Батыс журналистикасында «факт – киелі, ал комментарий – еркін» деген сөз бар. «Америка даусы» (Voice of America) радиосының тыңдарманы «…бұл комментарий Құрама Штаттардың үкіметінің көзқарасын білдіреді» дегенді естіп үйренген. Комментарий – фактінің өзі емес, оған деген көзқарас. Комментатор – сұрақтың туындау тарихымен таныс, осы тақырыпты зерттеген, өз болжамы мен пікірін білдіруге моральдық құқығы бар тәжірибелі журналист. Бірақ ол да оқиғаға өзге де көзқарастардың барын жоққа шығармайды, ол көзқарастарды сынауы мүмкін. Комментатор жаңалықтар қызметінде немесе одан кейін қандай бір күрделі саяси мәселені талқылау қажеттілігі туындаса, қандай бір жаңа фактіге тарихи-саяси баға беру керек болса эфирге шығады.
Комментарий көрерменнің оқиға жөнінде өзіндік пікірін қалыптастыруына ықпал етеді деп саналады. Талдамалы бағдарламада мемлекеттегі барлық (биліктің түбіне жетуді, қоғамдық құрылымды жоқ қылуды көздейтін экстремистік көзқарастан басқа) саяси бағыттар жөнінде айтылуы керек. Сондықтан редакцияның міндеті – түрлі көзқарасты ұстанған комментаторларға сөз беру. Аудиторияны логика, темперамент, материалмен арадағы дистанция (өзінің қайшылықтан алыс тұруы) сендіреді. Әрине, комментарий эмоцияны қыздыруға емес, ой мен санаға бағытталуы тиіс. Комментатордың актерлік қабілетіне келсек, ол журналистке өте керек.
Шолушы – жеке бағдарлама жүргізетін, видеоматериалды көрсете отырып, өз пікірін білдіретін, кейде студия қонақтарымен әңгімеге де жүгінетін, белгілі бір салада маманданған журналист (немесе өзге мамандық иесі: саяхатшы, космонавт, балерина, дәрігер, т.б.). Ол әңгімелесе алатын, камераны «сезіне алатын» (яғни өзіне көрінбейтін аудиторияны сезінетін), күрделі нәрсе жөнінде қарапайым әңгімелеп беретін адам болуы керек.
Шолушының комментатордан айырмашылығы:
1. «Журналдық» типтегі күрделі бағдарламалардың сценариін жасай алады, студияда еркін әңгімелеседі.
2. Шолушы саяси тақырыпқа көп бара бермейді. Ол насихатшы, үгітші емес, керісінше энциклопедист деуге болады. Ал оларға ортақ қасиет: екеуі де экранға өз пікірін айту үшін, өз эрудициясын көрсету үшін шығады. Олар көрерменді қызықтыра алады. Олар әдетте тәжірибелі, орта жастағы адамдар, сөз байлығы мол, публицистикалық монологты еркін де көркем жеткізуге қабілетті.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: [7]; [6]; [8]; [11]; [12]; [15];
Қосымша әдебиеттер: [1]; [9]; [10]; [11];
Лекция 9. Телевизия тәжірибесінде қолданылатын негізгі ұғымдар.
Телевизия – БАҚ ғана емес, оның үстіне шығармашылықтың түрі. Ендеше оның да ерекше тілі болуы заңды. Экран тілі – техникалық тәсілдер мен көркемдеу-мазмұндау әдістерінің жиынтығы. Ақпарат берудің экрандық типі телевизия мен киноға ортақ экран тілі қалыптасқан. Оны алғаш кинематографистер қалыптастырды, кино шеберлері дамытып, көрермен қабылдаған кезде телевизия енді дүниеге келген болатын.
Кеңістіктің экран рамкасында шектелген бейнесі кадр деп аталады. Кино мен телевизияның кеңістікке ғана емес, уақытқа да қатысты ұғым екені белгілі. Сондықтан «кадр» ұғымы тағы бір белгіні – ұзақтықты, яғни, бейненің экраннан көріну ұзақтығын да білдіреді.
Кадрдағы бейненің көлемін план деп атайды. «План» ұғымы кадрдағы бейненің үлкен-кішілігін білдіреді, ол камера мен объектінің арақашықтығына және объективтің фокустық арақашықтығына байланысты. Пландарды нақты 6 түрге бөлуге болады:
1. Қашықтық план (М: адам және оның айналасы)
2. Жалпы план (М: адамның ұзына бойы)
3. Орта план (М: адамның тізесіне дейін)
4. Белдің план (М: адамның беліне дейін)
5. Ірі план (М: адамның басы)
6. Макроплан (жекелеген деталь, М: адамның көзі).
Ракурс термині бейнелеу өнерінен ауысқан, алғашында фигураны қысқартып, кішірейтіп беруді осылай атаған. Ал қазір ракурс – бейнені ерекше көру нүктесінен (жоғарыдан, төменнен, т.б.) түсірудегі қатты қысқартуды білдіреді.
Экранда бейне белгілі бір көлемде (планда), белгілі бір нүктеден түсірілгені көрінсе, мұндай қасиет сурет өнеріне де тән. Бірақ телевизия мен бейнелеу өнерінің басты айырмашылығы – экрандағы бейне тұрақсыз, ол көрінеді де жоғалады. Оның үстіне экрандағы бейне қозғалады, ал қозғалыстың кеңістікте және уақытта белгілі бір ұзақтығы бар екені белгілі.
Фильм немесе телебағдарлама көрерменге бірімен бірі ауысып келетін кадрлар ағынымен әсер етеді. Кадрлардың тоқтаусыз ағыны – экранның басты ерекшелігі. Ендеше кадрлардың алмасуы, кезегімен келуі аса маңызды.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: [15]; [17]; [19]; [21]; [22];
Қосымша әдебиеттер: [1]; [9]; [10]; [11];
Лекция 10. Телевизиялық түсіру (съемка) түрлері.
Қозғалыстағы камерамен түсіру экрандағы бейненің мәнін аша түседі. Қозғалыстан түсірудің бірнеше түрлері бар.
Панорамалау - өзінің вертикаль немесе горизонталь осі бойында айналып тұрып түсіру. Камера бір орында бекітілген, бірақ ол жоғары-төмен, оңға-солға айналып тұрып түсіреді (Мысалы, футбол стадионында камера көлденеңінен айналып, доптың қозғалысынан қалмайды).
Қозғалыстан түсірудің екінші түрі – проезд немесе трэвеллинг (ағылшынша саяхатшы немесе жылжымалы). Ол горизонталь немесе вертикаль қозғалып түсіруді білдіреді (көше бойымен жүру, жерден үйдің шатырына дейін және керісінше бағытта түсіру, камераның қозғалыстағы машинаның қасында жүріп түсіруі). Трэвеллингтің отъезд, наезд, яғни объектіге жақындау немесе алыстау арқылы түсіретін түрлері бар. Кейінгі жылдары камера объектіге кәдімгідей жақындап келмейді, тек арнаулы объективтің көмегімен бейненің бұрышы өзгереді, бұл тәсіл оптикалық наезд аталады.
Траекториялық түсіру – қозғалыстан түсірудің тағы бір түрі. Ол – трэвеллинг пен панорамалаудың жиынтығы, камераның күрделі қозғалысы. Оның барысында ұзын сапты құрылғысы бар оператор краны қолданылады, кран жан-жаққа, жоғары-төмен қозғалады, айналады.
Қозғалыстағы камерамен түсірудің кез-келген түрі арқылы кадрішілік монтаж эффектіне қол жеткізуге болады. Кадрішілік монтаж бір ұзақ кадр ішінде үзіліссіз түсіруге мүмкіндік туғызады.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: [7]; [8]; [11]; [15]; [16]; [19];
Қосымша әдебиеттер: [1]; [9]; [10]; [11];
2.3 Семинар сабақтарының жоспары.
1. Кіріспе. Жаңа телевизиялық технологиялар
Сұрақнама
1. Пәннің мақсаты мен міндеті.
2. Телекоммуникациялық технологиялардың дамуы.
Тапсырмалар:
1.Компьютерлік технологияның ерекшелігін жазу.
2.Ақпарат таратудағы телекоммуницияның орнын анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар:
1.Жалпы телекоммуникациялық технологиялар бойынша әдебиеттерді оқу.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: [1]; [3]; [5]; [6]; [11]; [12]; [15]
Қосымша әдебиеттер: [4]; [5]; [8]; [11];
2. Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері.
Сұрақнама
1. Компьютерлік бейнеөнімдер.
2. Компьютерлік кескіндемелер
Тапсырмалар:
1. Компьютерде бейнеөнімді өңдеу.
Әдістемелік нұсқаулар:
1.Компьютерлік бейнеөнімдерге қатысты кітаптарды оқу.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: [2]; [4]; [10]; [11]; [13]; [17]; [21]
Қосымша әдебиеттер: [6]; [8]; [11];
3. Компьютерлік бейнеөңдеу.
Сұрақнама
1. Компьютерлік монтаждың пайда болуы.
2.Adode Premiere Pro бағдарламасының мүмкіндіктері.
Тапсырмалар:
1. Adode Premiere Pro бағдарламасы туралы конспект жасау.
Әдістемелік нұсқаулар:
1.Компьютерлік бейнеөнімдерге қатысты кітаптарды оқу.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: [3]; [8]; [9]; [14]; [17]; [20];
Қосымша әдебиеттер: [1]; [6]; [8]; [11];
4. Компьютерлік технологияның көмегімен бейнені өңдеу.
Сұрақнама
1. Клип, бейнелердің компьютерде өңделуі.
2. Өңделген бейнелердің таратылуы.
Тапсырмалар:
1. Компьютерде бағдарламаның көмегімен монтаж жасау.
Әдістемелік нұсқаулар:
1.Компьютерлік бейнеөнімдерге қатысты кітаптарды оқу.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: [8]; [9]; [10]; [11]; [13]; [14];
Қосымша әдебиеттер: [1]; [6]; [8]; [11];
5. Телевизияның жаңа ақпаратты технологиялары және мүмкіндіктері
Сұрақнама
1. Жаңа ақпараттық технологиялардың БАҚ жүйесіне енуі.
2. Интернет және журналистика.
Тапсырмалар:
1. Қазақстандағы Интернет жүйесінің дамуы. Реферат әзірлеу.
2. Интернет жүйесі бойынша ақпаратты оқу.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Аталған тақырып бойынша тележурналистика байланысты зерттеу еңбектерді оқу.
2.5.Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студеттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.........................................................................................29-33
2.6. Студеттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары................................................................. 33-35
2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары........35
2.6.2. Курстық жұмыс тақырыптары..................................35-36
2.7. Оқу сабақтарына бағдарламалаық және мультимедиялық ілеспе..............................................................................................36-37
2.8. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалар....................37-41
2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары..............................41-42
ОӘК кафедра отырысында талқыланған
(Хаттама №9 «04» мамыр 2012 ж.)
ОӘК Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ғылыми-әдістемелік кеңесімен мақұлданған
(Хаттама №6 «08» маусым 2012 ж.)
«Компьютерлік видеомонтаж» пәні бойынша
«Журналистика» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Беркамалова Роза Нұртазақызы
Басуға ___ 2012 ж.Қол қойылды.Пішімі 60х84 1/16. Кітап-журнал қағазы. Көлемі ___ ес.-б.т. Таралымы__ дана. Тапсырыс №___
Е.А.Бөкетов атындағы Карағанды мемлекеттік университетінің баспасы