1. Адам өмірінде әр түрлі жағдайлар: қуаныштар, қорқыныштар, қайғылы жайттар болып жатады.Міне, осындай сәттерде де адамның өзін-өзі ұстауы, өзгелермен тіл қатысуы көп рөл атқарады. Сөздің адамдар арасын жақындастыратын қуат-күші осы бір-ақ ауыз сөздің бойына түгел сыйып тұрғандай.
Қуаныш көбейсін, қуаныш құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін, тілегіңіз қабыл болсын, т.б. сөздердің қай-қайсысы да жақсылық үстінде айтылады.
2. Тілімізде өтінішті білдіруге де керекті сөз орамдары мол кездеседі. Бірақ өтінішті тым жылаңқы дауыспен, мүлде аянышты бет құбылысымен білдіру тыңдаушыны тіксіндіруі де мүмкін. Сондықтан оның қайсысын айтқанда да салмақты, табиғи үнмен жеткізген жөн.
3. Біреуге келісім бергенде я рұқсат еткенде қолданылатын сөз орамдарыныңқатарына сіздерге рұқсат, алыңыз, келісіп отырмын, ақылдаса келе келсім беруді жөн деп шештік, сіздердің айтқандарыңыз болсын, келіспеске амал қалмағандай, қуана құптаймын.
4. Адамдар арасын жақындастыра түсетін әрі олардың бір-біріне ықыласын танытатын сөз орамдарының бірқатары мадақсөзге (комплимент) қатысты айтылады.Мадақсөз жалғандықтан, жағымпаздықтан ада, бұрмалаусыз, шынайы ниеттен туса ғана сүйкімді.
5. Түрлі жиын, тойларға, қуанышты отырыстарға шақыруға да орайлы орамдар сөз әдебінің бір белгісі саналады. Қазіргі таңда әр түрлі жағдаяттарға сай дайын айшықты да мәнді сөзбен көмкерілген арнайы шақыру-хаттар (открытка) болғанмен, кей жағдайда оны ауызша айтуға да мәжбүрлік туып қалады.
6. Ең бір ұлттық нақышы айқын танылатын әдеп орамдары әр халықтың қаратпа сөздерді қалай қолдануынан көрінеді. Қаратпа сөздер қатарына адамның аты (Сәбит, Аманжол, Сәкен), туыстық қатынасты білдіретін атаулар ( жезде, әпке, нағашы), әлеуметтік мәртебені білдіретін атаулар ( жастар, студенттер, көрермендер), қызмет атаулары ( Президент, директор, хатшы), көпшілік қауымға арналған (халайық, жұртым, әріптестер, ханымдар мен мырзалар), т.б. жатады.