2.4 Жинақтаудың қосымша элементтерін пайдалану
Векторлық графикамен танысу
Flash технологиясы қадамдық форматтағы анимацияны, Web-те пайдалануға болатындай етіп түрлендіру үшін дайындайтын анимациялық қосымша. Flash-тің негізі сурет салудан басталады.
Компьютер екі форматтағы графиканы бейнелейді: векторлық және растрлық. Растрлық бейнелер пиксельдер деп аталатын дискретті элементтерден тұрады. Әрбір пиксельдің өзіндік түстік мәні болады. Пиксельдің әр түрі жиналып бейне болатын форманы құрайды. Растрлық бейнеде оның көлемі мен әр пиксельдің түсі туралы ақпарат болады. Бейнені беру пиксельдер бойынша жүзеге асады.
Векторлық графикада, бейнелерде суреттер түзулер мен қисықтар арқылы тұрғызылады. Түзулер мен қисықтардың атрибуттарын (қалыңдығы, түсі, бағыты, орналасу) беретін командалар векторлық деп аталады. Олар кейін компьютермен өңделеді. Векторлық графика бейнені детальдау мен оның өлшемін өзгерткенде дәлдік пен нақтылықты жоғалтпайды. Векторлық графиканы өңдеу түзулер мен қисықтардың атрибуттарын өзгертумен жүзеге асады. Векторлық графика файлының көлемі кіші және оларды тез әзірлеуге болады. Растрлық бейненің көлемі мен жүктелу уақыты тікелей сурет өлшеміне тәуелді болады. Ал векторлық графикада инструкцияларды беру жүргізіледі, олар кейін проценттермен өңделеді, файл көлемі және жүктелу уақыты файл көлеміне емес, берілген инструкцияға байланысты болады.