русс | укр

Языки программирования

ПаскальСиАссемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование

Все о программировании


Linux Unix Алгоритмические языки Аналоговые и гибридные вычислительные устройства Архитектура микроконтроллеров Введение в разработку распределенных информационных систем Введение в численные методы Дискретная математика Информационное обслуживание пользователей Информация и моделирование в управлении производством Компьютерная графика Математическое и компьютерное моделирование Моделирование Нейрокомпьютеры Проектирование программ диагностики компьютерных систем и сетей Проектирование системных программ Системы счисления Теория статистики Теория оптимизации Уроки AutoCAD 3D Уроки базы данных Access Уроки Orcad Цифровые автоматы Шпаргалки по компьютеру Шпаргалки по программированию Экспертные системы Элементы теории информации

Айнымалылар


Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3265; Нарушение авторских прав


Бағдарламаның орындалу барысында мәні өзгеріп тұратын шамаларды айнымалылар дейді. Айнымалылар бағдарламада есімімен (идентификатор) ғана көрсетіледі. Компьютерде әрбір шама үшін, оның мәні сақталатын, жадының белгілі бір аумағы бөлінеді.

Есімдердің (идентификаторлар) қызметтік сөздерден ерекшелігі оларды бағдарлама құрушының өзі тағайындайды. Айнымалы есімі әріптерден, әріптер мен цифрлардан тұруы мүмкін, бірақ міндетті түрде әріппен не астын сызумен басталуы керек. Есім ұзындығы 63 символдан артпауы керек. Мысалы:X, Y22M, Gamma, ALFA, R15, PTF3, IndMax.

Айнымалылар бүтін, нақты және символдық болып бөлінеді. Айнымалылар түрі (типі) олардың мәні болып табылатын деректер түріне сәйкес келуі керек. Бүтін айнымалылардың мәні тек қана бүтін сандар, нақты айнымалыларға – бөлшек түріндегі сандар сәйкес келеді. Символдық айнымалыларда тек қана символдар сәйкес келеді.

Бағдарламада қолданылатын айнымалылардың, қабылдайтын мәндеріне сәйкес, түрлері көрсетілуі керек.

Қарапайым түрлер

Қарапайым түрлерге реттік және нақты түрлер жатады.

Реттік түрлердің ерекшелігі, олардың әрқайсысының мүмкін мәндерінің саны шектелген болады. Бұл мәндерді белгілі түрде тәртіпке (реттеу) келтіруге болады.

Реттік түрге бүтін, логикалық, символдық, саналатын және тип-диапазон жатады.



Бүтін типтер.Бүтін типтердің мүмкін мәндерінің диапазоны олардың ішкі көрсетілуіне (жадыда сақталуына), бір, екі, төрт байттық, байланысты болады.

Бүтін түрлері
Атауы Ұзындығы, байтпен Мәндерінің диапазоны
Byte 0. . .255
ShortInt -128. . .+127
Word 0. . .65535
Integer -32768.. .+32767
LongInt -2 147 483 648... +2 147 483 647

Бүтін түрдегі көрсеткіштер қолданылған процедуралар мен функцияларды пайдаланғанда түрлердің «ендірілген» сипаттамаларын қолдануға болады : WORD, қолданылған жерлерде BYTE керісінше қолдануға болмайды, LONGINT-ке INTEGER «кіреді», ал оған SHORTINT-ті ендіруге болады..

Логикалық түр.Логикалық түрлердің мәні алдын ала жарияланған бір-біріне қайшы келетін тұрақтылардың FALSE (жалған) не TRUE (ақиқат) бірі бола алады.

Символьдық түр.Символдық түрлердің мәні компьютерде мүмкін символдардың жинағы бола алады. Символдық түрді сипаттау үшін CHAR қолданылады. Символдық айнымалылар мәні бағдарламада апострофқа алынады.

Саналатын түр. Саналатын түр айнымалысы қабылдай алатын барлық мәндерін тізу арқылы көрсетіледі. Әр шама белгілі бір идентификатормен есімделеді де, оның мәндері дөңгелек жақша ішінде тізіліп көрсетіледі.

Мысалы: TypeMonth=(jan,feb,mar,may,jun,jul,aug,sep,oct,nov,dec); colors =(red, white, blue).

Саналатын түрдің кезкелген айнымалысын алдын ала сипаттаусыз жариялауға (бағдарламаға енгізуге) болады.

Нақты түрлер.Нақты түрлер айнымалысыныңда қабылдай алатын мәндерінің саны шекті мәндер болады. Бірақ олардың саны соншама көп әрқайсысына бүтін санды нөмір беру мүмкін емес.

Нақты түрдегі айнымалыларды сипаттау үшін мынандай өрнектер қолданылады: Real, Double, extended, comp.

Атауы Ұзындығы, байт Мәнді цифрлар саны Онның дәрежесінің диапазоны
real 11. . .12 -39. ..+38
double 15. ..16 -324. . .+308
extended 19. . .20 -4951. . .+4932
comp 19. . .20 -2*1063+1. . .+2*63-1

Турбо Паскальда нақты түрлердің атаулары көп болғанымен DOUBLE EXTENDED және COMP атаулары компиляцияның ерекше режимдерінде қолдануға болады.

Құрылымдалған түрлер.Кезкелген құрылымдалған түрдегі шама көптеген элементтерден тұрады.

Массивтер. Массив түріндегі шаманың ерекшелігі оның элементтерінің барлығы бір түрде болуы керек. Массивтің сипатталуы:

<атауы> = ARRAY [ <тізім> ] OF <тип>

Жазбалар.Жазбалар ол жазба өрістері деп аталатын, саны шектелген компоненттерден (өрістерден) тұратын, деректер құрылымы. Массивтен ерекшелігі жазба компоненттері (өрістері) әртүрлі типті болуы мүмкін. Жазбаның белгілі бір компонентіне сілтеме жасау үшін, өрістердің барлығы есімделуі керек. Жазбаларды жариялау:

<Есім> = RECORD <өрістер тізімі> END

Көпшілдіктер. Көпшілдіктер ол бір бірімен логикалық байланысты бір типтес объектілер жиынтығы. Көпшілдікке кіретін элементтер саны 0 мен 256 арасында өзгере алады. Элементтерінің санының тұрақсыздығы көпшілдіктердің массив пен жазбадан ерекшелігі болып табылады. Көшілдікті сипаттау:

<Тип атауы> = SET OF <базалық тип>

Жолдар.STRING (жол) типі мәтіндерді өңдеу үшін Турбо Паскальда жиі қолданылады. Ол бір өлшемді символдық массивке ұқсас ARRAY[O..N] OF CHAR,, бірақ кейінгіден ерекшелігі жолдардағы символдар саны 0 ден N-ге дейін өзгереді. Мұндағы N - жолдағы символдардың максимал саны, бірақ ол 255-тен артық болмауы керек. N мәні STRING [N] типін жариялаумен анықталады.

Типтердің үйлесімділігі.

Айнымалалар түрін жариялағанда үйлесімділік мәселесін ескеру керек. Мысалы, нақты сандармен жүргізілген есептеулер нәтижесі бүтін болуы мүмкін емес, ал бүтін сандармен жүргізілген есептеулер нәтижесі нақты сан болуы мүмкін.

Файлдар есімі.Файлдар есімі - MS-DOS амалдық жүйесінің ережелеріне сай келетін жолдық типтегі кезкелген өрнек:

  • есім рұқсат етілген сегіз символдан тұрады; рұқсат етілген символдар латын алфавитінің әріптері және ! @ # $ % ^ & ( ) ' ~ - _ символдары
  • есім кезкелген рұқсат етілген символдан басталады;
  • есімнен соң кеңейту жазылады – ол үш символдан тұрады және есімнен нүктемен бөлінеді.
  • Есім алдында файлға дейінгі жол көрсетілуі мүмкін. Жол - диск есімінен басталып, файл орналасқан бумаға дейінгі бумалардың слэшпен бөлінген деңгейлік тізімі.


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Константалар


Карта сайта Карта сайта укр


Уроки php mysql Программирование

Онлайн система счисления Калькулятор онлайн обычный Инженерный калькулятор онлайн Замена русских букв на английские для вебмастеров Замена русских букв на английские

Аппаратное и программное обеспечение Графика и компьютерная сфера Интегрированная геоинформационная система Интернет Компьютер Комплектующие компьютера Лекции Методы и средства измерений неэлектрических величин Обслуживание компьютерных и периферийных устройств Операционные системы Параллельное программирование Проектирование электронных средств Периферийные устройства Полезные ресурсы для программистов Программы для программистов Статьи для программистов Cтруктура и организация данных


 


Не нашли то, что искали? Google вам в помощь!

 
 

© life-prog.ru При использовании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.

Генерация страницы за: 0.048 сек.