Асcess параметрлері диалогтық терезесінің бұл бөлімінде (18-сурет) Ассеss 2007-де құрылған кестелердің сыртқы түрлері бапталады.

18-сурет. Бұл терезеде Ассess 2007-де құрылған кестелер параметрлері анықталады.
Ал енді бұл диалогтық терезедегі параметрлерді қарастыруға толығырақ тоқталайық.
· Үнсіз келісім бойынша түс тобы.Бұл топтағы командалар үнсіз келісім бойынша берілген кестелердің жеке элементтерінің түсін анықтайды.
· Торлар мен ұяшықтар эффектлері тобы.Берілген топтың командалары тор сызықтарын жасыруды бейнелеуге, үнсіз келісім бойынша берілген бағандар енін өзгертуге, сол сияқты кестелер ұяшықтарын көрсету кезінде әртүрлі эффектлерді пайдалануға мүмкіндік береді.
· Үнсіз келісім бойынша шрифт тобы.Бұл топтың командалары құрылған кестелерді безендіру үшін қолданылатын шрифтердің өлшемін, түсі, сол сияқты қасиетін анықтауға мүмкіндік береді.