Экранда фигуралардың жылжу эффектілері циклдік процестермен жүзеге асырылады. Цикл денесінде бірінші фигураны бояу стильдері орнатылады, одан кейін жылжитын дене экранда алғашқы көрінетін орнының координаттарымен шығарылады. Сонан соң фигураның экранда кішкене уақыт көрініп тұруы үшін Delay процедурасы қолданылады. Одан кейін экрандағы барлық көрініс Cleardevice процедурасымен өшіріледі де цикл аяқталады.
Фигураны шығару процедурасының кемінде бір параметрі цикл параметрімен байланысты болуы тиіс. Сонда циклдің әр орындалуында фигура жаңа орынға шығарылып түрады. Ал циклдік бағдарлама толық орындалғанда фигура бір орыннан кішкене уақыт көрінгеннен кейін өшіріліп қалып, циклдің келесі мәнінде қайтадан жаңа орыннан кішкене уақыт көрініп өшіріліп қалып, әрі қарай циклдің әр келесі мәндерінде дәл осындай процестер жүріп отырады да, сырт көзге фигура жылжып бара жатқан сияқты көрінеді.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
GRAPH модулі процедуралары мен функцияларын қалай іске қосылады?
Графиктік режим қалай орнатылады?
Экран неден тұрады?
Экранды басқару үшін қолданылатын процедуралар және олардың атқаратын қызметтері.
Экранда көзге көрінбейтін курсор қандай қызмет атқарады?
Экрандағы нүктелер координаттарын қалай анықтауға болады
Графиктік режимде экранға сандық шамалар қалай шығарылады?
Текстердің шрифтерін орнататын процедуралар.
Графиктік режимде бағдарламаның дұрыс орындалуын тексеретін қандай стандартты функциялар бар?
Графиктік режимде фигураларды қалай жылжытуға болады?
Putpixel процедурасының көмегімен экранға квадрат терезе шығарыңыз.
мен ондағы компьютерлер санының өсу динамикасын көрсететін диаграммалар шығарыңыз.
Экранда қисық сызықты дыбыс шығарып жылжитын фигуралар жиынтығынан тұратын бағдарлама құрыңыз.
Графиктік режимде квадрат теңдеуді шешу бағдарламасын қүрып, нәтижесін экранға шығарыңыз. Графиктік режимнің сан шығару мүмкіндігі жоқтығынан, сандық шамаларды алдымен жолдық қатарға айналдырып алыңыз.
Экранға 5 секунд сайын "GraphTexf сәзін әртүрлі жаңа шрифт түрлерімен шығаратын бағдарлама құрыңыз.
Қосымшалар
I. TURBO PASCAL терезесінің элементтері.
Turbo Pascal ортасының терезесі бағдарлама жасауға және редакциялауға өте ыңғайлы болып табылады. Терезе экранға TURBO.exe файлы іске қосылғаннан кейін шығады. Бұл файл бағдарламаны құрайтын басқа да файлдармен бірге ТURВО(әдетте жолы - C:\TURBO_P) каталогының ішіне жазылады. Бағдарлама терезесінде тексті қазақ алфавиті әріптерімен теру үшін алдын-ала kaziqe.com файлын жүктеу керек. Терезенің жоғарғы жағында мәзірлер қатары, төменгі жағында бағдарламалау барысында қолдануға болатын функциональды пернелер комбинацияларын көрсететін түсініктеме қатары орналасады. Turbo Pascal терезесі екі жұмыс күйінде болады: режим таңдау және редакциялау. Редакциялау жұмыс күйінде парақта курсор көрініп тұрады. Курсор деп әрдайым бағдарламаның келесі символы парақтың қай жерінен бастап ендірілетінін көрсетіп тұратын белгіні айтады. Курсор тұрған жерден бастап бағдарламалық текст теріледі. Егер терезе режим таңдау күйінде болса, онда курсор жоқ болып кетеді де, мәзірлер қатарының бірі боялып көрініп түрады. Редакциялау жұмыс күйінен режим таңдау күйіне өту үшін F10 клавишы, ал режим таңдау күйінен редакциялау күйіне өту үшін Esc клавишы басылады. Редакциялау күйінен бірден мәзірлердің біріне шығу үшін ALT клавишын керекті мәзірдің алғашқы әрпімен бірге басса болғаны.
Бағдарламалық текст теру
Бағдарлама қосылғанда экранда Noname00.pas атты жаңа бос файл автоматты түрде ашылады. Бағдарламалық текст жазу үшін курсорды керекті жерге апарып, тексті пернетақтадан теріп жазу керек. Бір қатар толтырылғаннан кейін, курсорды келесі қатарға түсіру үшін Enter пернесін басу керек. Егер курсор экранның төменгі немесе оң жақ шетіне келсе, онда экранның оң немесе төменгі жағындағы оңға және төменге қарай айналдыру батырмаларын басу керек. Терезені төмендегі пернелермен де жылжытуға болады:
PgUp - бір бет жоғары жылжу;
PgDn - бір бет төмен жылжу;
Home - курсор тұрған қатардың басына жылжу;
End - курсор турған қатардың соңына жылжу;
Ctrl+PgUp – текстің басына жылжу;
Ctrl+PgDn – текстің соңына жылжу.
Бағдарламалық текст теру процесінде қателер кетсе онда символдарды өшіру үшін келесі редакциялау пернелері қолданылады:
Backspace - курсор тұрған жерден солға қарай өшіру;
Del - курсор тұрған жердегі символды өшіру;
Ctrl+Y - курсор тұрған қатардың барлығын өшіру.
Бағдарлама жазу барысында F1 немесе Help мәзірі командаларын орындау арқылы көмек алуға болады. Көмекші анықтамалар ағылшын тілінде жазылған, егер ағылшын тілін білмеген жағдайда анықтамалық мәліметтерді басқа қолданбалы аударма бағдарламаға көшіріп, немесе анықтамалық файлды сол бағдарламада ашып, түсінікті тілге аударып алуға болады.
Turbo Pascal ортасында жұмыс барысында басқа текстік редакторлар сияқты фрагменттерді буферге көшіруге, оларды курсормен керсетілген жерге қоюға, оларды ещіруге, файлдар арасындағы байланыс, бір мезгілде бірнеше тереземен жұмыс істеуге жәнет.б. көптеген операциялар жасауға болады. Ол үшін мәзірлер қатарындағы командалар пайдаланылады.
II. Мәзірлер қатары командалары.
FILE (ФАЙЛ) мәзірі.
Бұл мәзір жаңа немесе бұрыннан бар файлды ашу, сақтау және баспаға шығару үшін қолданылады. File мәзірінің командаларының қызметтері:
- FILE - NEW - терезеде Noname00.pas атты жаңа файл ашылады. Файлдың нөмірі терезеде Noname атты ашылған файлдардың санына байланысты болады(мысалы: Noname01pas, Noname02.pas. ...).
- FILE - OPEN (F3) - дискіде бурыннан бар файлды ашады. Бұл команда орындалғанда экранға "Open A File" диалогтық терезесі шығады, терезенің "ендіру алаңына" ашылатын файлдың аты жазылып немесе "таңдауалаңынан" файл таңдалып Open батырмасы басылады.
- FILE - SAVE (F2) - ағымдағы файлды сақтайды. Егер терезеде ашылган жаңа Noname00.pas файлы болса, онда команда орындалғанда экранға "Save File As" терезесі шығады. Терезенің "ендіру алаңына" сақталагын файлдың аты жазылып Ок батырмасы басылады.
- FILE - SAVE AS - файлды басқа атпен сақтайды
- FILE - SAVE ALL - терезеде ашылған барлық файлдарды сақтайды (жұмыс принципідәл FILE – SAVE кoмaндacындaй).
- FILE - CHANGE DIR.. - файлдарды ашатын не сақтайтын каталогты анықтайды. Команда орындалғанда экранға шығатын Change Directory терезесінің "Ендіру алаңына" файлды ашу не сақтау каталогының жолы жазылып Ок батырмасы басылады.
- FILE - PRINT - файлды баспаға жібереді.
- FILE - PRINTER SETUP - баспа қурылгысын орнатады.
- DOS shell - уақытша DOS командалық қатарына шығады, қайтадан Turbo Pascal терезесіне шығу ушін Exit командасы орындалады.
-EDIT - PASTE (Shift+lnc) - буферде орналасқан фрагменттерді курсор тұрған жерге қояды.
-EDIT - CLEAR (Ctrl+Del) - белгіленген фрагменттерді өшіреді (бірақ бұл команда орындалғанда фрагмент буферге орналаспайды).
SHOW CLIPBOARD – буфердің мазмұнын шығарады, экранға шыққан Clipboard терезесінде буфердегі фрагменттер көрініп турады.
SЕАRСН(ІЗДЕУ) мәзірі
SEARCH мәзірі бағдарламалық текстің керекті фрагментін іздеу, оларды ауыстыру және қателерін шығару үшін қолданылады. Бұл мәзір келесі командалардан тұрады:
-SEARCH - FIND - бағдарламаның фрагментін іздеп табады.
Бұл команда орындалғанда экранға шығатын Find диалогтық терезесінің Text to find алаңында курсор тұрған жердегі сөз жазылып тұрады. Оның орнына ізделінетін фрагментті жазып және іздеу параметрлерін орнатып ОК батырмасы басылады. Find диалогтық терезесінде фрагменттерді іздеудің келесі параметрлерін орнатуға болады:
Case sensitive - бас-кіші әріптерді ажыратып іздеу;
Whole words only - сөздердің сәйкестігімен іздеу;
Regular expression - тексті сипаттайтын өрнек бойынша іздеу;
Forward - текст бойымен төмен қарай іздеу;
Backward - текст бойымен жоғары қарай іздеу;
Global - барлық текстен іздеу; Selected text - елгіленген блоктан ғана іздеу;
From cursor - курсордың тұрған жерінен бастап іздеу;
Entile scope - текстің басынан бастап іздеу.
-SEARCH - REPLACE - програмиалықтекстен керекті фрагментті іздеп тауып оны ауыстырады. Команда орнындалғанда экранға шығатын Replace диалогтық терезесінің Text to find алаңында ізделінетін фрагменттің аты, ал New text алаңына фрагменттің жаңа аты жазылып, фрагментті ауыстыру параметрлері орнатылып ОК батырмасы басылады.
-SEARCH - SEARCH AGAIN – соңғы орнатылған іздеу параметрлері бойынша фрагментті іздеп табады немесе ауыстырады.
-SEARCH - GO TO THE LINE NUMBER - Enter new line number алаңьінда көрсетілген нөмірлі қатарға өтеді.
-SHOW LAST COMPILER ERROR - соңғы рет компиляция жасалғанда жіберілген қатесі бар қатарды көрсетеді.
-SEARCH - FIND ERROR - бағдарлама орындалып жатқанда бағдарламалық текстің қате жіберілген қатарын табады.
-SEARCH - FIND PROCEDURE - керекті процедура не функцияны табады.
RUN (ОРЫНДАУ) мәзірі.
RUN мәзірінің командалары бағдарламаны іске қосу үшін қолданылады:
-RUN - RUN (Ctrl+F9) – бағдарлама орындалады және компиляция жасалады.
-RUN - STEP OVER(F8) – бағдарлама қадамдап орындалады.
-RUN - TRACE INTO(F7) - бағдарламадағы барлық орындалатын операторларға тоқтап, олардың орындалуын қадағалауға мүмкіндік береді.
-RUN - GO TO CURSOR(F4) – курсор тұрған қатарға дейін бағдарламаны біртіндеп орындайды.
RUN - PROGRAM RESET(Ctrl+F2) - бағдарламаның орындалуын тоқтатады.
-RUN - PARAMETRS - бағдарламаның параметрлерін DOS-тың командалық қатарындағыдай орнатуына мүмкіндік береді.
COMPILE (КОМПИЛЯЦИЯ) мәзірі
COMPILE мәзірі компиляция процесін басқаруды қаматамасыз етеді. Бұл мәзір келесі командалардан тұрады:
-COMPILE - COMPILE(Alt+F9) – бағдарламалық текст компиляцияланып, экранда тексте жіберілген қателер көрсетіліп тұрады, қателердің барлығы жөнделген терезе шығады (сыртқы модульдер мен файлдар алдын-ала компиляциялану керек).
-COMPILE - MAKE (F9) – бағдарламаға өзгерістер енгізілген сыртқы модульдері мен файлдарын жинап коипиляциялау (егер Три-типті сыртқы модульдерді пайдаланса немесе Ехе-типтіфайлдаржасалса).
-COMPILE - BUILD – бағдарламаның барлық сыртқы модульдері мен файлдарын тексеріп(оларға өзгерістер енгізілмесе де), негізгі бағдарламаны компиляциялау.
-COMPILE - DESTINATION - бағдарламаны компилятордан шығуын басқарады. Егер оның оң жағында Memory сөзі турса компилятор файлы жедел жадта сақталады, ал Disk сөзі болса файлдискіге Ехе- типті болып сақталады.
-COMPILE - PRIMARY FILE - бірінші болып компиляцияланатын файлдың аты беріледі.
-COMPILE - CLEAR PRIMARY FILE - жоғарыдағы командамен берілген файлдың аты тазартылады.
-COMPILE - INFORMATION - бағдарламаның статистикасы
DEBUG (ЖӨНДЕУ) және TOOLS (ҚҰРАЛДАР) мәзірлері
DEBUG және TOOLS мәзірлері бағдарламаның жұмысын жөндеу, әртүрлі компоненттері мен қасиеттерін орнату, көмекші бағдарламалар шығару үшін қолданылады. Бұл мәзірлердің командалары:
-DEBUG - BREAKPOINTS - бағдарламаның барлық бақылау нүктелерін көруге және оларды өшіруге, орнын ауыстыруға немесе жумыс істеу шартын орнатуға мүмкіндік береді.