Стандартты құралдар панелінде үнсіз келісім бойынша Ұлғайту деңгейінің ашылмалы тізімі тұр. Оның енгізу өрісінде бейненің ағымды масштабы көрсетіледі. Оны өз ыңғайыңызға қарай өзгертуге болады.
3сурет. Қасиеттер панелінде масштабтау құралдары
Сонымен қатар, бейнені өзгертуге мүмкіндік беретін Масштабқұралы бар.
CorelDraw объект түсінігі
Векторлы форматтағы кез келген бейне көптеген құрама бөліктерден тұрады, олар бір біріне тәуелсіз редактрленеді. Олардың бейне құрылатын басты элементтері объект деп аталады. Объект болып бейне элементтері: түзу, қисық, эллипс, төртбұрыш, көпбұрыш және т.с.с. аталады. Бірнеше объектілердің комбинациясы көмегімен жаңа объект құруға болады. Сонымен қатар, CorelDraw объектілердің тобын бір бүтін объект ретінде топты ары қарай редактрлеу үшін құруға болады.
Дәріс №2, 3.CorelDraw сызықтарды жасау.
Дәріс жоспары
1. Қисық моделі
2. Сыну нүктелері
3. Тегістелген тораптар
4. Симметриялы торап
5. Тұйықталған, тұйықталмаған және қосылған сызықтар
Дәрістің қысқаша мазмұны
CorelDRAW-да сызықтардың әр түрлі кластарын көрсету үшін объектілердің бірнеше класы қарастырылған. Объектілер жалпы құрылым белгісі бойынша бір класқа біріктіріледі.
Қисық моделі(Модель кривой)
CorelDRAW-да қабылданған сызық моделі негізінде екі түсінік жатыр: торап (узел) және сегмент. Торап деп бейне жазықтығындағы нүкте аталады. Сегмент деп екі айқас торапты біріктіретін сызық бөлігі аталады. Торап пен сегмент бір-бірімен байланысқан: тұйық сызықта қанша торап болса, сонша сегмент бар, ал тұйық емес сызықта – біреуге көп.тораптың үш типін ерекшелейді: тұйықталмаған қисықтың бастапқы торабы, түзусызықты (Line) және қисықсызықты (Curve).
1-сурет. Сызықтың сегменттері мен тораптары
2-суретте көрсетілген тораптың барлық компоненттері экрнада көрсетіледі, бірақ егер бұл торап Форма (Shape) құралы көмегімен алдын ала ерекшеленген болса.
2-сурет. Сызық торабының «құралы»
Сыну нүктелері
Торап сыну нүктесі деп аталады, бірақ торапта оған жататын екі сегментпен жүргізілген жанама бір түзуде жатпаған жағдайда аталады, ол бұрыш түзеді, оны бұруға болады. Сыну нүктелерінің мысалы 3-суретте келтірілген.
3-сурет. Сыну нүктелері: түзусызықты сегмент, түзусызықты және қисықсызықты сегмент, екіқисықты сегмент қиылысында