русс | укр

Языки программирования

ПаскальСиАссемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование

Все о программировании


Linux Unix Алгоритмические языки Аналоговые и гибридные вычислительные устройства Архитектура микроконтроллеров Введение в разработку распределенных информационных систем Введение в численные методы Дискретная математика Информационное обслуживание пользователей Информация и моделирование в управлении производством Компьютерная графика Математическое и компьютерное моделирование Моделирование Нейрокомпьютеры Проектирование программ диагностики компьютерных систем и сетей Проектирование системных программ Системы счисления Теория статистики Теория оптимизации Уроки AutoCAD 3D Уроки базы данных Access Уроки Orcad Цифровые автоматы Шпаргалки по компьютеру Шпаргалки по программированию Экспертные системы Элементы теории информации

FILEOUT:FILE OF INTEGER


Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1532; Нарушение авторских прав


Бұл жазу, берілген файлдағы мәліметтер – 32768-ден 32767 аралығында жататын бүтін сандар екенін көрсетеді. Сонымен қатар, типті файлдармен жұмыс істегенде де,ASSIGN( )- процедурасының көмегімен нақтылы файл аты мен байланыстыратын атауды көрсетеміз.

ASSIGN(<файл атауы>,<файлдың нақты атауы>)

ASSIGN(FileOut ,’may.dat’)

Типті файлдармен жұмыс жасағанда мәтіндік файлдардағы секілді оларды жазуға және оқуға ашуға болады. Ол үшін стандартты функциялар қолданады:

REWRITE(<файл атауы>)процедурасын файлды жазуға ашады және курсорды файлдың басына орналастырады.

Типті файлдарға мәліметтерді жазу write() процедурасы арқылы жүзеге асырылады. Ол мәтіндік файлдардағы WRITE() процедурасына ұқсас. Алайда write() процедурасын типті файлдарда қолдануында біршама өзгешелік бар. Әрекетті орындау кезінде көрсеткіш келесі жазу блогына көшеді. Типті файлдарда WRITELN( ) процедурасын қолдану қателік көрсетеді.

Типті файлдарға WRITELN( ) процедурасын қолдануға болмайды.

Типті файлдармен жұмыс аяқталған соң CLOSE<файл атауы>)процедурасы көмегімен файл жабылады.

Енді есепте WRITE( ) процедурасын қолданайық. мәліметтерді шығару бағдарламасын жазамыз:

Procedure exi;

Var

Fileout :file of integer;

I:integer;

Begin

Assign (fileout, ‘mayfile.in’);

Rewrite(fileout);

For i:=1 to sanau do

Write (fileout, san[i]);

close(f);

end;

Типті файлдан мәліметтерді оқу.Типтелгенті файлдар тікелей қатынау файлдарына жатады, ол оның қатал ұйымдастырылғанына байланысты. Бұрында айтып өткеніміздей, типті файлдың компоненттері біркелкі, қатаң тәртіптегі көлемде орын алады. Сонымен тұтас блок бар делік және оған қатынауды ұйымдастырғанда, оған олардың орналасуы жайлы қосымша ақпараттарды сақтау қажет емес.



Типті файлдардан мәліметтерді оқуға арналған негізгі проуедураларды қарастырамыз.

Типті файлдармен жұмыс жасар алдында, мәтіндік файлдардағыдай, файл атауын жариялау және файлдағы мәліметтердің типін көрсету керек, нақтылы файл атауын байланыстыратын айнымалы атауын сипаттауымыз кереек .

RESET(<файл атауы>) – процедурасы файлды оқуға ашады және көрсеткішті файлдың басына орналстырады.

Типті файлдан мәліметтерді оқу үшін read( ) процедурасын қолданады. Берілген процедураның жұмысы кезінде, блоктан мәліметті оқыған соң, көрсеткіш автоматтты түрде келесі жазбаға ауысады. Егер көрсеткіш соңғы жазбаның соңынан тұрса, онда бағдарлама орындалуында қателік болады.

Бұл қиындықтан шығу үшін FILESIZE( ) функциясынқолдануға болады.

FILESIZE(<файл атауы>):longintфункциясы файлдағы компоненттер санын анықтайды. Яғни, бізге файлдағы барлық мәліметтерді оқу керек болса, оқу процедурасын FileSize() рет орындауымыз керек. Типті файлдан мәліметтерді оқудың бағдарламасының мәтінінен үзінді келтіреміз:

Procedure init;

Var

Fileinput : file of integer;

I, sanau : integer;

San:array[1..100] of integer;

Begin

Assign(fileinput, ‘mayfile.in’);

Reset (fileinput);

Sanau :=filesize(fileinput);

For i:=1 to sanau do

Read(fileinput, san [i]);

Close(fileinput)’

End;

Көрсеткішті қажетті мәліметті оқуға қою үшін, SEEK()процедурасын қолданады. Оның түрі келесідегідей болады:

SEEK(<файл атауы>, <жазбаның нөмері>);

Сонымен қатар типті файлдарда нөмірлеу нөлден басталатыны есте ұстау керек, яғни бірінші элементтің нөмері "Нөл". Олай болса, біз көрсеткішті үшінші элементті оқуға көшіру үшін, SEEK( ) - процедурасын қолдануды ескеруіміз керек. Мысалы:

SEEK(FILEINPUT, 2); немесе SEEK(FILEINPUT, 3-1);

Жұмысты орындау үлгісі

Типтелген файлдан мәліметтерді оқудың бағдарламасын жасау керек

 

Procedure init;

var

fileinput : file of integer;

i, sanau : integer;

san:array[1..100] of integer;

Begin

assign(fileinput, ‘mayfile.in’);

reset (fileinput);

sanau :=filesize(fileinput);

for i:=1 to sanau do

read(fileinput, san [i]);

close(fileinput)’

End.

Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар

 

1. Элементтері нақты сандар болып табылатын f файлы берілген. Табыңыздар:

а) f файлының элементтерінің қосындысын;

ә) f файлының элементтерінің көбейтіндісін;

б) элементтерінің ең үлкен мәнін;

в) ең үлкен және ең кіші элементтерінің қосындысын;

г) бірінші және соңғы элементтерінің айырмасын;

2. f файлы берілген.

d файлында f файлының көшірмесін алыңдар.

3. Элементтері бүтін сандар болып табылатын f файлы берілген.

d файлында f файлының 3 - ке бөлінетін және 7 - ге бөлінбейтін барлық элементтерін алыңдар.

4. Элементтері бүтін сандар болып табылатын f файлы берілген. f файлының теріс элеметтерінің қосындысын есептейтін, теріс (f) функциясын жазыңдар.

5.Берілгені:

TYPE студент = RECORD

аты:string [9];

жасы:1..99

End;

топ = FILE OF студент;

ГР тобындағы ең жас студенттің атын шығаратын, ең жас(ГР) процедурасын жазыңдар.

6. Берілгені:

TYPE FR=FILE OF REAL;

Типі FR болатын f файлының ұзындығы тақ болса, m параметріне осы файлдың ортаңғы элементін меншіктейтін mid(f,m) функциясын жазыңдар.

7. f символдық файлы берілген. Сөздегі символдар саны жиырмадан аспайды деп есептеп, f файлындағы сөздер санын анықтаңдар.

8. 1 -ден 8 -ге дейінгі әріптерден тұратын сөздер тізбегі берілген. Көрші сөздер арасына үтір, соңғы сөзден кейін нүкте қойылған. Соңғы сөзден өзгеше барлық сөздерді экранға шығарыңдар.

9. Автомобиль туралы мәліметте оның маркісі, нөмірі және жүргізуші фамилиясы берілген.Бірнеше автомобиль туралы мәліметтері бар f файлы берілген.Табыңыздар:

а) берілген маркілі автомобильдің нөмерін және жүргізуші фамилиясын;

ә) әрбір маркілі автомобиль санын;

10. Кітаптар туралы мәліметі бар f файлы берілген. Мәліметте кітаптың авторы, аты және баспа жылы көрсетілген. “Информатика” кітабы бар ма анықтаңдар, егер бар болса, онда кітаптың авторының фамилиясын және шыққан жылын, ал егер бірнеше кітап болса, онда осы кітаптар бойынша барлық мәліметтерді шығарыңдар.

11. Кубиктер туралы мәліметтен тұратын f файлы берілген. Әрбір кубиктің мөлшері (см - мен қабырғаларының ұзындығы), оның түсі (қызыл, жасыл, сары немесе көк) және жасалған материалы (ағаш, металл, картон) берілген. Қабырғалары 3 см ағаш және 5 см –ден артық металл кубиктердің санын есептеңдер.

12. Оқушы туралы мәлімет, оның фамилиясы, атынан және оның тобынан тұрады. Колледж оқушылары туралы мәліметтерден тұратын f файлы берілген.

а) колледжде бірдей фамилиялы студенттер бар ма анықтаңдар;

ә) қандай топтарда 25 оқушыдан көп оқушы бар екенін анықтаңдар;

13. Жолаушы багажы заттар санымен және олардың жалпы салмағымен сипатталады.

Бірнеше жолаушы багажы туралы мәліметтен тұратын t файлы берілген.

а) Екеуден артық заты бар және заттардың орта санынан артық заттары бар жолаушылар санын табыңдар.

14. f символдық файлы берілген. Сөздер 10 - ға дейінгі символдардан тұрады.Сөздердің ішінен екінші әрпі е болатын ең ұзын сөзді табыңдар, егер ондай сөздер бірнешеу болса, онда ең соңғысын шығарыңдар. Егер бұндай сөз жоқ болса, онда ол туралы мәлімдеңдер.

15. Элементтері Фибоначи сандары u0, u1, …, un болып табылатын f файлы берілген. f файлында Фибоначидің u0, u1, …un+1 сандарын алыңдар.

Бақылау сұрақтары

1. EOF функциясы қандай қызмет атқарады?

2. File Size функциясы қандай қызмет атқарады?

3. File Pos функциясы қандай қызмет атқарады?

4. Erase функциясы дискідегі файлды өшіреді.

5. Rename функциясы қандай қызмет атқарады?

6. Seek процедурасы қандай қызмет атқарады?

7. Типтелген файл дегеніміз не?

8 Файлдың ұзындығы деген не?

9. Мәліметтік тізім дегеніміз не?

10. Seek процедурасы қандай қызмет атқарады?

11. Типтелген файл дегеніміз не?

№15 - зертханалық жұмыс

ГРАФИКТІК ОПЕРАТОРЛАРДЫ ҚОЛДАНЫП БАҒДАРЛАМАЛАУ

Жұмыстың мақсаты:негiзгi графикалық объектiлердi салу операторларымен танысу және оларды бағдарламалауда қолдана бiлуге дағдылану

Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Теориялық мәліметтермен танысу.

2. Жеке нұсқадағытапсырмалардыорындау.

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

4. Орындаған жұмыс туралыжазбаша есеп беру.

 

Теориялық бөлім

Turbo Pascal бағдарламалау тілінде символдық режимнен бөлек графиктік режим қарастырып, онда әр-түрлі графиктік кескіндер құрастыру мүмкіндігі бар. Turbo Pascal графиктік мүмкіндіктерін пайдалану үшін арнайы “GRAPН” кітапханасы іске қосылады. GRAPН модулінің графиктік процедураларыменен функцияларын қолданып графиктік кескіндерді құрастыруға болады. Паскаль бағдарламалау тілінің өзінде графикалық командалар келтірілмеген. Сондықтан, Паскаль графикасын псевдо-графика деп атайды. Графикалық ақпараттармен жұмыс істеу үшін Graph.tpu модулі пайдаланылады. Graph модулінде графикалық ақпараттармен жұмыс жасауға арналған командаларды сүйемелдейтін тұрақтылар, айнымалылар, типтер, процедуралар мен функциялар сипатталады.

Графикалық экранның мүмкіндігі экранға шығарылатын бейненің дәлдігімен анықталады. Паскаль тілінің графикалық экранының өлшемі: х осі бойынша 640 нүкте, у осі бойынша 480 нүкте. Паскаль тілі графикалық режиміндегі палитра 16 түстен құралған. Олар төмендегі кестеде көрсетілген.

 

15.1-кесте.

 

Графикалық режимде қолданылатын түстер

 

Нөмірі Түстер
Қара
Сұр
Жасыл
Көгілдір
Қызыл
Күлгін
Қоңыр
Ақсұр
қара сұр
ашық көк
ашық жасыл
ашық көгілдір
Алқызыл
қою қызыл
Сары
Ақ

 

Алғашқы 8 түс фонның және қарындаштың түсі ретінде, ал қалғандары тек қана қарындаштың түсі ретінде пайдаланылады. Суреттердің түсін өзгерткенде оның экранның түсімен бірдей болмауын ескеру қажет.

Паскаль тілінде сурет салуға арналған графикалық операторлар:

1. PutPixel(x,y,k)- координатасы (x,y) болатын k түсті нүкте салу.

2. GetPixel(x,y)- координатасы (x,y) болатын нүктенің түсін анықтау.

3. Line(x1,y1,x2,y2)- бастапқы нүктесінің координатасы (x1,y1), соңғы нүктесінің координатасы (x2,y2) болатын кесінді салу.

4. Lineto(x,y)- курсор тұрған нүктеден координатасы (x,y) болатын нүктеге дейін кесінді салу.

5. RecTangle(x1,y1,x2,y2) - диагональдарының төбелерінің координаталары (x1,y1) және (x2,y2) болатын тіктөртбұрыш салу.

6. Bar(x1,y1,x2,y2)- ағымдағы түспен боялған, диагональдарының төбелерінің координаталары (x1,y1) және (x2,y2) болатын тіктөртбұрыш салу.

7. Bar3d(x1,y1,x2,y2,h)- ағымдағы түспен боялған, биіктігі h белгілі параллелепипед салу.

8. Circle(x,y,r)- центрінің координатасы (x,y), радиусы r болатын шеңбер сызу.

9. Arc(x,y, , ,r)- центрінің координатасы (x,y), радиусы r болатын бұрышынан бұрышына дейін доға салу.

Фон түстерін басқаруға және тағайындауға арналған процедуралар мен функциялар:

1. SetPalette процедурасы – берілген бояудағы түстің реттік нөмірі үшін стандартты бояудағы түсті өзгертеді.

2. SetAllPalette процедурасы – бояудағы түстің барлық реттік нөмірін өзгертеді.

3. GetPalette процедурасы – ағымдағы бояудың сипаттамасын береді.

4. GetPaletteSize процедурасы – ағымдағы түстің мөлшерін, кодын береді.

5. GetDefaultPalette процедурасы – стандартты тағайындалған бояудың сипаттамасын береді.

6. SetColor процедурасы – графикалық немесе мәтіндік ақпаратты экранға шығаратын түсті тағайындайды.

7. GetMaxColor процедурасы – ағымдағы түстің реттік нөмірін береді.

8. GetColor процедурасы – ағымдағы түстің ең үлкен нөмірін береді.

9. SetBkColor процедурасы – фонның түсін өзгертеді.

10. GetBkColor процедурасы – ағымдағы фонның түсін береді

11. GetMaxColor процедурасы – фон түсінің ең үлкен нөмірін береді.

 

Графикалық экранды басқаруға арналған негізгі командалар:

1. InitGraph - графикалық режимді тағайындау.

2. Detect – графикалық драйверді автоматты түрде анықтау

3. CloseGraph – графикалық режимді жабу.

4. SetGraphMode – жаңа графикалық режимді тағайындау.

5. ClearDevice – графикалық экранды тазалау.

6. ClearViewPort – терезені тазалау.

7. GetMaxX – х осі бойынша ең үлкен координаталық мәнді анықтау.

8. GetMaxY – у осі бойынша ең үлкен координаталық мәнді анықтау.

Турбо Паскаль жүйесінде дыбыстық эффектілерді басқару үшін Sound, NoSound және Delay процедуралары қолданылады. Дербес компьютердің дыбыстық құралдарын іске қосу процедурасы: Sound (i:word). Мұндағы i-дыбыстың герцпен анықталатын жиілігі. NoSound процедурасы Sound процедурасымен берілген дыбыстық режимді тоқтатады. Delay процедурасы дыбысталу уақытын көрсетеді. Sound, NoSound және Delay процедураларының көмегімен сирена, сағат қоңырауы, құстардың ән салуы, музыкалық шығарма үзіндісі және т.б. дыбыстық эффектілерді шығаруға болады.

Турбо Паскальда графикамен жұмыс iстеу үшiн графиктiк операторларды (Uses), драйверлердi (GraphDriver), модульдердi (Crt, Graph), режимдердi (GraphMode, CloseGraph) қосуымыз қажет.

Турбо Паскальда графикалық бейнелердi салу үшiн стандартты кiтапханалық Graph модулi арналған. Ол әр түрлi адаптерлi дисплейлерде графикалық режимдердi толығымен басқаруды қамтамасыз ететiн бағдарламалардың кiтапханасы. Ал Crt модулi экранға информацияларды шығаруды, пернетақтадан берiлгендердi енгiзудi, сол сияқты терезелермен жұмыс iстеудi, дыбыстық сигналдар мен түрлi-түстi текстiк жолдарды экранға шығаруды қамтамасыз етедi.

Жұмысты орындау үлгісі

Бір-бірінің ішінде орналасқан әртүрлі түсті 5 төртбұрышты экранға шығару шығару.

Program text5;

uses crt;

var k, x, y:integer;

begin x:=0; y:=0;

for k:=1 to 5 do begin

textbaclground(k);

window(k+x,k+y, lo(windmax)+1-x, hi(windmax)+1-y);

clrscr; inc(x,3); inc(y,1);

delay(30000) end;

readln

end.

 

Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар

1. Сары түстi экранға қызыл түзу, жасыл үшбұрыш, көк тiктөртбұрыш және қоңыр шеңбер салу бағдарламасын жаз.

2. Ақшыл көк түстi экранға боялған тiк бұрышты трапецияның iшiне боялған шеңбер мен үшбұрыш сал.

3. Боялған тең бүйiрлi үшбұрыштың iшiне боялған тiктөртбұрышты, ал оның iшiне боялған шеңбердi салуға бағдарлама құр.

4. Боялған тiкбұрышты үшбұрышқа боялған iштей және сырттай шеңберлердi салуға бағдарлама құр.

5. Боялған тең бүйiрлi трапецияға iштей шеңбер, ал оның iшiне тең қабырғалы үшбұрыш салуға бағдарлама құр.

6. Cаңырауқұлақ және ай салу.

7. Адамның басын бейнелеңіз.

8. «Жаңбыр» бағдарламасын жазыңыздар-экранда (кездейсоқ күйде) 50 нүкте жоғарыдан төменге қарай қозғалып келе жатқандай суреттеледі. Нүктелердің бірі экранның төменгі шекарасына жеткенде ол экранның жоғарғы бөлігінде пайда болуы керек.

9. Графикалық экранға үйдің суретін шығаратын бағдарлама құрыңыз.

Олимпиада ойындарының жалауын экранға шығаратын бағдарлама құрыңыз.

10. Экранға қайық суретін салатын бағдарлама құрыңыз.

11. Графикалық экранға тікұшақ суретін шығаратын бағдарлама құрыңыз.

12. Экранға жұлдыз суретін салатын бағдарлама құрыңыз.

13. Автокөлік суретін салатын бағдарлама құрыңыз.

14. Бағдаршам суретін салатын бағдарлама құрыңыз.

15. Экранға шахмат тақтасының бейнесін салатын бағдарлама құрыңыз.

16. Экранға қолсағат суретін салыңыз.

17. Қызыл түсті жалаудың суретін салыңыз.

18. Ай мен күннің суретін салыңыз.

19. Компьютер суретін салыңыз

20. Қолшатыр суретін салатын бағдарлама құрыңыз.

21. Әртүрлі түске боялған төрт дөңгелек пен екі тіктөртбұрыш суретін салыңыз.

22. Конус пен цилиндрдің бейнесін тұрғызыңыз.

23. Бірінің ішіне бірі орналасқан 10 квадрат суретін салыңыз.

24. «Жаңбыр» бағдарламасын кейбір нүктелер шапшаң, кейбіреулері баяу қозғалатындай етіп өзгертіңіздер.

25. «Жаңбыр» бағдарламасын нүктелер өз қозғалысын төменгі сол жақ бұрыштан бастап, жоғарғы оң жақ бұрышта аяқталатындай етіп өзгертіңіздер.

 

Бақылау сұрақтары

1. Паскальда графикпен жұмыс істеу үшін қандай модуль іске қосылуы керек?

2. Экранда шеңбер сызу қалай жүзеге асады?

3. Паскаль тілінде стандартты қанша түс бар?

4. Графикалық экранға нүкте, кесінді, тіктөртбұрыш сызу опереаторы қандай?

5. Графикалық экранға шеңбер сызу операторы қандай?

6. Графиктік режимді жабу қандай оператор көмегімен жүзеге асады?

7. SetGraphMode операторының қызметі қандай?

8. ClearDevice операторының қызметі қандай?

9. GetMaxY – операторының қызметі қандай?

ӘДЕБИЕТ

1. Исмагулова Ж.С. Алгоритмдік тілдерде бағдарламалау.Оқу құралы Алматы: КазАТК, 2012. – 105б.

2. Исмагулова Ж.С. Методические указания к выполнению лабораторных работ по дисциплине Алгоритмизация и языки программирования. - Алматы: КазАТК, 2008. – 50с.

3. С.У.Калдыбаев, Н.Д.Лукашенок, А.Т.Ахмедиярова. Программирование на языке Паскаль. Учебно-методический комплекс. – Алматы: КазАТК, 2005 - 130 с.

4. Ж.К.Масанов, Б.А.Бельгибаев, А.С.Бижанова, К.К.Макулов. Turbo Pascal.- Алматы: Бастау, 2004. - 221 б.

5. О.Камардинов. Есептеуіш техника және бағдарламалау. Оқу құралы. Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1997.– 322б.

6. Н.Культин. Turbo Pascal в задачах и примерах. Санкт-Петербург: Питер, 2000.-256 c

7. Фаронов В.В. Delphi 3. Учебный курс. –М.: «Нолидж», 1998.-400 с.

8. Бөрібаев Б., Махметова А. Алгоритмдеу және бағдарламалау тілдері. Оқу құралы. Алматы: КазАТК, 2008. – 284б.

9. Н.С. Заурбеков, Б.Ж. Жумажанов. Алгоритмдеу және бағдарламалау. Алматы: Экономика, 2008.-215б.

10. Кандзюба С.П. Громов В.Н. Delphi 6.Базы данных и приложения. Лекции и упражнения. Издательство DiaSoft: 2001-576с.

11. Ә.А. Жұмағұлова, Ж. Жұмағалиева, Г.Ж. Тынымкулова Паскаль бағдарламалау тілі. – Ақтөбе, 2008. – 171б.

12. Б.Д. Сыдықов. Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері. Алматы,

2003ж.- 125б.

13. Ш.Тойкенов “Паскаль тiлiнде бағдарламалау” - Алматы “Дәнекер”, 2001ж.- 220б.

14. Г.Г. Бегаришева, Р.М.Байназарова, Г.М. Тасмухамбетова. Алгоритмдік тілдерде бағдарламалау: оқу құралы. Ақтау, 2011ж.-108 б.

15. Фаронов В. В. «Основы Turbo Pascal 6.0» Москва 2000 ж.- 213б.

16. Меженный О. А « Turbo Pascal. Учитесь программировать» Москва, 2001ж.-315б.

17. Г.Г. Рапаков, С.Ю. Ржеуцкая Программирование на языке Pascal. Санкт – Петербург, 2004. - 470с.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Стандартты функциялар. | Задание 1. Фигуры


Карта сайта Карта сайта укр


Уроки php mysql Программирование

Онлайн система счисления Калькулятор онлайн обычный Инженерный калькулятор онлайн Замена русских букв на английские для вебмастеров Замена русских букв на английские

Аппаратное и программное обеспечение Графика и компьютерная сфера Интегрированная геоинформационная система Интернет Компьютер Комплектующие компьютера Лекции Методы и средства измерений неэлектрических величин Обслуживание компьютерных и периферийных устройств Операционные системы Параллельное программирование Проектирование электронных средств Периферийные устройства Полезные ресурсы для программистов Программы для программистов Статьи для программистов Cтруктура и организация данных


 


Не нашли то, что искали? Google вам в помощь!

 
 

© life-prog.ru При использовании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.

Генерация страницы за: 0.013 сек.