Бояу – бұл таза түс, градиентті бояу және растрлық сурет бола алатын бейненің ішкі облысы. Кез келген тұйық контурға бояу пайдалануға болады. Бояуды редакциялау үшін оның параметрін Color Mixer немесе Property Inspector немесе инструменттер панелінен баптаулар жасап алып, бояуды Paint Bucket инструментімен шерту керек.
Таза түспен бояу. Бояу түсін үш жерден беруге болады: Fill (Бояу) өрісі, Color Mixer панелі және Object Inspector панелі.
Color Mixer панелінде түс берудің екі моделінің бірін таңдауға болады: 1. RGB (қызыл, жасыл, көк) 2. HSB (оттенок, қанықтылық, ашықтылық).
Түспен бояу үшін Color Mixer панелінен қажетті модельді көрсетіп, одан кейін Fill менюінен Bolid (үздіксіз) мәнін таңдап, қажетті түсті түстер каталогынан шерту керек. Түсті детальдау үшін Brightness жүгіртпесін, ал түсті бөлшектік мөлдірлеу үшін Alpha өрісінің проценттік мазмұнын өзретсек болғаны.
Градиентті бояу: сызықтық және радиал
Бояу барысында бір түстің екінші түске жұмсақ ауысуын қамтамасыз ететін градиентті бояуды пайдалануға болады. Сызықтық градиенттік бояу бір түстің екінші түске ауысуын осы түстер диапазонында түстің үдіксіз ауысуымен сипатталады. Радиал градиенттік бояу бағыты шеңбердің центрінен сыртқа бағытталған дөңгелектік диаграммадағы түстік диапазонда сипатталады. Радиал градиенттік бояу дөңгелек объектіге тереңдік жасайды да, оларды визуалды үшөлшемді етеді.
Растрлық бейне
Color Mixer панелі бояу ретінде суретті пайдалануға мүмкіндік береді. Ол үшін Color Mixer панелінде Fill батырмасын басып, Bitmap бөлімін шерту керек. Ашылған Import to Library сұқбаттық терезесінен қажетті суретті таңдау керек.
Өшіру
Eraser (Ластик) инструменті жұмыс облысындағы штрихтар мен бояуларды толық немесе бір бөлігін өшіруге мүмкіндік береді. Жұмыс облысындағы заттарды түгел өшіру үшін Eraser инструментін екі рет шерту керек. Штрихтар сегменті немесе бояу облысын өшіру үшін Faucet (Кран) модификаторын пайдалануға болады. Өшіру үшін Arrow инструментімен бөлікті ерекшелеп, Delete пернесін басу керек.
Компоновкалаудың қосымша элементтерін пайдалану
Flash-те сурет салу дәлдігін жоғарылататын және унификацияланған суреттер салуға мүмкіндік беретін қосымша элементтер бар. Торлар, бағыттауыштар мен бағыттауыш қабаттар сурет көлеміне элементтерді туралауға мүмкіндік береді. Бұл жалпы реттілік және концептуальділіккті қамтамасыз етеді.
Торлар мен бағыттауыштар горизонталь және вертикаль сызықтар түрінде болады. Олар арқылы объектілерді туралауға және байланыстыруға болады. Торды бейнелегенде жұмыс облысын толық алатын, суреттің артында орналасқан вертикаль және горизонталь сызықтарға толады. Олардың қиылысулары арқылы ұяшықтар пайда болады. Бағыттауыштар жұмыс облысының қажетті бөліміне қолдап орналастыратын жекеленген горизонталь және вертикаль түзулерді сипаттайды.
Тор туралауға арналған каркас қызметін атқарады және экспортталмайды, әғни нәтижелік фильмде көрінбейді. Торды көрсету үшін View→Grid→Show Grid командасын, ал тор параметрін өзгерту немесе баптау үшін View→Grid→Edit Grid командаларын орындау керек. Онда тор сызықтың түсі мен объектіні байланыстыруды қосу жалаушасы, 7-ден 288-ге дейінгі мәндерді қабылдай алатын тор қадамын баптауға болады.
Бағыттауыштар - қайталанған элементтерді туралау үшін пайдаланылатын маңызды құрал. Бағыттауыштарды пайдалану мүмкіндігіне ие болу үшін View→Rulers командасының көмегімен жұмыс облысының жоғарғы және сол жағында көрінетін сызғыштарды шертіп алу керек. Горизонталь (вертикаль) бағыттауыш алу үшін горизонталь (вертикаль) сызғышты тышқанмен шертіп, ұстап тұрып қажетті жерге дейін тарту керек. Дұрыс орналастырылмай қалған бағыттауыштың орнын өзгерту үшін Arrow инструменті пайдаланылады. Объектілерді бағыттаушқа байланыстыру үшін View→Guides→Snap to Guides командасын орындау керек. Бағыттауышты жұмыс облысынан алып тастау үшін оны баста алынған сызғышқа қарай тарту керек. Бағыттаушы параметрін баптау үшін View→Guides→Edit Guides командасын орындау керек. Бағыттаушы қабаттар дұрыс емес формалы бағыттауыштарды жасау үшін пайдаланылады. Бағыттаушы қабатта бағыттаушыны салу үшін сурет салудың кез келген инструментін пайдалануға болады.
Align панелі. Align панелінің көмегімен жұмыс облысындағы объектілерді бір-біріне қатысты туралауға болады. Объектілерді жұмыс облысына қатысты туралау үшін To Stage батырмасын шерту керек. Distribute (распределение, бөлу) тобының батырмалары объектілер қатарын ретпен орналастыру үшін пайдаланылады.