Мәтін (Текст; text) – баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі.
Мәтінді пішімдеу (Форматирование текста; text formatting) – мәтіндік құжатты қағазға басуға дайын түрге келтіру: азат жолдарды пішімдеу, бас тақырыптарды ортаға жылжыту, шеткі бос өрістерді туралау, беттерге бөлу және т.б.
Мәтіндік процессор (Мәтінді даярлау жүйесі) (Текстовый процессор; word processor) – мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар. Баспа машинкасында орындалатын мүмкіндіктерден басқа мұнда қате тексеру; тезаурус (синоним сөздер) табу; сөз тіркесін іздеп тауып, оны басқаға өзгерту; «қиып алып желімдеу»; бірнеше терезедегі мәтіндермен қатар жұмыс істеу тәрізді көптеген қосымша әрекеттер орындалады.
Microsoft Word мәтіндік процессоры – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қолданбалы немесе қосымша программасы. Мәтіндерді және графикалық информацияларды өңдеуде жүзден аса операцияларды орындайтын, ең кең тараған зор мүмкіндікті мәтіндік процессоры. Сонымен қатар, MS Word XP программасында математикалық, физикалық формулаларды, сандарды, графиктерді, яғни математикалық, физикалық мәтіндік құжаттарды Web-парағын дайындап жазуға болады.
Программаны іске қосу.Windows ортасында Word-ты іске қосу үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:
Word – тың стандартты терезесі келесі бөліктерден тұрады:
·
–_-____---_-
×
Тақырып жолы– терезенің жоғарғы бөлігіндегі қатар. Онда құжат пен программаның өзінің аты және оң жақ шетінде терезені басқару батырмалары – Орап қою (Свернуть), не -Қалпына келтіру (Восстановить), - Жабу (Закрыть) орналасқан.
· Меню жолы – Word – тың барлық командаларына қол жеткізетін, меню бөлімдерінің аты көрсетілген командалар жолы. Олардың бірін таңдап алғанда, келесі орындалуға тиіс командалар тізімі бар суырмалы меню жолдары шығады.
· Меню жолынан кені Стандартты саймандар панелі орналасқан. Ол жиі кездесетін амалдарды орындауға арналған батырмалардан тұрады (Түр (Вид))→Саймандар панелі (Панель инструментов)→Стандартты (Стандартная)).
· Келесі қатар Форматтау саймандар панелі. Бұл панель – мәтінді форматтауға арналған батырмалардан тұрады.
· Форматтау саймандар панелінен кейін Горизонталь және Вертикаль сызғыштар орналасады. Горизонталь сызғыш жұмыс аймағының үстінде, ал Вертикаль сызғыш жұмыс аймағының сол жағында орналасқан. Олардың көмегімен парақ шетіндегі бос өрістер мөлшерін тағайындауға, абзацтар шегінісін, бағананың енін, табуляцияның бағытын, және т.б. өзгертуге болады. Үнсіз келісім бойынша координаталық сызғыш сантиметрмен бөлінген. Сызғыш меню жолындағы Түр (Вид)→Сызғыш (Линейка) командаларын орындау арқылы, экранға шығарып не алып тастауға болады.
· Жұмыс аймағы – терезенің негізгі элементі. Барлық мәліметтер осында енгізіледі.
· Қалып–күй жолы не қатары – экранның (стандартты терезелердің) төменгі жағында, оның сол жақ шетіне таман орналасқан, онда теріліп жатқан құжат жөнінде мынадай түрдегі мәліметтер болады (4.2-сурет):
Ø Стр.55 – теріліп жатқан ағымдағы бет нөмірі, 55–бет;
Ø Разд 1 – ағымдағы мәтін бөлігін көрсетеді, бұл элемент бөліктерден тұратын Басты құжат (Главный документ) үшін ғана қажет;
Ø 54/194 – мәтіннің басынан есептегенде курсор тұрған орын 54–бетте, ал құжат барлығы – 194 беттен тұрады;
Ø На 6,4 см – курсор тұрған ағымдағы жолдан сол беттің жоғарғы шетіне дейінгі қашықтық;
Ø Ст 11 – осы беттің жоғарғы шетінен курсорға дейінгі жолдар саны;
Ø Кол 10 – осы жолдың басынан курсорға дейінгі символдар саны, табуляция символдары мен бос орындар да есепке алынады.
Қалып–күй жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса – іске қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс тәртібі индикаторлары бар:
Ø ЗАП– макрокомандаларды жазу (Записать) режимі;
Ø ИСПР– түзетулерді (Исправления) белгілеу режимі. Бұл режим іске қосылып тұрғанда, ол құжаттың соңғы нұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді;
Ø ВДЛ– белгілеулерді кеңейту (Расширить выделения) режимі, екі рет шерткенде активті, келесі қос шерту – пассивті. Ол F8 пернесін басу арқылы да қосылады, ал Esc пернесін басу арқылы белгілеу тоқтатылады. Shift + F8 – пернесі арқылы белгіленген көлемді кішірейтуге болады;
Ø ЗАМ– символдарды ауыстыру (Заменить) режимі. Бұл режим Insert пернесін басу арқылы жүргізіледі.
Құжатты экранда көрсету режимдері.Word процессорында құжатты экранда көрсетудің бірнеше түрлері бар. Құжатты көрсету режимдерін Түр (Вид) менюінен қажеттісін таңдау арқылы немесе Қалып–күй қатары маңындағы горизонталь айналдыру жолағының сол жақ шетіндегі батырмалардың қажеттісін шерту арқылы шақыруға болады, және олар мыналардан тұрады:
· Кәдімгі (Обычный) режимі – келісім бойынша редакторға
кіргенде бірден тағайындалады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапайым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын бейнелейді;
· Веб–құжат (Веб–документ) режимі құжатты Web–парақ түрінде көрсетеді. Экрандағы құжатты оқу үшін өте тиімді режим, құжатпен жылдам жылжу үшін оның сол жағындағы көрсетілген құжаттың құрылымын пайдаланады;
· Беттерді белгілеу (разметка страницы) режимі – Word процессорында – мәтін қағазға басылғанда қалай орналасқан болса, экранда дәл солай кескінделетін режим. Мұнда мәтінді форматтау, түзету өте ыңғайлы, себебі қағаз шеттері айқын көрініп тұрады;
· Құрылым (Структура) режимі – бұл құжаттың құрылымымен жұмыс жасау үшін қажет. Әр түрлі деңгейде орналасқан тақырыптарды және мәтіндерді көрсете алады немесе жасырып қояды.
Word жұмыс терезесінің сыртқы түрін баптау.Word программасын іске қосқаннан кейін, экранда терезенің 4.1-суретте көрсетілгендей стандартты түрі пайда болады. Бірақ. Оны Түр (Вид) менюінің сәйкес пунктісін таңдау арқылы, кейбір саймандар панелін (панели инструментов), сызғышты, орнату не алып тастау, қажетті масштабты орнату және т.б. өзгерістерді жасауға болады. Әдетте меню жолынан кейін, көп қолданылатын Стандартты саймандар панелі мен Пішімдеу (Форматирование) саймандар панелі орналасады. Олар жиі кездесетін амалдарды орындауға арналған батырмалардан тұрады.
Экранды бөлу.Бір құжаттың әр түрлі бөлігі бір уақытта көрініп тұруы үшін, терезенің жұмыс аймағын екіге бөлуге болады. Әрбір бөлік бір-бірінен тәуелсіз айналдырылады және әр бөліктің өзіне тиісті айналдыру жолақтары (полосы прокуртки) бар. Құжатты терезенің кез келген бөлігінде түзетуге, яғни редакциялауға болады. Жұмыс аймағын бөлу үшін:
· меню жолынан Терезе (Окно)→Бөлу (Разделить) командасын таңдау керек. Жұмыс аймағының ортасында горизонтальды жолақ пайда болады;
· оны қажетті орынға қойып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, орнату керек;
· бөлуді алып тастау үшін, меню жолынан Терезе (Окно)→Бөлуді алып тастау (Снять разделение) командасын таңдау керек немесе бөлікке бөлген шекараны қос шертсе де болады.
Бөлікке бөлінген құжаттың бір терезесінен екіншісіне өту, керек бөліктің аймағын шерту арқылы орындалады. Бөліктердің өлшемін өзгерту үшін, тышқанның көрсеткішін бөлікке бөлген шекараға қойып, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, қажет жерге жылжытып әкеліп босату керек.
4.2. Мәтінмен жұмыс
Мәтіндік құжатты құру және редакциялау.Жаңа құжатты құру үшін келесі әрекеттердің бірін орындау керек:
· Стандартты саймандар панелінен Құру (Создать) батырмасын басу;
· Немесе Файл менюінен Құру (Создать) пунктін таңдау;
· Не Құру (Создать) командасын орындайтын батырмаға сәйкес келетін Ctrl+N пернелер комбинациясын басу.
Құжатқа мәтін енгізу немесе сурет,кесте т.б. кірістіру(вставка) үшін,керек жолға алдын-ала курсорды орналастырып,пернетақтаны қолданып мәтінді жинақтау немесе Word-тың сурет,кесте т.б кірістіру командасын пайдалануға болады.Мәтінді теру кезінде,беттің оң жақ шетіне жеткенде, Word автоматты түрде жаңа жолға өтеді. <Enter> пернесін жаңа абзацты бастау керек болған жағдайда,не бос жол қалдыру үшін ғана басады.
Егер,стандартты саймандар панелінен ¶- Баспаға шығарылмйтын белгілер(напечатаемые знаки) батырмасын шертсе,онда экранда абзац соңының арнайы символдары пайда болады.Бұл символдар құжаттағы абзацтың дәл қай жерде басталатынын және аяқталатынын көрсетеді.Осы батырмаға қайта шерту,абзац соңының символдарын жасырады.Екі абзацты біріктіру үшін,абзац соңының символдарын өшіру керек.
Қателерді түзету үшін мына пернелерді пайдалану керек:
· <Backspace> - курсордың сол жағындағы символдарды өшіру үшін;
· <Delete> - курсордың оң жағындағы символдарды өшіру үшін;
Құжат бойынша курсорды жылжыту үшін,бағыттауыш сызығы бар пернелерді,не айналдыу жолақтарын пайдалануға болады,не қажетті орынға тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы,сонымен қатар келесі пернелерді қолдануға болады:
· <Home> не <End> пернелерін – курсорды жолдың басына не соңына әкелу үшін;
· <Ctrl + Home> не <Ctrl + End> пернелерін – курсорды құжаттың басына не соңына әкелу үшін;
· <Ctrl +→> не <Ctrl +←> пернелерін – курсорды бір сөз оңға не солға жылжыту үшін;
· <Page Up> не <Page Down> пернелерін –курсорды экран бойынша бір бет жоғары не төмен жылжыту үшін;
· <Ctrl + Page Up> не<Ctrl + Page Down> пернелерін –курсорды бет бойынша жоғарғы не төмен жылжыту үшін;
· <Shift + F5> пернелерін –курсорды соңғы түзету орнына әкелу үшін, бір не бірнеше рет басу керек.
Мәтінді ерекшелеу.Жұмыс кезінде мәтінді ерекшелеу жиі кездеседі.Тышқанның көмегімен мәтінді ерекшелеу:
· Сөзді – тышқанның сол жақ батырмасымен сөзді екі рет шерту арқылы;
· Бірнеше жолдарды немесе толық мәтінді- тышқанның көрсеткішін мәтіннің басына қойып,тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып,мәтін бойынша жылжыту;
· Сөйлемді- <Ctrl> пернесін басып тұрып,сөйлемнің кез-келген жерінен шерту;
· Жолды – жолдың сол жағындағы ерекшелеу жолағында тышқанның сол жақ батырмасымен шерту;
· Абзацты-абзацтың сол жағындағы ерекшелеу жолағында тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту немесе абзацтың өзін үш рет шерту керек;
· Мәтінді толығымен-<Ctrl> пернесін басып тұрып,мәтіннің сол жағындағы ерекшелеу жолағында тышқанның сол жақ батырмасымен шерту;
Пернетақтаның көмегімен мәтінді ерекшелеу:
· Мәтінді-курсорды,ерекшелейтін бөліктің басына қойып,<Shift> пернесін басып тұрып,курсорды жылжыту пернелерінің көмегімен мәтінді ерекшелеу;
· Құжатты толығымен - <Ctrl + 5> (қосымша цифрлық блокта).
Құжат фрагменттерін көшіру,жылжыту және өшіру.Мәтін,объект,сурет және т.б. құжат фрагменттері бола алады.
Фрагментті өшіру үшін,алдымен оны ерекшелеп,<Delete> пернесін басу керек.
Фрагментті көшіру үшін,оны ерекшелеу керек және одан кейін:
1.Меню жолынан Түзету(Правка)→Көшіру(Копировать)(бұл жағдайда ерекшеленген объект операциялық жүйенің алмасу буферінде сақталады)командасын таңдап алу, немесе <Ctrl>+<Insert>( не <Ctrl + C>) пернелер комбинациясын басу керек;
2.Курсорды фрагментті көшіретін жерге орнату;
3.Меню жолынан Түзету(Правка)→Кірістіру(Вставить) (объектіні бірнеше рет кірістіруге болады) командасын таңдап алу,немесе ,<Shift>>+<Insert>(не <Ctrl + V>) пернелер комбинациясын басу керек.
Фрагменттің орнын ауыстыру үшін,оны ерекшелеу керек және одан кейін:
1.Меню жолынан Түзету(Правка)→Қиып алу(Вырезать)(бұл жағдайда ерекшеленген объект операциялық жүйенің алмасу буферінде сақталады және экраннан жойылады)командасын таңдап алу,немесе <Ctrl>+<Insert>( не <Ctrl + C>) пернелер комбинациясын басу керек;
2.Курсорды фрагментті жылжытатын жерге орнату;
3.Меню жолынан Түзету(Правка)→Кірістіру(Вставить) командасын таңдап алу,немесе <Shift>>+<Insert>(не <Ctrl + V>) пернелер комбинациясын басу керек.
Сонымен қатар фрагментті көшіру немесе орнын ауыстыру үшін,стандартты саймандар панеліндегі батырмаларды да пайдалануға болады.
Тағы бір тәсілі – ерекшеленген фрагментке тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде,пайда болатын контекстік менюді пайдалану.
Дұрыс емес(жаңылыс басқан) командаларды түзету.Егер орындалған команда дұрыс таңдалмаған болса(мысалы,керек фрагментті өшіріп алу т.с.с)онда әрқашанда соңғы әрекеттерді кері қайтаруға болады.Ол үшін:
· Немесе стандартты саймандар панеліндегі Болдырмау(Отменить) батырмасын басу.
Құжатты сақтау.Word-та құжат құру кезінде,үнсіз келісім бойынша ол компьютер жадында <<Құжат №>>(<<Документ №>>) деген атпен уақытша сақталады,мұндағы №-құжаттың 1-ден басталатын құжатқа тиісті ат беріп сақтау.Құжатты сақтау үшін:
· Экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы - Жабу(Закрыть) батырмасын басу арқылы;
· <Alt> + <F4> пернелер комбинациясын басу керек;
· Жүйелік меню батырмасын екі рет шерту арқылы;
Құжатты автоматты түрде сақтайтын уақыт аралығын өзгерту және құжатты қорғауды орнату.Ол үшін:
· Сақтау (Сохранение) ішкі бетінен Әрбір ...минут сайын автоматты сақтау(автосохранение каждые: ... минут) жалаушасын белгілеп қойып,уақытын көрсету керек;
· Қауіпсіздік(Безопасность) ішкі бетінен Файлды ашу үшін пароль(пароль для открытия файла) деген ұяшыққа пароль енгізіледі;
· Жұмыс соңында Файл →Сақтау(Сохранить) командасын орындау қажет.
1.Файл орналасқан буманы ашу
3.Керек файлды тауып алу және ерекшелеу
4.Батырмасын шерту
2.Тізімнен файлдын типін таңдау
4.4-сурет.Құжатты ашу
Құжатты ашу.Word көмегімен Word – та немесе басқа да мәтіндік редакторда құрылған кез келген құжатты аша аласыз.
Ол үшін:
· Меню жолынан Файл → Ашу (Открыть) командасын таңдау,немесе стандартты саймандар панеліндегі - Ашу (Открыть) батырмасын басу қажет,не
<Ctrl + O> пернелер комбинациясын басу керек;
· Пайда болған диалогтық терезесінде, 4.4- суретте көрсетілген әрекеттерді орындау керек;
Анықтамаларды шақыру. Көмек алудың бірнеше түрі бар.
Көмекші- жұмыс барысында кеңес беруші.Көмекшіні шақыру үшін, стандартты саймандар панеліндегі Анықтама:Microsoft Word(Справка:Microsoft Word) батырмасын басу керек,немесе пернетақтадан <F1> пернесін басса да болады.
Сондай-ақ,меню жолындағы Анықтама (Справка) пункті арқылы да,көмекке жетуге болады.
Қаріпті өзгерту.Қаріп(Шрифт;font) – белгілі өлшемде және дизайынды әріптер,цифрлар және символдар жиынтығы.Қаріптер растрлық(нүктелік) түрде де,векторлық түрде де кескінделе береді.
Word-та құжаттарда пайдалануға болатын қаріптердің алуан түрлері бар.Әрбір қаріп оның символдарының түрлерімен анықталады.Стандартты қаріптер тобы бар:Courier,Arial,Times New Roman және т.б. Қаріптің типін өзгертуден басқа, пунктпен
(1 пункт = 1/72 дюйм, 1 дюйм ≈ 2,55 см) көрсетілген өлшемін де өзгертуге болады.Сондай-ақ,сызылымын(начертание),боялу түсін және басқа да көптеген параметрлерін өзгертуге болады.
Қаріпті өзгерту үшін,алдымен мәтін фрагментін(сөз,жол,абзац және т.б.)ерекшелеу қажет.Егер мәтін әлі терілмеген болса,курсорды қажетті жерге орналастырып,келесі әрекеттерді ордау керек:
· Формат→Қаріп(Шрифт) командасын таңдау;
· Пайда болған диалогтық терезесінде қажетті параметрлерді орнату.
Қаріптің типін,сызылымын,өлшемін және стилін тез өзгерту үшін,форматтау саймандар панелін пайдалануға болады.Сонымен қатар,контекстік меню арқылы да <Қаріп> диалогтық терезесі ашылады.
Саймандар панелін баптау. Саймандар панеліне қосымша батырмаларды қосып және оларға тиісті команда орнату үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:
· Осы ішкі бетінде,Командалар: (Команды: ) тізімінен керек команданы белгілеп,тышқанның сол жақ батырмасын командаға басулы күйінде,курсорды саймандар панелінің керек жеріне жылжытып әкеліп босату.Батырма көрсетілген жерде орнатылады.
Саймандар панелінен батырмаларды алып тастау үшін:
· Сәйкес панельде ( немесе алынуға тиісті батырмада) тышқанның оң жақ батырмасымен шерту:
· Алып тастау керек батырманы тышқанның сол жақ батырмасымен іліп алып саймандар панелінен тысқары жерге жылжытып әкеліп босату.
Жиектеу(обрамление). Ерекшеленген мәтінді не кез келген басқа объектіні (мысалы,сурет,кестелер және т.б.) тез жиектеу үшін, форматтау саймандар панелінен Сыртқы шекаралар( Внешние границы) батырмасын тауып алып және ұсынылған тізімді ашып (4.5-сурет),жиектеу типін таңдаңыз.
Ерекшеленген фрагенттің сыртын жиектеу
Ішін жиектеу
Бір ғана шетін жиектеу
Жиектеуді алып тастау
Іштей және сырттай жиектеу
Сыртқы шекаралар батырмасы
4.5-Мәтін фрагментін жиектеу
Жиектеуді алып тастау үшін,қажетті фрагментті ерекшелеп сәйкес батырманы басу керек.
Шекаралар және ішін бояу(Границы и заливки).Word-тың бұл мүмкіндігі,жақтауларды(рамки) сапалы түрде баптау және ерекшеленген фрагменттердің ішін бояу үшін пайдаланылады.Фрагментті алдын-ала ерекшелеп,сонан кейін:
· Меню жолынан Формат → Шекаралар және ішін бояу(Границы и заливка) командасын таңдап, Шекаралар (Границы) ішкі бетін шертіп ашу керек;
· Тип тізімінен Жақтау(Рамка) типін,сызық стилін Түс(Цвет) тізімінен – қажетті түсті және Ені(Ширина) тізімінен керек сызықтің қалыңдығын таңдап және қолдау аймағын орнатыңыз.
Бет(Страница) ішкі беті жақтауды тұтас бетке орнатуға арналған.Сондай-ақ,сызықтың орнына Сурет(Рисунок) тізімінен сурет таңдауға болады.
Мәтін фрагментінің Ішін бояу (Заливка) үшін,оны алдын-ала ерекшелеу керек,сонан соң:
· Меню жолынан Формат → Шекаралар және ішін бояу(Границы и заливка) командасын таңдап, Ішін бояу (Заливка) ішкі бетін шертіп ашу;
· Алдымен өрнек типін,сонан кейін рең (фон) түсін таңдау керек.
Бояуды алып тастауда,осы диалогтық терезесі қолданылады.
Абзацты форматтау.Шегіністер және мәтінді туралау.Мәтінді теру кезінде,беттің оң жақ шетіне жеткенде,Word автоматты түрде жаңа жолға өтеді.Мәтін бұл жағдайда бос орын не дефис тұрған жерден сөз бойынша бөлінеді.Бұл бөлінуді болдырмас үшін,кәдімгі бос орын мен дефис орнына, бөлінбейтін бос орын не бөлінбейтін дефис қою керек.Бөлінбейтін дефис қоф үшін, <Ctrl + Shift + -(дефис)> пернелер комбинациясын, бөлінбейтін бос орын - <Ctrl + Shift +пробел> басу керек.
Азат жол(Абзац)-мәтіннің тиянақты бір ойды білдіретін бөлігі.Әдетте,жаңа жолдан(Азат жолдан) басталады.Жаңа абзацты бастау қажет болған жағдайда,<Enter> пернесін басамыз.
Шегініс,азат жол өрісі(Отступ,абзацный отступ) – жолдың сол жақ шекарасынан оңға ығыстырыла орналасқан символға дейінгі кеңестік,яғни азат жол алдындағы өріс.Мұндай шегініс солдан да,оңнан да қойылады.Шегіністі тез орнату үшін,горизонтальді сызғыш пайдалану ыңғайлы(4.6-сурет).3
Беттің сол жақ өрісі
Бірінші жолдың шегінісі
Барлық жолдар үшін сол жақтан шегініс
Беттің оң жақ өрісі
Оң жақтан шегініс
4.6-сурет.Абзацты горизантальді сызғыш бойынша форматтау
Шегіністі бір ғана абзацқа орнату қажет болса,курсорды оның кез келген жеріне орналастырыңыз.Егер шегіністі бірнеше абзацқа орнату қажет болса,оларды ерекшелеп:
· Сызғыштағы шегіністердің таңбаларын қажетті позицияға жылжыту керек
(4.6-сурет).
· Не форматтау саймандар панелінен - Шегіністі артыру(Увеличить отступ) батырмасын шерту қажет,бұл жағдайда шегініс ½ дюймға артады, - Шегіністі кемі(Увеличить отступ) батырмасы – ½ дюймға шегіністі кемітеді.
· Немесе пернетақтадан <Tab> пернесін басуға да болады;
· Дәлме-дәл баптау үшін,меню жолынан Формат → Абзац командасын таңдап,ашылған диалогтық терезесінен(4.7-сурет) абзацты форматтаудың қажетті барлық параметрлерін бірден енгізіп алуға болады;
· Абзац... командасы контекстік меню арқылы да ашылады.
Мәтінді туралау(выравнивание).Мәтінді туралаудың төрт түрі бар: сол жақ, оң жақ шеттері бойынша, ортасы бойынша және ені бойынша туралау.
Ені бойынша тураланғанда,Word сөздер арасында қосымша бос орындарды қойып,абзацтың жолдарын бір мезгілде оң жақ және сол жақ шеттері бойынша туралайды.Мәтінді курсорды абзацтың ішіне орналастырып немесе ерекшелеп және келесі әрекеттер орындалады:
· Форматтау саймандар панелінен мына батырмаларды басу керек: Сол жақ шетке (По левому краю),Ортаға(по центру),Оң жақ шетке (по правому краю) және Ені бойынша (по ширине).
Туралауды орнату
Шегінстер орнату
Абзацтың алдына не соңына интервал қою
Белгіленген абзац ішінде жоларалық интервал орнату
Үлгі
Бірінші жол үшін шегініс
Жолдың және т.б. автоматты тасымалдауын болдырмау
Мәтін фрагменттерін іздеу және алмастыру.Құжаттан қандай да бір мәтін фрагментін (сөз,символдар жинағы,символ және т.б.)толық құжат бойынша немесе ерекшеленген фрагменттерден іздеу қажет болса,Word-тың автоматты түрде іздейтін командасын іске қосу керек;
· Меню жолынан Түзету(Правка) →Тауып алу(Найти) командасын таңдау.Тауып алу және алмастыру(Найти и заменить) терезесінің Тауып алу ұяшығына ізделінетін сөзді енгізу;
· Егер диалогтық терезесі қысқартылған түрде болса,Үлкенірек(Больше) батырмасын басу керек;
· Қосымша іздеу параметрін форматын таңдауға болады.
Құжатта қандай да бір мәтін фрагментін тауып және алмастыру қажет болса,меню жолынан Түзету(Правка) → Алмастыру(Заменить) командасын таңдау керек.
Орфографияны тексеру.Word-тың құжаттағы сөздердің дұрыс жазылуын тексеруге және түзетуге болатын мүмкіндігі бар.Word құжаттағы сөзді сөздікпен тексереді де,егер таныс емес сөз кесдессе, не сөз қате жазылған болса, ол оның астын сызып белгілейді.Сонан кейін,бұл сөзді сол қалпындан қалдыруға,не түзетуге,не сөздікке енгізуге болады.
Мәтін курсор тұрған позициядан бастап тексеріледі.Толық құжаттың не ерекшеленген бөліктің орфографиясын тексеру үшін,келесі әректтердің бірі орындалады:
· Меню жолынан Сервис → Дұрыс жазылу(Правописание) командасын таңдау;
· Немесе <F7> пернесін басу;
· Немесе стандартты саймандар панелінен Дұрыс жазылу(Правописание) батырмасын шерту керек;
Тезаурусты пайдалану.Тезаурус(Синонимдер сөздігі)-берілген тіл элементтері арасындағы семантикалық байланыстарды бейнелейтін сөздік: мағынасы жақын,бір ұғымды білдіретін синонимдер сөздігі.Word мәтіндік процессорында электрондық тезаурус бар.
Тезаурусты қолану үшін мына әрекеттерді орындау керек:
· Не контекстік менюден Синонимдер(Синонимы) → Тезаурус... командасын таңдау керек;
· Ашылған диалогтық терезесінде (4.8-сурет) ұсынылған әрекеттер тізбегі орындалады.
Автомәтін (Автотекст) және автоалмастыру (Автозамена) элементтерімен жұмыс.Автоалмастыру – мәтінді теру барысында,кездескен қателерді автоматты түрде тауып және оларды түзететін құрал.Word- та Автоалмастырудың үнсіз келісім бойынша қолданылатын көптеген элементтері бар,бірақ бұл тізімді басқа да элементтерді қосып толықтыруға болады.Автоалмастырудың мәтіні,қарапайым мәтін абзацы сияқты форматталатын,не өз форматын сақтайтын мәтін болуы мүмкін.
Автоалмастырудың элементін құру үшін:
· Меню жолынан Сервис → Автоалмастыру параметрлері(Параметры автозамены...) командасын таңдап және ашылған диалогтық терезесінде қажетті жалаушаларды орнатыңыз,мысалы:
ü Сөздің басында екі бас әріп енгізілген жағдайда,екіншісін кіші әріпке алмастыру;
ü Сөйлемнің бірінші әріпін бас әріп жасау;
ü Кестенін ұясындағы бірінші әріпін бас әріп жасау;
ü <Caps Lock> пернесінің кездейсоқ басылуын алып тастау;
ü Енгізу кезінде алмастыру және т.б.
Автомәтін-жиі қолданылатын мәтіндік блокты немесе графикалық объектіні белгілі атымен еске сақтауға болатын және оларды құжатқа керек кезінде не автоматты түрде қоятын құрал.
Автомәтін элементін құру үшін келесі әрекеттер орындалады:
· Автомәтін элементі болатын объектіні (мәтін немесе сурет)ерекшелеу қажет;
· Қажет символды таңдап,Қою (Вставить) батырмасын басу керек.Қажет символдарды кірістіргеннен кейін терезесін жабуға болады.
Арнайы таңбаларды енгізу үшін, Арнайы таңбалар(Специальные знаки) ішкі парағын ашу керек.Мұнда таңдаған символды қоюға болады,немесе ол символды қоюға арналған пернелер комбинациясын қарауға,не өзгертуге болады.
Бетті нөмерлеу,жоғарғы жіне төменгі колонтитулдар.Құжаттың әр бетінің басында не соңында орналасқан бір не бірнеше жолдарды колонтитул деп атайды.Олар көбінесе бет нөмірінен,тараудың және параграфтың атауларынан,фирманың аты мен адресінен және т.б. тұрады.Колонтитулдар жұп және тақ беттер үшін,бірінші бет және келесі беттер үшін деп ажыратылады.
Беттерді нөмірлеу үшін,меню жолынан Кірістіру(Вставка) →Бет нөмірлері(Номера страниц) командасын таңдап, нөмірлеудің қажетті форматын орнату керек.
Колонтитул құру үшін,меню жолынан Түр (Вид) → Колонтитулдар командасын таңдап, 4.9-суреттегі сипаттама бойынша жасау.
Автоматты түрде бет нөмерлерін,бет санын өзгерту
Суреттер мен бейнеклиптар қою
Уақытты,мерзімді енгізу
Жоғарғы және төменгі колонтитулға көшу
Жоғарғы және төменгі колонтитул орнату
Бет параметрлерін өзгерту
Колонтитулды тек тақ не жұп беттерге орнату қажет болса,меню жолынан Файл→ Бет параметрлері (Параметры страницы) командасын таңдап, Қағаздар көзі (Источник бумаги) ішкі бетінен Жұп және тақ беттердің колонтитулдарын ажырату(Различать колонтитулы четных и нечетных страниц) белгісіне жалауша орнату керек.Сонан кейін керек беттің (тақ/жұп) нөмеріне курсорды орналастырып,колонтитул құрылады.Ол автоматты түрде тек көрсетілген (тақ немесе жұп) беттерге орналасады.
Стильдерді құру және пайдалану.Стиль- бұл өз аты бар, форматтау параметрлерінің жиынтығы.Мысалы,қаріп Arial өлшемі- 12 пункт, 1 дюймге тең шегініс, жоларалығы (межстрочный) бір аралықты (одинарный) интервал және ені бойынша туралау тәрізді параметрлер стильге енуі мүмкін. Стильді анықтап, оны құжаттың кез келген мәтініне тез қолдануға болады.
Word – та бірнеше анықталған стильдер бар,бірақ өзіміздің сұранысымызға қажетті стильдерді құруға болады.Стильдердің үш типін ажыратады: абзац,символ және кесте
стилі.
Стильді өзгерту
Құрылатын стильге негізгі болатын стильді орнату
Абзац стилін орнату үшін,курсорды оның ішіне орнату қажет.Егер абзацтар бірнеше болса оларды ерекшелеп,форматтау саймандар панеліндегі стильдер тізімінен,қажеттісін қолдануға болады.
· Меню жолынан Формат → Стильдер және форматтау (Стили и форматирование) командасын таңдау қажет;
· Стиль құру (Создать стиль) батырмасын, не Қолдануға форматтауды таңдаңыз (Выберите форматирование для применения) тізімінен сәйкесін таңдап,оның тұсындағы ашылатын тізімінен Стильді өзгерту не Өшіру командасын таңдау керек;
· 4.10 –сурет бойынша қажетті параметрлерді енгізу.
Құжатта бағаналарды(колонки) құру. Word – та газет мақалаларында пайдаланатындай,мәтінді бағаналарға орналастыратын мүмкіндігі бар.Толық құжатты,ағымдағы бөлімді, не ерекшеленген мәтінді бағаналарға бөлуге болады. Құжаттың белгілі бір бөлігін ғана бағаналарға бөлу қажет болған жағдайда,оны алдымен ерекшелеу керек. Сонан кейін:
· Формат → Бағаналар (Колонки) командасын таңдау;
· Тип терезесінен форматын, бағаналар санын таңдау;
· Қолдану (Применить) жолында, құжаттың қай бөлігіне (толық құжатқа, ағымдағы бөлімге, ерекшеленген бөлімге, құжаттың соңына дейін) бағаналарға бөлуді қолдану қажеттілігін көрсету;
· Егер бағаналар арасын тік сызықпен бөлу қажет болса,терезенің Бөлгіш(Разделить) жалаушасын белгілеу;
· Сонымен қатар әрбір бағана үшін енін және олардың бір-бірінен ара қашықтық мәнін (егер бағаналар бірнеше болса)беруге болады.Ендерін бірдей жасағымыз келсе, Бірдей енді бағаналар (Колонки одинаковой ширины) жалаушасын белгілеу;
· Ең соңында <OK> батырмасын шерту керек.
Мәтінді бағаналарға тез бөлу үшін,Форматтау саймандар панелін қолдануға болады. Бағаналарға бөлуді алып тастау үшін,оларды ерекшелеп, бір бағана құрамыз.
4.3. Формулалар редакторын қолдану
Егер құжатқа қандай да бір формула енгізу керек болса, Word-тың формулалар редакторын – Microsoft Equation 3.0 редакторын қолдануға болады. Ол үшін:
· Курсорды құжаттың формула енгізілетін жеріне орналастыру;
· Кірістіру (Вставка) → Обьект командасын таңдау;
· Құру (Создание) ішкі бетіндегі Обьект типі (Тип обьекта) тізімінен Microsoft Equation 3.0 обьектісін таңдау;
· Пайда болған формулалар редакторының терезесінде, саймандар панелінің төменгі қатарында орналасқан шаблоннның бірін таңдау (4.11-сурет);
· Саймандар панелінің жоғарғы қатарынан қажет символды таңдау керек;
· Бір шаблонды екіншісінің ішіне қою үшін, курсорды формула редакторының керек жеріне орналастырып, саймандар панелінен керек шаблонды таңдау;
· Сонан кейін, курсорды жылжыту пернелерінің не тышқанның көмегімен шаблон элементтері бойынша жылжып, формула енгізу керек.
·
4.11-сурет. Формулалар редакторының сыртқы көрінісі
Формулалар редакторынан шығу үшін, енгізу терезесінен тыс жерді шерту керек. Терілген формулаларға қайта түзету енгізу үшін, формула аймағын қос шерту арқылы, автоматты түрде формула редакторы шақырылып, қажетті әрекеттер жасалынады. Мәтінге енгізілген формуланы белгілеп алып, өшіріп тастауға немесе басқа жерге жылжытуға болады.
Формулалар редакторында математикалық белгілерге қатыссыз қысқа фразаларды жазу үшін, меню жолынан Стиль→ Мәтін (Текст) режимі таңдалады. Бұл режимде алфавит символдары кәдімгі мәтін сияұты енгізіліп, сөздер арасындағы интервалдар " Бос орын" ("Пробел") пернесінің көмегімен беріледі. Математикалық стильде бос орын енгізу үшін, саймандар панелінің жоғарғы қатарынан сәйкес символды таңдау қажет.
4.4. Графикалық обьектілермен жұмыс
Графикалық обьект - графикалық кескін түрінде ұсынылған шынайы әлем обьектісінің моделі. Жеке жағдайда - дисплей экранындағы обьектінің бейнесі,кескіні.
Басқаша графикалық обьект деп - графика форматындағы файлда дискіде сақталынған сурет. Word-та алдын-ала әр түрлі қосымша программаларда дайындалған, графикалық файлдарды пайдалану мүмкіндігі бар. Бұдан басқа Word-та құжатқа кірістіруге болатын суреттер кітапханасы бар. Сондай-ақ Word-тың өзіндегі сурет салу саймандар панелін пайдаланып қарапайым суреттерді,блок-схемаларды және т.б. даярлауға болады.
Файлдан суреттерді кірістіру. Құжатқа графикалық файлдан сурет қою үшін,келесі әрекеттерді орындау керек:
· курсорды құжаттың сурет кірістіретін жеріне орналастыру;
· Кірістіру (Вставить)→Сурет (Рисунок)→ Файлдан (Из файла) командасын таңдау;
· қажетті суретті таңдап,Кірістіру (Вставить) батырмасын басу керек.
Картиналарды кірістіру.Құжатқа картина кірістіру үшін:
· курсорды құжаттың картина кірістіретін жеріне орналастыру;
· Картиналарды кірістіру (Вставка картинки) қосымша терезесінен Картинкалар коллекциясы... (Коллекция картинок...) гипермәтінді ашып, 4.12-суреттегідей Коллекция тізімі шығады;
· қажетті картинканы таңдап, оның оң жағында орналасқан ашылатын тізімді (4.12-сурет) шертіп,Кірістіру (Вставить) командасын таңдау керек.
Сурет салу саймандар панеліндегі Картинка қосу (Добавить картинку) батырмасы арқылы картиналарды кірістіруге болады.
4.12-сурет.Картиналарды кірістіру
Сурет даярлау. Құжатта қарапайым сурет не схема даярлау үшін, бос орын таңдап, сурет салу саймандар панелін шақырамыз (Түр (Вид)→ Саймандар панелі (Панели инструментов)→Сурет салу (Рисование) командасын, не стандартты саймандар панелінен -Сурет салу (Рисование) батырмасын таңдау керек). Сонан кейін, экранда суретті даярлауға болатын, сурет салу саймандар панелі (4.13-сурет) шығады.
4.13-сурет. Сурет салу саймандар панелі
Суретке жазу енгізу. Егер суретке мәтін енгізу керек болса, Жазу (Надпись) элементін құру керек. Ол үшін, Жазу (Надпись) батырмасын (4.13-сурет) басып, қажетті жерге тік төртбұрыш сызылады және форматтаудың бүкіл элементтерін (туралау, қаріптер және т.б.) пайдаланып, оның ішіне мәтін енгізіледі.
Сурет элементтерін форматтау. Суреттің әрбір элементін (жазу,сызық, сопақша, бағыттауыш сызықтар және т.б.) салып болған соң, олардың әр қайсысын, қосымша жеке форматтауға болады. Мысалы, Жазу (Надпись) элементінің жақтауын, ішкі бояуын алып тастауға, өлшемін өзгертуге, орналасуын дәл анықтауға және т.б. өзгертуге болады. Ол үшін, форматтайтын элементтің контекстік менюін шақырып, Автофигура форматы (Формат автофигуры) командасын таңдау керек. Пайда болған диалогтық терезесінен қажетті параметрлерді орнатуға болады.
Элементтерді орналастыру және оларды бір суретке топтастыру. Әрбір элементті салып және форматтап болғаннан кейін, оларды өз ара дұрыс орналастыру қажет және барлық элементтерді бір суретке біріктіруге болады.
4.14-сурет. Элементтерді орналастыру
Элементтерді бір-біріне қойғанда, жауып тұратын болса, біреуін беткі жағында, келесісін астыңғы жағында орналастыруға болады. Ол үшін қажетті элементтің контекстік менюін шақырып, Рет(Порядок) командасынан тиісті орналастыруды таңдау(4.14-сурет).
Барлық элементтерді бір суретке біріктіру немесе топтастыру үшін, "Shift" пернесін басып тұрып, әрбір элементті белгілеп (ерекшелеп) шығып, контекстік менюден Топталу (Группировка) →Топтастыру (Группировать) (4.14-сурет) командасын таңдау керек. Сонан соң, бірнеше элементтерден тұратын топталған суреттер бір сурет деп есептелінеді де, оны тұтасымен жылжытуға, көшіруге,өлшемін өзгертуге болады.
Қажетті әрекеттерді орындап болған соң, геометриялық элементтер тобын қайтадан бөлек-бөлек элементтерге жіктеуге болады. Бұл үшін сол біріктірілген топты белгілеп алып, контекстік менюден Топталу (Группировка)→Топты жіктеу (Разгруппировать) (4.14-сурет) командасын таңдау керек.
Обьектіні көшіру,орын ауыстыру,өлшемін өзгерту және форматтау. Обьекті ретінде - салынған сурет,файлдан кірістірілген бейне және т.б. болуы мүмкін. Обьектіні көшіру,яғни көшірмесін алу үшін, оны алдын-ала біріктіріп
4.5. Нөмірленген және маркерленген тізімдерді орнату
Нөмірленген не маркерленген тізімнің қалыптасуы, әрбір элементінің (жолдың, абзацтың) соңында, <Enter> пернесін басқанда пайда болатын, баспаға берілмейтін ¶ - символының болуына байланысты.
Берілген мәтін негізінде тізім құру үшін:
• тізімге енетін абзацты (жолды) ерекшелеу қажет;
• саймандар панелінен Нөмірлеу (Нумерация) немесе Маркелер (Маркеры) батырмаларының бірін шерту керек.
Бұл жағдайда, ¶ - символымен аяқталатын жолдар, маркерлермен немесе санмен, яғни реттік нөмірмен белгіленетін болады. Бір нөмірге екі жол енгізу қажет болса, курсорды екінші жолға орналастырып, батырманы қайта шертіңіз. Бұл жағдайда, реттік нөмір ¶ - символымен белгіленген келесі жолға өтеді.
Егер сандық тізбекті өзгерту қажет болса немесе маркерлердің басқа символдарының орнату, санның форматын өзгерту, не шегіністерді дәл қою және т.б. үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
• тізімге енетін абзацтарды (жолдарды) ерекшелеу қажет, егер тек бір жолдың элементінің форматын өзгерту керек болса, курсорды осы жолға орнату:
• Формат Тізім (Список) командасын таңдау керек. Не контекстік менюден Тізім (Список) командасын таңдау;
• Тізім (Список) диалогтық терезесінде Нөмірленген (Нумерованный) немесе Маркерленген (Маркированный) ішкі бетін ашу;
• ұсынылған нұсқалардың тізімнің стилін таңдау. Нөмірленген тізім үшін, бұл жерде - «жаңадан бастау» не «жалғастыру» нұсқасын таңдап, орнатуға болады;
• егер ұсынылған нұсқалардың ішінен лайықтысы жоқ болса, онда <Өзгерту...> (<Изменить...>) батырмасын басу керек;
• Таңба... (Знак) батырмасын шертіп, лайықты маркерді таңдауға, не Қаріп... (Шрифт) батырмасы арқылы қажетті қаріпті (түсін, өлшемін және т.б.) келтіруге болады. Осында шегіністер де орнатылады.
Көпдеңгейлі тізімдерді орнату.Көпдеңгейлі тізімге енетін жолдарды ерекшелегеннен кейін, Формат Тізім (Список) Көпдеңгейлі (Многоуровневый) командасын шақырып, ұсынылған нұсқалардан тізімнің стилін таңдау керек. Егер ұсынылған нұсқалардың ішінен лайықтысы жоқ болса, онда <Өзгерту...> (<Изменить...>) батырмасын шертіп, 4.15-сурет бойынша қажетті параметрлерін енгізу.
4.15-сурет. Көпдеңгейлі тізімді орнату
Екінші, үшінші т.б. деңгейлі символдарды экранға шығару үшін, қай деңгейге өтетіңізге байланысты, жолдың басында <Tab> пернесін сонша рет басасыз, ал бір дңгей жоғары өту үшін - <Shift+Tab> пернелер комбинациясын таңдайсыз.
4.6. Кестелермен жұмыс
Кесте (Таблица) - мәліметтерді жолдар мен бағандар түрінде реттуге мүмкіндік береді. Кестенің әрбір элементі ұяшық деп аталады. Ұяшықта сақталған информация басқа элементтерден тәуелсіз. Сондықтан, әрқашанда әрбір ұяшықтың форматын және өлшемін, сондай-ақ ондағы информацияны өзгертуге де болады, Кестенің ұяшығы, кестеден басқа мәтін, сурет және басқа да объектілерден тұрады.
• пайда болған диалогтық терезесінде, болашақ кестенің жолдар мен бағандар санын енгізу;
• осы диалогтық терезесінде Автоформат батырмасын басып, алдын-ала анықталған форматтар тізімінен лайықтысын таңдап алуға болады.
Ұяшықтарды ерекшелеу, кестелерді толтыру және редакциялау.Мәтіндік информацияны енгізу кезінде, ені бойынша сыймай қалса, онда мәтін автоматты түрде сөз бойынша келесі жолға көшеді де, ұяшықтық биіктігі ұзарады.
Енгізілетін информация әрбір ұяшықтың ішінде, ұяшықтың өрісіне қатысты орналасады. Сондықтан, ұяшықтың өрісін беттің өрісі (поля страницы) сияқты, әрқашанда өзгертуге болады. Бір ұяшықтан келесі ұяшыққа өту, <Tab> пернесін, не тышқанның көмегімен жүргізіледі.
Кестенің ұяшықтарын тез арада мәліметтен тазалау үшін, оларды ерекшелеп , <Del> пернесін басу керек.
Кестеге жолдар мен бағандарды қосу және жою.Жол қосу үшін, курсорлы, алдына (не төмен) жол қосылатын жолдың кез келген жеріне орнату қажет. Сонан соң, Кесте (Таблица) Кірістіру (Вставить) Жолдарды жоғары (Строки выше ) не Жолдарды төмен (Строки ниже) командасын таңдау керек.
Курсор тұрған ұяшықтың оң сол жағына баған қосу үшін, Кесте (Таблица ) Кірістіру (Вставить) Бағандарды оң жақтан ( Столбцы справа )не бағандарды сол жақтан (Столбцы слева) командасын таңдау керек.
Жолды немесе бағанды жою үшін, алдымен оларды ерекшелеу қажет, сонан кейін , Кесте (Таблица) Жою (Удалить ) Жолдар (Строки ) не бағандар (Столбцы) командасы таңдалады. Ұяшықты жою - Кесте (Таблица) Жою( Удалить ) Ұяшықтар (Ячейки) командасын таңдау арқылы жүргізіледі.
Ұяшықтарды бөлу мен біріктіру, кестені бөлу.Ұяшықтарды бөлу үшін , алдымен бөлінетін ұяшықтарды ерекшелеп, Кесте (Таблица) Ұяшықтарды бөлу.... (Разбить ячейки...) командасын таңдау керек. Пайда болған диалогтық терезесінде баған мен жол санын көрсетіп, бөлу алдында біріктіру қажет болса Бөлу алдында біріктіру (Объединить перед разбиением) жалаушасын көрсету керек.
Ұяшықтарды біріктіру үшін, алдымен оларды ерекшелеп, сонан кейін Кесте (Таблица ) Ұяшықтарды біріктіру (Объединить ячейки) командасы таңдалады.
Кестені екіге бөлу үшін, бөоінетін жерден кейін орналасқан жолдың кез-келген жеріне, курсорды орналастырып, Кесте (Таблица ) Кестені бөлу (Разбить таблицу ) командасын таңдау қажет, не <Ctrl+Shift+Enter> пернелер комбинициясын басу керек. Бөлуді қайтару үшін, яғни екі бөлікті қосып, бір кесте жасау үшін, екі кестенің арасында орналасқан ¶ - символын (абзац маркері) <Del> пернесі арқылы алып тастау керек.
Кестені екі бетке бөлу үшін келесі бетке көшірілуіге тиісті бөлігінің бірінші жолына курсорды орналастырып <Ctrl+Enter> пернелер комбинациясын басу қажет.
Ұяшықтар ішіндегі мәліметтерді форматтау. Ұяшық ішіндегі мәліметтерді форматтау үшін, әдеттегі мәтін форматағандай Word –тың бүкіл мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Формат менюінде ұсынылатын барлық әрекеттерді , мысалы, қаріпті, абзацты форма