.1 сурак Радиацияның жасанды көздерінің барлығынан шығатын доза табиғи реңнен 20% алады.
Радиацияның көздерін медицинада да кең қолданады. Қазіргі кезде адамдардың радиацияның жасанды көздерінен алынатын дозасы көп жағдайда диагностикалық әрекеттермен және емдеу әдістерімен байланысты болады. Қатерлі ісік ауруларын емдеу үшін сәулелі терапия кең қолданылуда. Науқасты емдеу үшін өте жоғары дозаларды пайдаланады. Бірақ ондай жоғары дозаларды санаулы адамдар ғана қабылдайды. Радиацияның медициналық мақсатта қолданылуының ең кең таралған түрі – диагностика үшін қолдануы. Экономикалық даму дәрежесі жоғары елдерде әр 1000 тұрғындарына жылына радиация көмегімен өтетін қаралу саны 300-ден 900-ге дейін жетеді.
Рентгенодиагностикалық процедураларда қабылданатын сәуле дозалары әртүрлі болады. Олар қабылданатын құрылғыға, қолданылатын әдістерге және мамандардың тәжірибесіне байланысты сипатталады. Рентгенодиагностикалық процедуралардың көпшілігі теріге әсерінің орташа дозасы 0,5-5,0 сГр, бірақ, кейбір процедураларда, мысалы, жүректі зерттегенде бірден қабылданатын дозасы 0,5 Гр-ге жетуі мүмкін. Тіс емдеу кезінде науқастың басына 0,2-0,5 сГр, қалқанша безіне 0,002-0,07 сГр доза әсер етеді.
2 суракҚазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларының қоса алғанда) жалпы мөлшері жылына 89.5 текше шақырымды құрайды.Республикада таза ауыз суды тым тапшылығы байқалады.
Қазақстанның жер беті су ресурстары түгел дерлік таусылған. Республиканың су шаруашылығы мәселелері тек жер беті суларын шектеп пайдалану және жер асты суларының ресурстарын меңгеру есебінен ғана шешілуі мүмкін. Республикада жалпы су пайдаланудың 9 % жер асты суларының үлесіне тиеді , біздің ойымызша , оны 25% дейін көтеруге болады
Республикамыздың жерасты су ресурстарының мол екендішгін айта кеткеніміз жөн. Жер асты суларының анықталған қорлары 15,8 текше шақырымды құрайды, оның 2,6 текше шақырымы пайдаланылады.2 Бұл сулар өте минералды болғандықтан және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады. Жерасты сулары Қазақстанда пайдаланылатын су мөлшерінің 8 пайыздан астамын құрайды. Болашақта олар республиканың су қажеттіліктерінің 25 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін.3Жерасты суларның бастаулары өте әркелкі орналасқан. Су қорларының 63 пайыздан астамы республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде жатыр. Республикамызда анықталған жерасты суларымызддың 60 пайызының 16 пайызы ғана пайдаланылады. Осы мөлшердегі жерасты суларының 52 пайызы шаруашылық-ауыз су мақсатында, 22 пайызы техникалық мақсатта, 9 пайызы жер суғару үшін және 7 пайызы жайылымдарды суландыру үшін пайдаланылады, 69 қала, 4000 – нан астам елді-мекен, 100-ден астам өндірістік кәсіпорын жерасты суларымен қамтамасыз етілген, 90 мың гектарға дейінгі жерлер суғарылады. Жерасты суларын пайдалану үлесі республикамызда анықталған қорлардың 15, 6 пайызын, ал жалпы табиғи суларды пайдаланудың 7, 5пайызын құрайды.
Су ресурстары жағдайының мониторингі Су ресурстары жағдайының мониторингі – жер үсті және жерасты сулардың сапасы жағдайын бақылау жүйесі. Су ресурстары жағдайының мониторингі Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің «Қазгидромет» РГБ арқылы жүзеге асады . 3. Б нүктесі тұтынуға жарамды
47 билет
1... И.П Герасимов бойынша мониторинг сатылары.Әр бір сатылары бойынша анықтама.
Мониторингті ұйымдастыру барысында белгілі бір мәселелерді шешу мақсатында И.П Герасимов 1975 жылы 3 сатыны ұсынған: Олар биоэкологиялық мониторинг (санитарлы-гигиеналық), геоэкологиялық мониторинг (табиғи - шаруашылық), биосфералық мониторинг( ғаламдық ).
Биоэкологиялық мониторинг - табиғи ортаның жағдайын оның адам денсаулығына әсері тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер - ауруға ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы және т.б. қолданылады.
Геоэкологиялық мониторинг - табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады.
Биосфералық мониторинг - биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.
2. Мұздықтардың мониторинг жүйесі. Қазақстандағы мұздықтардың криогенезі.
Жыл сайын қар жамылғысы 115 млн. км2 ауданды алады, кейбір экстремальді жылдары бұл аудан 125 млн.км2 дейін жетеді. Соның ішінде солтүстік жарты шарда 79 млн.км2, оңтүстікте 46 млн. км2 қар басқан территорияны 2/3 бөлігі құрылыққа, ал 1/3 бөлігі теңіз мұздарына жатады. Қар жабындысын табиғи ортаның ластануын зерттеу мақсатына қолдану ғалымдарды ертеден қызықтырды. Қар жабындысының ластанудың қолайлы индикатор ететін бір қасиеттері бар. Ластанушы көзі ретінде атмосфералық жауын – шашын, атмосфералық ауа, қолданылады. Көптеген және маңызды нәтижелерді анықтаған практикалық және принципиалдық негізгі себептерін атайық. Бұл нәтижелер қардың ластану параметрлерін өлшеу арқылы алынады. Құрғақ және ылғалды жуу процесі нәтижесінде қалыптасқан және түскен қарды ластаушы заттардың концентрациясы, атмосфералық ауаға қарағанда 2 – 3 есе көп. Сондықтан да бұл заттардың мөлшерін есептеу дәрежесі жоғары және қарапайым әдістермен жүргізіледі.
Жер шарының таулы және полярлы аудандарында қар жамылғысы біртіндеп мұзға айнала отырып, ондағы ластанушы заттарды консервілейді де қолайлы жағдайда сақтайды. Бұлар мұздықтар массасында жүздеген, мыңдаған жылдар бойы сақталып, атмосфералық ауа құрамының және ластануының шежіресі болады. Сонымен қатар, қар жабындысы қоршаған ортаның қышқылдануының тиімді индикаторы болып саналады. Қар жамылғысының ластануы біздің ғасырларымыздың 70-ші жылдарының ортасында тез өсе түсті. Қар атмосфераның мына заттармен ластануының индикаторы бола алатындығы көрсетілді: сульфаттармен, нитраттармен, аммонимен, негіздермен, ауыр металдармен, ароматты, мұнай, полицикленді көмірсутегімен, хлорорганикалық пестицидтермен және газтәріздіні қосқандағы бірқатар басқа да заттармен.
Бұрынғы КСРО аумағындағы мұздықтарды үнемі бақылап отыратын бағдарлама шеңберінде Қазақстан территориясында мұздықтарды жүйелі бақылап отыру 1950 – 60 жылдары басталды. 1973 жылы бірнеше мұздықтарды жыл бойы бақылап отыратын, әлемде теңдесі жоқ толық бағдарлама қабылданды. Қазақстан аумағындағы оңтүстік – шығыс Қазақстанның Шым ( Жетісудың Алатауы) тауларында қадағалау жүргізілді. Орталық Тұйық су мұздығын бақылау ұзақтығы 50 жылды құрайды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында Жердің мұздары еру жағдайында екендігіне мұздықтардың мониторинг нәтижелері күмән келтірмейді. 1956 жылдан 1975 жылдар аралығында жалпы мұздықтар аудандары кеміп, Іле Алатау және Шелек өзені бассейнінің солтүстік баурайындағы 369 мұздықтың 31% мөлшеріне ұлғайды. Осы мұздықтардың жалпы өсу ауданы аталған кезеңде 15,7 км² құрайды.
Соңғы жылдары таудағы мұздықтардың еруіне байланысты криогенез зерттеулері өзекті болып отыр. Тұйық су мұздығының температуралық режимі мен еріген лай ағысын зерттегенде, қазіргі уақытта көлемі 500 мың м³-тен асатын жер асты су айдындары бар екендігі анықталды. 1960 жылдардың ортасында Іле Алатауының солтүстік макробеткейлерінің әрқайсысының көлемі 10 мың м³ артық барлығы 10 көл саналған. 1980 жылы олардың саны – 41-ге дейін, ал 1990 жылы 60-қа дейін көбейді. Олардың ішіндегі ең ірілері жырып өткен жағдайда қиратуды, бұзуды туғызатын гляцияалдық селдердің пайда болуына әкеп соғады. Климат жылынған жағдайда мұндай гляциалдық селдердің ықтималдығын арттырады. Сондықтан, мұздық жүйені мониторингтеумен қатар, криогендік үрдісті де қадағалап отыру қажет. Мұндай жұмыстардың тек теориялық емес практикалық та маңызы бар. Ол қазіргі климаттың өзгеруі жағдайында гляциалдық селдердің алдын лау іс –шараларын әзірлеуге үлесін қосты.
3. 25/50*100%=50%
48.
1.Топырақты ластаушы заттардың түрлері.
Ластаушы заттардың рауалды шекті мөлшер
Топырақтың сапасын нормалау
Топырақ биосфераның ең маңызды компоненті. Топырақ биосферасының экологиялық қуысы, тіршілік мекені. Оның арқасында жер бетінде ағзалардың алуантүрлілігі сақталып дамиды. Қазіргі кезде топырақ экологиясы және топырақты қорғау әлемдік экологиялық мәселесінің бірі болып табылады.
Топырақтың ластануы – топырақта оған тән емес физикалық, химиялық, биологиялық агенттердің пайда болуы ж/е енуі немесе ол агенттердің концентрациясы.
Топырақтың биологиялық ластануы – ауру тудыратын ж/е де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің топырақта болуы.
Физикалық ластануы – радиоактивті заттектермен ж/е басқа физ. факторлардың әсерінен ластануы. Мыс: Уран кендерін ашық әдістермен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулеленетін сұйық ж/е қатты қалдықтар қалады.
Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, А.ш. қолданылатын шөп жойғыштармен минералды тыңайтқыштар қалдықтар Топырақтың (химиялық, мұнай өнімдерімен, радиоактивті және өндірістік- коммуникалдық ақаба сулармен ) ластануы егістіктерде, мұнай-газ кәсіпорындары алаңдарында, әскери полигондарда елді мекендерде байқалған. Егістіктерде минералдық тыңайтқыштар, гербицидтерді өлшемсіз қолдану нәтижесінде топырақта өте улы: мышьяк, кадмий , сынап, селен, қорғасын, мырыш, фтор; улылығы орташа:кобальт, бор, никель, мыс, молибден, хром; Қауіптілігі шамалы: стронций, барий, марганец, вольфрам жинақталады. Химиялық элементтердің ыдырауы, усыздануы топырақтың қышқылдылығына, механикалық құрамына, температурасына, ылғалдылығына, механикалық құрамына, температурасына, ылғалдылығына және микробиологиялық процестерге байланысты болады. Мұнай, газ өндіруші және тасымалдаушы аудандарда топырақ олардың қалдықтарымен және қолданылатын химиялық заттармен ластанады. Сонымен, барлық табиғат зоналарында топырақтың экологиялық мәселелері бар. Сондықтан топырақты қорғау және сақтау, жердің тақырлануын болдырмау және ұтымды пайдалану ұлттық саясатқа айналып, тұрақты дамудың негізгі болуы тиіс. Топырақты қорғау жүйесін жетілдіруі қажет, оның ішінде эрозияға тұздануға жол бермеу, қарашірік балансын сақтау, органикалық және минералдық тыңайтқыштар беру, мелоризация, ауыспалы егістік , топырақты өңдеу мен биологиялық қорғауды жетілдіру, егістіктер мен жайылымдарды дұрыс пайдалану.
Топырақтағы ластағыш заттарды үш бағытта нормаланады:
- Ауыл шаруашылығындағында пайдаланатын жердің егістік қабаттарындағы улы химикаттардың мөлшері;
- Кәсіпорынның территориясындағы лы заттардың жинақталуы.;
- Елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын жерлер топырағының ластануы.
Топырақтын зиянды заттарды нормалауға келетін болсақ , гигиеналық нормативтер зияндылықтың шектеулі көздерінің есебінен бекітіледі. Ондай нормативтерге: жалпы санитарлық, миграциялық, ауалық, органолептикалық, фитоаккумуляциялық (зиянды заттарды өсімдіктерде жиналуы немесе оларға өтуі ) және санитарлы-токсикологиялықнормативтер жатады.
Санитарлық- токсикологиялық нормативтер топырақ құрамындағы заттардың адам ағзасына бір мезетте бірнеше жолдармен, яғни, шаң-тозаң, атмосфералық ауа, ауыз суды тұтыну, тамақ өнімдері және т.б жолдармен түсу мүмкіншіліктерін ескереді.
Гигиеналық нормативтер алты түрлі көрсеткіштер бойынша ластаушы заттардың шекті рауалы концентрациясын қарастырады, олар:
- Органолептикалық ( түс, дәм, өсімдіктердің азықтық құндылығы, атмосфералық ауаның және судың иісі, түсі дәмі);
- Жалпы санитарлық (топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне әсері);
- Фитоаккумуляциялық (Транслокайиялық);
- Су-миграциялық;
- Ауа-миграциялық;
- Санитарлы- токсикологиялық
Топырақтағы химиялық заттардың шекті рауалы концентрациясының санитарлы нормалары:
2.Планетаның табиғи жолмен тазаруындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алатын орны
Бізді қоршаған орта тығыз тепе теңдіктен тұрады, олар бір бірінсіз тіршілігін жалғастыру мүмкін емес. Тіпті фауна мен флорада үлкен табиғи айналымның үлкен орын алады. Табиғат Б.Коммонердің: «Табиғат жақсы біледі» деген заңына сүйенсек өсімдіктер мен жануарлар табиғаттың тазалығына үлкен рөлін қоды. Мысалы: Тоқылдақ бүкіл орманды басына көтеріп, ағашты тұмсығымен тоқылдатқанда, ағаштың қабығы мен үгінділері жан-жаққа борап ұшып жатады. Тоқылдақ қабық жегіш құрттардың барлығын жеп үлгермейді де, одан қалғандары шөжеторғайға бұйырады.Тоқылдақты орман дәрігері деп атайды, ал шөжеторғайды санитары деуге әбден болады
Ал өсімдіктерге келсек, ауаны шаң мен газдардан жасыл желектер жақсы тазартады, жапырақ бетінің бір шаршы метрі орташа 1,5...10 г шаңды тұндарады. Терек ,жөке осындай қасиетін ерекше атап өтуге болады.
Өсімдіктердегі фитоцидтер қоршаған орта сапасын ауаны ылғалдандыру , иондау және шаң-тозаңнан тазарту арқылы жақсартады, осындай заттарды бөлетін бөлме өсімдіктерін атап өтсек: традесканция, бегония, лимон,т.б.
Кейбір ағаш түрлері ауадағы жұқпалы вирустарды өлтіретін қасиеті бар мысалы : шарша, қарағай ағаштары.
Микроағзалардың және жыртқыш құстар мен аңдардын өлексермен қоректеніп шіріту процесіне қатысуы, өсімдіктердің фотосинтез процесі арқылы көмңр қышқыл газын жұтып оттегі шығауы.
Метрологиялық мониторинг – мемлекеттік органдарды , жеке заңды тұлғаларды ауа райы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді метеорологиялық, агрономиялық құбылыстардың туындау ықтималдылығы туралы ескерту мақсатында атмосфера мен жүр үстінің параметіріне, оның ішінде жылу балансы, озонометрикалық аэрологиялық бақылау жасаудын кешенді жүйесі. Метрологиялық мониторинг деректерінің негізінде киматтық және жердің озон қабатының мониторингін жүргізу жүзеге асырылады.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) — метеорологиялық бақылаулар мен зерттеулерді дамыту бағытындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, ұлттық ауа райын қадағалау қызметтерін үйлестіру мақсатын көздейтін ұйым. 1947 жылы БҰҰ жанынан құрылды. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым құрылғанға шейін оның қызметін Халықаралық метеорология ұйым (1871) атқарып келген. Қазір ұйымның 150 мүшесі бар. Жоғары органы — 4 жылда 1 рет шақырылатын Дүниежүзілік метеорология конгресс. Атқару кеңесі ұлттық метеорол. қызметтердің 24 директорынан тұрады және жылына 1 рет шақырылады. Ірі географиялық аудандардағы арнаулы қызметтерін 6 аймақтық ассоциация (Африка, Азия, Оңтүстік Америка, Солтүстік және Орталық Америка, Оңтүстік-батыс Тынық мұхиты, Еуропа) үйлестіріп отырады. Метеорология бақылауларды жасау және стандарттау, ақпараттар алмасу, ауа райын болжау, т.б. үрдістеріне байланысты техникалық мәселелерді тиімді шешіп отыру үшін арнаулы комиссиялар құрылған. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның тұрақты жұмыс істейтін хатшылығы Женевада (Швейцария) орналасқан.
Билет
1. Парниктік әсердің пайда болу себептері, салдары.
Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.
Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.
Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді. Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-2012 жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып, анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.
Қазіргі кезде 2756 мың км2 алаңды алып жатқан Қазақстанның жердегі метрологиялық желісінде 251 бекет бар. Бұл желі 1996 жылда бері Әлем бойынша үйлестірілген уақыттағы 8 синхронды мерзімде: 00; 03; 06; 09; 12; 15; 18 және 21 үнемі режимдік бақылаулар жүргізіп тұрады.
2.Табиғи ресурстар жай-күйінің мониторингі және оның түрлері
Атмосфера ауасыннегізгі ластаушылар өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары, олардың үлесі – 51%, электр энергиясын, газ, су өндіруші және таратушы кәсіпорындар үлесі – 27,8%, тау-кен өндірісі кәсіпорындары – 13,7% көлік және байланыс – 33%, басқалары - 4,1%.
Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметі бойынша 2005 жылы атмосферадағы ластаушы заттар (ЛЗ) шығарушы кәсіпорындар саны 6634. Олардағы ластаушы көздер 108576, шығарған ластаушы заттар 3 млн.т. Барлық шығарылған ластаушы заттар 76% газ және сұйық күйіндегі заттар, 24% қатты тозаңдар. Алғашқыларының 64,4% күкіртті ангидрит, 18,1%- көміртек оксиді, 8,8% азот оксиді және 5,1% көмірсутектер.
Зиянды заттардың атмосфераға көп мөлшерде шығарылуы көпшілігінде ластаушы көздердің тиісті тазарту құрылымдарымен жабдықталмауы. Шығарылымдардың 63% тұрақты көздердің есепке алынған мұржаларынан шығарылады, қалғандары есепке алынбаған көздерден булану, кебу, газдардың таралуы, т.б. арқылы шығарылады. Оларды тазарту тұрмақ есепке алудың өзі қиын.
Газ күйіндегі шығарылымдармен қатар едәуір мөлшерде денсаулыққа қауіпті ауыр металдардың ұсақ тозаңдары да шығарылады. Тұрақты көздерден шығарылатын осындай атмосфераны ластаушылардың басым бөлігін энергетика кәсіпорындары шығарады. Олар атмосфераға негізгі азот оксидін, шаң және күйе шығарушылар. Ондай кәсіпорындар өнеркәсіпті қалаларда орналасқан. Тұрақты көздерден шығарылған 3 млн.т. ластаушы заттар 76% 25 өнеркәсіпті, ірі қалалар шығарған. Олардың қатарында Балқаш, Теміртау, Павлодар, Ақсу, Жезқазған, Екібастұз, Ақтөбе (әрқайсысында 150 мың т. дейін), т.б.
Атмосфераға ластаушы заттар жылжымалы көздерден (автомобильдер, құрылыс және жол техникалары, тепловоздар, авиация т.б.) де шығарылады. Жыл сайын автомобильдер саны артып отырғандықтан қалаларда олардың атмосфераны ластау үлесі тұрақты көздерден де артып барады. Мысалы, Алматыда барлық шығарылымдардың 90% жуығы автомобильдің үлесі.Бір автомобиль жылына орташа 15 мың км жүргенде 2т. отын жағады, сонда атмосфераға 700 кг тұншықтырғыш газ, 40 кг азот диоксидін, толық жанып кетпеген 230 кг көмірсутектер, 2-5 кг, жанармайдың құрамындағы ұсақ тозаңдарын шығарады екен, олардың қатарында улы қорғасын қосындылары бар (этилденген бензинге қолданылады). Қаладағы көлік «кептелмелерінде», бағдаршамға тоқтап, жүргенде автомобильдер шығарылымдары күрт артады.
Атмосфераның ластануын зерттегенде 16 астам ластаушы қосындылары анықталады, оның ішінде шаң-тозаң, күкірт диоксиді, сульфаттар, көміртек оксиді, азот диоксиді, фторлы сутегі, күкіртсутек, ауыр металдар, т.б.
Ауаның сапасының негізгі сан бельгісі ластаушы заттар жол берілетін шоғырлану шегі (рауалды шоғырлану шегі –РШШ). Ауаның ластану деңгейі қауіптілігінсыныбын ескере отырып нормаланған бес ластаушы заттар бойынша кешенді атмосфераның ластану индесі (АЛИ) көрсеткішімен бағаланады.
Ластану индексін есептеу әдісі рауалды шекті шамада барлық ластаушы заттардың адамға әсері бірдей деген ұйғарымға сүйенеді, ал шекті шамадан артқанда зияндылығы қауіптілік сыныбына сәйкес артады.
«Казгидр(омет» мәліметі бойынша Қазақстанның ірі қалаларында атмосфера ауасының сапасы төмен деңгейде қалып отыр. 17 қалада кем дегенде бір заттың шоғырлануы РШШ артық, 6 қалада (Алматы, Қарағанды, Риддер, Теміртау, Өскемен, Шымкент) 3 және одан астамзаттар бойынша артық. Шаң-тозаңның орташа жылдық шоғырлануы 9 қалада 1,1-2,0 РШШ, азот диоксиді – 10 қалада 1,3-1,9 РШШ; формальдегид – 7 қалада 1,3-6,0 РШШ; фенол -5 қалада 1,3-3,0 РШШ болған.
Зиянды заттардың орташа және ең көп мөлшері шығарылымдардың мөлшеріне, сондай-ақ қаланың орналасқан физика-географиялықауданына байланысты кең шамада ауытқып отырады.
3.Мониторинг жүйесінің блок-сұлбасын жазып талдау.
Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, құрғақ жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттық жүйені құрушылар) жатады.
Бақылау объектілері келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық, ауалық гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеорологиялық), топырақтық. Климаттық мониторинг: сейсмикалық, ионосферлық, Күн магнитометриялық, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі және т. с.
Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.
Әсер факторларының мониторингі - әртүрлі химиялық ластағыштардың (ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиациясы, шу, діріл) мониторингі.
Ластағыш көздердің мониторингі — нүктелі стационарлы көздер (зауыттардың мұржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (қалалар, химиялық заттектер өндірілетін егістік жерлер) көздер.
Әсер аумағана байланысты мониторинг кеңістік және уақытша мониторингтерге бөлінеді.
Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай мониторинг жүйелерін құрайды:
• ғаламдық (биосфералық) - халықаралық ынтымақтастық негізінде Жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға ұстап, экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру;
• базалық (фондық) – жалпы биосфералык, табиғи құбылыстарды бақылау;
• ұлттық - бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы жүргізілетін мониторинг;
• аймақтық, - халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында ірі-ірі аудандардың көлемінде құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы бақылау;
• жергілікті (локалды) - елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүргізу;
• импактылық- ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі.
50 билет
1.Топырақ биосфераның ең маңыхды комноненті.топырақ арқылы тірі организмдер литофера гидросферамен байланыста болады . топырақ биосфераның экологиялық қуысы , тіршілік мекені .адам іс әрекеті салдарынан топырақ деградациясы респубикада кең орын алған . Топырақ ластануы Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және қылау қоздырғыштары 2—3 тәулік бойына сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақтың өзін-өзі тазалай алмайтын кезінде дизентерия қоздырғыштары бірнеше ай, сүзек пен қылау қоздырғыштары бір жарым жылға дейін сақталады. Топырақтың ластануы кейде әр дәуір аумаққа жайылады.[
Мұнай өнімдерімен
Радиоактивті
Өңдірісті коммуналды ақаба сулармен егістіктерде байқалған . егістіктерде минералдық тыңайтқыштар ,гербицидтер мен пестицидтер өлшемсіз қолдану нәтижесінде топырақта өте улы мышьяк,кадьмий , сынап, селен , қорғасын , мырыш , фтор , ,,улылығы орташа кобальт ,бор ,никель , мыс , молибден , хлор , .Мұнай газ өндіруші және тасымалдаушы аудандарда топырақ олардың қалдықтармен және қолданылатын химиялық заттармен ластанады .
2.Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрын жасуша формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді.Жер бетінде адамның пайда болуынан жануарлар әлемі адам әрекеті әсерінің дамуын бастарынан кешіре бастады. Жабайы құстардың, сүт қоректілердің және жәндіктердіц кейбір түрлері қолға үйретіле бастады және содан олардың жабайы жануарлар есебінде тіршілік етуі мүлде тоқтады. Оларды өсіру азайды және жабайы түрлерге экологиялық жақын тіршілік ету мүкіншіліктері күрделене берді. Бағалы кәсіптік жануарларды құрып-жою басталды: пілдер, түяқтылар, кейінен жоғары сұранысқа ие болған терісі бағалы жануарлар. Бұл өзгерістермен қатар орманды кесу, жер жырту және ауыл шаруашылық дақылдарын егу ландшафтқа басқа да күрделі өзгерістер әкелді.
3. 45/90*100%=50%
№51
1. Ластанған қоршаған ортаны қайта қалпына келтірудің физикалық, химиялық және биологиялық жолдары белгілі. Олардың ішінде химиялық немесе физикалық әдістермен топырақты тазарту өте қымбатқа түседі. Мысалы, АҚШ-та жоғарыдағы әдіспен бір тонна топырақты тазартуға 50-ден 1000 долларға дейін қаржы шығатындығы есептелген. Жалпы есептегенде 1 гектар жерді тазартуға 750 000 доллар шығын кетеді. Техногенді ластанған аудандарда асқазан ауруы бірінші орында, тыныс алу жүйелері аурулары екінші орында, қан айналу жүйелері аурулары үшінші орында тұр. Сондықтан қоршаған ортаны ауыр металл иондарынан тазарту және оны сақтау, кезек күттірмейтін өзекті мәселе болып саналады.
2. Атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі полюстердегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұхит суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына орналасқан ірі қалалар, елді мекендер су астында қалады деген бар. Бұл алдымен адамның табиғатқа тигізіп жүрген залалын ойланбастан жасаған шаруашылық қызметінің салдары, көмірқышқыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс бөлінуінің әсері деген ғалымдар пайымдауы бар. Шынында да, жыл сайын әуеге көтерілген метан мен көмірқышқыл газы жерді қатты қызып кетуден сақтайтын инфракүлгін сәулелерді жұтып, планета температурасының көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық беретін стансалардан, қаладағы кәсіпорындардан бөлінген көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрап, қауіптің деңгейі өсе түсті. Атмосфераның ластануына ең көп үлес қосатын екi ел бар. Ол –АҚШ пен Қытай. Ал бұл екi ел 2012 жылы аяқталатын ғаламдық көмiр қышқыл газының таралуын азайту жөнiндегi Киото хаттамасына қол қоймаған. Таяу жүзжылдықта Антарктиданың батыс бөлігіндегі мұз құрсауының еруі әлемдік мұхиттағы су деңгейінің шамамен 15 фунтқа (4,5 метр) көтерілуіне соқтырады. Соңғы жылдары таудағы мұздықтардың еруіне байланысты криогенез зерттеулері өзекті болып отыр. Тұйықсу мұздығының температуралық режимі мен еріген лай ағысын зерттегенде, қазіргі уақытта көлемі 500 мың м3-тен асатын жер асты су айдындары бар екендігі анықталды. 1960 жылдардың ортасында Іле Алатауының солтүстік макробеткейлерінің әрқайсысының көлемі 10 мың м3 артық барлығы 10 көл саналған. 1980 жылы олардың саны - 41-ге дейін, ал 1990 жылы 60-қа дейін көбейді. Олардың ішіндегі ең ірілері жырып өткен жағдайда қиратуды, бұзуды туғызатын гляциальды селдердің пайда болуына әкеп соғады. Климат жылынған жағдайда мұндай гляциальдық селдердің ықтималдығын арттырады. Сондықтан, мұздық жүйені мониторингтеумен қатар, криогендік үрдісті де қадағалап отыру қажет. Мұндай жұмыстардың тек теориялық емес практикалық та маңызы бар. Ол қазіргі климаттың өзгеруі жағдайында су шаруашылығы проблемаларын шешуге және гляциалдық селдердің алдын алу іс-шараларын әзірлеуге үлесін қосады.
3. 10 000 000/30=333 333,333
№52
1.«Мониторинг»сөзі латын тілінде «монитор» - «бақылаушы», «сақтандырушы» деген мағынаны береді. Қазіргі кезде мониторингтің көптеген түрлері бар. Қоршаған табиғи орта мониторингі дегеніміз – адамдардың денсаулығына, тірі ағзалардың тіршілігіне, олардың қауымдастығына, табиғат кешендеріне зиянды және қауіпті жағдайлардың алдын алу, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шараларын жасау мақсатында қоршаған ортаның жағдайын бағалау және болжау. Бірінші кезекте табиғаттағы антропогендік өзгерістерге басты назар аударылады. Бақылау әдістері бойынша мониторинг: биосфералық (ғаламдық), экологиялық, биологиялық (индикаторлар көмегімен), санитарлық-токсикологиялық, халықаралық, аймақтық, ұлттық, жергілікті, ғарыштық және т.б. болып жіктеледі. Ықпал ету көлемі бойынша мониторинг кеңістіктік және уақыттық болып жіктеледі. Ақпаратты талдау сипатына қарайбазалық, әлемдік, аймақтық және ерекше қауіпті аймақтардың (импактылы) мониторинг болып бөлінеді. Базалық мониторингі – адамның тікелей немесе жанама түрде әсер етуі арқылы өзгеріске ұшырайтын табиғи процестер мен құбылыстарды бақылау, қадағалау.
2.Атмосфера ауасыннегізгі ластаушылар өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары, олардың үлесі – 51%, электр энергиясын, газ, су өндіруші және таратушы кәсіпорындар үлесі – 27,8%, тау-кен өндірісі кәсіпорындары – 13,7% көлік және байланыс – 33%, басқалары - 4,1%. Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметі бойынша 2005 жылы атмосферадағы ластаушы заттар (ЛЗ) шығарушы кәсіпорындар саны 6634. Олардағы ластаушы көздер 108576, шығарған ластаушы заттар 3 млн.т. Барлық шығарылған ластаушы заттар 76% газ және сұйық күйіндегі заттар, 24% қатты тозаңдар. Алғашқыларының 64,4% күкіртті ангидрит, 18,1%- көміртек оксиді, 8,8% азот оксиді және 5,1% көмірсутектер. Зиянды заттардың атмосфераға көп мөлшерде шығарылуы көпшілігінде ластаушы көздердің тиісті тазарту құрылымдарымен жабдықталмауы. Шығарылымдардың 63% тұрақты көздердің есепке алынған мұржаларынан шығарылады, қалғандары есепке алынбаған көздерден булану, кебу, газдардың таралуы, т.б. арқылы шығарылады. Оларды тазарту тұрмақ есепке алудың өзі қиын.
Фотохимиялык смог— өнеркөсіп орталықтары мен ірі қалалардың қатты ластанған ауасы, құрамы түтін, тұманжәне шаңнан тұратын аэрозоль. . Түтін немесе көсіпорынның газ қалдықтары қосылған қалың тұман және шоғырлануы жоғары тозаңдар мен ащы газдардың бүркеніші (тұмансыз) болатын түрлері сараланады Смог өндірісі жақсы дамыған қалалардың атмосферасында отынды құрғақ айыру кезінде пайда болатын күйенің, күлдің ұсақ бөлшектерінен құралады; ал ылғалды атмосферада сұйық тамшы түрінде кездеседі. Ауа райы құрғақ, ыстық кезде смог сарғыш бүркеніш сияқты болып көрінеді. Атмосферада жиналған смог адамдардың денсаулығына өте қауіпті. Смогтың салдарынан тұрғындар арасында тыныс алу және қан айналысы органдарының аурулары көбейеді. Құрамы Азот оксиді. Мысалы: азот диоксиді; тропосфералық (жерге жақын) озон; ауада ұшып жүрген органикалық қосылыстар. Мысалы, бензиннің, бояудың, еріткіш- тердің булары: азот қышқылдарының тотығы. Фотохимиялық смогты тудырушы басты фактор – автокөлік пен өндіріс ошақтарының улы газдары мен түтіндері. Жоғарыда аталған органикалық қосылыс- тар химиялық жағынан өте активті, тез қыш-қылдана алады. Сол себептен де фотохимия- лық смог қазіргі кезде экология үшін өте маң- ызды проблеманың бірі. Денсаулықтың қас жауы.
Құрғақ смог (лос-анджелестік смог) – күн радияциясының әсерінен қалдық газдарда болатын фотохимиялық реакцияның салдарынан пайда болатын смог. Тұмансыз, ауаның түсі көкшілдеу түске боялып, ауада улы газдар тарайды. Ылғалды смог (лондондық смог) – табиғи тұманның өндіріс орындарынан шыққан газдар мен түтіндерге араласуынан пайда бол-ған смог. Бұндай смог тұманды Лондонға тән. Радиациялық тұман – жердің беті радиациялық процесс бойынша салқындағанда тұман пайда болады. Оған қоса шықтың (шөптердің бетіндегі шық) бойындағы ылғалдылық бар болып, екеуі тұман түзеді. Ондай тұман жердің беткі қабатындағы жылы ауа массасын жоғарыға жібермей ұстап қалады. Ал ол дегеніміз өндіріс орталықтарында смог түзеді деген сөз.
3. б нүктесі тұтынуға жарамды
№53
1.Атмосфера ауасының жағдайын бақылау және қадағалау қызметі екі жүйеден тұрады. Біріншісі, бақылау мониторингі; екіншісі – қадағалау мониторингі.
Бірінші жүйе – қала, елді мекендердегі ластану көзінен алыс және жақын жатқан қалалар мен елді мекендерден пайда болған территориялардағы атмосфера ауасының сапасын бақылауды қамтамасыз етсе, екінші жүйе ластаушы заттарды бақылайды және атмосфераға шығарылатын зиянды қадағалап отырады. Атмосфера ауасының ластануын бақылау антропогендік әсерлермен ластанған аудандарда жүргізіледі. Жүргізілген бақылаудың сапасы мен мүмкіндіктеріне қарай барлық атмосфералық ауаны қорғау шараларының тиімділігі байланысты болады.
Ластану көздерінен (ошақтарынан) алыс жатқан аудандарда (реңдік) бақылау ластаушы заттардың шоғырлануының биотаға әсерін қадағалайды. Реңдік бақылау экологиялық мониторингтің арнайы бағдарламасы мен ережесіне сәйкес биосфералық қорықтар аумағында жүргізіледі. Биосфералық қорықтарда атмосфера ауасының ластануын болжау мен бағалау ондағы қорғасын, кадмий, көміртегі тотығы, мышьяк, сынап және т.б. хлорорганикалық қосылыстардың құрамына талдау түргізу арқылы анықталады. Реңдік бекеттерде ауаның ластану жағдайын өлшеп қана қоймай, сонымен қатар, метеорологиялық бақылаулар жүргізіледі. Атмосфера ауасының реңдік деңгейін бақылау барысында ондағы қосылыстардың тасымалдану түрі мен техногендік факторлармен гидрометеорологиялық процестердегі рөлі анықталады. Антропогендік әсермен қарқынды ластанған аймақтардағы атмосфера ауасының ластануын бақылауды ұйымдастырудың қажеттілігі математикалық және физикалық модельдеу әдістерін қолдану арқылы теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
2. Инструментті әдіс – бақылаудағы көздерден шығарылатын шығарындылардың қосындыларының концентрациясын үздіксіз өлшейтін автоматты газоанолизаторларды қолдануға негізделген. Инструментті – зертханалық әдіс- қолданғанда біріншіден ластаушы көздердегі газдардың үлгілерін алады, одан кейін олар зертханада автоматты және жартылай автоматты құралдарда анализдейді. 3. Минералды су құрамында бірнеше химиялык заттардың мөлшері анықталды:
1.Улы және фотохимиялық тұман. Үлкен қалаларға тән, жиі байқалатын құбылыс – улы тұман. Улы тұмандар 3 түрлі – ылғалды, құрғақ және мұзды болып келеді. Ылғалды улы тұман (Лондондық тип) – газ тәрізді ластаушы заттар, шаң және тұман тамшыларының қосылыстары. Бұл қосылыстағы заттар бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп бастапқы тұрлерінен әлдеқайда қауіпті қосылыстар түзеді. Атмосфералық ауаның 100-200м биіктігінде улы, сарғыш түсті лас, ылғалды улы тұман осылай пайда болады. Мұндай тұман теңізге жақын, тұманды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары елдерде түзіледі. Құрғақ улы тұман(лос-анжелестік тип) – азонның пайда болуы кезінде химиялық реакциялардың әсерінен атмосфералық акуаның екінші рет ластануы. Құрғақ улы тұман Лос-Анджелесте қалың тұман емес көкшіл түтүн түзеді. Мұзды улы тұман (Аляскалық тип) – арктика мен субарктикада антициклон кезінде төменгі температурада пайда болады. Мұндай ауа-райында ластағыш заттардың аз мөлшерде бөлінуінің өзі мұздың майда кристалдарынан тқратын қалың тұманның пайда болуына әкеледі. Атмосфералық ауаның тұмандануы қала микорклиматының нашарлауына – тұманды күндердің көбеюіне, атмосфераның тұнықтығына, мөлдірлігіне әсер етеді. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап Лос-анджелес қаласында да жылдың жылы маусымында, әдетте жазда және ерте күзде ылғалдылығы 70% құрайтын тұман пайда бола бастады. Бұл тұманды фотохимиялық тұман деп атайды. Улы тұман кезінде көріну қабілеттілігі нашарлап, үй жануарлары өле бастайды. Адамдардың тыныс алуы қиындап көздері жасаурап, тамақ пен мұрынның шырышты қабаттарының тітіркенуіне, өкпе және басқа да созылмалы аурулардығ қозуына алып келеді.
2.Жер бетіндегі судың жалпы қоры — шамамен 1386 млн. км²-ге тең. Өзен арналарындағы су қоры 2120 км3-ге тең, тұщы көлдердегі су — 91 мың км3. Тұщы жер асты суларының қоры 10,5 млн. Км3 мөлшерінде деп есептелсе тұщы сулардың жалпы қоры — 3,5 млн. Км3 немесе гидросфера көлемінің 2,53%-ын құрайды. Егер, біз тұщы судың негізгі массасы мұздықтарда жиналғанын есте ұстасақ, онда адам қажетіне жұмсалатын таза тұщы судың көлемі шұғыл кемиді және шамамен гидросфераның 0,80% бөлігін қүрайды.
Су — керемет, сирек кездесетiн минерал! Ол қатты, сұйық және газ сияқты күйде болатын жалғыз минералдардын бірі. Су — жақсы энергия ақпараттық сақтаушыларының бiрi. Ол адам бойындағы энергияны өзіне сіңріп алатындығы ғылыммен дәлелденді. Барлық малдар және өсiмдiтер, жанды заттар заттар сулардан тұрады: малдар — 75%ке, балық — 75%ке, медуза — 99%ке, картоп — 76%ке, алмалар — 85%ке, қызанақтар — 90%ке, қиярлар — 95%ке, қарбыздар — 96%ке. Адам организм 86%сдуан тұрады. Су мөлшерi әр түрлi мүшеде, әр түрлі көлеиде болады: бауыр — 69%ке дейiн бұлшық еттер — 70%ке дейiн ми — 75%ке дейiн бүйректер — 82%ке дейiн қан — 85%ке дейiн.
Адам организмдағы судын пайдалылығы:
Энергия айналымын өзгертуге көмектеседі,
организмға нәрлi затты сiңiруге көмектеседi,
тыныс үшiн оттектi дымдайды
дене ыстығын реттейдi
зат алмасуда қатысады
тiршiлiк маңызды органдарды қорғайды
буындар жағады
организмнан әр түрлi қалдықтарын шығарады
3. Ауа құрамында бірнеше зиянды ластаушы заттардың мөлшері анықталды: