Менеджерлер - ұйымды басқаруды жүзеге асыратын маманды басқарушы.
Басқару қызметіне әр түрлілік тән, сфераларда жетекшінің ортақ факторлары, ортақ қасиеттері бөлініп шығады:
- Басқару қызметінің мәні қысқа мерзімділігімен, әр түрлілігімен, орындалып отырған қызметімен сипатталады.
- Менеджер жұмысының мазмұнын талдай отырып, Минцберг жетекшілер рөліндегі ортақ қасиетті табады. Менеджерлер белгілі бір ұйым бөлімдерінің жетекшісі ретінде белгілі бір міндетті орындай алады және бұл қызмет іс-әрекетті анықтайды.
Менеджерлерге қойылатын талаптар:
- Адамдарды түсіну. Психологиялық интуиция – тұлғаның техникалық ерекшеліктері мен жағдайын түсіне алу.
- Лидер ерекшелігі. Адамның қызығушылықтарын сипаттау және түсіну қабілеттілігі, өзіне жауапкершілікті алуды қалау.
- Қазіргі менеджмент негіздерін білу және оларды тәжірбиеде қолдана білу. Басқару стилін сауатты таңдау. Тиімді уәждеме. Шешімдерді дайындауды және қабылдауды ұйымдастыру.
Абілкайыр хан
Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идиеолог және қайта құрушы Әбілхайыр хан кіші жүз әскерінің қолбасшысы және ханы болып сайланды.
ХҮІІІ ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар шабуылдар күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды.
Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды.
Ресей сыртқы істер министрлігімен М. Тевкелев қазақ ұлысын Ресей құрамына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 жылдың қазанның 10-ында Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды.
Жумыс уақыты жане жеке еңбегін жоспарлау
Жетекшінің тиімді қызметке дайындығы көбінесе күнделікті жұмысымен анықталады. Басқару стилінің құрылуы мен басқарушы қызметінің маңызды жұмыс күнін ұтымды қолдануына байланысты. Жетекшімен көзделген мақсаттар жүзеге асырылуы керек.
Басқаруға күн сайын өзінің уақытын қалай мақсатты түрде қолдану керек екендігін шешуге тура келеді. Жұмыс уақытын жоспарлау мен ойдағы нәтижелерді байланыстыру өте маңызды. Жұмыс уақытын жоспарлау кезінде «жоспарлау кезеңдері» деген түсінікті қолдану керек: күн, апта, жыл. Жоспардың әр кезеңі бөлек қарастырылуы керек.
Апталық жоспары үш топпен жасалынады.
- Міндетті (маңызды) жұмыстар;
- Маңызды, бірақ жылдамдылықты қажет етпейтін жоспарлар және оларды орындауға келесі аптада уақыт болса ғана кірісу қажет;
Жылдық жоспардың маңызды түйіні - қызметтің басты бағыттарын анықтау болып табылады.
Бақылау - талдау жасауға және өз жұмысын жүзеге асыру жолдары үшін ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Анри Файоль
Француз ғалымы Анри Файоль басқарудың осы кезеңіндегі «классиктердің» көрнекті өкілі болып табылады. Файоль Париждегі әкімшілік зерттеу орталығын басқарды. Ол өзінің тұжырымдалған әмбебап және тәжірибелік негізде де барлық салада: қолданылатынын дәлелдеді.
Файоль 1918 жылы жұмыстан босап өзі құрған әкімшілдік зерттеулер орталығын басқарды. Осы орталықпен орындалған ең бір ірі тапсырмаларының бірі пошта-телеграфтық ведомствалардың жұмысының ұйымдастырылуын зерттеу болды. Осы және мемлекеттік басқарулар, қоғамдық құрылтайлар және білім жүйелері мәселелерінің қайта құрылуына Файольдің көптеген жұмыстары арналды. Ол алғашқы болып менеджмент пен басқаруды ұйымдастыру мәселесін қойды.
«Болашақ» бағдарламасы
«Болашақ» бағдарламасы – Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған стипендия бойынша Қазақстанның дарынды жастарының шетелдік жоғары оқу орындарында сапалы білім алуы үшін жасалған бағдарлама. Бұл бағдарлама бойынша үміткерлерді таңдау мақсатында жыл сайын «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия» байқау өткізеді. Іріктеудің басты өлшемі үміткерлердің оқудағы нақты табыстары, ғылыми зерттеулері, шетел тілдерін білуі, психологиялық тестің нәтижелеріүш конкурстық іріктеуден табысты өтуі болып табылады.