русс | укр

Языки программирования

ПаскальСиАссемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование

Все о программировании


Linux Unix Алгоритмические языки Аналоговые и гибридные вычислительные устройства Архитектура микроконтроллеров Введение в разработку распределенных информационных систем Введение в численные методы Дискретная математика Информационное обслуживание пользователей Информация и моделирование в управлении производством Компьютерная графика Математическое и компьютерное моделирование Моделирование Нейрокомпьютеры Проектирование программ диагностики компьютерных систем и сетей Проектирование системных программ Системы счисления Теория статистики Теория оптимизации Уроки AutoCAD 3D Уроки базы данных Access Уроки Orcad Цифровые автоматы Шпаргалки по компьютеру Шпаргалки по программированию Экспертные системы Элементы теории информации

Лекция 1. HTML негіздері


Дата добавления: 2015-07-09; просмотров: 1386; Нарушение авторских прав


 

Интернетке түрлі қызметтердің жиынтығы әсер етеді. Солардың бірі ең көп тараған қызметтер қатарына Web(World Wide Web(бүкіләлемдік өрмекші)) енеді.Web – тораптардағы құжаттардың негізгі форматы HTML болып табылады.
HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі. HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.

HTML тілінің шығу тарихы.Швейцарияның Женева қаласында орналасқан Ядролық зерттеулер бойынша Еуропалық ұйымда (ЦЕРН (CERN)) қызмет еткен британдық ғалым Тим Бернерс-Ли 1980 жылы аталған ұйымның зерттеу жұмыстарына қажетті документтерді пайдалану мен өзара бөлісуге арналған “Enquire” атты документ алмасу бағдарламалық жүйесін жасайды. 1989 жылы Тим Бернерс-Ли Интернетке негізделген “Гипермәтін жүйесі” деген қосымша жүйені жасап шығады. HTML тілі қалыптасқаннан соң 1990 жылды браузер мен серверге арналған бағдарлама жазады. Көпшілікке арналған HTML тілі жайлы ресми мәлімдемені Тим Бернерс-Ли Интернетте 1991 жылдың соңында жасайды.

HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты,жұпсыз.



Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы, <html> тегтiң жұмысын ашады да келесi </html> тегi оны жабады. <title> ашылуы, </title> жабылуы.
Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, <IMG> т.с.с.
Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз. Құжаттың структурасы HTML құжаттың негізгі структурасы төмендегідей:

HTML тілінің құрылымы

 

<HTML>

<HEAD> <TITLE>құжат тақырыбы</TITLE> </HEAD>

<BODY>

құжат тұлғасы

</BODY>

</HTML>

Тақырыптар. Көп жағдайларда HTML документтердің таќырыптары болады. Олар <Hn></Hn> тегтер арќылы жасалады, n–ніњ орнына 1-ден 6-ѓа дейін сан жазамыз. Осы тегтер ортасына текстімізді орналастырсаќ, сізге белгілі көлемді таќырып шыѓады.

МЫСАЛ

<HTML>

<HEAD> <TITLE> Сайт жасау </TITLE> </HEAD>

<BODY>

<H3>Тақырып</H3>

</BODY>

</HTML>

<H1>Тақырып</H1>

<H2>Тақырып</H2>

<H3>Тақырып</H3>

<H4>Тақырып</H4>

<H5>Тақырып</H5>

<H6>Тақырып</H6>

Ал енді жаңа абзацқа шығару үшін <P>, ал жаңа жолға шығу үшін <BR> тэгі жазылады. Бұл тэгтерді жабу керек емес. Әрине, егер Сіз <P> тэгінде ALIGN абзацты түзеу элементін қолданбасаңыздар:

<P ALIGN=LEFT>Сол жақ шетке түзеу</P>

<P ALIGN=CENTER>Ортаға келтіру</P>

<P ALIGN=RIGHT>Оң жақ бетке түзеу</P>

Ал текстке қалың, курсивті, сызықты және т.с.с. түр беру үшін, оны сай келетін тэгтер ортасына жазу керек:

<B>Қалың текст</B>
<I> Курсивті </I>
<U> Асты сызылған </U>
<STRIKE>Сызылып тастаған</STRIKE>
<SUP> Жоғарғы индекс </SUP>
<SUB> Төменгі индекс </SUB>

SIZE - шрифттің өлшемін береді (стандартты шрифт өлшемі -"3"). Текстті <FONT SIZE=n></FONT> тэгтерінің ортасына қойсақ (бұл жердегі n - цифр) Сіз оған керекті өлшем бересіз:

<font size="1">Мысал 1</font>
<font size="2"> Мысал 2 </font>
<font size="3"> Мысал 3 </font>
<font size="4"> Мысал 4 </font>
<font size="5"> Мысал 5 </font>
<font size="6"> Мысал 6 </font>

COLOR – түсті анықтайды. Оны текстің түсін белгілеуде, немесе HTML құжат бетінің түсін беруге қолдануға болады.

<font COLOR="Вlack">Қара </font>(текстің аты ќолданылған)
<font COLOR="#FF0000"> Қызыл </font> (түс 6 орынды кодпен берілген)

<BODY BGCOLOR="RED">(текстің аты ќолданылған)
<BODY BGCOLOR="#FF0000">(түс 6 орынды кодпен берілген)

Қарапайым түстердің кодтары:

Қазақша Орысша Ағылшын Түс коды
Ақ Белый white #FFFFFF
Сары Желтый yellow #FFFF00
Сұр Серый Grey #808080
Күміс түсті Серебристый silver #C0C0C0
Көк Синий blue #0000FF
Жасыл Зеленый lime #00FF00
Қара Черный Black #000000
Қара-көк Темно-синий navy #000080
Қоңыр Коричневый Brown #808000
Аспан көк Голубой aqua #00FFFF
Қою жасыл Темно-зеленый green #008000
Индиго Индиго purple #800080
Ал-қызыл Темно-красный maroon #800000
Қайың түстес Березовый teal #008080
Қызыл Красный red #008080

FACE –атрибуты арқылы текстің шрифтін өзгертуге болады.

<FONT FACE="ARIAL"> текст (шрифт Arial)</FONT>

 

Осы әдіспен бетке кез-келген шрифті орнатуға болады, бірақ кейбір компьютерлерде сол шрифтардың болмауына байланысты қиындық туындауы мүмкін. Сондықтан стандартты шрифтар - Arial, Times Roman, Courier т.б. қолданған дұрыс.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Переключатели (радиокнопки) | Гиперсілтемелер


Карта сайта Карта сайта укр


Уроки php mysql Программирование

Онлайн система счисления Калькулятор онлайн обычный Инженерный калькулятор онлайн Замена русских букв на английские для вебмастеров Замена русских букв на английские

Аппаратное и программное обеспечение Графика и компьютерная сфера Интегрированная геоинформационная система Интернет Компьютер Комплектующие компьютера Лекции Методы и средства измерений неэлектрических величин Обслуживание компьютерных и периферийных устройств Операционные системы Параллельное программирование Проектирование электронных средств Периферийные устройства Полезные ресурсы для программистов Программы для программистов Статьи для программистов Cтруктура и организация данных


 


Не нашли то, что искали? Google вам в помощь!

 
 

© life-prog.ru При использовании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.

Генерация страницы за: 0.683 сек.