7. Бельгибаев Б. А. Начало программирования на Турбо-Паскале: Учеб. пособие / Б. А. Бельгибаев, С. А. Криулько, Х К. Апышева; ВКГУ.- Усть-Каменогорск: ВКГУ, 1992
Параметрлі цикл. Шарты алдын-ала, шарты соңынан қойылған цикл.
5.
Модульдік программалар. Құрылымдық программалаудың элементтері.
6.
Символдыќ жєне жолдыќ шамалар. Жолдыќ стандартты функциялар мен процедурулар.
7.
Ќ±рылымдыќ тип. Массив. Бір өлшемді массив.
8.
Көп өлшемді массивтермен жұмыс.
9.
Жазулар.. Біріктіру операторы.
10.
Жиындар .
11.
Файлдыќ тип.
12.
CRT, Graph модулі. Графикалық информацияны өңдеу.
13.
Модулдер. Объекті баѓытталѓан программалау
14.
2.2 Дәріс сабақтарының тезистері.
Дәріс тақырыбы: Алгоритм ұғымы жєне оның қасиеттері. Алгоритмді сипаттаудың негізгі тєсілдері.
Информатика – ақпараттық іс-әрекет, ақпараттық үрдістер және олардың адам – машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым.
Алгоритм – информатиканың іргелі ұғымдарының бірі. Алгоритмдеу информатиканың жалпы әдістерінің бірі болып табылады. Алгоритмді интуитивті түрде анықтасақ, алгоритм – алғашқы берілген мәліметтерден қажетті есептің шешіміне жету үрдісін анықтайтын дәл нұсқаулар тізбегі. Алгоритм дегеніміз алдыға қойылған есептің мақсатына жету үшін қажетті қимылдар тізбегінің орындаушыға түсінікті және дәл нұсқаулары.
Алгоритмнің негізгі қасиеттері:
Дискреттік қасиет. Түсініктілік қасиет. Анықтық немесе детерминдік қасиеті. Нәтижелік қасиеті. Көпшілік қасиеті.
Алгоритмді беру үшін оның келесі элементтерін сипаттау керек:Алгоритмді бастау ережесі; Мүмкін алғашқы мәліметтер, аралық мәліметтер және қорытынды нәтижелер жиынтықтарын құрайтын объектілер жиыны; Мәліметтерді тікелей өңдеу ережелері; Нәтиже алу ережелері; Алгоритмді тәмамдау ережелері.
Алгоритмді сипаттаудың негізгі әдістері:
- Сөзді-формулалы. Мұнда алгоритм тізбегіндегі әрбір қимыл формулалы текст пунктері түрінде көрсетіледі.
- Құрылымдық немесе блок-сызбалық. Блок-сызба дегеніміз алгоритм бұйрықтарының орындалу тәртібін көрсететін бағытталған граф. Мұндай графтың төбелері функционалдық, предикаттық және біріктіру төбелерінің бірі болады функционалдық төбе, предикаттық төбе, біріктіру төбесі
- Программалау тілдері көмегімен. Алгоритмді компьютерге түсінікті тілде жазылуы үшін тілдер, яғни программалау тілдері қолданылады.
Алгоритмнің негізгі құрылымдары:
А) тізбектік немесе сызықтық ; Б) тармақтық немесе альтернативалық; С) қайталау немесе циклдік.
Негізгі әдебиеттер:1,2,4 Қосымша әдебиеттер: 5,11
Дәріс тақырыбы: Паскаль тілініњ негізгі т‰сініктері. Турбо-паскаль программалау жүйесімен таныстыру. Мєліметтер құрылымдары, динамикалық құрылымдық мєліметтер. Берілгендер типі
Цирюхе қаласындағы жоғары техникалық училищесінің профессоры Никлаус Вирт қолданушыға барынша түсінікті, әрі қарапайым программалау тілін шығаруды алдына мақсат етіп қойды.
Алгоритмдік тілдің элементтер құрылымы: символдар, сөз, өрнек және операторлардан тұрады. Тілдің символы дегеніміз – кез келген тексті құруда қолданылатын элементар таңбалар. Осындай символдар жиынтығы тілдің алфавиті деп аталады.
Паскаль тіліндегі программа тақырыптан, сипаттау бөлігінен және операторлар бөлігінен тұрады. Программаның жазылу схемасы:
Program aтay(input, output);
<cипаттау бөлігі>
Begin
<операторлар бөлігі>
End.
Program aтay(input, output);
Label - белгілеу
Const - тұрақтылар
Type - түрлер
Var - айнымалылар
Procedure,function – процедуралар мен функциялар
Begin
1-оператор;
2-оператор;
3-оператор;
.....
End.
Барлық берілгендер, яғни тұрақтылар, айнымалылар, функциялар мәні, жеке типтерімен сипатталады. Мәндердің барлық типтерін жай және күрделі деп екіге бөлуге болады. Жай типтер дегеніміз, мәндердің стандартты және айнымалы типтері
PRED (X)–адыңғы мәнін SUCC (X)– келесі мәнін қайтарады:
Бүтін типтер. Бүтін типтердің аты, ұзындығы және мүмкін мәндер диапазоны. BYTE, SHORTINT, WORD, INTEGER және LONGINT
Логикалық тип. Логикалық типтің мәндері алдын-ала жарияланған FALSE (жалған) немесе TRUE (шындық) тұрақтылары болады. Мәндерді салыстыруға мынадай арақатынас операциялары пайдалынады:<,<=, >, >=,<>, =
Символды тип. Символды типтің мәндері болып ДК-дің барлық символдары табылады. Әр символға 0...255 диапазонында анықталатын бүтін сан тіркеледі Символдық немесе литерлік тұрақты дегеніміз дәйекшеге (апостроф) алынған тілдің кез келген символы. м/лы: ‘A’, ‘*’.
Тип-диапазон. Тип-диапазон базалық тип құрамында өз мәндерінің шекарасымен беріледі:
<мин.мәні.>..<макс.мәні.>
мысалдар var date : 1..31; month: 1. .12; Ichr : 'A'..'Z';.
НIGН(Х)- тип-диапазонның максималды мәнін қайтарады;
LOW(X) – тип-диапазонның минималды мәнін қайтарады.
Нақты типтер.
Нақты тұрақталар нүктені пайдаланып жазылады тиянақты нүктелі және жылжымалы нүктелі түрде.
Нақты типтегі мәндерге нәтижесі нақты болатын келесі операцияларды қолдануға болады: +, -, *, /. Бүтін және нақты типтегі мәндер арифметикалық мәндер деп аталады.
Аты Real, Double , Еxtended, Сomp
Күрделі тип – бұл жай типтердің әртүрлі комбинацияларынан құралады (массивтер, жиындар, жазба, файлдыќ типтер).
Негізгі әдебиеттер:3,4,5,7 Қосымша әдебиеттер:9,10,11
Программалар сызықтық, тармақтық, циклдік және күрделі болып жіктеледі. Солардың ең қарапайымы сызықтық программалар болып табылады. Сызықтық программа деп - операторлары басынан бастап соңына дейін бірінен соң бірі орындалу ретінмен орындалатын программаны айтамыз. Сызықтық программада меншіктеу операторы (:=), математикалық функциялар, арифметикалық операциялар, енгізу (read) және шығарумен (write) байланысты функциялар және де программадағы операторлардың ретін бұзбайтын операторлар қолданылады.
Шартты оператор қандай да бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына байланысты екі түрлі шешім қабылдайтын жағдайда қолданылады. Шартты оператордың толық түрде жазылу формасы: if <логикалық өрнек> then <оператор 1> else <оператор 2>
Мұндағы if (егер), then (онда), else (әйтпесе) – қызметші сөздер, оператор 1, оператор 2 – жай немесе құрама оператор. Егер логикалық өрнек ақиқат болса, онда оператор 1 орындалады әйтпесе оператор 2 орындалады.
Goto <белгі> операторы шартты операторға да, циклдік операторға да жатпайды, бірақ ол программадағы операторлар тізбегінің ретін өзгертіп, басқаруды белгі қойылған операторға береді. Құрамына басқа ешқандай оператор кірмейтіндіктен көшу операторы жай оператор болып табылады. Белгілеу сипаттау бөлімінде label қызметші сөзімен сипатталады. Label <белгі>;
Қандай да бір өрнектің мәніне байланысты бірнеше операторлардың ішінен бір ғана операторды орындау керек болғанда таңдау операторы қолданылады. Таңдау операторы құрама операторға жатады және жазылу формасы мынадай болады:
Case <өрнек> of
1-тұрақты: 1 оператор;
2-тұрақты: 2 оператор;
. . . . .
N-тұрақты: n оператор
End
Мұндағы Case (жағдайда), of (ішінен), End (соңы) – қызметші сөздер.
Негізгі әдебиеттер:3,4,5,7 Қосымша әдебиеттер:9,10,11
Дәріс тақырыбы: циклдер.
Егер циклдің қанша рет қайталанатыны алдын ала белгісіз болса, онда шарты алдын ала берілген циклді пайдаланамыз. Жазылу формасы:
While <Логикалық өрнек> do
Begin
[циклдық бөлік операторлары]
end
Мұндағы While (әзірше) және do (орында) қызметші сөздер.
Цикл қанша рет қайталанатыны белгісіз болған жағдайда шарты соңынан берілген цикл операторын қолданамыз. Жалпы түрі:
Repeat
[циклдық бөлік операторлары]
until <Логикалық өрнек>
Мұндағы Repeat (қайтала) және until (болғанға дейін) қызметші сөздер.
Параметрлі цикл операторы программаның циклдық бөлігі неше рет қайталанатыны алдын ала белгілі болған жағдайда қолданылады. Жазылу түрі:
For i=m1 to m2 do
Begin
[циклдық бөлік операторлары]
end
Мұндағы For (үшін), to (дейін) және do (орында) – қызметші сөздер; m1, m2 – циклдың алғашқы жәнесоңғы мәндері.
Негізгі әдебиеттер:3,4,5,7 Қосымша әдебиеттер:9,10,11
Дәріс тақырыбы: Күрделі тип. Бір µлшемді жєне кµп µлшемді массивтер.
Күрделі типке – массивтер, жиындар, файлдар жатады. Массив дегеніміз – бір типтегі берілгендер жиыны. Массив бір ғана атпен белгіленеді. Массивтің әр элементі массивтің атымен белгіленеді де, оның индексі қойылады.
M/лы: a[1]=1.6, a[2]=14, т.с.с.
Егер программада массив қолданылатын болса, онда var – айнымалылар бөлігінде немесе– типтер бөлімінде сипатталуы қажет. Айнымалылар бөлігінде сипатталуы:
Var <массив атау>:array[1..n] of t;
Мұндағы array (массив), of (ішінен), t – массив элементтерінің типі (real, integer);
Тип бөлімінде сипатталуы
type <тип атауы>=array[1..n] of t;
Var<массив атауы>:<тип атауы>;
Математикада көп өлшемді массивтер, яғни массивтердің массиві жиі қолданылады. әсіресе екі өлшемді массивтер, басқаша айтұанда матрицалар кең көлемде қолданылады. Екі өлшемді массивті айнымалы бөлігінде сипаттау:
Var <массив атау>:array[1..n, 1..m] of t;
Тип бөлімінде сипатталуы:
type <тип атауы>=array[1..n, 1..m] of t;
Негізгі әдебиеттер:3,4,5,7 Қосымша әдебиеттер:9,10,11
Дәріс тақырыбы: Жолдармен жұмыс.
Программалау тілдерінде көптеген жағдайларда символдар тізбектерін қолдану қажет болады. Ол үшін char типін пайдалану тиімсіз. Сондықтан STRING(жол) типін пайдаланамыз. Жол – белгілі бір символдар тізбегі. Өрнектерде жол екі жағынан апострофқа алынып, жолдық тұрақты ретінде қарастырылады. Жолдың символдар саны 0-255-ке дейінгі аралықта жатады. Ол ARRAY[O..N] OF CHAR бір өлшемді массивке ұқсас, бірақ N мәні STRING [N] типінің жарияланумен анықталады және реттік типтің кез-келген тұрақтысы бола алады, тек 255-тен аспау керек.
Жолды тип бөлімінде сипаттау:
Type <Типтің атауы>=string[жолдың ұзындығы];
Var<айнымалы>:<типтің атауы>;
немесе бірден айнымалы бөлігінде сипаттауға да болады:
Var <айнымалы>:string[жолдың ұзындығы];
Жолдың ұзындығын анықтау үшін length функциясы қолданылады.
Cимволдық өрнектерде біріктіру (+) және қатынас амалдары (=,<,>,<=,>=,<>) қолданылады. Біріктіру амалы бірнеше жолдарды біріктіріп, нәтижесінде тұтас бір жол алуға пайдаланылады. Қатынас амалдары екі жолды салыстырады. Салыстыру солдан оңға қарай жүреді. Жолдық айнымалыға символдық өрнектің нәтижесін беру үшін (:=) меншіктеу операторы қолданылады.
String типті мәліметтерді өңдеуге келесі стандартты процедуралар мен функциялар қолданылады.
Процедуралар:
1) Delete(z,m,n) – z жолының m орнынан бастап n символын өшіреді;
2) Insert(d1,d2,m) – d1 жолын d2 тізбегіне m орыннан бастап санап қосады;
3) Str(s, ts) – s айнымалысының сандық мәнін жолға айналдырып, string типті ts айнымалысына меншіктейді.
Функциялар:
1) Copy(ts, m, n) – ts жолынан m позициясынан бастап n символ бөліп алады.
2) Concat(tz1, tz2, … , tzn) - tz1, tz2, … , tzn жолдарын көрсетілген ретпен біріктіреді.
3) Post(tz1, tz2) – tz1 жолы tz2 жолында кездессе, қай жерден басталатынын көрсетеді. Ал егер кездеспесе, онда нәтиже нөлге тең.
Негізгі әдебиеттер:3,5,7 Қосымша әдебиеттер:2,3
Дәріс тақырыбы Жазулар.
Жазу – жазу алаңы деп аталатын белгіленген санды компоненттерден тұратын берілгендер құрылымы. Массивтен айырмашылығы жазу компоненттері әр түрлі типті бола береді. Жазудың компоненттеріне қатынау үшін алаңдарға ат беріледі.
Жазу типін жариялау құрылымы:
<тип аты> = RECORD <алаңдар тізімі> END Мұнда <тип аты> - дұрыс идентификатор;
RECORD, END – резервтелген сөздер; <алаңдар тізімі> - алаңдар тізімі; жазу бөлімдері тізімін көрсетеді; арасы үтірмен бөлінеді.
Жазудың әр бөлімі бір немесе бірнеше алаңдар идентификаторынан тұрады. Мысалы:
type
BirthDay = record
day,month : Byte;
year : Word
end;
var
a,b : Birthday;
Бұл мысалда BIRTHDAY (туған күн) DAY, MONTH және YEAR (күн,ай және жыл) алаңдарынан тұратын жазу типі; А және В айнымалылары BIRTHDAY типті жазуды қамтиды.
Массивтегі сияқты жазуда айнымалыларды басқа айнымалыларға меншіктеуге болады. Мысалы:а := b;
Жазу әр компонентіне қатынау үшін күрделі ат қолдануға болады, яғни айнымалы аты, содан соң алаң аты:
а.day := 27; b.year := 1939;
Жазу алаңдарына қатынауды жеңілдету үшін WITH операторы қолданылады:
Негізгі әдебиеттер:3,4,5,7 Қосымша әдебиеттер:9,10,11
Дәріс тақырыбы: Жиындар. Жиындарѓа ќолданылатын амалдар.
Жиындар бірімен логикалық байланысқан типті обьектілер жиынтығы. Жиынға енетін элементтер саны 0-ден 256-ға дейін өзгеруі мүмкін. Ешқандай элементі жоқ жиынды бос жиын деп аталады. Элементтердің тұрақсыздығы жиындардың массивтер мен жазулардан айырмашылығын бейнелейді.
Екі жиын эквивалентті деп аталады егер олардың элементтерінің жиындарда орналасу реті кез-келген, бірақ элементтері бірдей болса. Егер бір жиынның барлық элементтері басқа жиындарда да бар болса, онда бірінші жиын екінші жиынға енгізілген деп аталады. Бос жиын кез-келген жиынға енгізілуі мүмкін.
Жиын SET OF деген сөздер арқылы программада жарияланады. Келесі екі түрде жариялауға болады. Онда:
1. TYPE <жиын атауы> = SET OF <(негізгі) базалыќ тип>;
VAR <айнымалының атауы>:<жиынның атауы>;
2.Егер жиын бұрын жарияланбаған болса:
VAR <айнымалының аты>:<жиынның атауы>;
Мұнда <жиын атауы>- идентификатор
SET OF- резервтегі қызметші сөздер
<тип>- жиын элементтінің типі,
МЫСАЛЫ: A:SET OF 1..100; B: SET OF CHAR;
<базалық тип> - жиын элементтерінің негізгі типі, олар word, integer, longint типтерден басқа кез-келген реттелген типтердің біреуі болуы мүмкін..
Жиындарѓа ќолданылатын амалдар.
v *жиындардың қиылысуы. Нәтижесінде екі жиынға ортақ элементтен құралған жиын алынады.
v +жиынның бірігуі. Нәтежесінде бірінші жиында жоқ екінші жиын элементтерімен толықтырылған жаңа жиын алынады.
v -жиындар айырмасы. Мұнда екінші жиынға енбейтін бірінші жиын элементтерінен жаңа жиын алынады.
v =эквивалеттілікті тексеру. Екі жиын элементтері эквивалентті болса TURE, басқа жағыдайда FASLE мәнін қабылдайды.
v <>-эквивалентсіздікті тексеру. Екі жиын элементтері эквиваленттерінің қайсы бір элементі өзгеше болса TURE, басқа жағыдайда FALSE мәнін қабылдайды.
v <= қамтуды тексеру. Егер А жиыны В жиынын қамтыса TURE,басқа жағыдайда FASLE мәнін қабылдайды.
v >= қамтуды тексеру. Егер А жиынға В жиынының барлық элементі бар болса TRUE, басқа жағыдайда FASLE мәнін қаьылдайды.
v In-тиістілікті тексеру. Қандай бір берілген жиынды бар ма? Жоқпа? тексеретін оператор. Бұл операторға қосымша екі процедура қолдануға болады.
1. INCLUDE-жиынға жаңа элемент енгізеді.
Жазылу формасы: INCLUDE(S,I) s-жиын, TsetBase базалық типтің элементінен тұрады I.
2. EXCLUDE-жиынның элементін шығару
Жазу формасы: EXCLUDE(S,I) Бұның да параметрі INCLUDE сияқты болады.
Негізгі әдебиеттер:1,2,5,6 Қосымша әдебиеттер:9,10
Дәріс тақырыбы ФАЙЛДЫҚ ТИПТЕР.
Файлдеп дербес компьютердіњ сыртќы жадысыныњ атаулы бµлігін айтуѓа болады, немесе логикалыќ ќұрылым – потенциалды информация кµзі немесе ќабылдаушы деп т‰сінуге болады.
Файлдыќ типті немесе файлдыќ типті айнымалыны 3 єдістіњ біреуімен беруге болады:
1) <тип атауы>=FILE OF <тип>;
2) <тип атауы>=TEXT;
3) <тип атауы>FILE;
М±ндаѓы <тип атауы> - файлдыќ тип атауы (идентификатор); FILE, OF-резервтегі ќызметші сµздер (орысшасы: файл, из); TEXT-текстік (мєтіндік) файлдыњ стандартты типініњ атауы; <тип>-Турбо Паскальдыњ файлдыќ типтен басќа кез келген типі.
RESET процедурасы файлды оќу ‰шін ашады, файлдың көрсеткішін бастапқы орнына (бірінші элементтің алдына) қояды және форматы келесідегідей:
Reset(F); мұндағы F – файлдық айнымалының аты.
3. Файлѓа жазу ‰шін ашу ќажет<Ашу> процедура REWRITE <айнымалы файл атауы> файлды жазуѓа ашады, файлдың көрсеткішін бастапқы орнына (бірінші элементтің алдына) қояды WRITE (<айнымалы файл атауы>,<элемент>);және форматы келесідегідей:
Rewrite(F); мұндағы F – файлдық айнымалының аты.
4. Файлды жабу Программа файлмен ж±мысын аяќтаѓаннан кейін CLOSE (<айнымалы файл атауы>);
Арнайы операциялар. Бұл топтың операциялары файлдық жүйенің элементтерімен (каталогтар және файлдардың аттары) әрекеттер жасауға арналған.ERASE процедурасы сыртқы файлды жою үшін арналған және форматы келесідегідей:Erase(F);мұндағы F – жойылатын файлмен алдын ала байланысқан файлдық айнымалының аты.RENAME процедурасы сыртқы файлдың атын өзгертуге арналған және форматы келесідегідей:ReName(F,STR);мұндағы F – аты өзгертілген файлмен байланысқан файлдық айнымалының аты, STR – сыртқы файлдың жаңа атын құратын жолдық өрнек.CHDIRпроцедурасы ағымдағы каталогты өзгертуге (орнатуға) арналған және форматы келесідегідей:ChDir(<жол>)
Негізгі әдебиеттер:1,2,5,6 Қосымша әдебиеттер:9,10
Дәріс тақырыбы. Графиктік режимге көшу және мәтіндікке көшу
ДК-дің қосылғаннан кейінгі стандартты қалпы экранның мәтіндік режиміне сәйкес келеді. Сондықтан, компьютердің графиктік мүмкіншіліктерін қолданатын кез-келген бағдарлама дисплей адаптерінің графиктік режиміндегі жұмысын инициирлеу керек. Жұмыс аяқталған соң ДК бағдарламалары мәтіндік режимге қайтады.
Координаталар, терезелер, беттер. Көптеген процедуралар мен функциялар экрандағы ағымдық позиция көрсеткішін қолданады. Бұл көрсеткіш координатасы экранның жоғарғы сол бұрышына байланысты беріледі, өз ретінде оның координатасы 0,0 болады, экранның горизонталь координатасы солдан оңға қарай, ал вертикаль координатасы жоғарыдан төмен қарай өседі.
GetMaxX және GetMaxY функциялары экран координаталарының (горизонтальды және вертикалды) максималды мәндері жинақталған.
GetX және GetY координаталар терезенің жоғарғы сол бұрышына байланысты анықталады, егер ол терезе орнатылмаған болса: Процедура SetViewPort. Графиктік экранда тік бұрышты терезе орнатады. Procedure SetViewPort(XI,Y1,X2,Y2: Integer; ClipOn: Boolean);
Мұнда X1...Y2 – терезенің жоғарғы сол(XI,Y1) және төменгі оң(X2,Y2) бұрыш координаталары; СНрОп – Boolean типті өрнек.
Процедура MoveTo. Көрсеткіштің жаңа ағымдық қалпын орнатады. Тақырыпша:Procedure MoveTo(X,Y: integer);
Процедура MoveRel. Көрсеткіштің жаңа қалпын салыстырмалы координаталарда орнатады. Procedure MoveRel(DX,DY: Integer);
Процедура ClearDevice. Графиктік экранды тазартады. Процедураға қатынаған соң көрсеткіш экранның жоғарғы сол бұрышына орналасып, ал экран SetBkColor процедурасымен берілген фон түсіне боялады.Procedure ClearDevice;
Процедура ClearViewPort. Графиктік терезені тазалайды, егер бұл уақытта терезе анықталмаған болса – бүкіл экранды. Тазалау кезінде экран ағымдағы палитрадан 0 нөмірлі түспен боялады. Тақырыпша:Procedure ClearViewPort;
Түзулер және нүктелер.Процедура PutPixel. Берілген түсті нүктені анықтайды. Procedure PutPixel(X,Y: Integer; Color: Word); Мұнда X, Y- нүктенің координаталары; Color – нүкте түсі.
Процедура Line. Берілген координатада түзу сызады. Procedure Line(X1,Y1,X2,Y2: Integer);
Шеңбер ағымдағы түспен сызылады. Сызық қалыңдығы ағымдағы стильмен беріледі, сызық түрі әрқашан SolidLn (сплошная).
Процедура Arc. Шеңбер доғасын сызады. Procedure Arc(X,Y: Integer; BegA,EndA,R: Word); Мұнда X,Y–центр; BegA, EndA –доғаның бастапқы және соңғы бұрыштары; R - радиус.
Мұнда X,Y-координаты центра; BegA, EndA – доғаның бастапқы және соңғы бұрыштары; RX, RY- эллипстің горизонталды және вертикалды радиустары.
Бояулар, палитралар. Процедура SetColor. Сызықтар мен символдар үшін ағымдық түсті анықтайды. Тақырыпша: Procedure SetColor(Color: Word); Мұнда Color – ағымдық.
Функция GetColor. Word типті мәнді қайтарады, құрамында ағымдық түстің кодын қамтиды. Function GetColor: Word;
Процедура SetBkColor. Фон түсін орнатады. Procedure SetBkColor(Color: Word); Мұнда Color – фон түсі.
Функция GetBkColor. Word типті мәнді қайтарады, құрамында фонның ағымдық түсі қамтылады. Function GetBkColor: Word;
Процедура SetPalette. Палитраның бір түсін жаңа түске ауыстарады. Procedure SetPalette(N: Word; Color: Shortlnt);
Процедура GetPalette. Ағымдық палитраның өлшемі мен түсін қайтарады. Procedure GetPalette(var Palettelnfo: PaletteType);
Процедура SetAllPalette. Бір уақытта палитраның бірнеше түстерін өзгертеді. Procedure SetAllPalette(var Palette);
Функция GetPaletteSize. Integer типті мәнді қайтарады, құрамында палитра өлшемі. Тақырыпша: Function GetPaletteSize: Integer;
Суреттерді сақтау. Функция ImageSize. Суреттің тіктөртбұрышты үзіндісіне қажетті байтпен берілген жады өлшемін анықтайды. Function ImageSize(X1,Y1,X2,Y2: Integer): Word; мұнда X1... Y2 - Суреттің тіктөртбұрышты үзіндісінің жоғарғы сол (X1, Y1) және төменгі оң (Х2, Y2) бұрыштарының координаталары.
Мұнда X1...Y2 – сурет үзіндісі бұрыштарының координаталары
Мәтін шығару. Төмендегі процедуралар мен функциялар мәтіндік мәліметтердің графиктік режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Төменде Graph модулінің стандартты мүмкіндіктері көрсетілген.
Процедура OutText. Көрсеткіштің орнынан бастап мәтіндік жолды шығарады. Procedure OutText(Txt: String); Мұнда Txt – шығаратын жол. Процедура OutTextXY. Берілген орыннан бастап жолды шығарады. Procedure OutTextXY (X,Y: Integer; Txt: String);
Мұнда X, Y – шығару нүктесі координатасы; Txt – шығатын жол.