русс | укр

Языки программирования

ПаскальСиАссемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование

Все о программировании


Linux Unix Алгоритмические языки Аналоговые и гибридные вычислительные устройства Архитектура микроконтроллеров Введение в разработку распределенных информационных систем Введение в численные методы Дискретная математика Информационное обслуживание пользователей Информация и моделирование в управлении производством Компьютерная графика Математическое и компьютерное моделирование Моделирование Нейрокомпьютеры Проектирование программ диагностики компьютерных систем и сетей Проектирование системных программ Системы счисления Теория статистики Теория оптимизации Уроки AutoCAD 3D Уроки базы данных Access Уроки Orcad Цифровые автоматы Шпаргалки по компьютеру Шпаргалки по программированию Экспертные системы Элементы теории информации

Жобалау тану теориясы позициясынан


Дата добавления: 2015-08-06; просмотров: 1327; Нарушение авторских прав


4 Жобалау автоматизациясына негіз ретінде жүйелік тұрғы

4.1 Жобалауға жүйелік тұрғы

5.Автоматтандырылған жобалау жүйелері

5.1 АЖЖ құру мақсаттары және есептері.

6.АЖЖ қамтамасыздандыру түрлері

7 . ЖЖА топтастыру

8. Жобалау үрдістерінің жалпы мәдіметтері. Жобалаудыңжүзеге асуынының әдіс –тәсілдерін.

8.1 кезең және жобалау кезеңдерінің

9. Рәсімдердің техникалық тапсырманың зерттеу кезеңдері

9.1 Бастапқы кезеңдегі техникалық тапсырмаларының зерттеулерінің шешетінің негізгі мақсаттарды

10. Техникалық ұсыныстарды өңдеу процедуралар кезеңінде

10.1 Техникалық ұсынысты өңдеу кезеңінде шешілетін негізгі есептер

11.Техникалық шешімдерді іздестіруді ұйымдастыру

11.1 Техникалық шешімдерді іздеу

12.Жобалаудың объектілерін талдау үшін имитациялық үлгілеу.

12.1 Имитациялық үлгілеу технологиясының негіздері

13. Процедуралардың нұсқалы жобаның өңдеу кезеңінде

13.1 Нұсқалы жобаның өңделуі кезеңінде шешетін негізгі есептер

14. Техникалық жобаның өңделуі кезеңіндегі процедуралар

14.1 Техникалық тапсырмалардың өңделуі кезеңіндегі шешілетін негізгі есептер

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

КІРІСПЕ

 

Жобалау автоматизациясы ақпараттық технологиялардың ішінде ерекше орын алады. Біріншіден, жобалау автоматизациясы – жинақтамалы пән, оның құрама бөліктері көптеген басқа заманауи ақпараттық технологиялар болып табылады. Автоматтандырылған жобалау жүйесінің (АЖЖ) техникалық қамтамасы есептеуіш желілер мен телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген, ал автоматтандырылған жобалау жүйесіне дербес компьютерлер мен жұмыс станциялары қолданылады.



АЖЖ математикалық қамтамасы жасанды интеллектідегі, дискретті математикадағы, математикалық бағдарламалаудағы, статистикадағы, есептеуіш математикадағы қолданылатын әдістерінің байлығымен және әр түрлілігімен ерекшеленеді. АЖЖ бағдарламалық кешені әр түрлі операциялық жүйелерге негізделген, заманауи бағдарламалау тілдері мен басқа да заманауи CASE технологияларды, реляциялық және мәліметтер қоймасын объектілі-бағдарланған жүйелердегі басқаруды, ашық жүйелердегі стандарттар мен компьютерлік ортадағы мәліметтерді алмасуды қолданатын ең күрделі заманауи бағдарламалық жүйелердің қатарларына жатады.

Екіншіден, жобалау автоматизациясының негізін білу және АЖЖ құрылғыларымен жұмыс істей алу кез-келген құрастырушы инженерлерге қажет. Жобалық бөлімшелер, конструкторлық бюролар мен кеңселер компьютерлермен толықтырылған. Өнеркәсіптер өндірісті автоматтандырылған жобалау жүйелерінсіз жүргізсе немесе оларды тек аз дәрежеде қолданса, онда олар жобалаудағы көптеген материалдық және уақыт шығындары үшін, сапасы жоғары емес жобалары үшін бәсекеге қабілетті емес болады. Жобалау автоматизациясы үшін пайда болған алғашқы бағдарламалар 60-шы жылдардың басына жатады. Сол кезде құрылыс механика есептерін шешуге, электрондық схемаларды анализдеуге, басылым платаларын жобалауға арналған бағдарламалар құрылған болатын.

АЖЖ одан кейінгі даму жолы машиналық графиканың аппараттық және бағдарламалық құралдарын құру, модельдеу мен анализдеу бағдарламасының есептеуіш тиімділігін арттыру, АЖЖ қолдану аймағын кеңейту, қолданушылық интерфейсті ықшамдау, жасанды интеллект элементтерін АЖЖ енгізу болды.

Қазіргі таңда АЖЖ үшін көп мөлшерде қолданбалы бағыттағы және әр түрлі дәрежедегі мамандандырылған бағдарламалы-әдістемелік кешендер жасалған. Нәтижесінде жобалау автоматизациясы әр түрлі мамандықтағы мамандарды дайындаудың қажетті құрама бөлігі болып табылды.

АЖЖ салаларындағы әр түрлі мамандықтағы инженерлерді дайындау базалық және арнайы компонентке кіреді. Ең жалпы ережелер, автоматтандырылған жобалау модельдері мен әдістері құрылғылар мен автоматизация жүйелерін жобалау АЖЖ негіздеріне арналған курс бағдарламасына кіреді.

 

 

1 АЖЖ КӨМЕГІМЕН КҮРДЕЛІ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖОБАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

 

1.1 Курстың мазмұны мен міндеті

 

«Құрылғы мен автоматизация жүйелерінің АЖЖ» пәнін оқу студенттердің сәйкесінше мамандықтары бойынша негізгі білімдерін қалыптастыруға қажет. Пәнде құрылғыларды және автоматизация жүйелерін жобалау барысында қолданылатын АЖЖ ұйымдастыру принциптері, автоматтандырылған жобалаудың әдістері, математикалық модельдер, бағдарламалық және техникалық құрылғылар жүйеленген.

Пәнді оқытудың мақсатыматематикалық және компьютерлік модельдеу әдістеріне негізделінетін жүйелі техникалық жобалаудың негізгі әдістерін оқу; студенттердіңқұрылғылар мен автоматизация жүйелерін жобалау барысында қолданылатын автоматтандырылған жобалау жүйелерініңтеориялық негіздерін игеру; АЖЖ көмегімен автоматизацияның күрделі техникалық жүйелерін жобалаудағы инженерлік есептерді шешу барысында тәжірибені қалыптастыру.

Курс міндеттері:

- бар құрылғы мен автоматизация жүйесінің АЖЖ классификацияларын және оларды бұйымды жобалаумен байланысты кешенді есептерді шешуде қолданылатын салаларын игеру;

- АЖЖ ішкі жүйелерінің функционалдық сипаттамаларын анықтау, оларды құру әдістерін игеру;

- өндірістерде кеңінен таралған және жүйелердің жеке кластарының өкілі болып табылатын бірқатар АЖЖ тәжірибелік түрде игеру;

- кешенді жобалау барысында жүйелі техникалық тұрғының дағдыларын дамыту;

- студенттердің курсты оқу барысында алған білімдерін өз бетімен игеруін және тереңдетуін дамыту;

- құрылғы мен автоматизация жүйесінің АЖЖ жетілдірудің негізгі бағыттары мен перспективаларымен таныстыру

Курсты оқу барысында студент машиналық жобалау идеологиясымен, соның ішінде жобалық, конструкторлық және технологиялық қызметтердің барлық түрлерінің жиынымен танысады.

Пәнді оқытудың нәтижесінде студент білуге міндетті:

- автоматизация жүйелері мен басқарудың аппараттық құрылғыларын жобалауын сүйемелдейтін стандарттар мен әдістемелік және нормативтік материалдарды;

- автоматизация жүйелерінің бағдарламалық және ақпараттық, математикалық, лингвистикалық қамтамаларын әзірлеу әдістері мен құрылғыларын;

- техникалық құжаттамаларды дайындау құрылғылары мен әдістерін, ережелерін;

- аспаптар мен жүйелерді жобалау барысында қолданылатын есептеуіш техниканың заманауи құрылғыларын;

- автоматизация жүйелері мен басқарудың бағдарламалы-техникалық кешендерінің отандық және шетелдік үлгілерінің экономикалық көрсеткіштері мен техникалық сипаттамаларын;

- есептеуіш техника құрылғыларының негізіндегі жобалау автоматизациясының ерекшеліктерін;

- автоматтандырылған жобалау жүйесі қанағаттандыратын талаптарды;

- АЖЖ бағдарламалық құрылымын;

- жобалау процестерін алгоритмдеуі мен АЖЖ әдіснамасы бойынша негізгі дайындықты алуға.

 

 

2 ЖОБАЛАУ ОБЪЕКТІСІ МЕН ПРОЦЕСІНЕ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС

 

2.1 Жобалау туралы ғылымның қалыптасуы

 

Бірдемені жасау үшін, адам алдымен өзінің қиялында еңбек құралының субъективті моделін қалыптастырады. Ары қарайғы оның қызметі оны жүзеге асыру болып табылады. Бұл еңбек процесінің екі шартты кезеңі – жобалау және орындау.

Егер еңбек процесіне бір ғана адам қатысса, онда еңбек құралының моделі оның жеке қиялы мен түсініктерінің ішінде ғана тұйықталынады. Еңбек процесіне басқа қатысушы қатысса, онда еңбек құралы туралы ақпаратты оған жеткізудің қажеттілігі пайда болады. Ол шартты кодта жасалынады – ауызша немесе графикалық сипаттама формасында. Жазба болмағанға дейін жобалаудың және конструкциялаудың формасы ауызша кеңестер мен модельдер болатын.

Ертеректе Ресейде сызбаларды қолдана бастауы (сызба – суреттер, сызба – схемалар) XI ғасырға жатады. XVIII ғасырда сызбалар жаппай орындала бастады. Соған қарамастан конструкциялаудың негізгі формасы ретінде модель жасау болып қала берді де, ал сызбалар сол бойынша жасалынатын.

Механизмдерді жобалаудың теориялық негіздері XVIII ғасырдың екінші жартысында академик Л.Эйлермен негізделген болатын. Ол динамиканы есепке ала отырып машинаны зерттеуге талпыныс жасаған. Бұған дейін динамика машинадан жеке теориялық ғылым ғана болған. Эйлерден кейін механизмді динамика позициясынан қарастырған Я.П.Козельский және С.К.Котельниковалардың еңбектері пайда болды. XVIII ғасырдың аяғында механиканың даму орталығы Франция болды. Оған Ж.Лагранж еңбектері мүмкіндік туғызды.

XIX ғ. – техниканың жетістігі ғылымның дамуынан озып түсті.

XX ғ. – техниканың дамуы жобалау әдістерін жетілдіруді қажет ететін бірқатар қарама – қайшылыққа әкеліп соқтырды.

Бірінші қарама – қайшылық – техникалық жүйелердің (ТЖ) күрделенуінің өсу қарқыны оларды жобалау әдістерінің дамуынан басым болуы.

Техникалық жүйелердің күрделілігінің өсуі оған кіретін ішкі жүйелер мен элементтер (әр бір 15 жыл сайын екі есе өседі) санының өсуінен шығады.

Сонымен қатар, еңбекті бөлу мен ТЖ әзірлейтін мамандар саны да өсуде; іс-әрекеттерді келісу қиындайды, әзірленетін ТЖ жайында бір тұтас (ТЖ ішкі жүйелері мен элементтерінің жоғарғы көрсеткіштеріне қарамастан тиімділігі аз немесе жұмысқа жарамайтын ТЖ болады) көрініс жоғалады.

Екінші қарама – қайшылық – ТЖ әзірлеу ұзақтылығы мен оның рухани тозу мерзімі сияқты факторлардың өзара әрекеттесуі.

Екі фактор да уақытпен өлшенеді. Әзірлеу мерзімі ТЖ күрделенген сайын созылады, ал рухани тозуға дейінгі уақыт ғылыми – техникалық прогрестің үдеу себебінен азаяды.

Бұл қарама – қайшылықты жоюға:

− жобалауда еңбек өнімділігін жоғарлатуымен;

− ТЖ перспективті техникалық шешімдер негізінде құруымен жетуге болады.

 

 

3 ЖОБАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕМЕСІ

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
управления и документооборота в автосервисе | Жобалау тану теориясы позициясынан


Карта сайта Карта сайта укр


Уроки php mysql Программирование

Онлайн система счисления Калькулятор онлайн обычный Инженерный калькулятор онлайн Замена русских букв на английские для вебмастеров Замена русских букв на английские

Аппаратное и программное обеспечение Графика и компьютерная сфера Интегрированная геоинформационная система Интернет Компьютер Комплектующие компьютера Лекции Методы и средства измерений неэлектрических величин Обслуживание компьютерных и периферийных устройств Операционные системы Параллельное программирование Проектирование электронных средств Периферийные устройства Полезные ресурсы для программистов Программы для программистов Статьи для программистов Cтруктура и организация данных


 


Не нашли то, что искали? Google вам в помощь!

 
 

© life-prog.ru При использовании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.

Генерация страницы за: 0.062 сек.