1. Жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдары және колледждердің педагогтері мен білім алушылары арасында «Компьютер әлемі» тақырыбында республикалық сырттай байқауды өткізу ережелері (бұдан әрі - Байқау) байқауды өткізудің мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.
2. Байқаудың мақсаты –компьютерлік технологиялар арқылы оқушыларды зияткерлік, шығармашылық және эстетикалық дамыту, оқу үдерісіне ақпараттық технологияларды енгізуді ынталандыру.
3. Міндеттері:
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- өз бетінше шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, бағдарламалау дағдыларын дамыту;
- білім беру қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесін насихаттау;
- компьютерлік технологиялар саласында жаңа жетістіктерді тарату.
3. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК өткізеді.
4. Байқауды ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитеті мен әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады.
2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
5. Байқау 2015 жылғы 18 наурыз - 16 мамыр аралығындабалаларға арналған www.ziyatker.org ғылыми-танымдық сайтта сырттай өткізіледі.
6. Байқау жұмыстары ережеге сәйкес 2015 жылғы 16 мамырға дейін iao.konkurs@mail.ruэлектрондық поштаға қабылданады.
Анықтама телефондары: +7 (7172) 249 305, 8 702 923 57 51, Ақпараттық-аналитикалық бағыты бөлімінің әдіскері Шакиров Ғалиахмет Ришатұлы.
7. 2015 жылғы 16 мамырдан кейін түскен, сондай-ақ талаптарға сәйкес келмейтін байқау материалдары қарастырылмайды.
8. Байқау материалдарының мазмұнына ұйымдастырушылар жауапты емес.
9. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында, ғаламтор баспаларында жариялауға құқылы.
10.Байқауға қатысу үшін педагогтерге 2000 (екі мың) теңге, білім алушыларға 1000 (мың теңге) төлемақы төленеді.
Төлемақы барлық банк немесе Қазпошта бөлімшелерінде келесі реквизиттер арқылы жүргізіледі:
Астана қаласы, БанкЦентрКредит АҚ.
Иик KZ918560000005068448
БИК KCJBKZКX
БИН 990140004733
Кбе 16
КНП: 859.
Алушы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК.
Төлемақы мақсаты: «Компьютер әлемі»байқауы. Байқауға қатысушының (жіберуші) фамилиясын міндетті түрде көрсету және төлемақы құжатын (түбіртек немесе төлем тапсырмасы) сканерден өткізіп, iao.konkurs@mail.ruэлектрондық пошта арқылы жіберу қажет.
11. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарын анықтау 2015 жылғы 25 мамырдажүргізіледі.
3. Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар
12. Байқауға 8-17 жастағы білім алушылар мен барлық санаттардағы педагогтер қатыса алады:
I топ – 8-11 жастағы білім алушылар;
II топ – 12-14 жастағы білім алушылар;
III топ – 15-17 жастағы білім алушылар;
IV топ – барлық санаттардағы педагогтер.
13. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1. Презентация (барлық жас ерекшелігі топтары);
2. Web-дизайн (II, III, IV жас ерекшелігі топтары);
3. Суреттер байқауы (барлық жас ерекшелігі топтары);
4. Бағдарламалау (II,III, IV жас ерекшелігі топтары).
14. Байқау жұмыстары келесі талаптарға сәйкес қабылданады:
14.1. Номинация «Бағдарламалау»
Қатысушы бағыттардың бір саласы бойынша жоба жасайды:
қолданбалы бағдарламалардың стандартты пакетінің негізінде жасалған білім, ғылым, техника, экономика, басқару, дидактикалық ойындар, электрондық кітаптар, өнерге арналған өнімдер;
меншікті бағдарламалық әзірлемелер (Pascal, Visual Basic, Q Basic және т.б. басқа тілдердегі бағдарламалау).
Компьютерлік әзірлемелерге қойылатын талаптар.
Барлық жұмыстар - бұл өзіндік шығармашылық ізденістің және орындаудың нәтижесі. Егер бағдарлама бірнеше файлдардан болса, онда міндетті түрде файлдың орналасу кезегін жазу керек. Вирусы бар бағдарламалық өнімдер байқауға қабылданбайды.