русс | укр

Языки программирования

ПаскальСиАссемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование

Все о программировании


Linux Unix Алгоритмические языки Аналоговые и гибридные вычислительные устройства Архитектура микроконтроллеров Введение в разработку распределенных информационных систем Введение в численные методы Дискретная математика Информационное обслуживание пользователей Информация и моделирование в управлении производством Компьютерная графика Математическое и компьютерное моделирование Моделирование Нейрокомпьютеры Проектирование программ диагностики компьютерных систем и сетей Проектирование системных программ Системы счисления Теория статистики Теория оптимизации Уроки AutoCAD 3D Уроки базы данных Access Уроки Orcad Цифровые автоматы Шпаргалки по компьютеру Шпаргалки по программированию Экспертные системы Элементы теории информации

Сурет 17


Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 919; Нарушение авторских прав


Массив элементтерінің қосындысын енгізіп шығару үшін үш ішкі цикл қолданылады. Элементтер жол бойынша өзгереді. Әрбір і индексі үшін j индексі 1- дан m-ға дейін өзгереді, яғни j көп өзгереді.

Дәріс № 9

Қатарлар. Символдық мәліметтерді өңдеудің есептерін программалау. Мәліметтер құрылымдарын колданатын есептерді программалаудың ерекшелштері.

Паскаль тілінде мәтіндік мәліметтерді өндеуге болады. Бұларға әр-түрлі мәтіндік құжаттарды өңдеу, үйретуші комлекс құру, автоматты редакциялау және т.б енеді. Мәтін деп жолдар тізбегін айтады. Паскаль тілінде жол символдар тізбегінен құралады. Жолдық тұрақты деп енетін символдарының саны 256 – дан (0/255) аспайтын апострофтар ішіне алынған символдар тізбегін айтады. Жолдық тұрақтылардағы бос орын символ ретінде қабылданады. Жолдық айнымалылардың түрін көрсту үшін соңында тік жақша ішінде жолдың ең үлкен ұзындығы көрсетілген string қызыметші сөзі пайданылады.

Айнымалы бөлігінде бейнеленуі: VAR (айнымалы аты,...> : string [жолдың мах. ұзындығы] ; Мысалы: VAR ТЕХ:string [29]; AT:string [40]; ATAY:string [275]; Мұндағы соңғы ATAY-дағы жол ұзындығы дұрыс көрсетілмеген, себебі 275>255. ЭЕМ –нің жадынан жолдың алатын көлемін байт өлшемі арқылы алуға болады, ол үшін жолдың ең үлкен ұзындығына 1-қосу жеткілікті. Мысалы, алдағы мысалдағы АТ-тың өлшемі 41 байт.. Жолдық өрнек деп амал белгілері, жолдық тұрақтылар, ұзындығы 256 символдан артпайтын тізбекті айтады. Жолға жалғастыру амалы пайданылады.



Ол қарапайым ‘‘+’’ белгісімен белгіленеді. Бұл амал бірнеше жолдан және символдан бір жол құру үшін пайданылады.

Мысалы: Жолдық өрнек Нәтиже ‘Ауыл’ + ‘адамдары’ ‘ауыл адамдары‘ ‘А ‘ + ‘ р‘ + ‘п‘ + ‘ а‘‘Арпа‘ ‘Ал ‘ + ‘ ма‘ + ‘ты‘‘Алматы‘ ‘19 ‘ + ‘ 92 жыл‘ ‘1992 жыл‘

Жиын

Турбо-Паскалда жиын деп бір-бірімен байланысты бір түрлі объектілерді айтамыз.. Жиынның максималдық ұзындығы – 256 тең.

Массивтен айырмашылығы элементтерінің кез-келген болуы мен ретсіз орналасуы, яғни нақты орыны болмайды.

Программада жиынды анықтау екі қадамнан тұрады: бірінші базалық түрі, сосын set of – операторы арқылы жиынның өзі. Мысалдар:

type

digch='0'..'9';

digitch = set of digch;

dig= 0..9;

digit = set of dig;

sport=(football,hockey,tennis,rugby);

hobby=set of sport;

var s1,s2,s3:digitch;

s4,s5,s6:digit;

hobby1:hobby;

begin

s1:=['1','2','3'];

s2:=['3','2','1'];

s3:=['2','3'];

s4:=[0..3,6];

s5:=[4,4];

s6:=[3..9];

hobby1:=[football,hockey,tennis,rugby];

if tennis in hobby1 then writeln('Теннис!');

end.

Базалық түр – word, integer, longint түрлерінен басқа кез келген реттік түр.Жиындарға мына опеpацияларды қолдануға болады:

* жиындардың қиылысуы; нәтижесі екеуінде де бар элемент болады (мысалы, s4*s6 нәтиже [3], s4*s5 – бос мүше);

+ жиындарды біріктіру;нәтижеде бірінші жиын элементтері түгел, екінші жиыннан жетіспейтіндері алынады (мысалы, s4+s5 - [0,1,2,3,4,5,6]);

- жиындар айырымы;нәтижесінде екінші жиынға кірмейтін бірінші жиын элементтері болады; (мысалы, s6-s5 - [3,6,7,8,9]);

= эквиваленттілікті тексеру; true, егер екі жиын эквивалентті болса;

<> эквивалентті еместікті тексеру; true, егер екі жиын эквивалентті болмаса;

<= жиынға кіруін тексеру; true, егер бірінші жиын екіншіде жатса;

>= жиынға кіруін тексеру; true, егер екінші жиын біріншіде жатса;

in жиынға кіруін; true , егер өрнек жиында жатса. 3 in s6 true.

Егер қтаң әріптер болса:

if ch in ['a','o','e','у','я','ю','э','и'] then ....

Турбо-Паскалдің 7 нұсқасында жиындарды біріктіру мен айыру үшін екі стандартты процедуралар қолданылады: include және exclude.

include (var s: set of t; elem :t);

exclude (var s: set of t; elem :t);

Мұндағы t – кез-келген түр, базалық болып табылады.

Мысал: Жолдағы тыныс белгілерін анықтау пpогpаммасыв:

program pr25;

var

str : string;

i,

k: integer;{Тыныс белгілерінің саны}

begin

writeln('Жол символдарын енгіз:');

read (str);

for i:=1 to length(str) do {length(str) кезекті жол ұзындығын анықтайды}

if str[i] in [':','.',',','"','!','?',';'] then k:=k+1;

writeln('k=',k);

end.

 

Турбо-Паскалда жолдарды өңдеуге арналған функциялар мен процедуралар:

concat(str1[,str2, ... ,strn]) - str1,str2, ... ,strn жалғасқан параметрлері бар жолды қайтаратын функция;

copy(str,i,c)- str жолынан і символынан с символына дейінгі ұзындықты көшіретін функция;

delete(str,i,c)- str жолынан і номерлі с символынан басталатын символдарды өшіретін функция;

insert(subsrt,str,i) - str жолына і номерлі с символынан басталатын substr ішкі жолын қоятын процедура;

pos(substr,str) - str жолына substr ішкі жолының номерін көрсететін, егер ішкі жол табылмаса нөлді көрсететін функция

Дәріс № 10

Ішкі программалар және оларды класқа бөлу. Стандартты кітапханалық модулдер. Нақты параметрлерді тасымалдау. Жадының жалпы облысын пайдалану.

Турбо Паскаль тілінің 6.0 және одан жоғарғы нұскаларына 9 стандартты кітапханалық модуль кіреді, олар: System, Crt, Dos, Graph, Graph3, Overlay, Printer, ТурбоЗ жене Турбо Vision арнаулы кітапханасы.

System модулі- келісім бойынша бірден іске крсылады, ал калғандарын программа кұрушының өзі стандартты Uses түйінді сөзі арқылы енгізеді. Мысалы: Uses Crt, Dos, Printer.

Аткаратын қызметтері: System — Турбо Паскаль тілінің негізгі модулі, оның құра-мындагы стандартты қосалкы программалар басқа барлық модульдердің жұмысын қамтамасыз етеді. Crt — дисплей мен пернетақтаны баскдрады. Dos— Dos жүйесінің әр түрлі функцияларын орындайды. Graph— қазір қолданыстан шыққан немесе сирек кездесетін CGA, EGA, VGA, HRC, IBM 3270, MCGA және ATT6300 графикальқ адаптерлерімен (дисплейлерімен) тиімді жұмыс аткдру мүмкіндіктерін іске қосады да, түрлі түсті графика элементтерін экранға шығарады. Overlay— оверлейлік (көлемді программаны шагын бөліктерге бөліп, қажет болғанда оны кдйтадан біртұтас күйде жұмыс атқаратын қалыпқа келтіру) программаларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін жасайды. Printer— принтерде мәлімет басып шығаруды жылдамдатады, ТурбоЗ — программаның Турбо Паскаль 3.0 нұскасымен сөйкестігін барышша үйлестіру ісін атқарады. Турбо Vision — тұтынушы интерфейсін (жұмыс ортасын) жасайтын объектіге бағытталған қосалқы программалар кітапханасы іске косылады. Ішкі функциялар мен процедуралар. Турбо Паскаль программаларында System стандартты кітапханалық модулі бірден автоматты түрде іске косылады да, ол Uses бөлігінде көрсетілмейді. Сондықтан оның қүрамындағы ішкі стандартты процедуралар мен функцияларды кез келген жерде пайдалануға болады.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Мысал 1. | Ішкі функциялар мен процедуралар.


Карта сайта Карта сайта укр


Уроки php mysql Программирование

Онлайн система счисления Калькулятор онлайн обычный Инженерный калькулятор онлайн Замена русских букв на английские для вебмастеров Замена русских букв на английские

Аппаратное и программное обеспечение Графика и компьютерная сфера Интегрированная геоинформационная система Интернет Компьютер Комплектующие компьютера Лекции Методы и средства измерений неэлектрических величин Обслуживание компьютерных и периферийных устройств Операционные системы Параллельное программирование Проектирование электронных средств Периферийные устройства Полезные ресурсы для программистов Программы для программистов Статьи для программистов Cтруктура и организация данных


 


Не нашли то, что искали? Google вам в помощь!

 
 

© life-prog.ru При использовании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.

Генерация страницы за: 2.061 сек.