русс | укр

Языки программирования

ПаскальСиАссемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование

Все о программировании


Linux Unix Алгоритмические языки Аналоговые и гибридные вычислительные устройства Архитектура микроконтроллеров Введение в разработку распределенных информационных систем Введение в численные методы Дискретная математика Информационное обслуживание пользователей Информация и моделирование в управлении производством Компьютерная графика Математическое и компьютерное моделирование Моделирование Нейрокомпьютеры Проектирование программ диагностики компьютерных систем и сетей Проектирование системных программ Системы счисления Теория статистики Теория оптимизации Уроки AutoCAD 3D Уроки базы данных Access Уроки Orcad Цифровые автоматы Шпаргалки по компьютеру Шпаргалки по программированию Экспертные системы Элементы теории информации

Енгізу операторы


Дата добавления: 2015-07-09; просмотров: 3017; Нарушение авторских прав


READ операторы айнымалылардың әртүрлі мәндерін Пернетақтадан компьютердің жадына енгізу үшін қолданылады. READ операторының жазылу түрі:

READ(X) - Х-тің мәнін енгіз;

READ(a, b,c)-A,B,C айнымалыларының мәндерін енгіз;

Бағдарламаның орындалу барысында READ операторы қанша рет кездессе, компьютер сонша рет операторда көрсетілген айнымалылардың мәндері енгізілгенше күтіп, ештеңе орындамай тоқтап қалады. Айнымалылардың мәндері енгізілгеннен кейін барып, компьютер бағдарламаның орындалуын жалғастырады. Егер READ операторында бірнеше айнымалы болса, олардың мәндері бос орын арқылы бір қатарда немесе ENTER клавишын басу арқылы бір баған бойымен енгізуге болады. Бағдарлама орындалу барысында экранда нәтижені көрнекі алу үшін, операторлар соңына LN жалғауын қосып та жазуға болады, бұл жағдайда айнымалылардың мәндерін енгізгеннен кейін курсор келесі қатарға көшеді. Мысалы:

READLN(X); READLN (b, c);

Сонымен бірге жаңа қатарға көшу үшін параметрсіз READLN операторын қолдануға болады, бұл операторды орындағанда ENTER клавишын басса жеткілікті, бағдарламаның орындалуы келесі қатардан тұрған операторға көшеді. Сондай-ақ параметрсіз READLN операторын бағдарламаның осы оператор тұрған жерге дейін орындалған нәтижесін экранда көру үшін қолданады. Мысалы:

 

PROGRAM Amaldar;

VAR Z,T:Byte;

A: lnteger ;

X: Real;

BEGIN READLN(ZJ);



A:=5*Z+15*SQR(T);

X:=SQRT(Z+5*T);

WRITELN('A=',A);

WRITELN('X=';X:5:3);

READLN

END.

Бағдарламаның орындалу нәтижесінде компьютер бірінші жазылған READLN операторындағы Z, Т мәндерінің ендірілуін сұрап тоқтап қалады. Олардың мәндерін жазып, ENTER клавишын басқаннан кейін, компьютер екінші параметрсіз READLN операторына тоқтап, қашан ENTER клавишы басылғанша, экранда А-мен Х-тің нәтижелері көрініп тұрады.

Символдық шамаларды ендіруде бос орын клавишы мен ENTER клавишы бір бос орын символын білдіретінін ескеру қажет. Мысалы:

Бағдарламаны орындау барысында X,Y,Z айнымалылары келесі мәндерді меншіктеуі қажет делік:

X:=’A’, Y:=’B’, Z:=’C’

Егер айнымалылардың мәндерін Read операторымен енгізсек:

Read(X,Y,Z);

және бағдарлама орындалу барысында айнымалыларға бос орындар арқылы мынадай мәндер берсек: онда нәтижесінде айнымалылар келесі символдарды меншіктейді:

X:=’A’; Y:=’B’; Z:=’C’

Сондықтан символдық айнымалыларға мәндер бос орын қалдырмай енгізіледі:

ABC

немесе Readln операторын қолданып, әр символдық айнымалының мәнін бөлек операторлармен енгізуге де болады. Мысалы ,бағдарламада:

Readln(X); Readln (Y); Readln (Z);

деп жазылса, онда бағдарлама орындалу барысында айнымалылардың мәндерін әр қатарға жазып ендіруге болады:

A

В

С

Демек, нәтижесінде айнымалылар келесі символдарды меншіктейді:

Х:='А'; Ү:='В'; Z:='C'.

 

Шығару операторы

WRITE операторы ақпаратты компьютердің жадынан экранға шығару үшін қолданылады. Бұл операторды барлық дерлік бағдарламаларда кездестіруге болады. WRITE операторының жалпы жазылу түрі:

WRITE(P1, P2, РЗ, ...)

мұндағы Р1, Р2, РЗ, ... - кез келген информация, олар айнымалы, өрнек, немесе апострофқа алынған текстік ақпарат болуы мүмкін.

WRITE(A) - экранға А-ның мәні шығады;

Мәндері нақты сандар болатын айнымалыларды шығарғанда, WRITE операторында осы сандардың экранда қандай форматта шығатынын қос нүктелер арқылы жазып көрсетуге болады. Сандардың форматының жалпы жазылу түрі:

WRITE(X:a:в);

мұндағы: a - X айнымалысын экранға шығару үшін берілетін орындардың жалпы саны; в - санның бөлшек бөлігіне берілетін орындар саны.

 

Бүтін айнымалыларды шығаруда тек а параметрі ғана қолданылады. Егер а параметрі айнымалының мәнін құрайтын шаманың разрядынан үлкен болса, онда алдымен олардың айырмасына тең бос орын қалдырылып, соңынан айнымалының мәні шығады. Мысалға, Х=1.258 және А=2175 мәндерін экранға шығарайық.

WRITE('X=', X:8:3);

Х=1.258 //Х= сөзінен кейін 3 бос орын және х-тің мәні шығады

WRITE('A=',A:11);

А= 2715 //А= сөзінен кейін 7 бос орын және А- ның мәні шығады

 

WRITE операторында READ операторындағыдай шығаратын нәтиженің көрнекі болуы үшін LN жалғауын қолдануға болады. Мысалға: WRITELN ('Х=', Х:8:3); операторының орындалу нәтижесінде, Х-тің мәні экранға шығады да, курсор келесі қатарға өтеді. Төменде WRITELN операторымен экранға нәтиже шығару мысалдары берілген.

 

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

1. Оператор дегеніміз не?

2. Жай және күрделі операторлар дегеніміз не?

3. Бос операторлардың қызметі мен орындалуы.

4. Меншіктеу операторының қызметі мен орындалуы.

5. WRITE операторы дегеніміз не?

6. READ операторы дегеніміз не?

7. LN жалғауы не үшін қолданылады?

8. READ операторымен айнымалылар қалай енгізіледі?

9. READLN операторымен айнымалылар қалай енгізіледі?

10.WRITE операторымен нәтиже экранға қалай шығады?

11.WRITELN операторымен нәтиже экранға қалай шығады?

12.Символдық шамалар бағдарламада қалай енгізіледі?

13.WRITE операторымен сандық шамалар қандай форматтарда шығады?

14.WRITE операторымен ақпаратты шығарудың қандай түрлері бар?

15.Трапеция табандары берілген. Ауданын табу бағдарламасын құрыңыз.

 

3. Тармақталу командалары

Бағдарламада операторлардың орындалу ретін басқарып отыратын операторларды тармақталу командалары дейді. Бұл командалардың көмегімен құрылған бағдарлрманың блок-схемалары тармақ(бұтақ) түрінде болады. Тармақталу командаларына шартсыз GOTO, шартты IF-THEN-ELSE және таңдау CASE операторлары жатады.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Меншіктеу операторы | GOTO шартсыз операторы


Карта сайта Карта сайта укр


Уроки php mysql Программирование

Онлайн система счисления Калькулятор онлайн обычный Инженерный калькулятор онлайн Замена русских букв на английские для вебмастеров Замена русских букв на английские

Аппаратное и программное обеспечение Графика и компьютерная сфера Интегрированная геоинформационная система Интернет Компьютер Комплектующие компьютера Лекции Методы и средства измерений неэлектрических величин Обслуживание компьютерных и периферийных устройств Операционные системы Параллельное программирование Проектирование электронных средств Периферийные устройства Полезные ресурсы для программистов Программы для программистов Статьи для программистов Cтруктура и организация данных


 


Не нашли то, что искали? Google вам в помощь!

 
 

© life-prog.ru При использовании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.

Генерация страницы за: 1.168 сек.