русс | укр

Языки программирования

ПаскальСиАссемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование

Все о программировании


Linux Unix Алгоритмические языки Аналоговые и гибридные вычислительные устройства Архитектура микроконтроллеров Введение в разработку распределенных информационных систем Введение в численные методы Дискретная математика Информационное обслуживание пользователей Информация и моделирование в управлении производством Компьютерная графика Математическое и компьютерное моделирование Моделирование Нейрокомпьютеры Проектирование программ диагностики компьютерных систем и сетей Проектирование системных программ Системы счисления Теория статистики Теория оптимизации Уроки AutoCAD 3D Уроки базы данных Access Уроки Orcad Цифровые автоматы Шпаргалки по компьютеру Шпаргалки по программированию Экспертные системы Элементы теории информации

Маркерленген тізімдер.


Дата добавления: 2015-07-09; просмотров: 2321; Нарушение авторских прав


Тізім тэгтерінің ең қарапайым түрі – нөмірленбеген белгілеу тізімі <UL> (unordered lіst). Нөмірленбеген тізімдер: <UL> ... </UL>Мұнда әрбір белгіленетін мәтін жолын <LІ> ішкі тэгімен бастап отыру керек.

Мысалы мынадай тізім құру керек болса:

 

<UL> <LI>Иван; <LI>Данила; <LI>Игорь </UL>
  • Иван;
  • Данила;
  • Игорь

 

Нөмірленген тізімнің әрбір жолы реттелген тәртіп бойынша араб немесе рим сандарымен, әйтпесе латын алфавитінің әріптерімен таңбаланады. Ол таңбаларды өзгерту type= “…” атрибутымен көрсетіледі.

Нөмірлеу таңбаларын анықтайтын type атрибутының мүмкін мәндері кестеде көрсетілген.

Атрибут мәні Нөмірлену таңбалары
TYPE= “ ”:  
A - Үлкен латын әріптері (А, В, С, D, ...)
a - Кіші латын әріптері (а, b, с, d, ...)
I - Үлкен рим цифрлері (І, ІІ, ІІІ, ІV,…)
i - Кіші рим цифрлері (і, іі, ііі, іv, ...)
1 - Кәдімгі цифрлер (1, 2, 3, 4,...)

START - параметрі санақ қай саннан басталатынын анықтайды.

Келесі мысалда тізім үлкен рим санының сегізінші цифрінен басталып нөмерленген:

<OL TYPE="I" START="8"> <LI> Сегіз <LI> Тоғыз <LI> Он <LI> Он бір <LI> Он екі </OL>
  1. Сегіз
  2. Тоғыз
  3. Он
  4. Он бір
  5. Он екі
 

<UL>параметрлерінің тэгі

Маркерленген тізім тэгі:
Нөмірленбеген тізім үшін әдетте тізімдегі элементті белгілеуге маркерді қолданады. Ал маркердің түрін, заң бойынша, қолданушы таңдайды. <UL> тэгі өзіне TYPE және COMPACT. параметрін қоса алады. Оның disc, circle, square деген белгілері бар.



Атрибут Атқаратын қызметі
<UL TYPE=disc><LI> disc </UL> · Disc
<UL TYPE=circle><LI> circle </UL> o Circle
<UL TYPE=square><LI> square </UL> § Square

Бұл белгілер маркердің түрін береді. Жазбаған жағдайда автоматты түрде disc жазылады.

Анықтамалар тізімі:

Анықтамалары бар тізімдер <DL> (defіnіtіon lіsts) жоғарыдағылардан өзгешелеу тәсілмен жасалады. Мұнда <LІ> тэгі орнына <DT> (defіnіtіon term — анықталатын термин) термин тэгі және оған қосымша <DD> (defіnіtіon defіnіtіon — анықтаманы анықтау) терминді түсіндіру белгісі жазылады.

Мұндағы <DT> және <DD> тэгтері <LІ> тәрізді жабылмай, жалқы түрде жазылады. Егер анықталатын термин түсінігі бір жолға сиятындай қысқа болса, онда <DL COMPACT>сыртқы тэгін қолдануға болады.
Анықтамалар тізімі былай жазылады:

<DL> <DT> Термин <DD> Терминге анықтама <DD> Терминге анықтама <DD> Терминге анықтама <DD> Терминге анықтама </DL> Термин Терминге анықтама Терминге анықтама Терминге анықтама Терминге анықтама

DL элементімен бірге COMPACT атрибутын қолдануға болады, сол кезде тізімнің пункттары жинақы орналасады. <DL COMPACT> Бұл атрибут тура осылай қолданылады, ешқандай да сан қойылмайды.

Мысал 2.

<html>

<head>

<title>

Мысалы

</title>

</head>

<body bgcolor="#FFFFFF" TEXT="black" LINK="#00FF00" ALINK="#00FF00" VLINK="blue">

<OL TYPE="1">

<Font size="5"> <b>Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасы</b></Font>

<li> Қоғамдық денсаулық сақтау

<li>Информатика

<li>Аккредитация

</ol>

<OL TYPE="I">

<Font size="5"> <b>Психиатрия кафедрасы </b></Font>

<li>Наркология

<li>Психология

<li>Психиатрия

</ol>

<OL TYPE="A">

<Font size="5"> <b>Философия кафедрасы </b></Font>

<li>Философия

<li>Социология

<li>Құқықтану негіздері.

</ol>

 

 

HTML-құжатының түстік гаммасы.

Құжаттың негізгі бөлігі <BODY> тэгінің ортасына HTML-құжатының түстік гаммаларын, келесі атрибуттармен анықтауға болады. Олар төмендегі түрде жазылады:

 

Атрибут Атқаратын қызметі
BGCOLOR Құжаттың жалпы фон түсін анықтайды.
TEXT Мәтін әріптерінің түсін анықтайды.
LІNK Гипермәтін сілтемелеріндегі мәтіннің түсін анықтайды
VLІNK Алдында шолып өтілген құжатқа жасалған сілтеменің түсін анықтайды..
BACKGROUND Мәтіннің фонында орналасатын суретті анықтайды, ол түсқағаз (обои) рөлін атқарады. Суреттік файлдың типі gіf немесе jpg болуы тиіс. Суреттің мекен-жайы көрсетілсе, ол Интернет желісінен тауып алынады. Мысалы: <body bgcolor=lіghtyellow text=red background="face.jpg">

HTML тілінде түрлі түстер он алтылық сандар түріндегі RGB тәсілімен берілуі де (COLOR="#C0FFC0"), мүмкін, оның мүмкіндігі өте мол. Мұндағы алғашқы екі сан қызыл түс бөлігін, келесі екі сан – жасыл түс бөлігін, соңғы екі сан көк түс бөлігін анықтайды.

Жоғарыдағы көптеген параметрлер түсті пайдаланады, олар ағылшын тіліндегі негізгі он алты түс атымен немесе солардың кодтарымен төмендегідей түрде беріледі.

Аты Коды Аты Коды
Blaсk (қара) “#000000” Green (жасыл) “#008000”
Silver (күміс түсті) “#C0C0C0” Lime (лимон түсті) “#00FF00”
Gray (сұр) “#808080” Olive (кофе түсті) “#808000”
White(ақ) “#FFFFFF” Yellow (сары) “#FFFF00”
Maroon (қызыл күрең) “#800000” Navy (қара-көк) “#000080”
Red (қызыл) “#FF0000” Blue (көгілдір) “#0000FF”
Purple (күлгін) “#800080” Teal (шәй түсті) “#008080”
Fuchsia(қызғыш) “#FF00FF” Aqua (көк ) “#00FFFF”

 

HTML-құжатында суреттерді бейнелеу.

Суреттік бейнелер Web-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды құралдар рөлін атқарады. Суреттердің өздері HTML құжаттарынан бөлек орналасқан жеке файлдарда сақталады, алайда олар браузер арқылы Web-парақтардың ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу ережелерін былай беруге болады.

Суреттерді құжаттардың ішіне орналастыру үшін <ІMG …> жеке, яғни жабыл­майтын жалқы тэг қолданылады.

Бұл тэгте міндетті түрде SRC= “…” атрибуты болуы керек, оның мәнін абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL-адресі көрсетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде құрамындағы суре­ттермен бейнеленеді және ол <ІMG …> тэгі тұрған орыннан көрінеді.

Оның жазылу синтаксисі төмендегідей:

<ІMG 1-атрибут=1-мәні [ ... N-атрибут=N-мәні]>

<ІMG> тэгінің атрибуттары мен олардың мәндері келесі кестеде көрсетілген.

Атрибут Атқаратын қызметі
SRC Суреттің URL-мекен-жайын береді (оның абсолюттік немесе салыстырмалы мекен-жайы көрсетіледі; егер ол HTML-құжат тұрған бумада болса, тек файл аты ғана жазылады); бұл атрибут міндетті түрдекөрсетіледі.
BORDER Сурет жақтау сызығының қалыңдығын пиксельмен береді.
WІDTH=n(%)   Суреттің енін пиксельмен не терезе енінің пайызымен береді.
HEІGHT=n(%)   Суреттің биіктігін пиксельмен немесе терезе биіктігінің пайызымен береді.
ALІGN="тип"   Мәтінге байланысты суреттің орналасуын көрсетеді, төмендегі сөздердің бірін мән ретінде қабылдайды: ТОР, MІDDLE, BOTTOМ, LEFT, RІGHT.
ALT = "сөз тіркесі"   Сурет көрсетілмейтін броузерде оның аты мәтін ретінде көрсетіледі.
TITLE Кескінге ақпараттық көмек береді.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
B130200 «Стоматология» | Мысал 3.


Карта сайта Карта сайта укр


Уроки php mysql Программирование

Онлайн система счисления Калькулятор онлайн обычный Инженерный калькулятор онлайн Замена русских букв на английские для вебмастеров Замена русских букв на английские

Аппаратное и программное обеспечение Графика и компьютерная сфера Интегрированная геоинформационная система Интернет Компьютер Комплектующие компьютера Лекции Методы и средства измерений неэлектрических величин Обслуживание компьютерных и периферийных устройств Операционные системы Параллельное программирование Проектирование электронных средств Периферийные устройства Полезные ресурсы для программистов Программы для программистов Статьи для программистов Cтруктура и организация данных


 


Не нашли то, что искали? Google вам в помощь!

 
 

© life-prog.ru При использовании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.

Генерация страницы за: 1.219 сек.