«Информатика теориясы және оқыту технологиясы» кафедрасы
СИЛЛАБУС
Пән Информатика (3 кредит )
Мамандықтар: «5В011700» -Қазақ тілі және әдебиет,
«5В050200»қазақ филологиясы,
«5В012100 » қазақ тілінде оқытпайтын
мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Курс 1
Аға оқытушы Убаева Ж.Қ.
2014 -2015 оқу жылы
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Syllabus
Пән Информатика ( 3 кредит )
Сабақ өткізу уақыты мен орыны
ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны
Оқытушының аты-жөні
Байланыс, тел,
email
Сабақ кестесіне сәйкес
Кесте бойынша
Убаева Ж.Қ.
Zhanar_Ubaeva@mail.ru
ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ:Информатика барлық мамандық студенттеріне арналған салалық мамандандыру пәндерінің бірі болып саналады. ЭЕМ программамен жабдықтау, теориялық негіздерін тұрғызу тәсілдерін қарастырады, алгоритм негіздерімен және программалау тілдерімен таныстырады, сонымен қатар офистік қызметте ақпараттық технология құралдарын қолдануға мүмкіндік береді
ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: Информатика дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру, қазіргі заманғы программалау тілдерін қолдануда, математикалық және сандық үлгілеуде, ғылыми - техникалық есептердің нәтижелі алгоритмдерін құруда, пәндік салада қазіргі заманғы программалық құралдарды қолдануда студенттердің білім және дағды алуын қамтамасыз етуге үйретеді.
ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
Берілген курсты сәтті аяқтағаннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді: ақпаратты кескіндеу және өңдеу тәсілдерін білу; алгоритмдеу тәсілдерін меңгерту; ДК-мен операциялық жүйемен, программалық қабықшамен, текстік редакторымен, кестелік процессормен, мәліметтер қорын басқару жүйесімен, қолданбалы программалар пакетімен жұмыс жасау дағдыларын білу. Компьютерлік желі қызметтерін қолдана білу.
КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:Информатика пәні жоғарғы оқу орындарында оқытылтын міндетті пән. Студентердің ақпараттық технологияларды меңгеру үшін оқытылатын пән болғандықтан, мектептегі информатика пәнінің материалдарына сүйене отырып оқылады.
КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:«Информатика» пәнін оқу барысында алынатын білім мен машықтар пәндерді оқытуда әр мамандық бойынша қолданылады. Мысалы: «Ғылыми бағытта компьютерлік өңдеуді пайдалану», «Объектіге бағытталған бағдарламалау», «Электрондық қолтаңба», «Электрондық үкімет», «Қашықтықтан оқыту», «Жасанды интелект» «Алгоритмдік тілдерде программалау», «Машинаға бағытталған программалау», «Сұлбатехника», «Есептеу жүйелерінің архитектурасы», «Деректер қорын басқару жүйелері», «Жүйелік программалау», «Операциялық жүйелер»
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:
Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.
Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.
Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша практикалық сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.
Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.
Коллоквиум:өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.
Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы:нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Аралық бақылау тесттері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.
Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.
Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:
№
р/с
Модульдың атауы
Лекция
(сағ)
Практикалық (семинар.)сабақ (сағ)
Лаборат. сабақ
(сағ)
СӨЖ
МӨЖ
(сағ)
Информатика және ақпарат
Қазіргі қолданбалы программалар
Желілер мен телекоммуникациялар
Барлығы:
ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:
Апта
сағаты
1-Модуль. Информатика және ақпарат
Кіріспе. Информатиканың негізгі түсініктері.
Информатика ғылым және техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Ақпараттың бейнеленуінің әртүрлі деңгейлері. Мәліметтерді тасушылар.
Санау жүйелері.
Екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесі. Сандарды басқа позициялық санау жүйесіне ауыстыру. Санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар.
Дискретті математиканың негізі.
Функция, қатынас және жиын. Логика негізі, логикалық ойларды айту, логикалық байланыстар, ақиқаттылық кестелері.
ЭЕМ-нің архитектурасының негізгі түсініктері.
Компьютер архитектурасының тарихы. Компьютердің логикалық элементтері: логикалық вентилдер, триггерлер, санауыштар, регистрлер. Мәліметтің компьютер жадында бейнеленуі. Машинаны ұйымдастыру. Енгізу-шығару және тоқтату. Компьютер жадысының ұйымдастырылуы. Жады иерархиясы. Негізгі жадтың ұйымдастырылуы және операциялары. Виртуалды жады. Енгізу-шығару құрылғылары. Қазіргі аппараттарды қамтамасыз етуге шолу.
Операциялық жүйелер.
Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары. Операциялық жүйелердің даму тарихы. Типтік операциялық жүйелердің жұмыс істеуі. Процестерді басқару. Жоспарлау және диспетчеризациялау. Файлдық жүйелер. Утилиттер. Драйверлер.
2-Модуль. Қазіргі қолданбалы программалар
6,7
Қазіргі қолданбалы программамен қамтамасыз етуге шолу.
MS Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мәліметтер. MS Word мәтіндік редакторында кестелер құру және өңдеу. MS WORD мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері. Математикалық формулалар редакторы.
8,9
Microsoft Excel – электрондық кестесінің мүмкіндіктері. Ұяшықтармен жұмыс. Excel-де формуланы пайдалану. Салыстырмалы, абсолютті және аралас сілтемелер (адрестер). Microsoft Excel-дің графикалық мүмкіндіктері. Microsoft Excel –де мәліметтер қорын құру.
Power Point программасында презентация құрудың тәсілдері. Автомазмұн шебері көмегімен презентациялар құру. Шаблондар көмегімен және бос презентация құру, көркемдеу.
Microsoft Access программасы.Мәліметтер қорының негізгі түсініктері.Мәліметтер қорын жобалау. Microsoft Access МҚБЖ-мен жұмыс істеу негіздері. Кестелермен жұмыс істеу. Сұраныстармен жұмыс істеу. Қалыптармен жұмыс істеу. Есептермен жұмыс істеу.
3-Модуль. Желілер мен телекоммуникациялар
12,13
Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау.
Есепті шешудің стратегиялары. Шешімді іздеу және оның алгоритмдері. Алгоритм концепциялары мен қасиеттері. Блок-схема, алгоритмнің графикалық өңделуі.
Желілердің негіздері. Желілер мен телекоммуникациялар. Желілік қауіпсіздік. Web - клиент-сервер архитектурасының мысалы. HTML гиперсілтемелер тілі.
Интернеттің шығуы мен тарихы. Интернеттің теориялық негіздері. Интернет қызметтері. «Электронды үкімет» инфрақұрылымы.«E-Learning» электронды оқыту негізі
Практикалық сабақ тақырыптары
Апта
Практикалық сабақтың тақырыптары
сағаты
1-Модуль. Информатика және ақпарат
Техникалық қауіпсіздікпен таныстыру. Windows-тің негізгі объектілері. Жүйелі программалық алгоритмдер негізі (архиваторлар, антивирусты программалар, утилиттер).
2,3
Санау жүйесі. Бүтін және бөлшек сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару.
3,4
WINDOWS операциялық жүйесiнің стандартты программалары. Графикалық редактормен жұмыс.
2-Модуль. Қазіргі қолданбалы программалар
5,6
MS Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мәліметтер. Мәтінді құру және шрифтерді форматтау және кесте құру, формулалар редакторын пайдалану
7,8
MS Excel электронды кестесі. Ұяшықтармен жұмыс. Диаграммалар тұрғызу, форматтау және оларды өңдеу.
Power Point программасының көмегімен презентация даярлау
MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі.
Мәліметтер қорын құру және өңдеу. Кесте. Сұраныс. Қалып. Есеп беру.
3-Модуль. Желілер мен телекоммуникациялар
2.1 HTML құжат құрылымы. Мәтінге қолданатын негізгі элементтер.
12, 13
2.2 Электронды ресурстарды пайдалану
Лабораториялық сабақ
Апта
Лабораториялық сабақтың тақырыптары
сағаты
1-Модуль. Информатика және ақпарат
WINDOWS операциялық жүйесiмен жұмыс. Графикалық редактормен жұмыс.
2-Модуль. Қазіргі қолданбалы программалар
Word мәтіндік редакторында шаблондармен жұмыс, кестелермен жұмыс, тізімдермен жұмыс
MS Word мәтіндік редакторында объектілермен және құжат структурасымен жұмыс
MS Excel-электронды кестесі. Салыстырмалы, аралас, абсолюттік адрестер.
Power Point–та анимация эффектісін жасау
3-Модуль. Желілер мен телекоммуникациялар
HTML құжат құрылымы. Сырғымалы жолдарды ұйымдастыру. Құжаттарға сілтемелерді қою
Электронды ресурстарды құру технологиясы.QuizMaker ортасында тест құру
ОСӨЖ тапсырмалары
1. Ақпарат және информатика. Санау жүйелері
1.1. Информатика нені оқытады және информатика неге күнбе-күн дамып отыратын ғылым?
1.2. «ЭЕМ-нің даму тарихы және оның қоғам өміріндегі ролі» тақырыбына мәнжазба жазыңыз.
1.3. Төменде келтірілген есептерді шығарып, өзіндік жұмыс дәптеріне жазыңыз.
№1. Сандарды екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстырыңыз:
3.3. «Компьютердің пайдасы және зияны. Дербес компьютерді пайдаланушыға кеңес» тақырыптарына жазбаша жауап дайындап, ауызша жауап беріңіз.
4. Бағдарламалық жабдықтау. MS DOS операциялық жүйесі. Norton Commander операциялық қабықшасы
4.1. Операциялық жүйелердің атқаратын қызметі және кең қолданылып жүрген операциялық жүйелер жайында конспектлеп келіңіз.
4.2.Norton Commander қабықша программасының функциональды пернелерінің қызметтерін компьютерде атап отырып мысалмен түсіндіріңіз және дәптерлеріңізге жазыңыз.
4.3. Төмендегі сұрақтарға жазбаша түрде жауап даярлап, тапсырманы тапсырған кезде ауызша жауап беріңіз:
1. Қай пернелер арқылы курсорды жолдың басына апаруға болады?
2. Ішкі каталогтар, файлдардың толық аттарын және олардың жазылған уақытын қай командамен көруге болады?
3. Файлдарды көшіру үшін қай команданы қолданамыз?
4. Тексті файлды экранға шығару үшін қай команданы қолдануға болады?
5. Файлды және файлдар тобын қай командамен жоямыз?
6. Экранды тазалау үшін қай команданы қолдануға болады?
7. Дискіні форматтау үшін қай команданы қолданады?
8. Файлдың атын өзгерту үшін қай команданы қолданамыз?
9. Маршруттағы каталогтар аттарын қандай символдармен ажыратады?
10. Файлдың атында қанша символ болуы мүмкін?
11. Файлдардың кеңейтілуі қандай болады?
12. Файлдар тобын басқа каталогқа көшіру командасы қандай болады?
13. Сол (оң) жақ панельді жабу және көрсету командасын атаңыз.
14. Файлдар тобын басқа каталогқа орын ауыстыру немесе атын өзгерту командасы қандай?
15. Файлдар тобын қалай өшіруге болады?
16. Сол (оң) жақ панельде басқа дискінің мазмұнын шығару командасын атаңыз.
17. Жаңа каталогті ашу командасын атаңыз.
18. Курсорды бір бетке жоғары (төмен) жылжыту командасын атаңыз.
19. Курсорды файлдың соңына (басына) жылжыту командасын атаңыз.
20. Каталогты жою командасы қандай болады?
5. Windows операциялық жүйесі жайлы жалпы мағлұматтар. Windows жүйесінің стандартты бағдарламалары
5.1.Windows операциялық жүйесінің пернелер комбинацияларының атқаратын қызметтерін кесте сызып дәптерге жазыңыз.
5.2. Калькулятор программасын қолдану арқылы төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
а) Калькулятор программасын іске қосу тәсілдерін көрсетіңіз.
б) Калькулятордың көмегімен тригонометриялық функциялардың мәндерін анықтауды үйреніңіз.
5.3.Paint стандартты графикалық редакторында компьютердің суретін салып, қағазға басып шығарыңыз. Әр аспаптың қызметін мысалмен түсіндіріп дәптерге жазыңыз.
5.4. Блокнот программасын іске қосыңыз. Группа студенттерінің тізімін, туған күні- айын, жылын жазыңыз. WordPad редакторын іске қосыңыз да, Блокнотта жазылған файлды оқыңыз. Осы тізімнің соңына Блокноттың мүмкіндігін пайдаланып, группа атын, күн-ай мерзімі мен уақытты жазып қойыңыз.
6. Компьютерлік вирустар және архивтеу бағдарламалары. Информацияны қорғау әдістері
6.1. Архивтеу әдістері, жаңа архив құру, архивті ашу, архивке файлдарды қосу, архивтен файлдарды шығару тақырыптарындағы «қысу», «архив», «архивтеуші», «файлды қалпына келтіру», «көп томды архив», «өздігінен ашылатын архив», «үздіксіз архив» терминдеріне анықтама беріңіз. Мысал келтіріңіз. Архивтеу программаларын атап олардың сипаттамасын дәптерге жазыңыз.
6.2.«Вирустарды іздеу және вирустардан қорғау программалары. Қазіргі антивирусты программалар» тақырыптарына конспект жаза отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Компьютерлік вирус нені білдіреді?
2. Вирустар қалай тарайды?
3. Вирустан қорғаудың қандай әдістері бар?
4.Вирустан қорғауды жүзеге асыратын программаларды атаңыз?
6.3. Төмендегі тапсырманы орындаңыз:
1. Өзіңіз қолданып жүрген дискетті программаның үнсіз келісіммен орнатылған параметрлері бойынша вирусқа тексеріңіз. Тексеру нәтижесін талдаңыз.
2. Қатты дискідегі сызылған объектілер файлдарын, зақымдалған файлдарды басқа бумаға көшіріп алатындай параметрлерді тағайындай отырып тексеріңіз.
3. Барлық файлдарды, Зақымданған аймақты өшіру, Зақымданбаған таза объектілер жөнінде есеп беру параметрлерін тағайындап, файл ретінде Баптау1 деген атпен Windows бумасына сақтап қойыңыз.
4. dos, exe типті файлдарды тексеріп, зақымданған объектілерді Менің құжаттарым бумасына Нашар, күмәнданған объектілерді Орташа деген файлдарға жазып, зақымданбаған объектілер жөнінде есеп беретіндей параметрлерді тағайындап Баптау2 деген файлға жазып сақтап қойыңыз.
5. Қатты дискідегі Windows бумасын Баптау1 файлындағы параметрлер бойынша вирусқа тексеріп, талдау жасаңыз.
6. Қатты дискіні Баптау 2 файлында сақталған параметрлер бойынша вирусқа тексеріп, талдау жасаңыз.
7. Тексеру жүріп жатқан кезде Объект деген түйінді сөз арқылы мағлұмат іздеңіз.
8. AVP Monitor программасының нәтижелік есебін оқып, талдау жасаңыз.
9. AVP Monitor программасының жұмысын тоқтатыңыз да, болған өзгерісті түсіндіріңіз. Программаны қайтадан іске қосыңыз.
Ескерту: Бұл жұмыстарды орындау үшін, алдын ала вирус жазылған дискет болуы тиіс.
7. MS Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мәліметтер. Мәтінді форматтау
7.1. Wordпрограммасы жүктелгеннен кейін пайда болған терезенің негізгі бөліктерінің қызметтерін дәптерге жазыңыз.
7.2. Графика, кесте, тізімдер және символдарды қоюды еске түсіру мақсатында көше бағаналарына жапсырылатын хабарландыру үлгісін жасаңыз. Тақырыбын өзіңіз таңдаңыз.
7.3. Бірдей элементті пайдаланып, көшіру, қою командаларын қолдана отырып, төмендегі суретті салыңыз:
8. MS Word мәтіндік редакторында кестелер құру және өңдеу. MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері. Формулалар редакторы
8.1. MS Word программасының мүмкіндіктерін пайдаланып, қандай да бір құжат құрыңыз. Құрылған құжатқа тобыңыз бен аты- жөніңіз көрсетілген колонтитулды көрсетіңіз:
10.3. Excel-де тригонометриялық функциялардың графиктерін тұрғызып, графиктерді Word программасына орналастырыңыз, әр графиктің жанына сол функциялардың қасиеттерін жазыңыз.