін, экрандық көркемдік арқылы кадр композициясының берілуі, ракурстық съемкалар, қозғалыстар, камералар, жарықтар, түстердің шешім табуы керек. Екі қатар тұрған кадрдағы бейнені қосқан кезде үздіксіз келесі монтажға өтудің иллюзиялық қатарын құрайды және «катастрофаны» сезінеді, күшті эмоционалдық ойлаулар, уақыттың үзілуі, қатты монтаждық желімдеуде кеңістіктің өзгеруіне әкеліп соғады. Монтаж сыртқы іс-әрекеттерді іштей көруге көмектеседі, ал бейнеде – бейне емес, көрерменге болып жатқан оқиғаларға өзіндік көзқарасымен немесе авторлық-персонаж көзімен қарауға әрекет етеді. Екі қатар тұрған кадрдағы бейнені қосқан кезде және экранның көркем құралының басты ұйымдастырушысы болып табылады, көрермен санасына және түйсігіне әсер береді. Осыдан кейін біз монтаждың екінші функциясын бақылаймыз. Яғни, монтаж шығармашылық ойдың көркем пішіні.

Бүгінгі көрермен стендпамды үйреніп кетті, соның ішінде журналистке, қолындағы микрофонмен кадрда жұмыс істеу, ал 1970 жылдары бұл төңкеріс болып еді: теледидар ақпараттың өзіндік ерекшелік тілін ашты. Монтаждың функциялық мақсаты техникалық қабылдауды меңгеру, екі әртүрлі кесілген фрагменттердің қосылуынан біртұтас бейненің пайда болуы, кеңістікте және уақытта өтіп жатқан оқиғалардың сенімді иллюзиясын құрайды, персонаждардың іс-әрекеттерін ақиқаттылықпен қабылдау, көркемдік бейнеге сену, деректі кейіпкерлермен бірге ойлану және олардың тағдырына ортақтасу (интерактивті телевидениенің негізі осында).

Монтаж екі негізгі функцияны орындайды:

Таза техникалық, техникалық процеске қатысты, фильмді шығарушы немесе телевизиялық өнімді қорытындылайды (ақырғы құрастыру, жекелеген пландарды құрау, сахна, эпизодтарды, дыбыс пен бейнені біртұтас жинайды)

Эстетикалық (экранның көркемдік құралының артуы, көркемдік ойлаудың әрекеті және тақырыптық бейненің ашылуы, экрандық өнімнің идеясы)

Кадрлардың көркемділігі, драматургиямен байланысты әртүрлі кадрлардың біріктірілуі, режиссердің шығармашылық ойы және идеясы, экрандық өнімнің аудиовизуалды композициясы сюжеттің монтаждық мазмұндалуын құрайды.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [1]; [3]; [5]; [6]; [11]; [12]; [15]

Қосымша әдебиеттер: [4]; [5]; [8]; [11];

Лекция 2. Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері

Монтаж: (от фр. montage — жинау) — француз тілінен аударғанда «жинау» деген ұғымды білдіреді. Жекелеген кадрлардың аудиовизуалды және ритмикалық байланыстарын білдіреді. Бұл ұғымның түсінігі мынадай:

· Монтаж бұл техникалық қабылдау;

· Монтаж бұл шығармашылық ойлаудың көркем үлгісі

· Монтаж бұл экрандық өнімді бүтін қабылдау

Видеоөнімдер және кинолар технологиясының құрылуы және олардың арасындағы шығармашылық байланыс қазіргі монтаж ұғымын қабылдау және жаңа бағытта дамуына алып келді. Телевизиялық монтаж өзіндік ерекшеліктерге ие: әртүрлі «пландарды» біріктірудің ерекше жүйесі; телевизиялық камералармен әртүрлі нүктелерден түсіру; телеэкранда үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз ету. Теледидарда сызықты және сызықты емес монтаж қолданылады.

Сызықты монтаж (аналогты) — бұл монтаждық планның біртіндеп қойылуы (бұндай жағдайда екі немесе үш постты пульттық аппарат қолданылады). Бұл монтаж негізінен электронды жапсырмалы болып табылады (кнопкалы монтаждық өткел – встык, микшерлік өткел арқылы ақ немесе ақ поляға, бір бейнеге басқа бейненің қосарлануы), бір бейненің басқа бейнемен ығыстырылуы, стоп-кадрдың көмегімен арнаулы эффекттілердің қолданылуы, түсті енгізу немесе біржола жою; кескіндемелерді соляризациялау; дыбысты реверберациялау). Электрондық желімдеулердің көмегімен және оларды орналастыруда ЖТС (жылжымалы телевизиялық станциялар) немесе студиядан хабарларды тікелей жүргізуге; видеофильмдердің және видеосюжеттердің, видеобағдарламалардың монтажын жүзеге асыруға болады. Сызықты монтаж біртіндеп жасалады, егер өзгеріс енгізу керек болса «вставка - қою» режимінде, немесе монтаждау барысында қате жіберілсе, монтаждың қате тұсы қайтадан жасалады.

Сызықты емес (компьютерлік) монтаж киномонтажға жақын, сандық тасығыштан немесе видеолентадан көшіргенде, біз бірінші кезекте аталатын клиптерді құрамыз, оларды жеке «папкаларға» сұрыптаймыз және ярлык береміз; мазмұны бойынша немесе кілттік сөз бойынша атаймыз. Сызықты емес (компьютерлік) монтажда аналогты монтажды қабылдауға және бірнеше мүмкіндіктерді қолдануға болады. Мынадай мүмкіндіктерге ие:

а) тұтас «блоктармен» монтаждауға, кезкелген ретте «пландарды» қоюға;

ә) кескіндемені монтаждауда дыбыстық қатармен бірге (дыбыстық жолдың осциллограммасы) монтаждық планның ақырғы шекарасын дәл табады.

Бұндай жағдайда кескіндеменің трансформациялық ерекшеліктері өзгереді: монтаждық планды үлкейтуге болады, қозғалыстың жаңа бағытын құру немесе берілген траектория бойынша объектіні орналастыру; уақыт бойынша кескіндемені ұлғайту немесе кескіндемені қысу, арнаулы бейнеэффектілерді қолдану.

Компьютерлік кескіндемелердің көмегімен табиғатта жасауға болмайтын, нақты қабылдайтын бейнелерді жасау болады. Электрондық технологияның дамуына қарай олар көлемді, өзіндік колоритті шешімі бар, көпқабатты монтаж нақты кеңістікті және бұлдырды араластыру, кеңмасштабтағы кескіндеменің алынуы, олардың әртүрлі бағытта қозғалуына мүмкіндік береді.

Сызықты емес монтаждың мүмкіндігі жаңа бағытта мультимедианы енгізді. Жарнама, оқу, ойын-сауық индустриясында тез дамып, өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Үшөлшемді кеңістік жоғары технологиялардың аясында жаңа мүмкіндіктерге ие болды (олар: үздіксіз және көпқабатты, шартты және танитын). Уақыт басқа өлшеулерге ие болды: «осында және қазір» жүйесі өсіп кетті (компьютерлік ойындардың дамуы нақты кеңістіктен тыс және уақытқа ілесе алмайды).

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [2]; [4]; [10]; [11]; [13]; [17]; [21]

Қосымша әдебиеттер: [6]; [8]; [11];

 

Лекция 3 Компьютерлік бейнеөңдеу

Компьютерде бейнемонтаж жасау дүниежүзілік стандартқа айналған Adobe Premiere Pro бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Монтаж жасау процесінде мына операциялар жасалады:

• Жаңа проектыны құру;

• Фильмнің видеосын импорттау;

• Видео және аудио фрагменттерді импорт жасап, поляға шығару керек;

• Фильмге керекті видеоклиптерді көру, аудиоклиптерді тыңдау, бейнені титр жазуға дайындау;

• Timeline (Монтаж үстелі) видеоклиптарды және бейнені өзіндік ретімен панелға шығарып орналастыру керек;

• Фильмді алдын-ала көру;

• Фильмге керекті музыканы қосу;

• Фильмнің соңғы файлын құру.

Жаңа проектыны құру. Жаңа фильмді бастау алдында біріншіден жаңа жобаны құру керек. Adobe Premiere Pro бағдарламасы .prproj сақталады. Видеоклиптер және эффектілер .prproj сақталып, оқылады. Жобада фильммен жұмыс жасайтын негізгі бейнелер сақталады. Аталған проекты фильмнің соңғы варианты емес, фильмді монтаждау барысында жұмыс жасайтын жоба.

Adobe Premiere Pro CS3 бағдарламасын ашуда New Project (Новый проект) кнопка-значогын басу арқылы жаңа проектыны ашу керек. Егер бағдарлама ашық болса, онда жаңа жобаны құруда командалық менюден File ♦ New ♦ Project (Файл ♦ Новый ♦ Проект). таңдап алып, жаңа проекты ашу керек. Бір проект ашық болуы мүмкін, ағымдағы проекты сақталмаған болса, бағдарлама проектыны жабуда сақтау туралы ұсыныс сұрайды.

Жаңа проектыны құруда, біз өзіндік параметрлерді таңдауымыз керек. Олар: бейнені өңдеудің режимін, болашақ фильмдегі кадрлардың өлшемін, кадрлар жиілігін, кадрды қысу әдісін, дыбыс параметрлерін және т.б. Проектіде қолданылатын бастапқы видеофайлдар, кадрлар өлшеуімі стандартқа сай 720x576 пиксел, секундағы жиілігі 25 кадр, видеостандартқа сәйкес PAL Standard. Режимін таңдау керек. Фильмге қосатын дыбыстық файлдың жиілігі 32 кГц құрайтын дыбыстық сипаттамалардан тұруы керек. Аталған талаптарға сәйкес параметрлер DV-PAL Standard 32kHz (Стандартный 32 кГц) стандартына сәйкес келеді.

Фильмнің видеосын импорттау. Жаңа проекты құрылған кейін, фильмге керекті барлық бейнелерді – дыбыстық файлды және видеофайлдарды, кескіндемелерді, анимацияларды және басқаларды поляға шығару үшін импорттау керек. Видеофильмдерді импорттаудан бастайық. Командалық менюден File ♦ Import (Файл ♦ Импорт) командасын таңдайық. Экранда Import (Импорт) диалогы пайда болды. Осыдан кейін қатты дискідегі Дельфинарий Видео папкасын таңдаймыз. v-01.avi. файлын таңдаймыз. Енді Ctrl клавишін басу және ұстап тыру арқылы v-05.avi. файлын таңдаймыз. Бұл файлда алдындағы файлмен бірге қарайтылады. Осыдан кейін Ctrl клавишін босатамыз. Одан әрі қарай Открыть (Open) кнопкасын басамыз. Диалог Import (Импорт) терезесін жабылады. Аталған екі файл - v-01.avi және v-05.avi импортталып, Project (Проект) панеліне шығады. Титрға арналған бейнені проектыге енгізу. Ctrl+I комбинациялық клавишасын басу. Import (Импорт) диалогы пайда болды, одан әрі Дельфинарий/Images папкасына көшеміз. Start.bmp и End.bmp файлын белгілейміз және Открыть (Open) кнопкасын басамыз. Көрсетілген файлдар импортталып, Project (Проект) панеліне шығады. Енді проектіге дыбыстық файлдарды шығарамыз. Project (Проект) панелін тышқанмен екі рет шерткенде, Import (Импорт) диалогы ашылады. Дельфинарий/Audio папкасын ашамыз және music.wav. файлын таңдаймыз. Открыть (Open) кнопкасын басамыз. Таңдап алынған файл импортталып Project (Проект) панеліне шығады. Барлық импортталған клиптер құрайтын фильмде қолданылады.

Проектке енгізілген файлдарды Source (Источник) мониторында: клиптердің сапасын бағалау және ұзақтығын көру, қандай клиптер қолданылатынын, клиптер фильмде қандай ретпен қойылатындығы, клиптердің артық фрагменттерін өшіріп, керекті тұстарын қалдыруды көруге болады.

Экрандық Source (Источник) мониторының оң жағында клиптің уақытының ұзақтығы көрсетіледі. Мысалы, клиптің ұзақтығы 00:00:06:00 болса, яғни ол 6 секунд. Edit ♦ Preferences ♦ General (Правка ♦ Установки ♦ Общие) командалық менюінен General (Общие) Preferences (Установки) диалогынын ашып, клиптің ұзақтығын азайтуға болады. Жоғарыда айтылғандай, Start.bmp клипі фильмнің бастапқы титрі ретінде қолданылады. Бұндай титрдың статикасына 6 секунд ұзақ. Сондықтан аталған клиптің ұзақтығын 3 секундқа дейін қысқартуға болады. Project (Проект) панелінде тышқанның оң жағымен Start.bmp клипіне басамыз және пайда болған контекстік менюден Speed/Duration (Скорость/Длительность) таңдап аламыз. Экранда Clip Speed/Duration диалогы пайда болды. Аталған командалардың көмегімен клиптің экранда жүруін ұзартуға немесе қысқартуға болады.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [3]; [8]; [9]; [14]; [17]; [20];

Қосымша әдебиеттер: [1]; [6]; [8]; [11];

 

Лекция 4 Компьютерлік технологияның көмегімен бейнені өңдеу

Фильмнің бастапқы кадрлары дайын болғандықтан, монтажға кірісуге болады. Монтаж жасау барысында клиптарды Timeline (Монтажный стол) панеліне өзіндік қатарымен қою керек. Фильмді монтаждауда әртүрлі тәсілдерді қолдануға болады, клиптарды тышқаннның көмегімен Timeline (Монтажный стол) қоюға болады немесе монитордағы Source (Источник) элементтерін қолдана аламыз. Клиптарды қойғаннан кейін, поляда Timeline (Монтажный стол) панелінде бейненің уақыты 00:00:00:00 есептен басталу керек. Қызыл тіксызықты линия сол жақтағы жолдың ең соңында тұрады.

Фильмді монтаждау барысында клиптердегі музыка және видеолардың арасына қойылатын арнаулы эффектілерді де пайдалануға болады. Олар: Apply Default Audio Transition (Применить аудиопереход по умолчанию) және Apply Default Video Transition (Применить видеопереход по умолчанию). Аталған функциялар Effects (Эффекты) панелінде орналасқан. Монтаж жасау барысында фильмге керекті музыкаларды қоюға болады. Клиптерді рет-ретімен орналастырғаннан кейін монтаж жасалған фильмді Program (Программа) панелінде көруге болады. Оң жағындағы счетчиктен фильмнің қаншалықты уақытқа ұзақтығын білеміз. Program (Программа) мониторында Play/Stop Toggle (Space) (Проиграть/Остановить (Пробел) конпкасын басамыз. Әрі қарай экранда фильмді көрсету басталады. Фильмді сақтау Rendering (Визуализация) панелінде жүзеге асырылады. Визуализациялау процесі кезінде клипке қойылған қосымша эффектілер және аралықтар түгел есептелінеді. Визуализация біткеннен кейін Timeline (Монтажный стол) панеліндегі қызыл жолақты линейка жасылға айналады, Program (Программа) мониторында көрсетіледі.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [8]; [9]; [10]; [11]; [13]; [14];

Қосымша әдебиеттер: [1]; [6]; [8]; [11];

 

Лекция 5. Телевизияның жаңа ақпаратты технологиялары және мүмкіндіктері.

Телевизияның өзі электр қуаты, электромагнитті толқын, радио, фотография, кино сияқты идеялардың заңды жалғасы, өзіндік эволюциялық жолы бар. Қазақстандағы телевизияның дамуы да осы бір арна, бағытта болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. БАҚ эволюциясын ақпараттық қоғамдағы өскелең сұраныстармен түсіндіруге болады. Ал технологиялық төңкерістің қозғаушы күші Интернет желісінің дамып, кең тарауы және компьютерлердің есептеу қуаты шексіз өскендігі, бағдарламалардың кең ауқымдылығы болды. Жаңа ақпараттық технологиялардың бұқаралық ақпарат құралдары саласына енгізген жаңалықтарын былай деп тұжырымдауға болады.

– Компьютер орасан мағлұматтарды өз жадында сақтап, өңдеуге, қарауға және екінші бір компьютерге жеткізуге мүмкіндік береді;

– Интернет ақпарат тарату мен алуда кедергі мен қашықтықты, уақыт пен кеңістікті білмейтін ауқымды арнаға жол ашты;

– Жаңа ақпараттық технологиялар дәстүрлі БАҚ құралдарына еркін кірігіп, қатар өмір сүруіне, бір-бірін толықтыруына мүмкіндік жасады;

Қазіргі заманғы журналистің білігі ретінде мынадай ерекшеліктерді айтуға болады:

1) Ақпаратпен жұмыс істеу машығының болуы. Бұл бірінші кезекте ақпаратты алу, өңдеу, тексеру және тарата білу болса, журналистік зерттеулер, талдаулар үшін сараптау, салыстыру, әлеуметтік және ғылыми өңдеуді қамту.

2) Заңды және экологиялық сауатының болуы. Халықаралық нормаларды, республика заңдары мен өзінің кәсіби және азаматтық құқықтары мен міндеттерін терең түсінген журналист қана оқиға мен дерекке байыпты баға беріп, объективті пікірін білдіре алады.

3) Жаңа техника мен технологияларды жатсынбауы. Бүгінгі қоғамдық қатынастардың негізгі қозғаушы күші технологиялық төңкеріс деп танылуда. Ол 1970-80 жылдары бой көрсетсе, 90-жылдары қарқынды дамып, барлық салаға өзгеріс әкелді. Журналист технологиялық прогрестің насихатшысы болумен қатар, оның тұтынушы болуы абзал.

4) Білімін күнделікті толықтыруы. Өйткені, ақпараттар тасқыны мен технологиялық өзгерістер заманында білімсіз қадам басып, шешім қабылдап, ой айта алмайсың. Өз бетінше білімін көтеру дағдысы бойына сіңіп, қалыптасқан маман ғана бәсекелестік ортаға бейімделіп, мақсат-мұраттарын жүзеге асыра алады.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [11]; [17]; [18]; [19];

Қосымша әдебиеттер: [1]; [6]; [8]; [11];

 

Лекция 6. Цифрлық технологияның дамуы және қолданылуы.

Цифрлық технологиялардың басты артықшылығы мынада: Біріншіден, қалыптасқан жоғары сапалы стандарт. Екінші, оның қашықтыққа берілу кезінде өзгермейтіндігі, үшінші сызықтық емес монтаждаудың кең мүмкіндіктері. Бүгінгі технологиялық өрлеу журналистер үшін жаңа шығармашылық көкжиектерді ашады.

Дәстүрлі хабар тарату. Әуе толқыны арқылы хабар тарату таяудағы жылдары дес бере қоймайтын дәстүрлі арналардың бірі ретінде өз маңызын жоймақ емес. Себебі, тұтынушылардың барлығына бірдей теледидардың қосымша қызметтері қажет те емес, олар тек ақпарат алу көзі ретінде пайдаланады.

Реал-видео. Интернет арқылы жүзеге асырылуда, компьютердің көмегімен телеарналар мен видеоклиптерді көруге мүмкіндік береді. Осы форматта әлемдегі үздік телебағдарламалар мен клиптермен танысып, әртүрлі көрмелер мен байқауларға виртуальды қатысып, шығармашылық шеберлігін шыңдауына кең мүмкіндік алады.

Веб–ТВ. Теледидарға қосылатын қосымша құралдан көпканалды байланыс желісі арқылы Интернетке шығып, телебағдарламаларды көруге мүмкіндік жасайды. Осыған байланысты интернет қызметтері де дүниеге келді. Google жүйесінің тез дамуында осы технологияға негізделгені жатыр.

ТВ-гидтер. Бұл тәсіл кабельдік жүйе үшін жүзеге асырылады. Әлемнің әр тарабында шашылып жатқан бөлек-бөлек желілердің әрқайсысының өз қамту аймағы бар.

Микро-телевидение. Бір канал арқылы бір мезгілде сығымдалған бірнеше ақпараттар тасқыны жіберіледі, оның ішінен кез-келген хабарды кезек-кезек көруге мүмкіндік береді.

Жазып алу қондырғылары. Бұл жағдайда теледидарға қосымша құрал орнатылады, ондағы қатты дискіге сіз белгілеген хабарлар жазылып, түсіп отырады.

Жоғары сапалы теледидар. Дұрысы жоғары сапалы видеоға негізделген теледидар. HDV деп аталатын жаңа стандарт оның сапасын 5 есеге дейін жақсартады. Ол кәдімгі DV форматындағы кассетаға жоғары сапалы видеоны 1920х1080 стандартымен жазады. HDV MPEG-2 сығымдауы қолданылады. Анаморфты өзгеріс деп аталатын осы технологиялық идеяның есебінен кәдімгі miniDV кассетасына бір сағаттық HDV-видеосы сыйып кетеді. Бір секундта 25 Мбит цифрлық видео өңделетіндіктен, кадрдың сапасына нұсқан келмейді.

Бейнені компьютерлік өңдеу саласында қалыптасқан бағдарламалар көптеп саналады. Солардың ішінде кең тарап, дүниежүзілік стандартқа айналған Adobe Premiereбағдарламасы. Ол компьютерлік сызықтық емес монтаж жасаудың барлық операцияларын жүзеге асырады.Adobe After Effecбағдарламасы – сызықтық емес монтажды толықтырып, кері шағылыстыру, бейнелеу, айқындылық сияқты күрделі эффектілермен танылған бағдарлама.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [5]; [8]; [9]; [10]; [17];

Қосымша әдебиеттер: [1]; [6]; [8]; [11];

Лекция 7. Телевизиялық монтаж түрлері.

Кадрларды белгілі бір ретпен орналастыру монтаж деп аталады. Монтаждың негізі ХХ ғ. басында алғашқы кинематографистердің шығармаларында қаланды. Ағайынды Люмьерлердің «Жұмысшылардың заводтан шығуы», «Поездың келуі» секілді қысқа фильмдері бір-ақ кадрдан тұратыны, яғни қозғалмайтын камерамен бір нүктеден, бір планда, бір ғана ракурспен түсірілгені белгілі. Алғашқы он-он бес жыл бойы фильмдердің көпшілігі осылай түсірілген. Аздан соң адамзат целлюлоидты пленканы қиып, желімдеуге болатынын түсінді. Сөйтіп, бірнеше кадрды желімдегеннен пайда болған фильмдер қалыптасты. 1902 ж. «Өрт сөндірушінің бір күні» осы жолмен дүниеге келді. 1914 ж. дейін түсірілген фильмдерден түрлі көлемдегі планды, қозғалыстан түсірілген бейнені, параллельді монтаждың нәтижесін көруге болады. Мысалы,

1-кадр: қол өрт қызметін шақыру нүктесін басты;

2-кадр: өрт сөндіруші машина деподан шықты;

3-кадр: жанған үй ;

4-кадр: өрт сөндіруші машина зулап келеді…

Бірақ 1915 жылға дейін түсірілген фильмдердің көркемдік деңгейі төмен, тек оқиғаның қозғалысқа келтірілген бейнесін береді.

Киноға көркем бейнелілік берудің негізін салған американ режиссер-сценарисі Дэвид Гриффит болды. «Ұлттың тууы» (1915), «Шыдамсыздық» (1916), «Сынған бұталар» (1919) фильмдерінде Гриффит монтаж мүмкіндіктеріне қол жеткізді. Монтаждың мәнін терең түсініп, оны шығармашылық процеске айналдырған кеңестік кинематографистер, әсіресе, ұлы суреткер, ойшыл Сергей Эйзенштейн еді. Монтаждың теориясы мен практикасының қалыптасуына Л.Кулешов, В.Пудовкин, Д.Вертов, А.Довженко, М.Ромм, С.Юткевич сынды кино өнерінің қайраткерлері көп үлес қосты.

Түсіру барысында алынған кадрлардың – кинолента бөлшектерінің басын қосып, желімдеу – механикалық процесс, оны техникалық монтаж деп атайды. Екі кадрдың біріккен жері – склейка. Тәжірибе жүзінде склейкалардың аралығын кадр деп атайды.

Кадр - әрқайсысы жеке-жеке алғанда шартты түрде кадрик аталатын бір сәттік фотографиялар жиынтығы. Кинопроекторда кадриктер секундына 24-тен ауысып отыратындықтан экранда қозғалыстағы бейне пайда болады. Неғұрлым көп кадриктен тұратын кадр экранда ұзақ тұрады да, ұзақ немесе сылбыр кадр аталады.

Кадрлар желімделгенде олардың арасында белгілі бір байланыс болуы қажет, яғни қозғалыс неғұрлым табиғи көрінуі керек. Кадрларды біріктірудің мұндай процесін конструкциялы (құрылымдық) монтаж деп атайды. Әрине құрылымдық монтаждың құрамына техникалық монтаж да кіреді. Құрылымдық монтаждың екі мақсаты бар:

1. кадрлар логикалық байланыста болуы керек (адам машинадан шығады, үйге кіреді, сатымен көтеріледі, пәтердің қоңырауын басады…);

2. әрбір кадрдың нені білдіретінін көрермен түсінетіндей ұзақтық ескерілуі керек.

Кейде кадрлар арасындағы байланыс мұндай қарапайым емес, бейнелі, образды берілуі мүмкін:

1. Сүрлеу жолда қойшы отар айдап келеді;

2. Осы жолмен бір топ адам келеді.

Бұл кадрдың әрқайсысын жеке алғанда мағыналы болуы мүмкін, онда ақпарат бар, бірақ ой жоқ. Ал екеуі қатар келгенде бір қараған адамға мүлде байланыссыз көрінуі мүмкін, алайда екеуі қосылып, жасырын мағына білдіріп тұр: адамдар ретсіз, қойлар сияқты «жайылып келеді». Кадрлар арасында образды байланыс болуын көздеген монтаж көркем (бейнелі) монтаж деп аталады. С.Эйзенштейн айтқандай, кадрға кадр қосылғанда екі кадр емес, үлкен мағына болады. Тағы бір мысал: В.Пудовкиннің «Мать» фильмінде демонстрациядағы халықтың көптігі мен екпіндеп келе жатқан мұзжарғыш кемені кезектестіріп көрсету арқылы революция серпінінің қаттылығын бейнелеген.

Оқиғаның драмалық шиеленісуін бейнелеуде қолданылатын бір тәсіл – паралелльдік монтаж. Екі қозғалысты кезек берудің нәтижесінде екеуінің де бір мезгілде болып жатқанын түсіндіреді, сөйтіп, екі бейненің байланысын білдіреді.

Бейнелердің арасындағы субъективті байланысты беру үшін паралелльдік монтаждың ассоциациялық (ұқсастық) түрі қолданылады. Мысалы, меньшевиктер сөзін бос сөз, жалған тәтті тіл ретінде бейнелеу үшін кеңестік режиссерлер арфа, балалайка секілді аспаптардың ойынын көрсететін еді.

Адам өмірді оның жекелеген көріністерін «монтаждау» арқылы сезінеді. Көркем әдебиет осыны түсіндіріп келсе, кино мен телевизия да осыған үлес қосуда. Киномонтаж бен көркем әдебиеттің кейбір заңдылықтарының ұқсастығын С.Эйзенштейн 1937-1938 ж. жазған мақалаларында көрсеткен.

Жаңа ақпаратты технологияның жетілуіне байланысты телевизиялық «Adobe Premier 2», «Adobe Premier Pro» бағдарламаларымен жүзеге асырылады.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [15]; [17]; [19]; [21]; [22];

Қосымша әдебиеттер: [1]; [9]; [10]; [11];

Лекция 8. Телевизиядағы шығармашылық топ.

ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары телевизия журналистерінің бәрін «комментатор» деп атайтын. Уақыт өтісімен тележурналистер аудитория алдында өзінің жеке бағыты немесе ролі (амплуасы) бар тұлға ретінде қалыптасты. Экрандағы қызмет түрлерінің әрқайсысына тән ерекше жұмыс тәсілдері, ережелері бар; оларды бірдей көру, ерекшеліктерін түйсінбеу қателікке ұрындырады. Телевизиядағы қызмет түрлерін төмендегідей жіктеуге болады:

1. Телерепортер (немесе корреспондент)

2. Комментатор

3. Шолушы

4. Интервьюер (ірі интервьюлердің шебері, сарапшы немесе «портретист»)

5. Жүргізуші (пікірталастың, «дөңгелек үстелдің» жүргізушісі, оны Батыста модератор деп атайды)

6. Ток-шоу жүргізушісі (шоумен)

7. Ақпараттық бағдарламаны жүргізуші (АҚШ-та анкормен (якорь сөзінен) немесе news-presenter – жаңалықтар ұсынушы деп те атайды).

1. Редактор (продюсер) – шығармашылық процесті ұйымдастырушы

Ұжымдық телевизиялық процесте оған қатысушылардың барлығы ортақ істің негізгі принциптеріне бағынғаны дұрыс. Мұндай түсіністікті қалыптастырудағы басты роль продюсер немесе редактордың еншісінде. Әдетте олар кадрда көрінбейді. Отандық тележурналистикада продюсер мен редактордың еңбек бөлінісі енді ғана қалыптасып келеді. Сондықтан олардың жұмысының әзір бір ғана айырмасы бар: редактордай емес, продюсер бағдарламаны дайындаудың қаржылық жағына да жауап береді. Титрда «креативный продюсер» деп жазылса, продюсердің шығармашылық жауапкершілігін, ал «исполнительный продюсер» – съемка мен монтажды ұйымдастыруын көрсетеді.

Телевизиядағы редакциялау рубриканы бекітуден, редактор жоспарын жүзеге асыратын авторларды таңдаудан басталып, түсірілген материалды рубриканың шығармашылық мақсатына орай өңдеумен аяқталады. Телевизия редакторының алдында хабарға қатысушыларды таңдай білу мәселесі де тұрады. Сондықтан редактор оның сырт келбеті, сөйлеу мәнері, ойын еркін жеткізе алуына да мән береді. Сонымен телередактор - әдеби қызметкер ғана емес, экрандағы «суреттің, бейненің» ұйымдастырушысы. Жаңалықтар қызметі редакторының репортерлерге қатаң талап қоюға хақысы бар. Ол репортерден материалды қысқартуын немесе құрылымын өзгертуін талап ете алады, тіпті эфирге жібермей қоюы да мүмкін.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Пререквизиттер | Комментатор мен шолушы


Карта сайта Карта сайта укр


Уроки php mysql Программирование

Онлайн система счисления Калькулятор онлайн обычный Инженерный калькулятор онлайн Замена русских букв на английские для вебмастеров Замена русских букв на английские

Аппаратное и программное обеспечение Графика и компьютерная сфера Интегрированная геоинформационная система Интернет Компьютер Комплектующие компьютера Лекции Методы и средства измерений неэлектрических величин Обслуживание компьютерных и периферийных устройств Операционные системы Параллельное программирование Проектирование электронных средств Периферийные устройства Полезные ресурсы для программистов Программы для программистов Статьи для программистов Cтруктура и организация данных


 


Не нашли то, что искали? Google вам в помощь!

 
 

© life-prog.ru При использовании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.

Генерация страницы за: 0.516 сек.