б). Элементтердің берілген номиналы бойынша сұлбаның I1,I2,I токтары шамасын есептеңіз. U1 және U2 кернеу шамаларын қолдану арқылы U шығыс кернеуін есептеп шығарыңыз.
5.1-сурет
Тәжірибе 2. Тұрақты және айнымалы кернеулерді қосындылау.
а) 5.2-суретте көрсетілген сұлбаны жинаңыз. Сұлбаны қосыңыз. Кіріс және шығыс кернеуінің осциллограмасын «Тәжірибе нәтижесі» бөліміне сызыңыз.шығыс кернеуінің амплитудасын және тұрақты құраушысын өлшеңіз. U1 және U2 кернеу шамаларын қолданып шығыс кернеуінің U амплитудасын және тұрақты құраушысын есептеп шығарыңыз. Нәтижесін «Тәжірибе нәтижесі» бөліміне жазыңыз.
б) R2 кедергіні 2.5 кОм-ға тең етіп қойыңыз. Сұлбаны қосыңыз. Кіріс және шығыс кернеуінің осциллограмасын «Тәжірибе нәтижесі» бөліміне сызыңыз.шығыс кернеуінің амплитудасын және тұрақты құраушысын өлшеңіз. U1 және U2 кернеу шамаларын қолданып шығыс кернеуінің U амплитудасын және тұрақты құраушысын есептеп шығарыңыз. Нәтижесін «Тәжірибе нәтижесі» бөліміне жазыңыз.
5.2-сурет
Тәжірибе 3. Айнымалы кернеулерді қосындылау.
а) 5.3-суретте көрсетілген сұлбаны жинаңыз. Сұлбаны қосыңыз. Кіріс және шығыс кернеуінің осциллограмасын «Тәжірибе нәтижесі» бөліміне сызыңыз.Кіріс және шығыс кернеуінің амплитудасын өлшеңіз. Шығыс кернеуінің амплитудасын белгілі U1 және U2 кернеу амплитуда мәндері арқылы есептеп шығарыңыз. Нәтижесін «Тәжірибе нәтижесі» бөліміне жазыңыз.
5.3-сурет
Тәжірибе 4. Қосу-алу сұлбасынан шығыс кернеуді есептеу
Қосу-алу сұлбасы. 5.4-сұлбадағы 100 кОм орнатыңыз. Uшығ= − (2U1+3U2) + (4U3+2U4) қамтамасыз ететін R1, R2, , есептеңіз. 2-сұлбаны құрастырып, U1 = U2 = U3 = U4 = 2 тең деп орнатыңыз. Шығыс кернеудің мәнін жазыңыз және есептеңіз.