Сплайн дегеніміз – белгілі мөлшердегі нүктелер арқылы өтетін қисық.
Сплайнды сызу үшін Draw құралдар панелінен Spline батырмасына басыңыз. Specify first point or [object]: Pedit бұйрығының Spline параметрі арқылы құрылған сплайнды таңдау керек немесе жаңа қисық құрғыңыз келсе, сплайнның бастапқы нүктесін белгілейміз. Бастапқы нүктені белгілегеннен кейін Specify next point: шақыруы шығады. Оған жауап ретінде сплайнның екіні нүктесін белгілеу қажет. Екі нүкте белгіленгеннен кейін жүйе мына шақырудыф шығарады: Specify next point or [ Close/Fit tolerance] <Start tangent>:
- Close: берілген жанама бағыты бойынша үзіліссіз қисықтың соңғы нүктесін біріншісімен қосады.
- Fit tolerance: белгіленген нүктелерге қашықтықта сплайн өтуін енгізу керек.
- Start tangent: ең соңында AutoCAD қисықтың бастапқы және соңғы нүктесінде жанама бағытын көрсетуге шақырады.
4.3 Штртихталған аймақтар
Hatch(Штрихтау): Draw панелінде орналасқан бұл батырманы басқанда сіз Bhatch бұйрығын активтендіресіз және Boundary Hatch терезесі ашылады (1.9-сурет).
1.9 – сурет – Quick салымы активтендірілген Boundary Hatch терезесі.
Штрих түрін Type немесе Pattern(немесе”…”) батырмаларына басып таңдай аласыздар. Штрих түрінің иілу бұрышын Angle аймағында енгізе аласыз. Штрих масштабын белгілеу үшін сәйкес шаманы Scale аймағында енгізуіңізге болады.
Ең қиыны штрих параметрлерін енгізу емес, штрихталуы тиіс аймақты белгілеу. Егер сызбаңыз өте күрделі болса, онда AutoCAD көптеген есептеулер орындайды.
Boundary Hatch терезесінде штрихтаудың екі амалы берілген: штрихқа арналған сызба бөлімінде нүкте көрсету және объектілерді таңдау. Егер сіз объектілерді таңдағыңыз келсе, онда Select objects батырмасына басыңыз да, керек объектілерді белгілеңіз. Ал егер нүкте енгізгіңіз келсе, онда Pick points батырмасына басып, Select internal point шақыруына ішкі нүкте көрсетіңіз.
Штрих түрін өзгерту үшін ModifyÞObject менюінен Hatch бұйрығын таңдаңыз. Сонда Hatch Edit терезесі ашылады. Ол Boundary Hatch терезесіне ұқсас. Тек кейбір аймақтар жабық болады.
4.4 Мультисызықтар
Мультисызық деп – бір бұйрық арқылы параллель сызықтар жиынын айтады. Мультисызық сызу үшін оны белгілеп, сақтап одан кейін ғана стилін жүктеу керек. Ол үшін Format менюіне кіріп Multiline Styles терезесін ашу керек. Жаңа ат енгізу үшін Name аймағын қолданасыз. Кейін Element Properties батырмасын бассаңыз терезе шығады. Бұл Element Properties терезесінде Offset аймағына белгіленген нүктеден сызықтардың қай арақашықтықта орналасуын енгізу керек. Color аймағына сызықтардың түсін таңдау керек. Сызық түрін белгілеу үшін оны Linetype аймағына жазу керек. Жаңа элемент қосу үшін Add батырмасына басу қажетті. Барлық шамаларды енгізгеннен соң ОК батырмасына басып, Multiline Properties батырмасына басыңыз. Онда Multiline Properties терезесі ашылады. Оның ішіне мультисызық қасиеттерін енгізу керек. Енгізіп біткеннен кейін OK батырмасына басыңыз. Ал енді жаңа мультисызықты қолдану үшін Save батырмасына басып, оны сақтау керек.
Сақталған мультисызығыңызды қолдану үшін Draw панелінен Multiline батырмасына басыңыз. Экранда Specify start point or [Justification/Scale/Style]: шақыруы шығады. Біз параметрлерді қолданбай дерек бастапқы нүктені белгілейміз. Сонда Specify next point: шақыруы шығады, оған бірінші сегменттің соңғы нүктесін енгіземіз. Екінші сегмент нүктелерін де біріншісінен кейін енгізуге болады.
4.5 Эскизді сызықтар құру
Sketch бұйрығының көмегімен эскизді сызықтарды еркінше салуға болады. Бұйрықты жүктеу үшін бұйрықтық жолға “sketch”-ті енгізіңіз. Онда: Record increment<0.1000>: Sketch. Pen exit Quit Record Erase Connect шақыруы шығады. Бұл жерде қадам шамасы енгізілуі тиіс. Эскиз салу үшін “р” әрпін енгізіп, эскиз траекториясының бастапқы нүктесін белгілеп(<Pen down> шақыруы шығады), керекті траекториямен тышқанды қозғалтумен сыза аласыз. Бітіргеннен кейін тышқанның сол батырмасына басыңыз. Бірақ эскиз түсі жасыл болады, өйткені ол әлі тұрақтанған жоқ. Тұрақтандыру үшін “r” әрпі енгізіліп, <Enter> басылуы керек. Sketch бұйрығымен жұмыс режимін аяқтау үшін “х” әрпі, кейін <Enter> басыңыз.
5 Формалармен жұмыс
Егер сізге қарапайым бір объектіні бірнеше рет керек болса, онда ең жақсысы – форманы қолдану.
5.1 Форма файлдарын құру
Форма файлдарына формалармен қатар шрифттер де сақталуы мүмкін. Оны мәтіндік редакторде құрады да .shp кеңейтілумен сақтау керек. Кейін Compile бұйрығы көмегімен Select Shape or Font File терезесі ашылады. Оның ішінен .shp кеңейтулі файл таңдап, Open батырмасына басу керек. Форма файлын компиляциялап сіз оны біріншіден Load бұйрығы арқылы жүктеп, одан барып оны сызбаға орналастыруыңыз керек. AutoCAD Select shape file терезесін ашады. .shx кеңейтілулі файл таңдап Open батырмасын басыңыз. Ал форманы сызбаға енгізу үшін Shape бұйрығын келесі түрде қолданыңыз:
1) Enter s or [?]: жауап ретінде форма атын жиып, “?” енгізіңіз.
2) Specify intersection point: бұл шақыруға енгізу нүктесін белгілеу керек.
3) Specify height<1.0000>: бұл параметр масштабтау коэфициентін енгізуіне ұқсас. Форма биіктігін енгізу керек.
Форманы белгілеу үшін келесі синтаксис қолданылады:
*форма нөмірі, # спец_саны, форма_аты,
спец1, спец2,..., 0.
Бұл жердегі
форма нөмірі – 1-ден 255 аралығында кез-келген сан жазуға болады. Бірақ ол сан уникалды болу керек.
# спец_саны – міндетті түрде соңындағы 0-ді қоса екінші белгілеу жолындағы спецификация саны.
форма_аты – форма аты тек қана бас әріптерден құралуы тиіс.
спец1,... – форманың өзін белгілейтін кодтар.
0 – форма белгіленуі 0 санымен бітуі тиіс.
Форманың белгіленуі үшін екі код жиынтығы қолданылады. Біріншісінің көмегімен(ұзындық және бағыт кодтары) тек түзу сызықты кесінділер салуға болады. Бұл спецификациялау жүйесінде үш символды 16-қ сандар қолданылады.
· Бірінші символ 0 саны болу керек. Сөйтіп AutoCAD келесі екі сан 16-қ жүйедегі сан екенін біледі.
· Екінші символ ұзындықты анықтайды. Бұл сандар 1-ден F-ке шейін болуы тиіс.
· Үшінші символ, бағыт коды болып табылады. Бірақ тек қана 16 бағыт бар.
Форма үзілмемелі болуы тиіс!
6 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCAD мүмкіндіктері
Үш өлшемді модельдермен жұмыс кезіндегі басты мақсат – проекциялаудың түрлі бағытта, объектінің көрінісін құру.
6.1 Проекциялаудың типтік бағыттары
AutoCAD он типтік бағыт ұсынады. Олар View менюінде орналасқан: