Кестелерді бейнелеу үшін HTML тегтерінің бірнеше түрі қолданылады:
Кесте:<TABLE>...</TABLE> - кестені сипаттайтын негізгі тег. Кестенің барлық элементтері осы тегтің арасында орналасады.
Кесте қатары: <TR>...</TR> - кестедегі жол саны <TR>..</TR> жұптық тегтердің қайталану санымен байланысты. Жолдың кестеде орналасу жағдайына байланысты ALIGN және VALIGN деген атрибуттары болады.
Кесте ұяшықтары: <TD>...</TD> - кестедегі ұяшықтарды белгілейді,ол жолдың ішінде жазылады. Егер жолда кейбір бағандар үшін ұяшықтар жоқ болса, браузер оны бос ұяшық етіп көрсетеді. Ұяшық ішіндегі деректердің орналасуы ағымдағы жағдайда ALIGN=left және VALIGN=middle атрубуттарымен сипатталады. Тегтерді жазу барысында ол жағдайды өзгертуге болады.
Кесте тақырыбы: <TH>...</TH> - тақырып ұяшығы бүкіл кестенің енін көрсетеді, бұл ұяшықтағы текст ағымдағы жағдайда ALIGN=center атрибутына ие.
Кесте аты: <CAPTION>...</CAPTION> - бұл тег кесте атын көрсетеді. <CAPTION> тегі <TABLE>...</TABLE> тегтерінің арасында жазылады, бірақ міндетті түрде жол және ұяшық тегтерінің алдында жазылуы тиіс. Тақырыпқа ALIGN атрибутын қолдануға болады, ол кестеде орналасуын анықтайды:
TOP - тақырып кестенің жоғарғы жағының ортасына жазылады. LEFT - тақырып кестенің жоғарғы жағының сол жақ шетіне жазылады. RIGHT - тақырып кестенің жоғарғы жағының оң жақ шетіне жазылады. BOTTOM -тақырып кестенің төменгі жағының ортасына жазылады.
Мұнда кесте шекарасының сызығы көрсетілмеген,кесте шекарасын көрсету және басқа да өлшемдерін беру үшін мынадай тегтер қолданады:
BORDER- егер бұл атрибут бар болса кестеген және оның ұяшықтарына шекаралық сызық сызылады. Сондай-ақ, оған мән беріп шекара енін беруге болады, мысалы BORDER=3.
CELLPADDING - ұяшық ішіне бос кеңістік қосады. Оның мәні пикселмен беріледі және ол ұяшықтың ені және ұзындығы бойынша іске асырылады.
CELLSPACING – ұяшықтар арасына бос кеңістік қалдырады, мұның да мәнін пикселмен береміз.
WIDTH - бұл тег арқылы кесте енінің ұзындығын беруге болад. Оның мәні пиксельмен (WIDTH=400) немесе немесе браузер терезесінің ұзындығына байланысты пайыздық мәнмен (мысалы, WIDTH=80%) беріледі.
Қалыпты жағдайдаth тақырыпшасы ұяшық ортасында жазылса, ал td-ғы деректер сол жағында жазылады.Төмендегі тегтер арқылы текстерге түзету жүргізуге болады:
ALIGN – атрибуты <tr> қатарындағы барлық ұяшықтардағы текстерді түзету мүмкіндігін береді.Ол деректердің ұяшық ішінде көлденең орналасуы бойынша түзету жүргізеді. Ол мынадай мәндерді қабылдайды: left (сол жақ), right (оң жақ) немесе center (ортасы).
VALIGN – атрибуты ұяшық ішіндегі деректерді тігінен орналасуы бойынша түзетеді. Оның мәндері: top (жоғары), bottom (төмен), middle (ортасы) и baseline (жолдың барлық ұяшықтары жоғарыға қарай қысылған)
Егер тегтерді жазу барысында кейбір ұяшықтар бос қалып кетсе (1-жағдай) оның нәтижесі 1-суреттегідегідей болады. Ондай түрдегі бос ұяшықтың алдын алу үшін (бос орын ) тегін қолданамыз(2-жағдай).