Астана әуежайы – бүгін Еуразия құрлығындағы заманауи әуежайлардың бірі болып табылады, 1930 жылы Ақмола қаласынан, қазіргі Астанадан 3 км қашықтықта әуежай салынды. Әуежайдың аумағында ұшақтардың ұшуына және қонуына арналған шаршы тәріздес алаңы, шағын ғана залы бар, 8 бөлмеден тұратын саманнан жасалған вокзал, ұшқыштарға арналған екі үй, бензин сақтайтын жертөле, сондай-ақ саманнан жасалған май, су жылытатын шағын үйі болатын.
1931 жылғы 1 желтоқсанда (кәсіпорын құрылған күн) Ақмола-Семей аралығында тұрақты ұшатын әуе қатынасы ашылды. Ауа райы қолайсыз болған күндері әуежай жабылып, қала мен әуежай телефон, паром, жаяу жүргіншілер жолы арқылы байланысатын (Есіл өзені арқылы өтетін көпір болған жоқ).
Алғашқы жылдары әуе қозғалысы тұрақты болған жоқ, кестеде «Ұшақ дүйсенбі күні таңертең ұшады» немесе «сәрсенбі күні күн шығыста ұшады» деп көрсетілетін.
Жолаушыларды, пошта жүктерін тасымалдау қызметі К-4, К-5, ПР-5, П-5,П-2 ұшақтарымен жүзеге асырылды.
1934 жылдан бастап тұрақты ұшатын ұшақтар қызмет көрсете бастады:
1 Алматы – Бертрас – Қарағанды – Ақмола – Атбасар – Қостанай Свердловск.
1946 жылдың басында Ақмолалық әуежайға тұрақты қызмет көрсету мақсатында ПО-2 ұшақтарының алғашқы тізбегі келе бастады. Бұл ұшақтар Қарағанды авиакәсіпорнына қарады.
Жолаушыларды, поштаны тасымалдайтын Ақмола – Қорғалжын – Жолымбет – Ақсу – Бөгембай – Бестөбе – Астрахан – Балқаш – Благодать (Ақмола облысының елдімекені) арқылы ұшатын жолдар ашылды. 1946 жылы 2 адамнан құрылған тасымалдау қызметі ұйымдастырылды.
Осы жылы санитарлық авиация – халық шаруашылығы да қызмет көрсете бастады.
1947 жылдың соңында – 1948 жылдың басында Ақмола әуежайында ПО-2 ұшағының тұрақты мамандары ретінде 3 адамнан құрылған бөлім ашылды, бұл бөлім Қарағандыда орналасқан авиажасақтың құрамына кірді.
Ақмола әуежайы сол кезге сай келетін құралдармен жабдықталды, құрылысы біршама кеңейтіліп, радиостанцияға арналған фин үйі, саманнан жасалған үш үй және гараж салынды. Қызмет көрсететін штат құрамы 40-50 адамға дейін өсті. Әуежай жеңіл ұшақ түрлерінен басқа ЛИ-2 типті ауыр ұшақ түрлерін де қабылдай бастады.
ҰҚЖ кеңейтілгеннен кейін 1951 жылдың мамыр айында ИЛ-12ұшағы, көп кешікпей ИЛ-14 ұшағы алғашқы рет қонды.
1954 жылы авиаэскадрилья құрылды. Ұшақ паркі ЯК-12, АН-2 әуе кемелерімен толықты. 1956 жылы Ақмола әуежайы тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшті.
1959 жылғы 9 мамырда Ақмолалық біріккен авиажасақ ұйымдастырылды. Осы жылы Ақмола бірлескен авиажасағына қосымша АН-2 ұшақтары бөлінді, бұл жергілікті әуе желілерінің бірден көбеюіне әсерін тигізді.
1960 жылғы 16 қазанда Ақмола әуежайына үшінші сынып атағы берілді.
1961 жылы алғашқы ЛИ-2-ші ұшақтары қабылданды, бұл ұшақтар Степногорск -Қостанай әуе қатынасы бойынша тұрақты ұша бастады.
1963 жылғы 4 қарашада Целиноград әуежайы, бұрынғы Ақмола әуежайы қаладан 18 км қашықтықта орналасқан жаңа әуежайда алғашқы ИЛ-18 ұшағын қабылдады.
1963 жылдың желтоқсан айынан бастап ИЛ-18 ұшағымен тұрақты рейстер жүзеге асырылды. Аэровокзал кешенінің құрылысы аяқталмағандықтан, қазіргі 2 қабатты медициналық санитарлық бөлім ғимараты аэровокзал ретінде пайдаланылды, бұл ғимаратта әуе қозғалысын басқару қызметі орналасты.
1966 жылғы 28 ақпанда жаңа аэровокзал пайдалануға қабылданды, осы жылдың маусым айында біріккен авиажасақтың барлық қызметтері жаңа әуежайға орналасты. 1930 жылдан бастап қызмет атқарған ескі әуежай 1966 жылы ААФЫЕҚ спорт клубына берілді.
1969 жылғы 21 сәуірде Целиноград авиажасағының ұшақтар паркі алғашқы АН-24 ұшақтағымен толтырылды. АН-24 ұшақтары қосылғаннан кейін, жолаушылар, пошта және жүк тасымалының көлемі бірден өсті. Өз паркімізден бұрынғы Одақтың қалаларына ұшақтар ұша бастады.
1975 жылдан бастап біздің ҰҚЖ ТУ-154 ұшағы алғашқы рет қонып, осы кезден бастап Алматы-Целиноград-Мәскеу және керісінше бағыттары бойынша ТУ-154 ұшақтың тұрақты рейсі ашылды.
Ақмола (Астана) авиаторлары үшін тарихи елеулі кезең елорданың Алматыдан көшірілуі болып табылады. Әуеайлақты қайта жаңарту құрылысы қысқа мерзім ішінде басталды және аяқталды: ұшу-қону жолағы 3500 м дейін жасанды жабынмен ұзартылып, рульдеу жолақтары мен перрон кеңейтілді. Жарық жүйесі және радионавигациялық жабдықтар ауыстырылды, VIP ғимараты салынды, аэровокзал кешені қайта жаңартылды.
2002- 2005 жылдары аралығында әуежайды қайта жаңартудың ірі ауқымды халықаралық жобасы жүзеге асырылды. 2005 жылғы 2 ақпанда әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы салтанатты түрде ашылды.
Бүгінгі күні Астана халықаралық әуежайы ІІІА – Азаматтық Авиацияның Халықаралық Ассоциациясы санатына ие, сондай-ақ ұшу салмағына шектеу қоюсыз әуе кемелерінің барлық түрлеріне – Ил -7 6, Ан-124, Б747 - 400F қызмет көрсетеді.
Астана әуежайының басшылығы
Басқарма төреғасы: Қайрат Кеңесбекұлы Жауханов.1967 жылы туған.
1988 жылы “Командалық тактикалық авиация” мамандығы бойынша М.Раскова атындағы Тамбов жоғарғы әскери авиациялық ұшқыштар училищесін бітірді.
1990 жылы КСРО Әскери әуе күштері академиясын бітірді.
2000 – 2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Азаматтық авиациясында нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және кадрларды даярлау бөлімінің бастығы.
2001 – 2005 жылдары – “Евро-Азия Эйр” авиакомпаниясы” АҚ өкілдігінің директоры, Алматы филиалының директоры.
2005 – 2006 жылдары – “Евро-Азия Эйр” авиакомпаниясы” АҚ бірінші вице-президенті
2006 – 2009 жылдары– “Атырау халықаралық әуежайы” АҚ бас директоры
2009 жылдан бастап “Астана халықаралық әуежайы” АҚ президенті
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ басшылығы жеке тұлғаларды, заңды мекемелердің өкілдерін және елордалық әуежайдың қызметкерлерінің жеке мәселелері бойынша төменде берілген кестеге сәйкес қабылдайтынын хабарлаймыз. Тұлғаның өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.
«Астана халықаралық әуежайы» АҚБасқарма төрағасы:Қайрат Кеңесбекұлы Жауханов
Айдың бірінші дүйсенбісі сағат 17:00-ден 18:00-ге дейін
Айдың үшінші дүйсенбісі сағат 17:00-ден 18:00-ге дейін
Қабылдау бөлімінің байланыс телефоны: +7 7172 777 222
E-mail: airport-info@astanaairport.kz
Басқарма төрағасының орынбасары: Рәділбек Өкенұлы Әдимолда
Өндіріс жөніндегі басқарушы директор: Сейіл Бақытжанұлы Қыпшақбаев
Қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор: Марат Мерекенұлы Шыңғысов
Әкімшілік-құқықтық жұмыстар жөніндегі кеңесші:Гүлия Әйткешқызы Ілиясова
Жедел басқару жөніндегі басқарушы директор:Александр Байжігітұлы Бекмурзин
Материалдық- техникалық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор:Руслан Әділұлы Мұқатов
Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану жөніндегі басқарушы директор:Юрий Павлович Ким
Құрылымдық бөлімшелер
Маркетинг бөлімі
Маркетинг бөлімі авиатасымалдаушыларды тарту, әуежайдың корпоративтік клиенттерімен, қатысушыларымен, серіктестерімен ұзақ мерзімді өзара тиімді қарым-қатынас орнату, әуежайдың маркетингтік стратегиясын, ақпараттық–бедел-бейне саясатын іске асыру, сондай-ақ, маркетингтік коммуникациялар мен зерттеулерді жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді.
Әуежайдың өндірістік – диспетчерлік қызметі
Әуежайдың өндірістік-диспетчерлік қызметі әуе тасымалдау жоспарыныңжедел орындалуын, олардың тиесілігіне қарамастанәуе кемелерін жөнелтулердің жоғарғы жиілігін және әуе кемесіне қызмет көрсету кезінде әуежай қызметтерінің қызметін үйлестіруді және жедел басшылық етуді қамтамасыз етеді, ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз ету үдерісін жетілдіру және ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Қауіпсіздік қызметі
Қауіпсіздік қызметі заңсыз араласу актілерінен азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ескертулердің және алдын алу шараларының, қағидалар мен рәсімдердің барлық кешендерін қамтамасыз етеді, жоғары қауіп-қатер немесе төтенше жағдай туындаған кезеңде ерекше шараларды, әуежай аумағында орналасқан объектілерді күзетуді, әуежай меншігінің сақталуын және олардың өртке қарсы жағдайын қамтамасыз етеді.
Тексеру қызметі
Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау және Астана қаласы әуежайына ұшып келетін авиакомпаниялардың талаптарына сәйкес, барлық авиажолаушылар, ұшақтың жүк таситын бөлігіне жіберілетін олардың қол жүгі мен багаждардың қауіпсіздігіне толық бақылаудан өтеді. Сондай-ақ тексеруден жүк терминалы арқылы жөнелтілетін барлық жүктер және авиатасымалдау учаскесінде өңдеуден өтетін барлық пошта жөнелтілімдерімен борт қорлары өтеді. Қауіпсіздікті бақылау арнайы жабдықталған пункттерде жүзеге асырылады. Аталған пункттер халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Қауіпсіздікті бақылайтын қызметкерлердің осы салада жұмыс тәжірибелері бар. Қызметкерлер кезеңдік дайындықтан өтіп отырады, олардың алған білімдері рұқсаттама – сертификаттарымен расталады. Рейстерге қызмет көрсету кезінде дауыс зорайтқыш байланысы арқылы әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынатын заттар туралы ақпарат беріледі. Барлық жабдықтар сертификатталған және қызметкерлер мен жолаушылар үшін қауіпсіз.
Cатып алу басқармасы
Сатып алу басқармасы «Астана халықаралық әуежайы» АҚ қажеттіліктері үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу рәсімін жүзеге асырады.
Әуежай отын кешені
Әуежай отын кешені нормативтік талаптарға және тұтынушылардың талаптарына сәйкес, әуе кемелерін сапалы авиациялық жанар-жағармай материалдарымен, арнайы сұйықтықтармен үздіксіз және уақтылы қамтамасыз етеді.
Отын сұйық қоймаларының жалпы көлемі 15 200 тонна. Әуе кемелеріне отын құю отынқұйғыш парк көмегімен және құрамына 8-тұрақтағы 16 отын гидрант және 3 гидрантты диспенсер енетін ұшақтарға орталықтандырылған автоматты отын құю жүйесі арқылы жүргізіледі. Әуе кемесіне құю үшін кондициялы ЖЖМ дайындау және беру отын механикалық қоспалардан және судан үш сатылы технологиялық тазартумен қамтамасыз етіледі. Әуе кемесіне беру кезінде нақты сүзгі 1 мкн құрайды. АвиаЖЖМ әуе кемесіне құюға беруге дайындық кезіндегі сапасын бақылауды қажетті құралдармен жабдықталған отын кешенінің зертханасы қамтамасыз етеді.
Тамақтану қызметін көрсету кешені
Тамақтану қызметін көрсету кешені әуе кемесінің авиажолаушылары мен экипаж мүшелерін жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті борт тамағымен қамтамасыз етеді, әуежайдағы қоғамдық тамақтану пункттеріне келушілерге тамақ беруді және қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Кешен ең таңдаулы мәзір ұсынады, оның ішінде әр түрлі рациондар бар: дәстүрлі, диеталық, диабетикалық, вегетариандық, мұсылмандық, балаларға арналған және тағы сол сияқты. Өндірілетін тағамдардың түрлері 500 артық, оның ішінде әртүрлі елдердің тағамдары бар, ең басты тағамұлттық асүй тағамдары. Тамақтың өндірілуі жоғары технологиялық жабдықтарды қолданумен жасалып, дайын өнімнің, шикізаттың және жартылай пісірілген өнімнің сапасы үнемі бақыланады, жеткізушіні және басқа да көп нәрсені мұқият іріктейді. Барлық жеткізілетін өнімдердің Қазақстан Республикасының Ұлттық сертификаттау және сараптау орталығы берген сәйкестік сертификаты бар. Жыл сайын миллионнан астам жолаушыларды қамтамасыз ететін тағам, үнемі жаңадан жасалған, денсаулыққа пайдалы және әртүрлі болуы керек. Сондықтан да өндірістің барлық кезеңдерінде сапаны бақылау ұсынылатын қызметтердің жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
Жылу-техникалық және санитарлық-техникалық қамтамасыз ету қызметі
Жылу-техникалық және санитарлық-техникалық қамтамасыз ету қызметі әуежайдың барлық ғимараттары бойынша жылу энергиясын өндіру және таратумен, ауаны баптаумен, сумен жабдықтаумен және суды бұрумен айналысады. ЖТжСТҚ қазандығында Түркия-Германияда жасалған әр қайсысының қуаттылығы сағатына 11,5кл үш қазандық құрастырылды. Салқындату жүйесі сегіз ЧИЛЛЕРДЕН тұрады, ауаны дайындайтын 55 агрегаттан және 70 сплит-ауабаптығыштардан тұрады.
Аэровокзал кешені
Аэровокзал кешені аэровокзал кешені иелігіндегі ғимараттар мен құрылыстарды белгіленген пайдалану қағидаларына және нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес пайдаланылуын, аэровокзал кешені (ЕЖТ, ЖЖТ, әкімшілік ғимараты, VIP ғимараты) әуе кемелеріне қызмет көрсетуге, жолаушыларды, багажды және жүкті қабылдауға тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді.
Аэровокзал кешені сыртқы ұйымдармен, сондай-ақ, жарнама берушілермен байланыс жүйесін реттеу, әуежайдың коммерциялық әлеуетін барынша пайдалану үшін жалға алушыларды тарту, жолаушыларға ұсынылатын авиациялық емес қызметтердің сапасын бақылау бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді.
Ұшулар қауіпсіздігін бақылау
Ұшуларды іздестіруді, апаттан құтқаруды қамтамасыз ету қызметі ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің және алыс шетелдегі Азаматтық әуе кемесінің авиациялық оқиғалар мен қақтығыстардың алдын алу жұмыстарын жүзеге асырады.
Сапа менеджменті жүйесін басқару бөлімі
Сапа менеджменті жүйесін басқару бөлімі сапа менеджменті жүйесін және Әуежай тұтынушыларының қанағаттануына кепілдік беретін қызметкерлердің кәсібилігін қолдай отырып, сондай-ақ сапа менеджменті жүйесін әзірлеуді, жұмысқа жарамды жағдайда ұстауды және үнемі жетілдіруді жүзеге асырады(ИСО ХС9001:2008, ҚР СТ ИСО 9001-2009, ИКАО, ИАТА стандарттары және т.б.).
Күрделі құрылыс бөлімі
Күрделі құрылыс бөлімі әуежайдыңғимараттары мен құрылыстарының құрылысын және күрделі жөндеулерін, ағымдағы жөндеулерін жүзеге асырады.
Кеңсе
Кеңсе құпия емес ішкі және сыртқы құжаттардың толық және уақтылы есепке алынуын, бақылануын, орындалуын және сақталуын қамтамасыз етеді.
Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қызметі
Еңбекті қорғаужәне еңбек қауіпсіздігі қызметі жұмыс берушінің атынан өндірісте қауіпсіз және денсаулыққа пайдалы еңбек жағдайын жасау, Әуежайдың құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақат пен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша шаралардың әзірленуіне және орындалуына ішкі бақылауды, сондай-ақ, ұжымдық шартқа сәйкес қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында жұмыс берушінің міндеттерін орындауды жүзеге асырады.
Стандарттау және метрология қызметі
Стандарттау және метрология қызметі Әуежайдың құрылымдық бөлімшелерін метрологиялық қамтамасыз ету бойынша бақылайды және реттейді.
Экологиялық бақылау бөлімі
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасына сәйкес, қоршаған ортаға Астана әуежайы қызметінің әсер етуін анықтау мақсатында, сондай-ақ анықталған Қазақстан Республикасының Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолдану үшін өндірістік бақылауды жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы
АҚжТЖ штабы азаматтық қорғаныстың (АҚ) және төтенше жағдайлардың (ТЖ) алдын алу және жою жөніндегі тұрақты әрекет ететін орган болып табылады. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі болғанда немесе туындаған жағдайда және ерекше кезеңде қызметкерлерді және кәсіпорын объектілерін қорғау бойынша нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес іс-шараларды жоспарлап, жүзеге асырады.
Өндірістік көрсеткіштер
2006-2013 жылдардағы жолаушылар ағыны
2006 – 2013 жылдардағы жүк ағынының даму қарқынының көрсеткіштері (мың тонна)
2006 – 2013 жылдардағы рейстердің даму қарқынының көрсеткіштері
Астана әуежайының басымдылығы – қауіпсіздік
Астана халықаралық әуежайында қауіпсіздіктің қосымша шараларын қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар терминалының кіре берісіне тексеру жабдығы орнатылды. Терминал екі есіктен кіруге болады. Жолаушыларды тексеруді әуежай қызметкерлері тәулік бойы жүзеге асырады. Осы орайда, жолаушылардан әуежайға қосымша тексеру рәсімінен өтетін уақытты ескере отырып келуі керек.
Астана әуежайына дейін жаңа автобус бағыты ашылды!
Жолаушылар үшін ең маңызды қызметтердің бірі болып қаламен ыңғайлы көліктік байланыс болып табылады, ал әуежайға көлікпен жеткізуді арттыру – оның бәсекеге қабілеттілігінің және оның даму болашағын анықтайтын факторлардың бірі болып табылады. Осы жағдайды ескере отыра, Астана әуежайына қосымша автобус бағыты қосылды.
Енді Астана әуежайына аялдамалар саны аз,ыңғайлы №53э автобусында Астана қаласының теміржол вокзалынан жетуге болады. 53э бағыты экспресс-бағыт болып табылады, сондықтан барлық аялдамаларға тоқтамайды. Автобустың бағыты туралы ақпаратпен «Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының» http://www.uptad.astana.kz/ ресми сайтында танысуға болады.
Бірінші автобус теміржол вокзалынан сағат 06.30-да шығады, Астана әуежайына келу уақыты –сағат 07:22, соңғы автобустеміржол вокзалынан сағат 19:15-та шығады, Астана әуежайына келу уақыты –сағат 20:07. Жол жүру бағасы жалпы – 120 теңгені, балалар үшін -60 теңгені құрайды.
Астана әуежайы қысқы кестеге көшеді
Құрметті жолаушылар, Сіздерге мәлімет ретінде Астана әуежайы күзгі-қысқы навигацияға көшуіне байланысты 2014 жылғы 26 қазаннан бастап жаңа кестеге көшетіндігін хабарлаймыз. Қысқы кестеде халықаралық рейстер саны көбейеді. 2014 жылғы 26 қазаннан бастап Астана әуежайынан «Россия» авиакомпаниясы тұңғыш рет күзгі-қысқа навигация кезеңінде Санкт-Петербург қаласына тура рейстерді аптасына 5 рет жиілікпен Эйрбас-319 сыйымды лайнерінде жүзеге асыруын жалғастыратын болады. Бұдан басқа, «ЭйрАрабиа» авиакомпаниясы Астана-Шарджа бағыты бойынша рейстер саны жиілігін аптасына екі рейстен үш рейске дейін көбейтеді. Енді «ЭйрАрабиа» авиакомпаниясының жолаушылары Астанадан Шарджаға дейін сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері ыңғайлы Эйрбас-320 ұшағында саяхатқа шыға алатын болады. 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап Астана халықаралық әуежайынан тұңғыш рет «Эйр Астана» авиакомпаниясы Тайланд астанасы Бангкок қаласына аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері жаңа Боинг-767 лайнерінде тура рейс ашады.
Сондай-ақ, Финляндия, Тайланд және Мысырға туристік чартерлік бағдарлама жоспарлануда.
Билеттер туралы ақпарат
Билеттерді сатып алу
Әуе компаниялар – тасымалдаушылар билеттер мен ұшуларды сатып алуымен байланысты барлық спектрлік шарттарын дербес орындайды. Бұлар әуе билеттерге тарифтерді және жеңілдіктерді, ұшудан бас тарту және билетті қайтару, әуежайда тіркелу ережелерін, тасымалдау ережелері, жүктің барынша өлшемдері мен салмағы, балалармен ұшу ережелері және т.б. анықтайды.
Негізгі ережелер мен шарттардың білместігі көбінесе жағымсыз ақша, уақыттың айырылуына және жүйкенің жұқаруына әкеп соғады.
Билетті сатып алуды және ұшуды жүзеге асырушы адам нені ескеру қажет?
Әуе билеттің құны әуе билетке тарифтері, төлемдері мен жеңілдіктері әуе компаниялармен орнатылады және көбінесе жолаушылардың дәрежесі мен сату шарттарына байланысты.
Тарифке ықпал ететін сату шарттары:
· қызмет ету дәрежесі
· маусым
· билет сатып алынатын уақыт
· ұшу күнін ауыстыру және билетті қайтару мүмкіндігі
· жеткізілетін пунктке ұшып келу мерзімі
Жеңілдіктердің негізгі санаттары
· балалар
· жастар
· зейнеткерлер үшін
Сапарға аттану алдында ұшатын күнін алдын-ала орынды жоспарлау, сондықтан тартымды арзан тарифтердің басымы 7, 14 немесе 21 күн бұрын тіркеліп билетті сатып алуды талап етеді. Жол жүруді бір айдан ұзартпауға тырысыңыз, себебі неғұрлым арзан тарифтер осы мерзімге есептелген, ал бұдан әрі билеттердің елеулі қымбаттауы байқалады.
Әуе билетті сатып алу барысында ең төмен тарифтердің шектеулі орындар саны 8-10%-дан көп емес, содан соң бұлардың сатылымы бойынша аса қымбат тарифтер ұсынылатындығын ескеру қажет. Егер көрсетілген тарифтің Сіздің сұралатын агентінізде Сізге қажетті күні болмайтын болса, басқа орында бұл тарифті іздеудің пайдасы жоқ, себебі билеттерді брондап қою жүйесі әуе компанияның барлық агенттеріне бірдей. Бұл жағдайда рейс, ұшу күнін, әуе компанияны өзгертуге талпыныңыз, егер алдын-ала іске кіріссеңіз, міндетті түрде біреуін таңдайсыз. Билетке тапсырыс беру және сатып алу кезінде оның құны бірнеше құрамалардан қалыптасатындығын ұмытпауыңыз қажет.
Жоғарыда айтылған әуе компаниямен белгіленетін тарифтен басқа, әуе билет құнына сондай-ақ әуежайлық алымдар (төлем) кіреді, бұлардың көлемі Сіздің маршрутыңыздың өтетін әуежайларға тәуелді және Сіз әуе билетті сатып алған агенттігіне еш қатысы жоқ.Әуежайлық алымдар (төлемдер) сомасы әуежайлармен белгіленеді және ауқымды шегінде өзгереді.
Кейбір билет түрлерін ресімдеу кезінде сондай-ақ комиссиялық алым алынады.
Аса арзан тарифтерді брондап қоюға болмайды, әуе компаниялардың ережелері билетті сатып алуды тапсырысты құрумен қатар немесе сол күні сатып алуды талап ететіндігін ескеру қажет. Жеңілдігі бар тарифтерді брондап қоюдың барынша мерзімі 72 сағаттан аспайды.
Әрбір нақты тарифтың, төлем көлемінің және алымдардың шарттарымен, бағасымен және нақты маршруты бойынша әуе ұшақпен ұшу толық құнын кез келген Агенттікте танысуға болады.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР! Билеттер қажетті құжаттары бар тұлғаларға ғана тіркеледі, бұл ақпарат билетке енгізіледі. Билет тіркелген тұлғаның атына ғана жарамды.
Қазіргі уақытта билеттерді тіркеу кезінде мына құжаттар ғана қабылданады:
· азаматтығы жоқ тұлғалары үшін ҚР-ғы мекендеу қағазы;
· азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке куәлігі;
· туу туралы куәлік (балалар үшін);
· теңізшінің паспорты (теңізшінің жеке куәлігі) – қызмет бойынша жол жүру;
· шетелдік азаматтық жеке куәлігі;
· ҚР азаматының уақытша жеке куәлігі;
· азаматтық еліне қайту үшін ғана мемлекет консулдығымен берілген, жолаушы бұл елдің азаматы болып табылатын елге қайтуы туралы куәлігі;
· ҚР территориясында ұлттық құжаттарды жоғалтқан жағдайда шетелдік азаматтарға ҚР ӘМ органдарымен берілген суретпен анықтама – қайту туралы куәлік алу үшін шетелдік мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қатынау үшін ғана;
· ҚР, ТМД офицерінің жеке куәлігі (прапорщик) ;
· қызметтен өткені туралы келісім-шарт белгісі бар, Қазақстан армиясына шақыруы бойынша әскери қызметкердің әскери билеті;
· азаматтығы жоқ, босқын тұлғалардың жол жүру билеті;
· БҰҰ халықаралық рұқсат қағазы – қызметтік сапарлары үшін.
Тапсырысқа міндетті түрде келесі ақпарат енгізіледі:
· жолаушының аты, тегі
· туған жылы
· топтамасын қоса паспорт нөмірі
· паспорт берген мемлекет
Паспорт нөмірі билетте жазылған болу керек.
Тапсырыста немесе билетте жолаушының паспорттық деректердің болмауы тасымалдауға бас тартуы мүмкін.
Кейбір әуе компаниялардың ережелері бойынша жолаушы билетті жоғалтқан жағдайда ұшып кетуіне жіберілмейді, оның құны қайтып берілмейді, көшірме түпнұсқасы берілмейді.
Ерікті түрде ұшып кетуден бас тартқан жағдайда қолданылмаған билет ақшасының қайтарылуы тек қана билеттерді сату агенттігінде жүзеге асырылады.
Билеттің қайтару шарты пайдаланған тарифке қатысты және кең көлемде өзгереді – билеттің толық құнынан қайтаруға тыйым салынуына дейін. Билетті ала тұра міндетті түрде оның қайтару шартын біліп алыңыздар.
Әуе тасымалының қолданыстағы ережелеріне сәйкес әуе компаниялар тасымалдау жүргізу жағдайларында ұшып кетуіне шектеулер қоюы мүмкін:
· ауру жолаушылар
· босануға таяу төрт аптасы кезеңіндегі аяғы ауыр әйелдер
· жеткізіп салушысы жоқ балалар
· өсімдіктер мен жануарлар
· музыкалық аспаптар
· жол жүгінің үлкен көлемі
Осындай жағдайларда әуе билеттерді сатып алу кезінде міндетті түрде сату жөніндегі агентті ақпараттандыру қажет. Ол Сізге бұндай тасымалдың шартын хабарлайды және қажетті жағдайда әуе компанияны ақпараттандыру үшін тапсырысқа мәліметтерді енгізеді. Әуе компания тапсырыста қажетті ақпараттың болмаған жағдайында билет бола тұра да тасымалдауға бас тартуы мүмкін.
Аяғы ауыр әйелдерге босануына таяу төрт аптасында ұшып кетуіне дәрігердің жазбаша рұқсатын ұсыну қажет. Медициналық куәландыру ұшып кетуіне дейін 7 сағат бұрын ресімделуі қажет. Кейбір әуе компаниялар жолаушылардың бұл санатын тасымалдауына қабылдамайды.
Дәрігерлермен жеті күнге дейінгі нәрестелерді тасымалдауға ұсыныс берілмейді.
Ауру жолаушылардың медициналық куәландырудан өткен анықтамасы қолда болуы қажет. Егер олардың жеке күйі ұшу қауіпсіздігіне немесе басқа жолаушыларға жайсыздық қаупі төніп тұрса, онда тасымалдаушы бұл санаттағы жолаушыларды тасымалдауға бас тарту құқығы бар.
Көлемді музыкалық аспаптарды (виолончель, контрабас және т.б.) тасымалдау үшін бұларға жеке билет алу қажет. Осыған қоса, Сіздің маңыңызда аспапқа жеке орын бөлінеді.
Уақыт, жүйке жүйесі мен ақшаны сақтау үшін сату жөніндегі агенттерге жүгініңіз. Бұнда мамандандырылған операторлар Сізге билетті сатып алу және ұшуға қатысты барлық сұрақтары бойынша ақпаратты ұсынады және оңтайлы маршрут пен аса пайдалы тарифті таңдауға көмек көрсетеді.
Билетті қайтару
Ұшып кетуден бас тарту, әуе билетті қайтару немесе ауыстыру жағдайында ескеру қажет:
- Ұшып кетуден бас тарту, әуе билетті қайтару немесе ауыстыру шарты тарифке байланысты. Жалпы ережесі мынада: билет қаншалықты қымбат болса, оны қайтару немесе ауыстыру соншалықты аса үлкен жоғалтуымен сипатталады.
Пайдаланылмаған ұшу купондарымен бірге әуе билет негізінде қайтарылады;
Жолаушының қалауы бойынша (ерікті қайтару) ұшып кетуден бас тартқан жағдайында пайдаланылмаған билет үшін ақшанықайтару билетті сату агенттігінде ғана жүргізіледі. Уақытында ұшып кетуден бас тартпағаны үшін (ұшып кетуге дейін бір тәулік бұрын) жолаушыдан алым (айыппұл) ұсталынады. Тарифтердің кейбір түрлері қайтару уақытына қатысы жоқ қайтаруына шектеуқояды, кейде сатып алынған билетті толығымен қайтаруға тыйым салынады;
Жолаушыға тәуелді емес себептері бойынша ұшып кетуден бас тартқан жағдайда – рейстің кідірісі немесе өзгеруі, рейсте орын болмау және т.б. (мәжбүрлі қайтару) – ережеге сай қайтару жүзеге асырылады. Осыған қарамастан ешқандай алымдар мен айыппұлдар алынбауы тиісті;
Әуежайда әуе компания өкілдері немесе әуежайдың тіркеу қызметінің жұмыскерлері мәжбүрлі қайтару жағдайда Сіздіңбилетіңізде сәйкес белгі қойып, мөрмен немесе жеке мөртабанмен куәландыру қажет екенін есте сақтаңыздар. Тек осындай ғана белгі қайтаруды мәжбүрлі деп тану үшін ақшаны қайтаруды жүзеге асыратын агенттігі үшін негіз болып табылады;
Билетті қайтару билетті сатып алу орны бойынша жүзеге асырылады.
Ұшып кету үшін қажетті құжаттар
· Қазақстан бойынша ұшу:
· кәмелетке толған жолаушылар – паспорт
· балалар үшін – туу туралы куәлік
· әскери қызметкерлері үшін - әскери билет
Халықаралық ұшу бойынша:
Ересектердің шетелге баруға құқық беретін паспорт және рұқсат қағазы болуы керек. Шетелге баруға құқық беретін паспорт және рұқсат қағаз күшінің мерзімі қайта ұшу күнінен бұрын мерзімі өтпеуі қажет. Егер ұшу ауысып отырумен бірге өтсе, транзитті рұқсатқағаздар қажет болуы мүмкін;
Балалар ата-аналарының біреуінің паспортында жазылған болуы керек немесе шетелге баруға құқық беретін паспорт болуы қажет;
Алып барушы ата-аналарынсыз балалардың ұшуына ата-аналардың расталған нотариалдық рұқсаты қажет;
ТМД елдеріне ұшу кезінде басым елдердің саны шетелге баруға құқық беретін паспортты талап етеді;
Құжаттар күшінің мерзіміне ерекше назар аударыңыздар. Мерзімі өткен паспорттары бар жолаушылар ұшуға жіберілмейді.