Ассеss параметрлері диалогтық терезесінің бұл бөлімінде (18-сурет) Асcеss –тің обьектлер конструкторларының негізгі параметрлері анықталады.
Ал енді бұл диалогтық терезедегі параметрлерді қарастыруға толығырақ тоқталайық.
· Кестелер конструкторы тобы.Бұл топтың құрамына кіретін командалар кестелер конструкторы өрістерінің типтері мен өлшемін, сол сияқты басқа да параметрлерін анықтайды.
· Сұраныстар конструкторы тобы.Сұраныстар конструкторының параметрлері бапталады.
18-сурет. Мұнда 19- сурет. Access обьектілері конструкторларының параметрлері анықталады
· Формалар мен есептер тобы.Мүнда формалар мен есептердің шаблондарын, сол сияқты олардың ерекшелену тәсілдерін анықтаушы параметрлер беріледі.
· Қателерді тексеру тобы.Бұл топтағы жалаушалар жиыны Ассеssтің әртүрлі обьектлерін құру, өзгерту үрдістеріндегі қателіктерді тексеруді қамтамасыз етеді. Мәндерді үнсіз келісім бойынша қалдырыңыз, осыдан кейін Ассеss қателердің барлық категорияларын "аулап алады".