Ятрогéния (грекше ἰατρός— дәрігер + γενεά— туылу) —дәрігердің дұрыс емес іс-әрекетінен болатын науқастың жағдайының нашарлауы. Адам организиміндегі паталогиялық және физиологиялық процесстерге психиканың қалай әсер ететіні ғалымдарды жиырмасыншы ғасырдан бастап қызықтырған.
«Ятрогения» терминін ең алғаш неміс психиаторы Освальд Бумкенің «Врач как причина душевных расстройств» деген еңбегінде қолданылған.Одан кейін де орыс ғалымдары Ю. В. Каннабих, Р. А. Лурик, К. И. Платонов еңбектерінде орын алған.Ятрогения дәрігердің науқасқа кері әсер көрсетуі.Науқастың терапефтік жазылуына қарағанда психикалық ауытқуы дами бастайды.Содан адам өзіне қол жұмсауға дейін барады.Дәрі ішіп немесе биік ғимараттан секіріп кетуі мүмкін.

Ятрогениялық аурулар адамның қабылдауына,эмоциялық дәрежесіне және ойлау қабілетіне байланысты дамиды.Көбнесе ятрогениялық аурулар ер адамға қарағанда әйел адамдарда жиі кездеседі.Ол негізінен өтпелі кезең жасында және климакс кезіндегі әйел адамдарда,жүйке-жүйесі әлсіз адамдарда кездеседі.Ондай науқастардың ауру деңгейіне қарай психиаторлар жұмыс жасайды.