русс | укр

Языки программирования

ПаскальСиАссемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование

Все о программировании


Linux Unix Алгоритмические языки Аналоговые и гибридные вычислительные устройства Архитектура микроконтроллеров Введение в разработку распределенных информационных систем Введение в численные методы Дискретная математика Информационное обслуживание пользователей Информация и моделирование в управлении производством Компьютерная графика Математическое и компьютерное моделирование Моделирование Нейрокомпьютеры Проектирование программ диагностики компьютерных систем и сетей Проектирование системных программ Системы счисления Теория статистики Теория оптимизации Уроки AutoCAD 3D Уроки базы данных Access Уроки Orcad Цифровые автоматы Шпаргалки по компьютеру Шпаргалки по программированию Экспертные системы Элементы теории информации

Константалар


Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2072; Нарушение авторских прав


Бағдарламаның орындалу барысында мәні өзгермейтін тұрақты шамаларды константалар дейді. Константалар екі түрлі болады: сандық және и символдық. Константалар бағдарламада бірден сан түрінде немесе есімімен көрсетіле алады. Бүтін сандардың Паскаль тіліндегі мәндерінің диапазоны ±32767, ал нақты сандардың ±1035. Егер константа бағдарламада есіммен көрсетілген болса, онда ол міндетті түрде, CONST қызметтік сөзінен басталатын, константаларды сипаттау аумағында көрсетілуі керек. Егер Паскаль тілінде жазылған бағдарламада мынандай бөлік болса:

const

cl = 17;

с2 = 3.14 ;

сЗ = 'А';

с4 = '3.14 ';

с5 = False;

онда компилятор бұл шамаларды константа деп есептейді, себебі санның есімімен оның мәнінің арасына меншіктеу операторы теңдік белгісі (=) түрінде қойылған. Ал айнымалылар үшін меншіктеу операторы теңдік белгісі бар қос нүкте (:=) түрінде жазылады.

Бұл фрагментті оқығанда компиллятор бірінші константаны (с1) INTEGER түріне (бүтін сан), екіншіні (с2)– REAL типіне (нақты сан, мәні ондық бөлшек), үшіншіні – CHAR түріне (символдық, бір символ апострофқа алынған), төртіншіні - STRING түріне (жол, апострофқа бірнеше символ алынған) және соңғысын - BOOLEAN типіне (логикалық) жатқызады. Сандардың Паскаль тілінде жазылуы кәдімгі математикалық жазуға ұқсас, бүтін не нақты сандар түрінде көрсетіледі. Сандардағы оң таңбаны көрсетпеуге де болады. Нақты сандарды көрсеткенде бүтін бөлігі бөлшек бөлігінен нүктемен бөлінеді. Сан ондық бөлшекті білдіретін нүктемен бастала да және аяқтала да алмайды.



Нақты сандарды көрсеткіштік (ондық негіз Е әрпімен белгіленетін) түрде жазуға болады Мысалы,– 0,000025 не −0,25∙10-4 түрінде жазуға болатын бір сан Паскаль тілінде –0.25Е-4 не –2.5Е-5 болып жазылады .

 

Турбо Паскальға ендірілген математикалық функциялар.

Бүтін не нақты сандармен есептеулер математикалық функцияларды қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін. Турбо Паскаль программалау тілінің ендірілген функциялары 1-ші кестеде келтірілген. Бұл кестеде REAL кезкелген нақты түрді, ал INTEGER кезкелген бүтін типті білдіреді.

 

 

Бағдарламаны ұйымдастыру

Паскаль, (Турбо Паскаль) тілінде жазылған бағдарлама:

- бағдарлама тақырыбы жолынан – бағдарлама есімін жариялау,

- сипаттамалар бөлімінен (раздела описания),

- орындалушы операторлар бөлімінен (раздела исполняемых операторов),

- бағдарламаның аяқталуын көрсету

Бөлімдерінен тұрады.

Әр бағдарлама қордағы «Program» сөзімен басталады. Бұл сөз бағдарлама есімін енгізу үшін ғана қолданылады. Бұл сөзден соң латын әріптерімен жазылған және бағдарламаның негізін білдіретін есім жазылады. Мысалы:

Program delenie (input, output); . Мұнда «delenie» деген сөз бағдарламаның есімі. Іnput, output- сөздері бағдарламада енгізу және шығару элементтері қолданылатынын білдіреді.

Бағдарлама есімі бос орынсыз жазылуы керек. Бұл бөлімді жазбауға да болады.

Паскаль тілінде әр оператордың немесе сипаттаманың соңы нүктелі үтірмен көрсетілуі керек.

Сипаттамалар бөлімінде міндетті түрде орындалушы операторларда қолданылатын стандартты емес идентификаторлардың (есімдердің) қандай типке жататыны көрсетілуі керек. Бұл бөлім константаларды көрсететін және айнымалыларды сипаттайдын бөлімдерден тұруы мүмкін. Типтерді және объектілерді сипаттау қордағы TYPE –типтерді көрсету, BOOLEAN логикалық типті көрсету, CONST – константаларды көрсету, VAR – айнымалыларды сипаттау, LABEL – белгілерді сипаттау сыяқты сөздерден басталуы керек.

Жалпы түрде айнымалыларды сипаттау мынандай түрде жазылады:

VAR V1, V2, V3, . . . Vn : T; мұнда V1, V2, V3, . . . Vn – айнымалылар есімдері, T– тип.

Айнымалылар есімдері (идентификаторлар), тізімінен соң, тип атауының алдынан қос нүкте қойылады. Мысалы

const d=3; var a,b:integer; s:real;   d шамасы integer константа.     a және b айнымалылары integer. s айнымалысы real типті шама.

Орындалушы операторлар бөлімінде есепті шығаруға қажетті барлық операторлар: деректерді енгізу, есептеу (математикалық және логикалық функциялар мен процедуралар, модульдер) және нәтижені шығару енеді.

Деректерді енгізу операторыбағдарламаны есепті шығаруға қажетті бастапқы деректермен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Деректерді енгізу үшін қолданылатын операторлар:

READ(b1, b2,…bn) и READLN(b1, b2,…bn) мұнда b1, b2, …bn – осы көрсетілген кезекте енгізілген деректер меншіктелетін айнымалылар есімдері.

Мысалы, Оператор READ(AI, K, M) түрінде көрсетілгенде, мына бастапқы деректерді: AI=4,3 M=0,38*104 K=5 енгізу, осы мәндерді арасына бос орын қалдырып, пернетақтада теру арқылы орындалады: 4.3 5 0.38E4

READ операторы орындалғанда AІ айнымалысы 4.3, айнымалылар K және M 5 және 0.38 *104 мәндерін меншіктейді.

Оператор READLN(b1,b2..bn); READ операторы тәрізді орындалады, айырмашылығы тізімдегі соңғы айнымалыға сәйкес келетін мәнді оқыған соң, келесі жолдың басына өтеді.

Например, мына түрдегі енгізу фрагментінде

READ(A1,K); READLN(M); 4.3 5 0.38E4. A1, K, M сан мәндері бір жолда орналасады

ал мына түрдегі енгізу фрагментінде

READLN(A1,K); READ (M); 4.3 5 0.38E4. A1 және K сан мәндері бір жолда орналасады, ал М айнымалысының мәні келесі жолда орналасады

Бос (енгізу тізімінсіз) оператор READLN бір жолды бос қалдырып келесі жол басына өтуді орындайды.

Өрнектің мәнін есептеу үшін және оны өрнектің сол жағындағы айнымалыға меншіктеу үшін теңдігі бар қос нүкте (:=) түріндегі меншіктеу операторы қолданылады. Оператордың жалпы түрде жазылуы A:=B, мұнда A- айнымалы есімі, B - өрнек.

Мысалы:X:=0.25, - X айнымалыға 0,25 мәні меншіктеледі;

A:=T, - Aайнымалы T мәнді қабылдайды;

K:=K+ 0.3, - K-ның жаңа мәні, алдыңғы мәнді 0,3-ке арттырып, есептеледі..

Өрнектер жақшалар мен амалдар белгілерімен кезектесіп отыратын константалардан, айнымалылардан, стандартты функциялардан тұрады.

Арифметикалық өрнектерге мысал:

Кәдімгі жазу Паскаль тілінде жазылуы Кәдімгі жазу Паскаль тілінде жазылуы
Z:=A/B*C A:=2*(SIN(4*X)+X)/(3*X)

Көбейту белгісі міндетті түрде жазылады, әйтпесе 3х түріндегі жазуға ЭЕМ кате деп мәлімет береді. Арифметикалық өрнектерде амалдардың орындалуы олардың маңыздылығына (приоритет) байланысты: 1) жақшадағы өрнектер; 2) функцияны есептеу; 3) көбейту және бөлу; 4) қосу жәрне азайту.

Маңыздылығы бірдей амалдар жазылу тәртібімен солдан оңға қарай орындалады. Арифметикалық өрнектерде костанталар және айнымалылармен қатар стандартты функциялар қолданылады. Функциялардың аргументтері жақшаға алынып жазылады.

Таблица №1 Паскаль тілінің ендірілген стандартты функциялары

Паскаль тілінде жазылуы Орындайтын функциясы
ABS(X) | X | - санның абсолют мәні
SQR(X) X2 санның квадраты
SIN(X) SIN X
COS(X) COS X
EXP(X) ex
LN(X) Ln x – натурал логарифм
LOG(X) Lg x – ондық логарифм
SQRT(X) Санның квадрат түбірі
ARCTAN(X) Arctg x
TRUNC(X) Санның бүтінін бөліп алу
ROUND(X) Санды дөңгелету
ODD(X) Санның тақтығын көрсету
PRED(X) Алдыңғы элементті табу
SUCC(X) Келесі элементті табу
ORD(X) Символдар жиынтығынан Х символының реттік нөмірін табу
CHR(X) Реттік нөмірі бойынша символды символдар жиынтығынан табу

Айнымалы шама х-ті бір а дәрежеге шағару үшін, яғни ха шамасын есептеу үшін xa=ea·lnx теңдігі қолданылады. Сонда ха шамасы Паскаль тілінде EXP(A*LN(X)) түрінде жазылады. Мысалы: өрнегінгің Паскаль тілінде жазылуы EXP(1/3*LN(X+A)).

Арифетикалық өрнектің мәні бүтін сан болады, егер өрнекке кіретін операндтар (константалар, айнымалылар, функциялар) бүтін типке жататын болса және оларға келесі амалдар қолданылатын болса:

+, -, *, сонымен бірге

DIV – бүтін бөлу, яғни екі бүтін операндтардың бөліндісінің бүтін бөлігін табу;

MOD – екі бүтін операндтарды бөлгендегі қалдықты табу.

DIV және MOD амалдарының маңыздылығы бөлу (/) және көбейту (*) амалдарындай.

Бағдарлама құрамына түсіндірмелерді (комментарий) қосуға болады. Түсіндірме – бағдарлама элементтерін түсіндіруші, бірақ бағдарламаның орындалуына әсер етпейтін, мәтін. Комментарий фигуралы жақшаға алынып жазылады. Мысалы:

a,b:integer; {a,b-мәні енгізілуші шамалар }

Ақпаратты дисплей бетіне шығару үшін шығару операторлары қолданылады:

WRITELN(‘айнымалылар мәнін шығару ’); WRITE(b1,b2..bn) және WRITELN(b1,b2..bn);

мұнда b1,b2..bn – мәні шығарылатын айнымалылар есімдері. Бұл операторлар шығару тізімінде көрсетілген айнымалылар есімдеріне сай мәндерді шығарады. Шыққан нәтижелер бір жолда орналасады. WRITELN (b1,b2..bn)операторының WRITE(b1,b2..bn) операторынан айырмашылығы, ол айнымалылар мәнін шығарған соң келесі жолға өтуді орындайды.

Мысалы, мынандай шығару фрагментінде

WRITE(A,H); WRITELN(V,R); 4.3 3 5.4 0.38E4. Айнымалылар мәндері A =4,5; H=3 V=5,4; R=0,38 104 бір жолда орналасады

Мынандай шығару фрагментінде

WRITELN (A,H); WRITE (V,R); 4.3 3 5.4 0.38E4. A және H айнымалыларының мәндері бір жолда, V және R айнымалыларының мәндері келесі жолда орналасады

Тізімсіз (бос) WRITELN операторы бір жолды бос тастап келесі жолдың басына өткізеді. Егер қолданушыға деректерді шығарудың стандартты түрі ұнамаса, онда ол деректерді шығару түрін басқаруүшін операторларда айнымалылар мәніне бөлінетін өріс енін көрсетуіне болады.

Бүтін түрдегі мәндерді шығарушы операторлардың жазылуы:

WRITE(b:m);

WRITELN(b:m); мұнда b- шығарылушы айнымалы есімі, m- мәнді жазуға арналған өріс ені.

Мысалы: D=105 және I=2016 айнымалылар мәндерін шығару керек: WRITE(D:4, I:6);

D айнымалысының мәні 4төрт орында, I айнымалысының мәні алты орында жазылады:

_ 105 _ _ 2016

Әр мән оң жақ шеткі орындарда жазылады, ал толтырылмаған орындар бос қалады. Егер мәндер көрсетілген өріске симайтын болса, орын автоматты түрде артады.

Нақты сандарды шығаруда қолданылатын операторлардың жазылуы:

WRITE(b:m:n);

WRITELN(b:m:n); Мұнда b- шығарылатын айнымалы емімі, m- нәтижені шығаруға арналған өріс ені, n- санның бөлшек бөлігін шығаруға арналған өріс бөлігі.

Мысалы: C=20.385 және R=8.1415 айнымалылар мәндерін шығару керек.

WRITE(C:6:3);

WRITELN(R:8:4);

C айнымалысына барлығы алты орын (біреуі ондық бөлшек белгісі нүктеге), ал бөлшек бөлігіне оның үш орыны арналады. Айнымалы R мәніне барлығы сегіз орын, оның төртеуі бөлшек бөлігіне арналады:

20.385_ _ 8.1415

Егер нәтижесі нақты сан болатын айнымалыны шығаруда бөлшек бөлікке қанша орын берілетіні көрсетілмесе, онда нәтиже қалыптастырылған ондық негізі бар сан түрінде көрсетіледі . Мысалы, C=125.64*10-5 и T=223.58 нәтижесін WRITE(C:11, T:13); көмегімен шығарғандағы түрі:

_1.2564E-03 _ _ _ 2.2358E+03 болады.

 

 

Паскаль тілінде бағдарламаны құрылымдық түрде жазуға келісілген:

1) тіл конструкциясының (сипаттамалар, операторлар, блоктар) ендірілген келесі деңгейлік элементтерін оңға қарай ығыстырып жазу;

2) бірдей деңгейлік элементтерді бір-бірінің астына жазу;

3) әр сипаттаманы және әр операторды жаңа жолдан жазу;

4) сипаттамалар мен операторлардың жалғасын келесі жолда оңға ығыстырып жазу;

5) жолдарды мүмкіндігінше қысқа жазу.

Бағдарлама құруға мысал:

Екі санның көбейтіндісінің үшінші санға қатынасын есептеуге бағдарлама:

Түсіндірмесіз Түсіндірмемен
Program delenie (input, output); const d=3; var a,b:integer; s:real; {s-результат } begin read (a,b); s :=d*a/b; write end. Program delenie (input, output); { Екі санның көбейтінді-сінің үшінші санға қатынасын есептеу} const d=3; {d-константа} var a,b:integer; {a,b-мәні енгізілетін шамалар } s:real; {s-нәтиже } begin read (a,b); {енгізу а және b мәндерін} s :=d*a/b; { нәтижесін s есептеу} write (нәтижені s шығару) end.

 

 

немесе

Түсіндірмесіз Түсіндірмемен
Program delenie (input, output); const d=3; var a,b:integer; s:real; begin write(‘a=’); ReadLn(a); write(‘b=’); ReadLn(b); s :=d*a/b; WriteLn(‘d*a/b=’,s:6:3) end. Program delenie (input, output); { Екі санның көбейтінді-сінің үшінші санға қатынасын есептеу} const d=3 var a,b:integer; {a,b-мәні енгізілетін шамалар } s:real; {s-нәтиже } begin   write(‘a=’);{а мәнін енгізу керектігі жөнінде мәлімет} ReadLn(a); { а мәнін енгізу} write(‘b=’); {b мәнін енгізу керектігі жөнінде мәлімет } ReadLn(b); { а мәнін енгізу } s :=d*a/b; {нәтиже s есептеу} WriteLn(‘d*a/b=’,s:6:3) (нәтиже s шығару) end.

 

11. САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

11.1. Өз бетiмен атқарылатын жұмыс



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Айнымалылар | Тапсырма 2


Карта сайта Карта сайта укр


Уроки php mysql Программирование

Онлайн система счисления Калькулятор онлайн обычный Инженерный калькулятор онлайн Замена русских букв на английские для вебмастеров Замена русских букв на английские

Аппаратное и программное обеспечение Графика и компьютерная сфера Интегрированная геоинформационная система Интернет Компьютер Комплектующие компьютера Лекции Методы и средства измерений неэлектрических величин Обслуживание компьютерных и периферийных устройств Операционные системы Параллельное программирование Проектирование электронных средств Периферийные устройства Полезные ресурсы для программистов Программы для программистов Статьи для программистов Cтруктура и организация данных


 


Не нашли то, что искали? Google вам в помощь!

 
 

© life-prog.ru При использовании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.

Генерация страницы за: 0.006 сек.