«Компьютерлік видеомонтаж» аталатын пән осы сала бойынша барлық білімдер жиынтығын меңгеру мақсатында жасалған. ОӘК қазіргі кездегі кездегі қойылатын талапқа сай орындалған.
«Компьютерлік видеомонтаж» аталатын оқу пәнінің негізгі лекциялық және практикалық сабақтарына әдебиеттер мен оқу құралдары, қосымша әдебиеттер толық қамтыған.
Компьютерлік видеомонтаж пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен /Құраст.Беркамалова Р.Н. – аға оқытушы– Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012 - 44 б.
Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: Беркамалова Роза Нұртазақызы, аға оқытушы.
1.2. Пән жайында мәлімет.
Пәннің аты: «Компьютерлік видеомонтаж»
Кредит саны: 3
Өткізілетін орны: Мұқанов көшесі 1, 9 ғимарат.
Курс
Семестр
Кред
Лек
Сем
СОӨЖ
СӨЖ
Бар
Емт.
Пререквизиттер
Пән аясында студенттер оқып-үйренуге, меңгеруге тиісті мәселелер:
Отандық журналистика күн сайын дамуда. «Компьютерлік видеомонтаж» қиын да күрделі саланың бірі. Ол ең алдымен техника тілін меңгеруді талап етеді. Сондықтан да бұл пәнді оқытудағы басты міндет – теориялық білім мен техникалық іс-тәжірибені қатар ұстау, компьютердің көмегімен монтаж жасауға мамандандыру.