Жобанының файлы Object Pascal тілінде жазылған және компилятормен өңделетін бағдарлама. Бұл бағдарламаны Delphi автоматты түрде құрастырады және ол бірнеше жолдардан түрады.
Компоненттер жинағы – Delphi-дің негізгі ерекшелігі. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонент тез табуға арналған белгішелерден түрады
Компонент деп белгілі-бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен программаның негізі қанқасы құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т.с.с).
Форма қүрастырушысының немесе форманың терезесі - болашақ программаның Windows ортасындағы жобасы. Алдымен бүл терезе бос болады, дәл айтсақ Windows стандартты интерфейстік элементтерінен, яғни жүйелік менюді шақыру, терезені үлкейту/кішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршалған шегінен тұрады. Бұл терезенің жұмыс аумағы координаттық тордың нүктелерімен реттеліп түрады.
Программалау Lego констукторының бөлшектерімен атқарылатын жұмыс сияқты компоненттер жинағынан қажетті компонентті таңдап, форманың терезесіне орналастырудан басталады. Сөйтіп, форма терезесінде қажетті компоненттер бірінен соң бірі орналастырылады.
Бұл ерекшелік - визуалды (көзбен шолу) программалаудың негізі болып табылады. Программалаушы әр мезгілде қүрылатын программаның терезесін бақылап отырып, қажетті өзгерістерді кез-келген мезетте енгізу мүмкіндігіне ие болады.
Object Pascal-да объект деп арнайы даярланған берілгендер мен оларды өңдеуде қолданылатын ішкі бағдарламалардың жиынтығынан тұратын және біртұтас болып саналатын бағдарламаның үзіндісін атайды. Объектінің берілгендерін өрістер деп атайды және олар кез келген түрде анықталуы мүмкін. Объектінің ішкі бағдарламаларын әдістері деп атайды.
Модульдер - бағдарламаның үзіндісін орналастыру үшін қолданылатын бағдарламалық бірлік. Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды және олар стандартты және бейстандартты болып екі топқа бөлінеді.
Кез келген модульдің құрамына келесі бөліктер кіреді:
Тақырыбы;
Интерфейстік бөлігі;
Орындалатын бөлігі;
Терминатор.
Модуль тақырыбы Unit арнайы сөзінен басталады, сонан соң модуль атауы және нүктелі үтір тұрады. Интерфейстік бөлігі Interface, ал орындалатын бөлігі Implementation - түйінді сөзінен басталады. Модульдің терминаторы бағдарламаның терминаторы сияқты - End. түйінді сөзімен аяқталады.
Delphi кұрамына Inprise корпорациясының жүздеген стаңдартты кластары кіреді. Delphi ортасыңдағы барлық компоненттер белгілі бір кластың құрамына жатады. Ал формаға орналастырылған нақты бір компоненттің аты алғы буынның атауы және саңдық индекстен тұрады. Delphi ортасындағы барлық кластардың аты Т әрпінен басталады, мысалы TForm кластың туындыларының атаулары Tform1, TForm2 және т.с.с. болып келеді.
type
TForml = class(TForm)
Label 1: TLabel;
Buttonl: TButton;
procedure ButtonlClick(Sender: TObject);
var
Forml: TForml;
TForml = сlass(TForm) қатары Tform1 деген жаңа класты TForm-ның туындысы ретінде анықтайды. Стандартты Тform – Windows-тің бос терезесін анықтайды, ал Tform1 - формаға орналастырылған екі компонент сипаттайды, олар:
Label1I: TLabel; - белгі компоненті;
Button 1: TButton; - батырма компоненті;
Бұл анықтамалар Label1 - TLabel, ал Button1 - TButton кластарының туындылары екенін көрсетеді.
Tform1.ButtonlCIick процедураның атынан кейін жакшада нақты параметрі ретінде (Sender: TObject); тұрады. Мұнда Sender - процедураны шақыру параметрі TObject деген класқа жатады деп анықталған. Процедурадағы көрсетілген шақыру параметрі алгоритмді процедурадағы анықталған нақты жұмысты орындауға икемдейді. Осы параметр аркылы ButtonlClick процедурасы OnClick окиғасын кай компонент құрғанын анықтай алады. Процедураның тақырыбы " ; " таңбасымен аяқталады.
Процедура тақырыбынан кейін тұрған Begin ... end; қатарлары процедураның денесі деп аталады. Енді Begin мен end аралығында Button1 батырмасын баскандағы орындалатын операторлардың жиынын жазуға болады.
Мысалы, Button1 батырмасын бір рет сырт еткізгенде, дыбыс шығару әрекетін іске асыру үшін TForml.ButtonlClick(Sender: TObject) - процедураның денесінде келесі операторларды көрсету қажет:
procedure TForml.ButtonlClick(Sender: TObject);
begin // процедураның басталуы
MessageBeep(MB_OK);
end; // процедураның соңы
end.
Оқиға – объект қалып-күйінің немесе жұмыс істеу жағдайының кез келген өзгерісі. Мысалы, объектінің қалып-күйінің программаның атқаратын міндеті мен мақсатына әсер ететіндей өзгеруі; жүйеде немесе қолданбада пайдаланушыға хабарлайтын немесе немесе тіркеу журналына белгілейтін кез келген жағдай (әрекет).
Оқиғаны өндеу - программамен әрекеттестігін күтуге болатын пернетақта, принтер, тышқан, дискжетек, тізбектік порт сияқты барлық құрылғыларға сұрау мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Объектілік модуль– алғашқы модульді компиляциялаудың нәтижесі болып табылатын программалық модуль. Объектілік модуль берілген программалау жүйесі тілінің операторлары арқылы алғашқы модульде сипатталған әрекеттерді машиналық командалармен дәл жүзеге асырады. Объектілік модулге аудару керек емес және олар байланыстар редакторы арқылы тікелей өңделетін болғандықтан, машина уақытын және компьютер жадын үнемдеу мақсатында онда көптеген бағыңқы программалар мен басқа программаларда жиі пайдаланылатын программалық модульдер программалар кітапханаларында объектілік модуль түрінде сақталады.
Әдебиет: 1, стр. 10-40; 2, стр. 15-47
Бақылау сұрақтары:
1 Delphi компоненттері қалай топталады
2 Оқиға ұғымы нені білдіреді?
3 Оқиғаларды программалау дегеніміз не?
4 Процедура қалай ұймдастырылады?
5 Функция не үшін қажет?