русс | укр

Языки программирования

ПаскальСиАссемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование

Все о программировании


Linux Unix Алгоритмические языки Аналоговые и гибридные вычислительные устройства Архитектура микроконтроллеров Введение в разработку распределенных информационных систем Введение в численные методы Дискретная математика Информационное обслуживание пользователей Информация и моделирование в управлении производством Компьютерная графика Математическое и компьютерное моделирование Моделирование Нейрокомпьютеры Проектирование программ диагностики компьютерных систем и сетей Проектирование системных программ Системы счисления Теория статистики Теория оптимизации Уроки AutoCAD 3D Уроки базы данных Access Уроки Orcad Цифровые автоматы Шпаргалки по компьютеру Шпаргалки по программированию Экспертные системы Элементы теории информации

Айтыс онері ізденуді талап етеді


Дата добавления: 2015-07-09; просмотров: 716; Нарушение авторских прав


Айтыста «шәкірт» деген ұғым - мектептегі оқушы секілді емес, мүлдем басқа. Ол айтысқа талаптанушының өзіне байланысты. Жай «мен айтыскермін» деген адамнан түк шықпайды. Ол сізге жүргізушілік сияқты үйретумен қонатын кәсіп емес. Осы ретте айта кету керек, кітапты көп оқу деген тіл байлығының кепілі бола алады. Қазақтың ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзиясы осы ретте ең керемет рухани азық болары сөзсіз. Сонымен қатар көркем әдебиет, газет-журнал, теледидар, радио, интернетті де қалдырмау керек. Еліміз әлемдік өркениеттен тысқары жеке дара дамып жатқан жоқ, сондықтан әлемдік руханиятпен сусындау да шарт.

 

Уйымның сипаттамасы

Ұйым менеджерлер әлемінің негізін құраушы және менеджменттің өмір сүруінің негізі болып табылады.

Ұйым дегеніміз не? Қандай да бір топ ұйыммен санасу үшін бірнеше міндетті талаптарға сәйкес болу керек:

1. Осы топтың бөлігі деп санайтын кем дегенде екі адамның болуы;

2. Осы топтың барлық мүшелеріне ортақ болып саналатын кем дегенде бір мақсаттың болуы;

3. Мақсатқа жету үшін бірге жұмыс істейтін топтың мүшелері болуы.

Осы сипаттарды біріктіру арқылы анықтама аламыз:ұйым дегеніміз – ортақ мақсатқа жету үшін қызметтері біріктірілген адамдар тобы.

Ұйымдар ресми және бейресми деп бөлінеді.Егер ұйым жоғарыдағы талаптарға сай болса, ол ұйым формалды болып табылады.



Бейресми ұйымдар- бұл аяқ астынан шыққан топтар, бірақ мұнда да адамдар өзара байланысты болады.

Күрделі ұйымдар- бұл өзара байланысты мақсаттардың жиынтығынан тұратын ұйымдар.

 

Ұйымның ортақ сипаттары:

- Ұйымның ресурстары

- Сыртқы ортаға тәуелділігі.

- Көлденең еңбек бөлінісі

- Бөлімдер

- Тік еңбек бөлінісі

  Гаррингтон Эмерсон

Гаррингтон Эмерсон 1853 жылы 2 тамызда американың Трентон қаласының Нью-Джерси штатында дүниеге келді. Оның әкесі ағылшын әдебиетінің маманы, университет профессоры болды.

1885 жылдан 1891 жылға дейін Эмерсон теміржолдың экономикалық және инженерлік істерін орындады.

Ғылыми жұмыстың дағдылары мен талдаушының таланты Эмерсонға өз тәжірибесінде жинаған бай білім қолдануға көмектесті. Ол біртіндеп өз қағидасын тапты - «тиімділік» немесе «өнімділік». Бұл терминдерге ол жинақталған шығыстар мен экономикалық нәтижелердің қатынасын көрсетті.

1901 жылы Эмерсонның менеджмент кеңесшісі қызметі басталды. Оның Санта-Фе теміржолында 1904-1907 жылдары енгізген жаңалықтарын атап айтуға болады. Ол алғашқы болып ғылыми іріктеу принциптері мәселелеріне және қызметшілердің оқытуға назар аударды, тіпті 1913 жылы осы тақырыпқа кітап шығарды.

Эмерсонның пікірінше, «Тиянақты жұмыс істеу-іске минималды күш жұмсау деген сөз».

 

Казактың куй онері

Қазақ халқы үшін құнды, бағалы мұралардың бірі - күй. Өнер зерттеушілері күй атасы - Қорқытқа дейін де күйдің «өмір сүргендігін» дәлелдейді.

Күй адам жанының ішкі толқынысынан, сезімінен пайда болады, Күйлерде тек көңіл-күй ғана емес, жер-су аттары, жануарлар, құстар, табиғат құбылыстары және басқалар суреттеледі.

Күйдің әуендік-түрлік құрылысы мен ырғағының, орындалуының өзгешелігі де назар аударарлық. Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді келсе, Дәулеткерейдің шығармаларына сезім, нәзіктік басымырақ. Тәттімбетте қоңыр әуен байқалады. Қазанғап күйлері жеңіл, ойнақы төгіледі. Күйлер орындаушылық дәстүрге, қағысына қарай екі түрге бөлінеді. Оның бірі – төкпе, екіншісі - шертпе.

Міне, қазақ күйі дегеніңіз осындай. Ол - бір өзінше әлем. Сол әлемнің қыр-сырына қанық қазақ - біз бақыттымыз. Нағыз қазақ күйсіз өмір сүре алмайды

Уйымдағы байланыстың манызы

 

Байланыс белгілі бір ұйымның ажырамас жүйесі болып табылады. Егер қандай да бір амалмен ақпараттың келуін тоқтатса, ұйым әрі тіршілігін жалғастыра алмайды. Байланысұйымының барлық саласына кірісетін тұлғалардың ұйымдағы өз қызметтерін қабылдауды қамтамасыз ететін және кәсіпорын бөлімдерін біріктіретін жұмыс құралы.

Байланыс белгілі бір шешім шығару мен оны іске асыру құралын ұсына, анықтайтын кері байланысты жүзеге асырады.

Байланысты - ұйымның қызметінің ішкі элементі болып қана емес, ұйым мен сыртқы орта арасында ақпарат алмасудың басты маңызды мәнін атқарады. Байланыс жүйесі ұйымның өз сыртқы ортасына қосылуының құралы болып табылады.

Байланыс - бұл кейбір идеялардың ақпарат бастауының сол ақпаратты алушының мінез-құлқын өзгерту мақсатында берілетін процесс болып табылады. Мұндай мінез-құлық білімдер мен әлеуметтік қағидалардың өзгеруіне алып келуі мүмкін. Сонымен ұйым басшысы бағынушыға бұйрық бергенде, оның орындалуын күтеді.

    Фредерик Уинслоу Тейлор

 

Тейлор юрист жанұясында американың Филодельфия қаласында 20 наурыз 1856 жылы дүниеге келген. Тейлордың ата-анасы ұлына жан-жақты білім беруге тырысты, сол үшін де Тейлорды Еуропаға оқуға жіберді. Ол әкесенің ізін басып юрист болуға үміттеніп, 1872 жылы Нью-Темплирдегі Филипп Экзетер Академиясына оқуға түседі. Бұл оқу мекемесінде Тейлор қатаң тәртіппен, күні бойы оқумен шұғылданып, көзін нашарлатады. Заңгер мансабынан бас тартуға мәжбүр болады.

1883 жылы Тейлор сырттай оқып жүріп Стивендік технологиялық институттың механик дипломын алады. Тейлор әйгілі құрастырушы болып, өмір бойы 100-ден астам патенттер алды.

Тейлор жұмыс істей жүріп «ғылыми менеджмент» жүйесіне кіретіндерді ендіре бастайды: ұтымсыз еңбек шығындарды және уақытты бос өткізулермен күресті, хронометраж енгізді.

1895 жылы ол менеджмент бойынша өзінің алғашқы мақалаларын шығарды. 45 жасында Тейлор ақша үшін қызмет жасауын тоқтатуды (бір жағынан денсаулық жағдайымен) шешті. 1911 жылы «Ғылыми менеджменттің принциптері мен әдістері» кітабы шықты.

Тейлор 21 наурызда 1915 жылы ауырып, пневмониядан қайтыс болды. Оның мола тасында «Ғылыми менеджмент әкесі» деп жазылған.

Кызметкерлерді баскару Уғымы жане кадр саясаты

 

Қызметкерлер - кәсіптік немесе қызмет белгілері бойынша топ құрайтын мекеменің, кәсіпорынның жеке құрамы немесе қызметкерлері.

Кадрлар ұғымына кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың білікті қызметкерлерінің негізгі (штаттық) құрамы кіреді.

Кәсіпорынның қызметкерлерін сипаттау үшін шешілген міндеттерге байланысты топтастырудың әр түрлі аспектілері пайдаланылады.

Қызметкерлердің тізімдік немесе орташа тізімдік саны жұмыс күшінің қарқыны (динамикасы) туралы жалпы түсінік береді. Бұл ұғымдар кезең ішіндегі қозғалысты атайды.

Қызметкерлерді басқару бес бағытты саясат жасауды талап ететін басқару қызметінің күрделі бағыты: қамту, оқыту, еңбек ақы, өндірістік қатынастар, денсаулықты қорғау және әл-ауқат.

Кадрлар саласындағы саясаттық қорытынды ережелері мыналар болып табылады:

- Жұмыспен қамту саясаты

- Оқыту саясаты

- Еңбек ақы төлеу саясаты

- Өндірістік қатынастар саясаты

- Әл-ауқат саясаты

    Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы - қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Туған жері - қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасы. Ол ауыл мектебінде оқып, араб, шағатай тілдерін меңгереді.

Оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді И. Н. Березиннің тапсырмасы бойынша Тоқтамыс ханның «Жарлығына» талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми еңбегі еді.

Тарих, география саласындағы данқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.

Шоқанның Қашқарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашқар сапарынан «Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келеді.

Тән ауруы мен жан ауруына шипа таба алмаған Шоқан Алтынемелде, Көшентоғай деген жердегі Тезек төренің ауылында қайтыс болады.

Сөз әдебі

Сұхбаттасуда немесе әңгімелесу кезінде де біздің мәдениетіміз бен тәрбиеміз де байқалады.

Адамдар бір-бірімен араласатын күнделікті тұрмыста түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Бірі үлкен қуанышпен ішкі сезімін жасыра алмай бал-бұл жанса, бірінің көңілі түсіп,жан-дүниесі алай-дүлей күй кешсе, барлығына қатысты сөз әдебін білдіретін сөздер бар. Осындай сөздер бір-бірімізді дұрыс түсінісуімізге, сыйласуымызға ықпал етеді.

Ұлттық тілімізде жасы үлкен адамдарды атымен атамай, аға, апай, әпке, ата, әже деу, құрбы, замандас, жолдас деу де – ізеттілік.

Маратты – Мәке, Саматты – Сәке, Қанатты – Кәке деп құрметтеу де – дәстүріміздің бағалы тұсы.

Мереке, мейрам, қуанышты күнмен құттықтай білу де – тәрбиелілік.

Сөз әдебі, адамдық мәдениетті сақтау дегеніміз орнымен сөйлеп, орнықты жауап беру. Сөйлеу мен жазуда ойды жеткізуге сыпайы сөздерді таңдап алып, жұмсақ сөйлеген адам жеңетіні белгілі. Әңгіме, сұхбат ауаны, тақырыбы өзгермеген жағдайда да, өз пікірінде, әңгімелесушімен достық қатынаста қалған дұрыс.

Баскарушының стилі

Жетекшінің жұмыс стилі - басқару процесінде жетекшімен қолданылатын және оның іс-әрекеттеріне адамдардың қатынас ерекшеліктерін анықтайтын, қайталанатын әдіс.

Жетекшіліктің стилінде жетекшінің ішкі мәдениеті, білімі, тәжірибиесі көрініс табады. Стиль жетекшінің жеке тұлғасымен тығыз байланыста.

Жетекшілік стилінің бірнеше классификациясы бар.

Авторитарлы

Либералдық стилі

Демократиялық стилі

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Адеп жане баскару | Элтон Мейо


Карта сайта Карта сайта укр


Уроки php mysql Программирование

Онлайн система счисления Калькулятор онлайн обычный Инженерный калькулятор онлайн Замена русских букв на английские для вебмастеров Замена русских букв на английские

Аппаратное и программное обеспечение Графика и компьютерная сфера Интегрированная геоинформационная система Интернет Компьютер Комплектующие компьютера Лекции Методы и средства измерений неэлектрических величин Обслуживание компьютерных и периферийных устройств Операционные системы Параллельное программирование Проектирование электронных средств Периферийные устройства Полезные ресурсы для программистов Программы для программистов Статьи для программистов Cтруктура и организация данных


 


Не нашли то, что искали? Google вам в помощь!

 
 

© life-prog.ru При использовании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.

Генерация страницы за: 0.982 сек.