Бұған дейін біз бір мәтін аранасы арқылы ғана жұмыс істедік. Бірақ та кейбір кезде мәтінді бірнеше бағаналардан тұрғанын қалаймыз. Ал ол үшін кестелерді қолданған ыңғайлы. Сонымен қатар, бір ұяшықтан тұратын кестені оқырман назарын аудару үшін қолданғанда ыңғайлы. Өйткені ол мәтіннің бөліктерін ерекше түрде белгілей алады.
Кесте құрылымын мысал түрінде қарастырған ыңғайлы:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>МЫСАЛ 6</TITLE>
</HEAD><BODY>
<H1>Простейшая таблица </H1>
<TABLE BORDER=1> <!--Это начало таблицы-->
<CAPTION> <!--Это заголовок таблицы-->
У таблицы может быть заголовок
</CAPTION>
<TR> <!--Это начало первой строки-->
<TD> <!--Это начало первой ячейки-->
Первая строка, первая колонка
</TD> <!--Это конец первой ячейки-->
<TD> <!--Это начало второй ячейки-->
Первая строка, вторая колонка
</TD> <!--Это конец второй ячейки-->
</TR> <!--Это конец первой строки-->
<TR> <!--Это начало второй строки-->
<TD> <!--Это начало первой ячейки-->
Вторая строка, первая колонка
</TD> <!--Это конец первой ячейки-->
<TD> <!--Это начало второй ячейки-->
Вторая строка, вторая колонка
</TD> <!--Это конец второй ячейки-->
</TR> <!--Это конец второй строки-->
</TABLE> <!--Это конец таблицы-->
</BODY> </HTML>
6-сурет. Кестелер
Кесте <TABLE>тегімен басталып </TABLE> тегімен аяқталады. <TABLE> тегі бірнеше атрибуттарды қабылдай алады:
ALIGN – құжат шекарасы бойынша кестені орналастырады. Мәндері: LEFT, CENTER, RIGHT (сәйкесінше сол, орта және оң жақтар).
WIDTH – кесте ені. Мәні ретінде пиксел түрінде немесе браузер экранының еніне шаққандағы пайыз түрінде көрсетуге болады.
BORDER – кестенің сыртқы рамкасының және ұяшықтарының рамкасының қалыңдығын анықтайды (пикселмен). Егер атрибут көрсетілмесе, онда кесте рамкасыз көрсетіледі.
CELLSPACING – кесте ұяшықтары арасындағы арақашықтықты пикселмен анықтайды.
CELLPADDING – ұяшық рамкасы мен мәтін арасындағы арақашықтықты пикселмен анықтайды.
Кестеге <CAPTION> және </CAPTION> тегтері көмегімен кестенің тақырыбын қоюға болады. Бірақ ол міндетті түрде қойылуы тиіс емес. <CAPTION> тегі ALIGN атрибутын қабылдай алады. Оның мәндері ретінде TOP және BOTTOM (сәйкесінше кестенің жоғарғы және төменгі жағында).
Кестенің әрбір жолы <TR> тегімен басталады және </TR> тегімен аяқталады. <TR> тегі келесі түрдегі атрибуттарды қабылдай алады:
ALIGN – жол бойынша кесте ұяшықтарындағы мәтінді түзету. Мәндері: RIGHT, CENTER, LEFT (сәйкесінше оң, орта және сол жақ бойынша орналастыру).
VALIGN – кесте ұяшықтарындағы мәтінді вертикаль бойынша түзету. Мәндері: TOP, MIDDLE, BOTTOM (сәйкесінше жоғарғы, ортаңғы және төменгі жақ бойынша орналастыру).
Кестенің әрбір ұяшығы <TD> тегімен басталып, </TD> тегімен аяқталады. <TD> тегі келесі түрдегі атрибуттарды қабылдай алады:
NOWRAP – бұл атрибут ұяшық ішіндегі мәтін бір жолда орналастырылуы керек екендігін көрсетеді.
COLSPAN – горизонталь бойынша ұяшық құлаштауын көрсетеді. Мысалы, COLSPAN=3 дегені, бір ұяшықтың үш бағананы алатынын көрсетеді.
ROWSPAN – вертикаль бойынша ұяшық құлаштауын көрсетеді. Мысалы, ROWSPAN=2 дегені, бір ұяшықтың екі жолды алатынын көрсетеді.
ALIGN – ұяшық ішіндегі мәтінді түзету. Мәндері: RIGHT, CENTER, LEFT (сәйкесінше оң, орта және сол жақ бойынша орналастыру).
VALIGN – ұяшық ішіндегі мәтінді вертикаль бойынша түзету. Мәндері: TOP, MIDDLE, BOTTOM (сәйкесінше жоғарғы, ортаңғы және төменгі жақ бойынша орналастыру).
WIDTH – ұяшық енін пикселмен көрсетеді.
HEIGHT – ұяшық биіктігін пикселмен көрсетеді.
Егер кесте ұяшығы бос болса, онда оның шетіндегі рамкасы салынбайды. Егер ұяшық бос болып, ал рамка керек болса, онда ұяшыққа (non-breaking space – бөлмейтін пробел) символ объектісін енгізуге болады. Сонда ұяшық бос және шетінде рамка болады.
Қорытынды
Бұл жұмыста HTML тілінің жалпы қолданылымы және оның компоненттері көрсетілген. Ал компоненттері ретінде WEB-бетті құруға ең керекті және көп жағдайда қолданылатын тегтер мен атрибуттар қарастырылған.
Сонымен, бұл жұмыста “HTML дегеніміз не?”, “ HTML-дің құрылымы қандай?” және “HTML-ді қайда қолдануға болады?” деген сұрақтарға жауаптар келтірілген. Сонымен қатар, HTML тілінде гиперсілтемелердің, кестелердің, фреймдердің, формалардың және т.б. жалпы қолданылымы көрсетілген. Әр тақырыпқа мысал түрінде программа мәтіні мен нәтижесі сурет түрінде көрсетілген.
Қорыта келе, меніңше HTML тілі қолданымы жағынан өте ыңғайлы және түсінкті болып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Гончаров А., Самоучитель HTML. СПб, Питер: 1998. – 227 б.
2. Дарнелл Р., HTML 4: Энциклопедия пользователя. М., ДиаСофт: 1999. – 251 б.
3. Левин А., Самоучитель полезных программ, М., Нолидж: 2003 – 376 б.