Turbo Pascal-да бағдарламалаушылардың өздері әртүрлі стандартты емес пайдаланушылар модульдерін жасап, оларды USES пайдаланушылар кітапханасы құрамына кіретін белгілі бір файлға жазып қойып, кейін оларды бағдарламалауда пайдалануына болады. Модульдік бағдарлама құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
UNIT
//модульдің тақырыбы(модуль аты жазылады);
INTERFACE
//модульдің интерфейсі, басқа бағдарламаларды немесе модульдерді осы модульдің құрамына кіретін барлық процедуралар мен фунщияларды байланыстыратын бөлім, бұл бөлімге модульдің құрамына кіретін барлық көмекші бағдарламалардың тақырыптары жазылады;
IMPLEMENTATION
//модульдің атқарылатын бөлімі(модуль құрамына кіретін процедуралар мен фунщиялар толықжазылады);
BEGIN
//модульді іске қосатын қызметші сөз(бұл бөлімді жазу міндетті емес);
END.
//модульдің соңын білдіретін белгі.
Модульдік текст жазылып болғаннан кейін оны дискіге Tpu-типті файл түрінде жазу керек. Tpu - типті файл жасау үшін алдымен модульдік бағдарламаның аты мен модульдің тақырыбындағы ат сәйкес болуы шарт. Мысалы модульдің тақырыбын РІКА деп алсақ, онда модульдік бағдарламаның атын PIKA.PAS деп сақтап алу қажет. Әрі қарай Tpu-типті файл жасау дәл бірден орындалатын Ехе-типті файл жасау жолы сияқты орындалады. Нәтижесінде көрсетілген каталогқа Pika.Tpu атты USES кітапханасы құрамына кіретін пайдаланушылар модулі жазылады. Кейін оны бағдарламаның басында USES бөлімінде көрсетіп кетіп(мысалы: USES Pika;), оның құрамына кіретін функциялар мен процедураларды бағдарламалауда пайдалана беруге болады.
Құрамында санның факториалын есептейтін процедура мен екі санның көбейтіндісі мен қосындысын есептейтін функциялары бар Pika атты пайдаланушылар модулін жасау.
UNIT Pika;
INTERFACE
PROCEDURE Fact(N:integer; VAR S:longint);
FUNCTION Kob(A,B:lnteger):Longint;
Function PikaKos(A,B:lnteger):Longint;
IMPLEMENTATION
PROCEDURE Fact(N:lnteger; VAR S:Longint);
VAR K:Integer;
Begin S:=1;
For K:=2 To N Do S:=S*K;
End;
FUNCTION Kob(A,B:lnteger):Longint;
VARY:Longint;
Begin
Y:=A*B;
Kob:=Y
End;
FUNCTION PikaKos(A,B:lnteger):Longint;
Begin
PikaKos:=A+B
End;
BEGIN
END.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
1. Көмекші бағдарламалар дегеніміз не, олардың атқаратын қызметі?
2. Көмекші бағдарламалардың түрлері, жазылу тәртібі мен құрылымы.
3. Қандай стандартты процедуралар мен функцияларды білесіз?
4. Процедуралар дегеніміз не және оның құрылымы?
5. Шақыру нүктесі дегеніміз не?
6. Функциялар дегеніміз не және оның құрылымы?
7. Процедуралар мен функциялардың айырмашылығы неде?
8. Нақты және формальды параметрлер дегеніміз не?
9. Рекурсия дегеніміз не?
10. Пайдаланушылар модулі не үшін керек, олардың жасалу жолдары?