Есеп берудің басты қызметі – деректер базасында сақталынған құрама мәліметтерді баспаға шығару және оны көрнекті түрде көрсету үшін қолданады. Оны шебер көмегімен және Конструктор режимі арқылы құруға болады. Шебер көмегімен жасалған отчетті конструктор режимінде әрі қарай толықтырса болады.
16-жаттығу
Отчеттің құрылуын студенттердің топтары бойынша тізім алу мысалында қарастырайық.
Отчет макеті үшін келесі талаптарды анықтап алайық:
студенттердің әр тобының тізімдері, тізбекті түрде тақырыптарымен бірге шығарылуы керек
әр топ үшін орташа баллды есептеу керек
жазулар алфавит бойынша орналасуы керек
Шебер көмегімен отчетті құра бастаңыз да, сонан соң оны Конструктор режимінде жетілдіріңіз.
Отчетқаттамасындағы Создатьбатырмасын басыңыз.
Новый отчеттерезесіндегі кесте тізімдерін ашып, СТУДЕНТ кестесін, одан кейін Мастер отчетов-ты таңдаңыз.
Отчет мәліметтері НГ өрісі бойынша топтастырылуы керек.
Шебердің келесі терезесінде сұрыптаудың түрлерін (қарастырылып отырған жағдайда ФИО өрісі бойынша) анықтаңыз. Итоги пернесін басыңыз және ПРБАЛЛ өрісі үшін Avg функциясын таңдаңыз.
Келесі терезелер отчетті безендіру, оны қалай жасау керектігі үшін арналған.
Егер ешқандай ат берілмесе, ол автоматты түрде СТУДЕНТ атымен сақталады.
17 жаттығу
Отчетті түзету үшін Конструкторға келейік.
1. Заголовок отчетадеген жерде, контекстік менюдің Свойства бөліміндегі Подпись жолындагы тақырыпты Списки студентов деген атауға өзгертіңіз.
2. Верхний колонтитул бөлімінен НГ өрісін жойыңыз.Ол үшін оны белгілеп алып, Del пернесін басыңыз.Элементтер панеліндегі Надпись арқылы өрістің атын Список студентов группы деп енгізіңіз. Керекті шрифті өз қалауыңыз бойынша орнатыңыз.
3. ЖоғарғыдайНГөрісін Средний проходной балл деп ауыстырыңыз.