Access реляцияық деректер базасын құруға мүмкіндіктер береді және осы кестелер бір-бірімен байланыса алады. Бұл өз кезегінде пішіндерден, санақтардан, кестелерде байланысқан деректерді автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді. Байланысты анықтағанда бір кестедегі кілт екінші кестедегі мәліметке нұсқау береді. Басқа кестедегі мәліметке сілтеуіші бар кілтті, сыртқы кілт деп атайды.
Кестелер арасындағы байланыстарды анықтау үшін келесі шарттар орыдалу керек:
· Байланыстырылатын кестелер міндетті түрде бірдей өлшемді және олардың бірдей типтес өрістері болуы керек. Бірақ сол өрістердің атаулары әр түрлі болуы керек;
· Екі кесте де Access-тің бір деректер базасында сақталуы керек.
Байланыс типтерін анықтағанда, өрісті дұрыс белгілеу керек және бұл белгілегеннен байланыс түрі де анықталады:
1. Бірге-бір байланысы тек байланыстырылып отырған өрістер кілттік болса ғана орындалады.
2. Бірдің көпке байланысы тек бір өріс кілттік болса ғана орындалады. Бұл кезде басты орында бастапқы кілті бар кесте болады. Ал қалған кестелер бағынышты кестелер болып саналады.
3. Көптің-көпке байланысы.Бірдің көпке байланысының екеуін көрсетеді және бұл үшінші кесте арқылы белгіленеді. Бұл жердегі кілттер басқа кестелердің сыртқы кілттері болады.
4. Егер кестелердің біреуінде де кілттік өріс анықталаған жағдайдаТип отношенияөрісінде «Не определеноң деген жазу пайда болады.
3-жаттығу
1. Схема данныхдеген терезесін ашыңыз.
2. Добавление таблицыдеген терезеден, Таблицы деген пернені таңдап, Добавитьдеген бұйрықты орындаңыз. Схема данныхтерезесіне бұрын жасалған кестелерді орналастырыңыз. Бұл жерде тізім диалогтық терезеде көрінетін болсын. Барлық кестелерді бірден қосуға болады. Ол үшін Shіft пернесін басып тұрып, 1-ші кестені және соңғы кестені белгіленіз.
3. Закрытьнүктесін басыңыз. Соңында ДЕКАНАТ кестесінде жаңадан байланысқан мәліметтерді көресіз.
4. ГРУППАжәне СТУДЕНТ кестелері арасында байланыс орнатыңыз. Бұл байланыс НГжай кілті арқылы болсын. Ол үшін Схема данныхтерезесінде тышқан курсорын Группа атты басты кестесінде орналасқан НГ өрісінде орнатыңыз және бұл өрісті бағынышты СТУДЕНТ атты НГ өрісіне тасымалдаңыз. Керек емес байланыстарды Del пернесі арқылы өшіріңіз.
5. Изменение связей терезесінен Тип отношенияжолынан бірдің–көпке байланысын таңдаңыз.
6. Каскадное обновление связанных полей және Каскадное удаление связанных полейдеген жерде жалаушаларды орнатыңыз. Сонда ғана бір–бірімен байланысқан кестелер автоматты түрде сақтлып, өзгертіледі. Создатьбатырмасын басыңыз. Мына суретте көрсетілгендей байланысқан жолдар болмау керек.
Жай кілттік байланыстарды келесі сыңарланған кесиеттері үшін орнатыңыз:
КАФЕДРА ®ПРЕПОДАВАТЕЛЬ(ККАФ кілті),
ПРЕДМЕТ®ИЗУЧЕНИЕ (КП кілті),
ПРЕПОДАВАТЕЛЬ®ИЗУЧЕНИЕ (ТАБН кілті),
ГРУППА®ИЗУЧЕНИЕ (НГ кілті)
8. СТУДЕНТ®УСПЕВАЕМОСТЬ кестелері арасында байланыс орнатыңыз. Ол үшін СТУДЕНТ басты кестесінен 2 өрісті белгілеңіз, Ctrl пернесін басып тұрып, 2 өрісті НГ өрісіне көшіріңіз, бұл бағынышты УСПЕВАЕМОСТЬ кестесінде болу керек.
9. Байланысты өзгерту терезесінде НС және НГ өрістері үшін СТУДЕНТ кестесінде сәйкесінше УСПЕВАЕМОСТЬ кестесіндегідей өрістерді таңдаңыз. Бұл терезеде мәліметтердің толық сақталуын және де басқа параметрлерін орнатыңыз.
10. НГ+КП+ТАБН+ВИДЗ жоғарыдағы алгоритм бойынша ИЗУЧЕНИЕ® УСПЕВАЕМОСТЬ кестелері арасында байланысты орнатыңыз.
Бір-бірімен байланысқан кестелерде мәліметтерді енгізу және оларды өзгерту
Егер Схема данных деген жерде байланыс болмаса, онда қолданушы жаңадан мәліметтерді енгізген кезде, оны сақтаған кезде және кілтті өрістерді өзгерткенде байланыстың сақталуын өзі қадағалау керек.
Обеспечение целостности данных деген жерде жалауша орнатылған болса, Access қолданушы үшін мына жағдайларды орындауға мүмкіндік береді:
· Мәліметтер схемасында ешбір басқа кестелерге қатысы жоқ жазуды кестеге енгізу (Иерархияның жоғарғы жағында орналасады);
· Бағынышты кестеге жаңадан жазуды енгізу, егер басты кестеде енгізіліп отырған жазудың элементтері болса;
· Егер бағынышты кестелерде байланысқан жазулар болмаса, оны өшіру мүмкіндігі туылады.
Егер Каскадное удаление связанных полейдеген жерде жалауша бар болса, онда қолданушы сол жазуларды өшіруге мүмкіндігі болады және бұл жерде автоматты түрде бағынышты жазулар өшіріледі.
Егер Каскадное обновление связанных полейболса, онда қолданушы автоматты түрде кілттік өрістің мазмұнын өзгерте алады. Сонымен қатар барлық жазулар автоматты түрде өзгертіледі.
Access 2000-да кестелерді қарап отырғанда бағынышты кестелердегі жазуларды қарап шығу мүмкіндігінің бар болуы.
Сол себептен қолданушы байланыстардың дұрыстығын бақылай алады.
4-жаттығу Тек Access 2000-да орындау үшін арналған
1. КАФЕДРАкестесін ашыңыз.
2. Егер КАФЕДРА кестесінде плюспен бағаналар болмаса, онда келесі әрекеттерді орындаңыз: Вставка-Подтаблица. Бұл бағынышты кестемен байланысты анықтау үшін. Бұл байланыс кесте касиеттеріне енгізіледі. Бұл өз кезегінде байланысқан жазуларды бағынышты терезеде ашу мүмкіндігін береді.
3. ИЗУЧЕНИЕ кестесін ашыңыз, Вставка-Подтаблица бұйрығын орындаңыз.
4. Вставка-Подтаблица терезесінде бағынышты УСПЕВАЕМОСТЬ кестесін таңдаңыз. Подчиненные поляжәне Основные поляжолдарында НГ+КП+ТАБН+ВИДЗ түріндегі кілттік байланыс пайда болады.
5. Байланысты өшіру үшін, Режим таблицыкестесінде келесі бұйрықты орындаңыз: Формат-Подтаблица-Удалить.
6. Конструктор режиміне ауысып, Свойства деген нүктені басыңыз, Имя подтаблицыдеген жерде байланыс өшірілгеніне көз жеткізіңіз. Әрі қарай жұмысты орындау үшін байланысты қалпына келтіріңіз.
7. Подтаблица бұйрығының көмегімен басты ГРУППАкестесінің мазмұнын, СТУДЕНТ бағынышты кестесіңің және оған бағынышты УСПЕВАЕМОСТЬ кестелерінің байланыстарын көрсетіңіз.
Ол үшін ГРУППА деген кестесінің касиеттеріндегі Имя подтаблицыжолында СТУДЕНТ кестесін, ал одан кейін Конструктор режимінде СТУДЕНТкестесін ашып, УСПЕВАЕМОСТЬ кестесінің қасиеттерін көрсетіңіз.
Бұл байланыстарды пайдалана отырып, кез келген топтың студенттерінің алған бағаларын, тапсырғандығы туралы мәліметтерді қарап шығуға болады.
8. ИЗУЧЕНИЕ кестесімен байлынысты бірнеше студенттің үлгерімі туралы жазуларды енгізініз. Бұл жерде НГ+КП+ТАБН+ВИДЗ байланыстары бағынышты өріс жазуына автоматты түрде енгізіледі.Бағынышты жазуды құру үшін НСкілтін енгізсек жеткілікті.
УСПЕВАЕМОСТЬ кестесінен студенттер фамилиясын көру үшін, оған СТУДЕНТкестесінің жазуларын бағынышты жасау керек.