Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында қоршаған ортаға байланысты қолданылатын мониторинг ұғымы кең таралған. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Бүкіл әлемде адам денсаулығы және оны қоршаған табиғи ортаны шаруашылық қызметтің салдарынан қорғау мәселесі өзекті орынға шығып отыр. Себебі биосфераның жағдайы күннен-күнге өзгеруде. Табиғи өзгерістердің аясында антропогендік өзгерістерді болжап қарастыру үшін табиғи құбылыстардың өзгерістерінің жергілікті, аймақтық және ғаламдық ауқымда арнайы бақылануын ұйымдастыру ықпалдық сипаты туралы сапалық әрі сандық жағынан әділ ақпарат алу үшін қоршаған ортаның мониторинг жүйесін ұйымдастыру қажет болады. Биосферадағы антропогендік өзгерістердің мониторингі көп мақсатты ақпараттық жүйе болып табылады да, оның міндетіне биосфераның ахуалын байқау, осы ахуалды бағалау және болжау, қоршаған ортаға жасалатын антропогендік ықпалдың шамасын айқындау, осындай ықпалдың факторларын, көздері мен дәрежесін анықтау жатады.
Курстың пререквезиттері мен постреквезиттері:
Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни, экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады. Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі - биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген өзгерістерді есепке алып отыру.
Курстың мақсаты мен міндеттері:
- қоршаған орта жағдайының өзгеруі
- адам іс-әрекеті арқасында қоршаған орта жағдайының өзгеруіне алып келетін себептері
- адам іс-әрекеті әсерін анықтап, өзгерісгерді бақылау
- қоршаған орта жағдайында болатын өзгерісгер
- адамның теріс іс-әрекеті нәтижесіндегі зардаптарды жою
- қоршаған орта мен қоғам арасындағы тиімді қатынастар стратегиясы
Курс нәтижесінде студенттер білуі керек:
- атмосфералық ауаны бақылау; - су ресурстарын бақылау; - топырақ, дер ресурстарды, тұтыну және өндірістің қалдықтарын бақылау; - биологиялық ресурстарды бақылау; - қоршаған ортаның ластану жағдайының мәліметтер қоры; - экологиялық ақпаратты қабылдау және берудің құрамы, формасы, уақыты, мекен-жайы; - қоршаған ортаның қазіргі ықпалын талдау, қоршаған ортаның жағдайын жақсарту бойынша болжамдық шаралар білуі тиіс.
Тақырыптық жоспар
Дәріс сабақтары.
№
Тақырыптың аты және мазмұны
Сағат саны
Әдебиеттер
Уақыты
(апта)
Кіріспе. Қоршаған орта мониторингі
1. Мониторинг ұғымы
2. Мониторингтің негізгі мақсаттары мен міндеттері
3. Мониторинг түрлері
Н: 1,2,3,4,5,
Қ: 1,2,3,4
Жер мониторингі
1. Жер мониторингі жайлы жалпы мәлімет
2. Жер мониторингін ұйымдастыру және жүргізу
3. Жер мониторингін жүргізу принциптері
4.Жер мониторингін жүргізудің негізгі бағыттары
Н: 1,3,9,10
Қ: 1,2
2,3
Атмосфералық ауа мониторингі
1. Атмосфералық ауа мониторингінің негізгі міндеттері.
2. Атмосфералық ауа мониторингін бақылауды ұйымдастыру ережелері.
3. Атмосфералық ауа мониторингін ұйымдастырудың негізгі принциптері.
4.Атмосфераның экологиялық мониторингі.
5. Атмосфералық ауаны қорғаудың іс - шаралары.
Н: 1,2,3,4,5,
Қ: 1,2,3,4
4,5
Су объектілерінің мониторингі.
1. Су объектілерінің мониторингінің жағдайын бақылау желілері.
2. Судың беткі қабатының суларының ластануын бақылау пункттерін ұйымдастыру.
3. Су және оның түпкі шөгінділерінің сапасын гидробиологиялық бақылау.
4. Мұхиттар мен теңіздердің жағдайын бақылауды ұйымдастыру.
Н: 1,3,9,10
Қ: 1,2
6,7
Биологиялық мониторингті ұйымдастыру принциптері
1. Қоршаған табиғи ортаға биоттардың әсерін реттеу.
2.Биологиялық мониторинг экологиялық мониторигтің құрамдас бөлігі.
3. Тіршілік ортасының биоиндикация және биотестілеу әдістері.
4. Биоиндикация формалары
5. Биоиндикаторлар
6. Әр түрлі ортадағы биоиндикация.
Н: 1,2,3,4,5,
Қ: 1,2,3,4
8,9
Топырақ жамылғысының мониторингі.
1. Топырақ жағдайын бақылау, негізгі принциптері, міндеттері және бақылаудың түрлері.
2. Топырақтың ауыр металдармен химиялық ластануының деңгейін бақылауды ұйымдастыру.
3. Топырақ мониторингі және топырақты санитарлық қорғау
Н: 1,3,9,10
Қ: 1,2
10,11
Тіршілік ортасы мониторингі – кешенді мониторинг.
1. Антропогендік әсерлерден қоршаған ортаның өзгерістері.
2.Атмосфераның антропогендік ластануы.
3. Гидросфераның антропогендік ластануы.
4. Топыраққа антропогендік әсер.
Н: 1,2,3,4,5,
Қ: 1,2,3,4
12,13
Экологиялық мониторинг.
1. Жалпы түсініктер.
2. Экологиялық мониторингтің классификациясы.
3. Қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесі.
4. Мемлекеттік экологиялық мониторинг
Н: 1,3,9,10
Қ: 1,2,8
14,15
Барлығы: 30 сағат.
Семинар сабақтары
№
Тақырыбы
Сағат саны
Әдебиеттер
Уақыты
(апта)
Қоршаған орта мониторингі пәні
Н: 1,2,3,4,5,
Қ: 1,2,3,4
Жер мониторингі
Н: 1,3,9,10
Қ: 1,2
2,3
Атмосфералық ауа мониторингі
Н: 1,2,3,4,5,
Қ: 1,2,3,4
4,5
Су сапасының мониторингі.
Н: 1,3,9,10
Қ: 1,2
6,7
Биологиялық мониторинг
Н: 1,2,3,4,5,
Қ: 1,2,3,4
8,9
Топырақ сапасын нормалау
Н: 1,3,9,10
Қ: 1,2
10,11
Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау
Н: 1,2,3,4,5,
Қ: 1,2,3,4
12,13
Экологиялық мониторинг.
Н: 1,3,9,10
Қ: 1,2,8
14,15
Барлығы: 15 сағат.
Cтуденттердің оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ)
№
Тақырыптың аты және мазмұны
Сағат саны
Әдебиеттер
Уақыты
(апта)
Мониторинг түрлері және оларды жүзеге асыру жолдары
Н: 1,2,3,4,5,
Қ: 1,2,3,4
Жер мониторингі.
Н: 1,3,9,10
Қ: 1,2
2,3
Қоршаған орта жағдайының антропогендік өзгерісі жүйесінің жіктелуі.
Н:1,2,5,8
Қ: 1,2
Қоршаған орта жағдайын бағалау әдістері.
Н: 1,3,8,10
Қ: 1,2
Гидросфера мониторингі.
Н: 1,2,3,9
Қ:2,3,4
Топырақ ластануының биоиндикациясы.
Н: 1,3,4,8.
Қ: 1,2
Биосфераның антропогендік өзгерістерін бағалау.
Н: 1,2,7,8.
Қ: 1,2
Мониторингтің ұлттық және аймақтық жүйелері.
Н: 1,2,7,8.
Қ: 1,2
Топырақ ластануының биоиндикациясы.
Н: 1,2,3,4,5,
Қ: 1,2,3,4
Биоиндикацияны қолданудың негізгі принциптері. Ауа ластануының биоиндикациясы.
Н: 1,3,9,10
Қ: 1,2
Қар жамылғысының ластану мониторингі.
Н: 1,2,3,4,5,
Қ: 1,2,3,4
Геологиялық орта мониторингі.
Н: 1,3,9,10
Қ: 1,2
Экологиялық мониторингтің ақпараттық- аналитикалық орталықтары.
Н: 1,2,3,4,5,
Қ: 1,2,3,4
Жағалық және су экожүйелері ластануының биоиндикациясы.
Н: 1,3,9,10
Қ: 1,2
Барлығы: 45 сағат.
Студенттердің өзіндік жұмысы. (СӨЖ)
№
Жұмыстың тақырыбы
Тапсырма түрі
Сағат саны
Уақыты
(апта)
Қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесі.
Реферат
Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым және биосфераның ластануының халықаралық мониторингі
Реферат
Аймақтық мониторинг
Реферат
Биологиялық мониторингтің негіздері
Реферат
Локальды мониторинг
Реферат
Медициналық- экологиялық мониторинг
Реферат
Табиғи ортаның радиациялық ластануының мониторингі
Реферат
Қоршаған орта және ластану көздері
Реферат
Қоршаған орта сапасын мөлшерлеу (нормалау)
Реферат
Барлығы: 45 сағат.
Баяндамалардың және рефераттардың тақырыптары.
1. Қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесі.
2. Медициналық- экологиялық мониторинг
3. Табиғи ортаның радиациялық ластануының мониторингі
4. Қоршаған орта және ластану көздері
5. Су сапасының мониторингі.
6. Биологиялық мониторинг
7. Экологиялық мониторинг.
8. Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым және биосфераның ластануының халықаралық мониторингі
9. Биологиялық мониторингтің негіздері
10. Аймақтық мониторинг
11. Жер мониторингі
І Рубеждік бақылау.
«Қоршаған орта мониторингі» пәнінен рубеждік бақылау. 1- нұсқа.
1. Табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері:
1. Экологиялық мониторинг +
2. Химиялық мониторинг
3. Физикалық мониторинг
4. Биологиялық мониторинг
5. Экобиохимиялық мониторинг
2. Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады, оларды ата:
1. Бақылау, бағалау, болжау +
2. Жағу, көму, өндеу
3. Топтастыру, тасымалдау, есепке алу
4. Талдау, жинақтау, сақтау
5. Тасымалдау, бақылау, пайдаға асыру
3. Әртүрлі химиялық ластағыштардың, түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиациясы, шу) мониторингі:
1. Химиялық мониторинг
2. Физикалық мониторинг
3. Дистанциялық мониторинг
4. Экобиохимиялық мониторинг
5. Әсер факторларының мониторингі +
4. Нүктелі стационарлы көздер (зауыттардың мұржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (қалалар) көздер, бұл қандай мониторинг түрі:
1. Ғаламдық (биосфералық)
2. Базалық (фондық)
3. Жергілікті (локалды)
4. Импактылық мониторинг
5. Ластағыш көздердің мониторингі +
5. Жалпыбиосфералық, табиғи құбылыстарды бақылау мониторингі:
1. Базалық (фондық) +
2. Ұлттық
3. Аймақтық
4. Импактылық
5. Ғаламдық
6. Бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы жүргізілетін мониторинг:
1. Ұлттық +
2. Жергілікті (локалды)
3. Базалық (фондық)
4. Ғаламдық (биосфералық)
5. Дистанциялық (аралық)
7. Халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында ірі-ірі аудандардың көлемінде құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы бақылау мониторингі:
1. Аймақтық +
2. Дистанциялық (аралық)
3. Жергілікті (локалды)
4. Базалық (фондық)
5. Ғаламдық (биосфералық)
8. Елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүргізу мониторингі:
1. Жергілікті (локалды) +
2. Химиялық мониторинг
3. Физикалық мониторинг
4. Биологиялық мониторинг
5. Экобиохимиялық мониторинг
9. Ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі:
1. Импактылық +
2. Әсер факторларының мониторингі
3. Ластағыш көздердің мониторингі
4. Дистанциялық (аралық) мониторингі
5. Құрама экологиялық мониторингі
10. Атмосфераның, жауын-шашынның, жер беті мен жер асты суларының, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамдарын бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе:
1. Биологиялық мониторинг
2. Физикалық мониторинг
3. Химиялық мониторинг +
4. Экобиохимиялық мониторинг
5. Дистанциялық мониторинг
«Қоршаған орта мониторингі» пәнінен рубеждік бақылау. 2- нұсқа.
1. Қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жердің сілкінуі, топырақ эрозиясы және т.с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі:
1. Физикалық мониторинг +
2. Химиялық мониторинг
3. Ұлттық
4. Аймақтық
5. Импактылық
2. Биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі) мониторинг:
1. Биологиялық мониторинг +
2. Физикалық мониторинг
3. Химиялық мониторинг
4. Экобиохимиялық мониторинг
5. Аймақтық мониторинг
3. Қоршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг:
1. Экобиохимиялық мониторинг +
2. Дистанциялық мониторинг
3. Химиялық мониторинг
4. Биологиялық мониторинг
5. Физикалық мониторинг
4. Зерттейтін объектілерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылған авиациялық, космостық мониторинг:
1. Дистанциялық (аралық) мониторинг +
2. Ғаламдық (биосфералық)
3. Базалық (фондық)
4. Жергілікті (локалды)
5. Импактылық
5. Адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тууы туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру мониторингі:
1. Құрама экологиялық мониторингі +
2. Химиялық мониторинг
3. Физикалық мониторинг
4. Биологиялық мониторинг
5. Экобиохимиялық мониторинг
6. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып саналады:
1. Экологиялық шектеулі рауалы жүктеме +
2. Экобиохимиялық мониторинг
3. Дистанциялық мониторинг
4. Құрама экологиялық мониторинг
5. Аймақтық мониторинг
7. «Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады » деп айтқан ғалым:
1. Д.И.Менделеев +
2. В.А.Фролов
3. И.Ф.Родзиллер
4. И.П.Герасимов
5. В.В.Хаскин
8. Дүние жүзінде қазіргі шақта биогаз алу үшін неше млн қондырғы жұмыс істейді?
8млн +
9млн
10млн
7млн
5млн
9. Дүние жүзінің 140 елі қатысатын қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесі қай жылы құрылды:
1. 1970 ж +
2. 1960 ж
3. 1980 ж
4. 1950 ж
5. 1978 ж
10. Антропогендік әсердің арқасында кезектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауға, болжауға жасалған мониторинг жүйесі:
1. Әсер факторларының мониторинг жүйесі
2. Ластағыш көздердің мониторинг жүйесі
3. Ғаламдық (биосфералық) жүйе
4. Экологиялық шектеулі рауалы жүктеме
5. Экобиохимиялық мониторингтің информациялық жүйесі +
«Қоршаған орта мониторингі» пәнінен рубеждік бақылау. 3- нұсқа.
1. Шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтар неше топқа бөлінеді?
А)өндіріс және тұтыну қалдықтарына +
В)жанатын және жанбайтын қатты
С) Органикалық және анорганикалық
Д) Зиянды және зиянсыз
Е) қатты, газ және сұйық
2. Бұйым алу процесінде шыққан жартылай және түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың қалдықтары:
А) органикалық қалдықтар
В) тұтыну қалдықтары
С) өндіріс қалдықтары +
Д) улы қалдықтар
Е)анорганикалық қалдықтар
3. Өндейтін технология болғанына байланысты өнеркәсіптің өзінде немесе халық шаруашылығының басқа салаларында қосымша зат ретінде пайдаланылатын қалдықтар:
А) тұтыну қалдықтары
В) пайдаға асырылмайтын
С)пайдаға асырылатын +
Д)улы қалдықтар
Е) өндірістік қалдықтар
4. Жанбайтын пайдаға асырылмайтын қатты өндірістік қалдықтарға жатады:
А) ағаш қалдықтары, макулатура
В) тоқыма материалдарының қалдығы, резина
С) қоқыстар, кектер +
Д) майлар, еріткіштер
Е) пайдаланылған былғаныш пен ағаш
5. Құрамында зиянды заттектері бар, улылық, өртенетін және жарылатын қауіптілігі бар, жоғары радиоактивті қалдықтыр?
А) қауіпті қалдықтар +
В) улы қалдықтар
С)Радиоактивті қалдықтар
Д) уытты қалдықтар
Е) тұтыну қалдықтары
6. Қоршаған ортаға және тұрғындарға ерекше қауіптілік туғызатын қалдықтарға жатады.
А) тұтыну қалдықтары
В) радиоактивті қалдықтар +
С) пайдаға асырылатын қалдықтар
Д) физикалық қалдықтар
Е) ауылшаруашылық қалдықтар
7. Радиоактивті қалдықтар активтіліктеріне және агрегаттық күйіне қарай топтастырылады:
А)жанатын қатты және жанбайтын қатты
В)Зиянды және зиянсыз қалдықтар
С)Сұйық және қатты
Д) Сұйық, қатты және тозаңгазтүзуші +
Е) Тозаңгаз және қатты
8. Қолданғанда немесе қатысу арқылы организімнің тіршілігін бұзатын заттектердің қасиеті?
А) уыттылық +
В) ұшпалылық
С) ерігіштік
Д) зияндылық
Е) шаң түзу
9. Барлық өндіріс қалдықтары неше қауіптілік класына бөлінеді:
А) бес
В) үш
С) төрт +
Д) екі
Е) алты
10. Жоғары қауіпті өндіріс қалдықтарына жатады?
А) радиоактивті заттектер, бенз(а)пирен, диметилтиофосфат, қорғасын,сынап метал
«Қоршаған орта мониторингі» пәнінен рубеждік бақылау. 1- нұсқа.
1.Екінші класқа жататын қалдықтарды сақтау үшін не қолданылады:
А) баллондар
В)контейнерлер
С) қағаз қаптар
Д)полиэтилен +
Е)өндіріс алаңдары
2. Қалдықтарға қолданылатын техникалық әдістерге жатпайды?
А) көму
В)пайдаға асыру
С)жағу
Д) суға тастау +
Е) өңдеу
3. Құрамында адам денсаулығына өте зиянды әсер ететін, қоршаған ортаға қауіп туғызатын заттектерден тұратын қалдықтар
А) улы қалдықтар +
В) қауіпті қалдықтар
С)радиоактивті қалдықтар
Д) өндірістік қалдықтар
Е) тұтыну қалдықтары
4. Қазақстанда шығарылатын уытты қалдықтардың жылдық көлемі:
А) 5 млн.т
В) 10 млн.т
С) 3 млн.т +
Д) 2 млн.т
Е)8 млн.т
5. Қалдықтар улылығының классификациясын көрсет:
А) қатты және газ
В) айрықшы, орташа, тым
С)айырықша, жоғары,орташа және болымсыз +
Д)жоғары, орташа және болымды
Е) қатты, газ және сұйық
6. Төртінші класс-болымсыз қауіпті өндіріс қалдықтарына жатады?
А)аммиак, аммиакты-карбамидті тыңайтқыштар +
В) қаракүйе, күкіртті көміртек
С) радиоактивті заттектер, бенз(а)пирен
Д) формальдегид, фторлы сутек
Е) никель, марганец
7. Қалдықтарды зиянсыздандырудың неше әдісі бар:
А) екі
В) төрт +
С)бес
Д)үш
Е) алты
8. Қалдықтарды меңгеруге бағытталған жолдарға жатпайды?
А) Сақтау
В) Талдау
С) Жинақтау
Д) Бөлшектеу +
Е) Есепке алу
9. Қалдықтарды зиянсыздандыру әдістері:
А) пайдаға асыру және сақтау
В)жағу,нейтралдау және көму +
С) тасымалдау және талдау
Д) керексіз орындарға тастау
Е) жинақтау есепке алу
10. Қазақстанда қалдықтарды зиянсыздандырудың ең кеңінен қолданылатын әдісі?
А) жағу және көму
В) биологиялық нейтралдау
С) бір қалдық түрін екінші түрмен зиянсыздандыру +
Д) жер астына көму
Е) арнайы орындарда сақтау
«Қоршаған орта мониторингі» пәнінен рубеждік бақылау. 2- нұсқа.
1.Қазақстанда “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заң қашан қабылданды?
1991 жылы +
1995 жылы
1999 жылы
2001 жылы
2003 жылы
2. Оптимум заңы деген ол ....
1. кез келген экологиялық фактордың тірі агзаларға жағымды әсер етуінің белгілі бір шектеулері +
2. бұл өлі табиғаттың тірі ағзаларға тікелей немесе жанама түрде әсер ететін барлық қасиеттері: оларға физикалық және химиялық факторлар жатады
3. бұл тірі заттардың бір-біріне әсер ету ықпалы
4. кез келген ағзаның кез келген экологиялық факторға жоғарғы және томенгі тұрақтылық шекарасы
5. Антропогендік факторлар
3. Абиотикалық факторлар деген не?
1. бұл өлі табиғаттың тірі ағзаларға тікелей немесе жанама түрде әсер ететін барлық қасиеттері: оларға физикалық және химиялық факторлар жатады+
2. бұл тірі заттардың бір-біріне әсер ету ықпалы
3. түрдің өз әрекеттілігін оның параметрлерінің табиғи ауытқулар шегіңде сақтауға қабілеті
4. жүйенің қызмет ету үрдісіңде белглі бір деңгейде кәдімгі күйін, режимдерін, оның құрауыштарының арасындағы байланыстардың сипатын сақтау қасиеті
5. кез келген ағзаның кез келген экологиялық факторға жоғарғы және төменгі тұрақтылық шекарасы
4. Табиғи жүйенің (ағзаның, түрдің) оның негізгі қүрылымдарының жүйелі жаңаруымен жүретін ішкі динамикалық тепе-тендігінің, оның құрауыштарының тұрақты функционалды өзін-өзі реттеуінің жөне заттық энергетикалық құрамының күйі?
1. Гомеостаз +
2. Өздігінен реттелу
3. минимум заңы
4. Оптимум заңы
5. биоценоз
5. Антропогендік факторлар бұл- ...
1. кез келген экологиялық фактордың тірі агзаларға жағымды әсер етуінің белгілі бір шектеулері
2. бұл басқа түрлердің тіршілік ету ортасы ретіндегі табиғаттың өзгеруіне әкелетін немесе олардың тіршілігінен тікелей көрінетін адамзат қоғамының әрекеттілігінің түрлері+
3. түрдің өз әрекеттілігін оның параметрлерінің табиғи ауытқулар шегіңде сақтауға қабілеті
4. жүйенің қызмет ету үрдісіңде белглі бір деңгейде кәдімгі күйін, режимдерін, оның құрауыштарының арасындағы байланыстардың сипатын сақтау қасиеті
5. кез келген ағзаның кез келген экологиялық факторға жоғарғы және томенгі тұрақтылық шекарасы
6. Ауа немесе атмосфералық ауа дегеніміз ....
1. ғаламшарымыздың түрлі газдардың қоспасынан (азоттың, оттегінің, аргонның, көміртегі диоксидінің, гелийдің және т.б.), су булары мен тозаңдардан тұратын газды қабығы+
2. азоттың жиынтығы
3. оттегі мен көміртегі
4. су булары мен оттегі
5. газ тәріздес зат
7. "Барлық тірі зат тек тіріден ғана туады" деп кім айтты:
1. италяндық дәрігер Редид+
2. ағылшын экологы Тенсли
3. орыс ғалым Вернадский
4. Ломарк
5. орыс геоботанигі Сукачев
8.Экологиялық фактор дегеніміз не?
1. Тірі организмдер тіршілік ететін орта
2. Сыртқы ортаның н-се табиғаттың ағзаға әсері+
3. Ағзалардың табиғатқа бейімделуі
4. Табиғаттағы болып жатқан құбылысты басқарады
5. Зат айналым процесі
9. Жүйе дегеніміз не?
Бірнеше бөліктерден тұратын, ортақ қызметі бар, бір-бірімен сәйкес келетін бөліктердің жиынтығы+
Ағзалардың тіршілік әрекеттерін өткізетін табиғи бөлігі
Ағзалардың тіршілік әрекеттеріне қажетті жағдайы бар аймақ
Тірі және өлі табиғаттан құралған бөлік
Ағзалардың бір-бірімен байланысы
10. «Биота» терминін қай ғалым ұсынды?
Э.Раковице
В.И.Вернадский
К.Линней
Ж.Б.Ламарк
С.С.Шварц+
«Қоршаған орта мониторингі» пәнінен рубеждік бақылау. 3- нұсқа.
1. «Экос»гректің қандай сөзінен құралған?
1. қоршаған орта
2. табиғат
3. білім
4. зерттеу
5. үй,мекен+
2.Танымал ағылшын химигі тұнғыш рет кім экологиялық жағдайларға байланыста тәжірибелерді жүзеге асырды.
Гераклит
Р.Бойль +
Т.Эрезийский
А.Гумбольд
А.Никитин
3. Топырақтың тұздану себебі‑
1. егістік алқаптарды көп жыл бойы көлдетіп суару +
2. егістік алқаптарды ащы сумен суару
3. жаңбыр көп жауғандықтан
4. құрғақшылықтан
5. топырақты санитарлық тазалықта ұстамау
4. Жердің батпақтану себебі:
1. егістік алқаптарды көп жыл бойы көлдетіп суару
2. егер жауын – шашын мөлшері жер бетінен буланатын ылғалдан көп болса +
3. жаңбыр көп жауғандықтан
4. құрғақшылықтан
5. топырақты санитарлық тазалықта ұстамау
5. Концерогенді заттар туғызады;
рак ауруын +
аллергия
улануды
инфекциялық ауруды
токсикоз
6. Биогенді заттар-
1. барлық организмдердің жиынтығы
2. ерекше топтың бірі
3. биосферадағы заттектер
4. биосферадағы құрғақ заттектер
5. организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын химиялық қосылыстар+
7. Азот қышқылының тұздарының нитриттерге дейін ыдырататын бактериялар
1. нитрлеуші
2. азоттандырушы
3. тотықсыздандырушы
4. азотсыздандырушы+
5. сүт қышқылы
8. Антропогендiк қоршаған ортаның ластану көздеріне жатпайды:
Автокөлiк.
Ауыл шаруашылық.
Жанартау және гейзер. +
Өнеркәсiп орны.
Атомдық станциялар.
9. Атмосфера температурасының көтерілуі оның құрамында көмiрқышқыл газынының және басқа газдардың көбейюімен байланысты болатынын қалай атайды:
Ауа ортаның қарсы күші.
Парниктi эффект. +
Антропогендiк стресс.
Рекультивация.
Сукцессиялар.
10. Жердің қабатының антропогендiк бүгiлуі және төмен түсуі мынаған байланысты:
Транспорттық магистралдың дамуымен.
Пайдалы- қазба байлығының табысымен +
Бос емес егiндiктің көбейюмен.
Жер асты ядерлық жұмыстар.
Периодтық су басуы..
Білім деңгейін бағалау туралы мәлімет.
Студенттің білімін тексеру блокты-рейтингті жүйе (БРЖ) бойынша іске асырылады. БРЖ бойынша үш түрлі бақылау (ағынды, шептік, қорытынды) өткізіледі. Бақылаулардың нәтижелері баллмен бағаланады. Ағынды және шептік бақылаулардың қосындысы семестрлік рейтингті (ИКИсеместр) құрайды.
Қорытынды бағаны құрайтын үлестер: 60% (60 балл) – студенттің семестрлік жұмысының нәтижесі, 40% (40 балл) – студенттің емтиханда алған баллы. Ең жоғары қорытынды баға 100% (100 балл) құрайды.
Ағынды бақылау (АБ) – студенттердің білімін әрбір тақырып бойынша әр уақыт тексеру. Ағынды бақылау СОӨЖ сабақтарында өткізіледі.
Семестрдің ішінде 2 аралық бақылау ( 1-ші және 2-ші аттестация) 7-8 және 13-14 апталарда өткізіледі. Аралық (шептік) бақылау (АБ немесе ШБ) - студенттің білімін өткен бірнеше тақырып бойынша (блок бойынша) тексеру. Шептік бақылауды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
Қорытынды бақылауды (емтиханды) тапсыруға рұқсат алу үшін студент ағынды және шептік бақылаулардың нәтижесі бойынша кем дегенде 30 балл жинауы керек. Аттестациялық бағалар мен аттестациялық рейтингтік баллдардың сәйкестілігі мына кесте бойынша анықталады:
Аттестациялық баға
Оқу курсын меңгеру деңгейінің % мазмұны
Сәйкестендірілген аттестациялық балл
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А
А-
95 – 100
90 -94
Өте жақсы
В+
В
В-
85 – 89
80 – 84
75 – 79
Жақсы
С+
С
С-
Д+
Д
70 – 74
65 – 69
60 – 64
55 – 59
50 – 54
Қанағат
F
0—49
Үлгірмеуші
F
0-49
Қанағаттанарлықсыз
I
(Incomplete)
-
-
Пән аяқталмаған
(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
P
(Pass)
-
-
Есептелінді
(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
NP
(No Pass)
-
-
Есептелінбейді
(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
W
(Withdrawal)
-
-
Пәннен бас тарту
(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
AW
(Academic Withdrawal)
Пәннен академиялық себеп бойынша алып тастау
(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
AU
(Audit)
-
-
Пән тыңдалды
(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
Атт - ған
30-60
50-100
Аттестатталған
Атт - маған
0-29
0-49
Аттестатталмаған
R (Retake)
-
-
Пәнді қайта оқу
Курстың саясаты және іс шаралары.
Пәнді айтарлықтай жақсы меңгеру үшін және жоғары қорытынды бағалар алу үшін қажет:
- сабаққа (дәрістер, зертханалық сабақтар, ОСӨЖ) кешікпеу; сабаққа белгілі бір себептермен қатыспаған болсаңыз, оқытушыға өз уақытында (біраз уақыт өткеннен кейін емес) сабақты жіберген себептер көрсетілген түсіндірме қағаз әкелу;
- аудиторияда сырт киімсіз болу (сырт киімді киімілгішке тапсыру);
- сабаққа белсенділікпен қатысу: ол үшін сабақ басталмай тұрып дәріс сабағының, зертханалық және семинарлық сабақтардың, ОСӨЖ-ның басты кезеңдерін оқып дайындалу;
- белгіленген уақытта үй тапсырмаларын (СӨЖ) тапсыру және бақылау жұмыстарын (тест түрінде және ауызша) орындау. Өз уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмен - 0,8 коэффициентімен бағаланады;
- білімдеріңізді тексеруге үнемі дайын болу. Бақылау алдын ала ескерлмей жүргізілуі мүмкін;
- қатыспаған сабақтарыңызды оқытушы көрсеткен мерзім ішінде өз беттеріңізбен орындап меңгеру;
- сыпайы, шыдамды, ашық, шынайы болу;
- оқытушымен және бірге оқитын жолдастарыңызбен кішіпейіл және ақ жарқын болу.
Әдебиеттер.
Негізгі:
1. Афанасьев Ю.А., Фомин С.А. Мониторинг и методы контроля окружающей среды: Учебное пособие. М.: Изд-во МНЭПУ, 1998.Ч.1. 208 с.
2. Почвенно-экологический мониторинг и охрана почв: Учебное пособие / Под ред. Д.С. Орлова, В.Д. Василевской. М.: Изд-во Московского университета, 1994. 272 с.
3. Бузинов Б.И., Макарова М.Г., Скарятин В.Д. Основы дистанционных методов исследования окружающей среды. М.: Изд-во РУДН, 1996.
4. Оценка и регулирование качества окружающей природной среды: Учебное пособие для инженера-эколога/ Седлецкий В.И. и др. Под ред. А.Ф. Порядина, А.Д. Хованского. М.: Прибой, 1996. 348 с.
5. Касьяненко А.А. Контроль качества окружающей среды. М.: Изд-во РУДН, 1992.
Қосымша:
1. Измалков В.И., Измалков А.В. Техногенная и экологическая безопасность и управление риском. СПб.: НИЦЭБ РАН, 1998. 482 с.
2. Комплексная эколого-геохимическая оценка техногенного загрязнения окружающей природной среды/ Э.К. Буренков, Л.Н. Гинзбург, Н.К. Грибанова и др. М.: Прима-Экспресс, 1997. 73 с.
3. Коростовенко В.В., Степанов А.Г. Мониторинг и контроль качества окружающей среды: Учебное пособие по экологии для студентов вузов. Красноярск, 1998. 143 с.
4. Экологический мониторинг. Методы биомониторинга: Учебное пособие, В 2 ч. Нижний Новгород: Изд-во ННГУ, 1995.