русс | укр

Мови програмуванняВідео уроки php mysqlПаскальСіАсемблерJavaMatlabPhpHtmlJavaScriptCSSC#DelphiТурбо Пролог

Компьютерные сетиСистемное программное обеспечениеИнформационные технологииПрограммирование


Linux Unix Алгоритмічні мови Архітектура мікроконтролерів Введення в розробку розподілених інформаційних систем Дискретна математика Інформаційне обслуговування користувачів Інформація та моделювання в управлінні виробництвом Комп'ютерна графіка Лекції


ЧРЭЗ ХРБЙ ПЭЭЩ ДМЕЖ КЭЩЦ ЧРОБ ЭБЧ_ ЧЕЖЦ ФЦЫН


Дата додавання: 2014-12-02; переглядів: 1148.


Полибий квадраты. Шифрлеу үшін 1-ден 5-ке дейін нөмірленетін алты бағаннан және алты жолдан тұратын квадратты беретін кестені қолданамыз. Әр торға бір әріп жазылады.

Нәтижесінде әр әріпке сандар жұбы сәйкес келу керек және шифрлеу әріпті сандар жұбымен алмастыруға алып келу керек. Полибий квадратында символдарды орналастыру реті құпия кілт болып табылады. Полибий квадратының көмегімен «КРИПТОГРАФИЯ» сөзін жасырайық. Нәтижесінде алатынымыз:    
А Б В Г Д Е
Ё Ж З И Й К
Л М Н О П Р
С Т У Ф Х Ц
Ч Ш Щ Ъ Ы Ь
Э Ю Я . , _

 

26 36 24 35 42 34 14 36 11 44 24 63

Мысалдан криптожүйедегі бірінші сан жол нөмірін, ал екінші сан баған нөмірін беретінін көруге болады.

Қайта қою әдісі.Ол үшін 8*8 өлшемді шаршылық кестені (матрицаны) аламыз, мәтінді жоғарыдан төменге жол бойы нша тізбектеп жазамыз, ал – санауды солдан оңға қарай бағана бойынша жүргіземіз. Келесі хабарды шифрлеу керек болсын дейік:

 

НА ПЕРВОМ КУРСЕ ТЯЖЕЛО УЧИТСЯ ТОЛЬКО ПЕРВЫЕ ЧЕТЫРЕ ГОДА ДЕКАНАТ.

Мұны матрица түрінде жазайық:

Н А _ П Е Р В О
М _ К У Р С Е _
Т Я Ж Е Л О _ У
Ч И Т Ь С Я _ Т
О Л Ь К О _ П Е
Р В Ы Е _ Ч Е Т
Ы Р Е _ Г О Д А
_ Д Е К А Н А Т

Матрицада ”_” символымен бос орын белгіленеді. Түрлендіру нәтижесінде келесі шифрлеу алынады:

НМТЧРЫ_А_ЯИЛВРД_КЖТЬЫЕЕПУЕЬКЕ_КЕРЛСО_ГАРСОЯ_ЧОНВЕ_ПЕДАО_УТЕТАТ.

Берілген жағдайға матрица өлшемі, ашық мәтінді жазу тәртібі және шифрограмманы санау кілт болып табылады. Нақты алғанды кілт басқа болуы мүмкін. Мысалы: жас бойынша ашық мәтіннің жазылуы: 48127653 жолдар нөмірлері ретімен жүргізілуі мүмкін, ал криптограмманы сану 81357642 ретімен бағана бойынша жүргізілуі мүмкін.

Матрицаның жолдармен жазылу ретін жазылу кілті деп, ал шифрограмманың бағана бойынша санау ретін – санау кілті деп атаймыз.

n*n өлшемді матрица көмегімен алынған криптограмманы әрбір топта n-символдар бойынша символдар тобына болу керек. Сол жақтағы шеткі топты, нөмірі санау кілтінің бірінші цифрымен сәйкес келетіндей, жоғарыдан төменге бағанамен жазу керек. Символдардың екінші тобын, нөмірі санау кілтінің цифрымен сәйкес келетіндей, бағанамен жазу керек, және т.с.с. Ашық мәтінді матрицадан жазу кілтінің цифрларымен сәйкес жол бойынша санау керек.

Орын ауыстыру әдісімен алынған криптограмманы дешифрлеу мысалын қарастырайық. Шифрленгенде 6*6 өлшемді матрицасы қолданылғаны, жазу кілті-352146 және санау кілті-425316 екені белгілі, шифрограмма мәтіні келесідегідей болады:

ДКАГЧЬОВА_РУААКОЕБЗЕРЕ_ДСОХТЕСЕ_Т_ЛУ

Шифрограмманы 6 символ бойынша топтарға бөлеміз:

ДКАЧЬ ОВА_РУ ААКОЕБ ЗЕРЕ_Д СОХТЕС Е_Т_ЛУ

Символдардың бірінші тобын матрицаның 4 бағанын жазамыз, себебі санау кілтінің алғашқы цифрларын 6 символдың ішіндегі екінші топты 2-ші бағанаға, символдардың 3-ші тобын 5-ші бағанаға және т.c.c. жазамыз. Ашық мәнінде санауды жазба кілтіне сәйкес 3 жолдан бастаймыз, одан соң 5 жолды және т.c.c. санаймыз.

 

Дешифрлеу нәтидесінде келесі ашық мәтінді аламыз: ХАРАКТЕР ЧЕЛОВЕКА СОЗДАЕТ ЕГО СУДЬБУ Осы сипатталған криптограмманы дешифрлеу процедурасын, алдын ала өңдеген бағдарлама көмегімен компьерде автоматты түрде орындауға болады.  
С О З Д А Е
О В Е К А _
Х А Р А К Т
Т _ Е Г О _
Е Р _ Ч Е Л
С У Д Ь Б У

Тапсырма:Шифрлеу әдістері:

1 –Цезарь әдісі;

2 – Көпалфавитті жүйе;

3 – Вижинер әдісі;

4 – Полибий квадраты ;

5 – Алмастырып қою әдісі (1 әдіс);

6 – Алмастырып қою әдісі (2 әдіс).

 

Тапсырма нұсқалары:

Шифрлеу әдісі Шифрленетін мәтін
1. Отан оттан да ыстық
2. Ел құлағы елу
3. Көш жүре түзеледі
4. Бейбіт елде сән болар
5. Ағасыз ел жағасыз
6. Адамына қарай сәлемі
7. Ақ жүрек адам азбас
8. Ханын сыйламаған ел азады
9. Ата балаға сыншы
10. Әке тірегің, ана жүрегің
11. Ана тілін алмаған арсыз
12. Жолдасты жол айырады
13. Құс қанатымен, ер жолдасымен
14. Жығылсаң нардан жығыл
15. Жығылғанға жұдырық
16. Батырлық айқаста танылар
17. Ерлікте қорлық жоқ
18. Шын батыр сын үстінде танылар
19. Жақсы өтіріктен жаман шындық артық
20. Кішіпейілділік кісі көркі
21. Ақыл жастан, асыл тастан
22. Ердің атын еңбек шығарар
23. Алтынды тот баспайды
24. Байлыққа жомарттық жарасады
25. Жақсылық еткен алғыс алады

Бақылау сұрақтары

1. Ақпаратты қорғау термині қандай түсініктен тұрады?

2. Ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды аспектілерін атап шығыңыз.

3. Ақпараттық қауіпсіздіктің проблемаларын шешу деңгейлерін атап шығыңыз.

4. Ақпаратты қорғау деңгейлерін атап шығыңыз.

5. Компьютерлік қылмыстардың себептері немен түсіндірілуі мүмкін.

6. Компьютерлік қылмыстарды қалай табуға болады?

7. Ақпараттық қауіпсіздікті қорғау шараларын атап шығыңыз.

8. Ақпаратты қорғау мақсатымен жұмыс жасау барысындағы сақтық шараларды атап шығыңыз.

9. Интернеттен орынсыз ақпараттарға жетуді қалай шектеуге болады?

10. Компьютерлік вирустар қандай болады, олардың таралу жолдары қандай?

Реферат тақырыптары

1. Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары

2. ОЖ даму тарихы.

3. ОЖ қызметінің принциптері

4. ОЖ декомпозициялау әдістері.

5. Процесстерді басқару

6. Файлдық жүйелер.

7.Утилиттер, драйверлар.

8. Желілер, телекоммуникациялар.

9. Желі қауіпсіздігі.

10. Антивирустік құралдар

 

№7 өздік жұмыс

Тақырыбы:Графика және интернет.

HTML (Hypertext Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілі World Wide Web (WWW) жүйесінде гипермәтіндік құжаттарды дайындау үшін құрастырылған. HTML тілі бастапқы мәтіндік құжатқа енгізілетін және осы құжаттың дисплей экранындағы көрінісін басқаруға мүмкіндік беретін бірнеше командалардың жиынтығы болып табылады. Осы командалардың көмегімен автор:

· Қаріп өлшемін және мәтіннің экрандағы орнын тапсыра алады.

· Құжатқа сурет енгізе алады.

· Гипермәтіндік сілтемелер құра алады.

· Web – бетке мультимедиялық объект енгізе алады.

· Бір Web – бетте бірнеше құжаттар орналастыра алады.

· Деректерді енгізу үшін интерактивті формалар құра алады.

HTML командалары тегтер (tag) деп аталатын элементтердің көмегімен тапсырылады. Тегтер «аз» (<) белгісімен басталып «көп» (>) белгісімен аяқталады. Әр тегтің арнайы функциясы болады. Тег атауында әріптер регистрінің мәні болмайды. Тегтердің екі түрі болады:

• бірэлементті тег, ол қандай-да бір әрекетті аяқтау үшін мәтінге қойылады;

• қос тег, ол ашатын және жабатын тегтерден тұрады. Ашатын тег эффект құрайды, ал жабатын тег оның әрекетін тоқтатады. Жабатын тегтер қисық сызық (/) белгісімен басталады.

HTML құжаты негізгі мәтіннен және белгілеу тегтерінен тұрады. HTML құжаты – ол кеңейтілу аты .htm болатын әдеттегі мәтіндік файл. Оны құру үшін кез келген мәтіндік редакторды қолдануға болады. Ал құрылған Web – парақтың нәтижесін көру үшін Microsoft Internet Explorer браузері қолданылады.

Құжат денесінде бетте бейнеленетін барлық: мәтіндер, суреттер, кестелер орналасады. Яғни, сіздің HTML-экспериментіңіздің көп бөлігі <BODY> және </BODY> тегтерінің арасында жүргізіледі.

<BODY> тегі құжат мазмұнының негізіг қасиеттерін де береді: фонның, мәтіннің түсін және т.б.

Негізгі HTML-файлының түрі:

<HTML> <HEAD> <TITLE> Құжат тақырыбы</TITLE> </HEAD> <BODY> Құжат мәтіні </BODY> </HTML>

 

Мәтінді абзацтарға бөлуді <P> тегінің көмегімен орындауға болады.

Абзац тегінің абзацтағы мәтіннің туралануын беретін ALIGN атрибуты болады.

1 мысал:Мәтін абзацынцентрі бойынша туралау үшін келесі түрде жазу керек: <P ALIGN=CENTER> Мәтін </P>

Жолды бөлу.Ол үшін жолды тасымалдайтын <BR> тегі қолданылады. Одан кейін орналасқан символдар жаңа жолға жазылады.

Мәтін үзінділерін ерекшелеу.Мәтін үзінділерін ерекшелеу тэгтері жеке символдар мен сөздердің бейнелеуін басқаруға мүмкіндік береді. Құрама ерекшелеулер де қолданылуы мүмкін. Ол кезде құрама тэгтардың жазылу ережесін есте сақтау керек:

<1-тэг> <2-тэг>...</ 2-тэг> </ 1-тэг> - дұрыс жазылуы.

<1-тэг> <2-тэг>...</1-тэг> </2-тэг> - қате жазылуы.

Символ өлшемдерін беру.Браузер арқылы бейнеленген мәтін өлшемін басқарудың 2 тәсілі бар: Тақырып стилін қолдану; Негізгі құжат шрифтінің өлшемін беру немесе ағымдағы шрифтінің өлшемін беру.

Тақырып стилін қолдану.6-тақырып тэгі қолданылады (<H1>-ден <H6>-дейін). Әрбір тэгке браузер параметрлерінің берілген нақты стилі сәйкес келеді.

Ағымдағы шрифтінің өлшемін беру.<FONT> шрифтік тэгі мәтіннің жеке жерінде 1-ден 7-ге дейінгі диапазонда ағымдағы шрифтінің өлшемін беруге мүмкіндік береді.

Шрифт өлшемін, гарнитурасын және түсін беру.<FONT> тэгі гарнитурамен және мәтін түсімен өлшемді басқару мүмкіндіктерінен тұрады.

Шрифт гарнитурасын өзгерту <FONT> тэгіне FACE атрибутын қосу арқылы жүзеге асады. Мысалы, мәтінді Arial шрифтімен жазу үшін: <FONT FACE = “ARIAL”> деп жазу керек.

SIZEатрибуты 1-ден 7-ге дейінгі шрифт өлшемін көрсетеді. «Қалыпты» шрифт өлшемі 3-ке тең деп саналады.Өлшемі абсолютті (SIZE=5), сонымен бірге салыстырмалы (SIZE=+2) болуы мүмкін, мұнда шрифтінің ағымдағы өлшемі 2-ге үлкейеді.

2 мысал: Мәтін <FONT FACE=”ARIAL” COLOR=red> қызыл түсті </FONT> және <FONT FACE=”BATANG” BSIZE=7> үлкен өлшемді </FONT>

Мәтін мен фон түсін беру.Фон мен мәтін түсін бейнелегенде браузерлер үнсіз келісім бойынша қалыптасқан түстерді пайдаланады. Олар браузер күйінің параметрлерімен беріледі. Егер сіз басқа түс бергіңіз келсе, онда оны HTML-файлының басында <BODY> тэгінде беріп кету керек.

BGCOLOR атрибуты = парақ фонының түсін анықтайды, TEXT = барлық парақтағы мәтін түсін береді, LINK = және VLINK = сәйкесінше қарастырылған және қарастырылмаған сілтемелердің түсін анықтайды (соңғы 2 параметр кейін қарастырылады).

Web-парақта графиканы орналастыру.<IMG> тэгі құжатқа бейне енгізуге мүмкіндік береді. Бұл бейне құжаттың тэг орналасқан жерінде пайда болады. Берілген тэг жалғыз болып табылады. Web-те графика ереже бойынша 3 форматта тарайды: GIF, YPG, PNG.

<IMG> тэгі қосымша беруге болатын, төменде сипатталған көптеген атрибуттардан тұрады. Олар IMG кодынан кейін тэгтің кез-келген жерінде орналаса алады.

Фондық графика.Фондық бейне – бұл кішкене тікбұрышты плашкасы бар графикалық файл. Браузерде қарау барысында бұл плашка терезелер өлшеміне тәуелсіз, барлық терезелерді толтыра отырып, бірнеше рет қайталанады. Фондық графика <BODY> тэгінде беріледі.

3 мысал: <BODY BACCKGROUND=”BGR.GIF” TEXT=”#330066”> … <BODY>.

Кестелер.Кестелер HTML құжатының маңызды бөлігі болып табылады. Ол тік бағандар мен көлденең жолдардан тұратын тікбұрышты тор. Жолдар мен бағандардың қиылысуы ұяшық деп аталады. Ұяшық мәтіннен, графикадан немесе басқа кестеден тұруы мүмкін.

Кесте негізгі үш бөліктен тұрады: · кесте атауынан; · бағандар тақырыбынан; · ұяшықтардан;

Кесте жолдар бойымен толтырылады (солдан оңға қарай жол бойымен және келесі жолға көшу арқылы). Әрбір ұяшық толтырылған болуы тиіс.

Гипермәтіндік байланыстарды құру.HTML тілінің маңызды қасиеті – құжат ішіне басқа құжаттарға сілтеме қосу мүмкіндігі болып табылады. Мүмкін болатын сілтемелер:

· Басқа жердегі HTML-файлына сілтеме;

· Ағымдағы HTML –құжатының қандай-да бір нүктесіне сілтеме;

· HTML –құжаты болп табылатын кез келген файлға сілтеме.

Тапсырма: №1 өздік жұмыстағы нұсқа бойынша HTML тілінде Web-парақ құрыңыз.

Бақылау сұрақтары

1. HTML құжат қалай құрылады?

2. HTML құжаттарын форматтау ерекшеліктері

3. HTML құжаттар бейнесін қай бағдарлама көрсетеді?

4. HTML құжаттарда абзац қалай белгіленеді?

5. Құжаттардың сәйкес бөлімдеріне HTML тегтері қалай әсер етеді?

6. Тақырыптар қандай тегтермен көрсетіледі?

7. Сілтеме деген не?

8. Сілтеме қалай құрылады?

9. Сілтемені қалай пайдалануға болады?

10. Құжатқа суреттер қалай қондырылады?

Реферат тақырыптары:

1. Графикалық бағдарламалық қамтамасызданудың иерархиясы

2. Графикалық редакторлар.

3. Векторлық графика.

4. Растрлік графика.

5. Интернет тарихы.

6. Интернет қызметшілері.

7. Ақпараттық қауіпсіздік және оның құрамы.

8. Архиваторлар.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер тізімі

1. Макарова Н. В., Матвеев Л. А., Бройдо В. Л. и др. Информатика / Под ред. Макаровой Н. В. М., 2004.

2. Информатика. Базовый курс / Под ред. С. В. Симоновича. – СПб., 2007.

3. Балапанова С.А. и др. Информатика для экономистов. М.: Инфра-М, 2007.

4. Балапанов Е.Қ. Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ: Оқулық. Алматы: ЖТИ, 2004

5. Беркінбаев К.М. Информатика: Оқулық. Алматы: Заң әдебиеті, 2005

6. Байжуманов М. Қ. Информатика. Оқу құралы. Астана, 2004

7. Ермеков Н.Т. Информатика элементтері. Астана: Фолиант, 2007

8. Острейковский В.А. Информатика: учебник для вузов. М:Высшая школа, 2004

9. Соболь Б.В. и др. Информатика: Учебник. Ростов н/Д: Феникс, 2006

10. Аладьев В.З. и др. Основы информатики. – М.: Филин, 1999.

11. Балапанов Е.К. Новые информационные технологии: 30 уроков по информатике. Алматы, 2001.

12. Воройский Ф.С. Информатика. Новый систематизированный толковый словарь-справочник. – М., 2001.

13. Алексеев А.П. Информатика. М.:СОЛОН-Пресс, 2003

14. Бекаревич Ю.Б., Пушкина Н.В. Microsoft Access 2000. СПб.: БХВ - Петербург, 2001. - 480 с.

15. Романовский И.В. Дискретный анализ. – 3-е изд. – СПб.: Невский Диалект; БХВ Петербург, 2003.

16. Асанов М.О., Баранский В.А., Расин В.В. Дискретная математика: графы, матроиды, алгоритмы. – Ижевск: НИЦ «Регулярная и хаотическая динамика», 2001.

17. Ахо А., Хопкрофт Д., Ульман Д. Структуры данных и алгоритмы. – М.: Вильямс, 2001.

18. Таненбаум Э. Архитектура компьютера. СПб.: Питер, 2002.

19. Столингс У. Структурная организация и архитектура компьютерных систем. М.: Вильямс, 2002.

20. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных. СПб: Невский диалог, 2001.

21. Бондарев В.М., Рублинецкий В.И., Качко Е.Г. Основы программирования.– Харьков: Фолио; Ростов н/Д: Феникс, 1997.

22. Кнут Д. Искусство программирования, 3-е изд. – М.: Вильямс, 2001.

23. Бадд Тимоти Объектно-ориентированное программирование в действии. –СПб.: Питер, 1997.

24. Таненбаум Э. Современные операционные системы. СПб.: Питер, 2002.

25. Столлингс У. Операционные системы. Внутреннее устройство и принципы проектирования. М.: Вильямс, 2002.

26. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. СПб.: Питер, 2002.

27. Таненбаум Э. Компьютерные сети. СПб.: Питер, 2002.

28. Воронцов П.Г. Компьютерная графика. СПб., 2000.

29. Порев В. Компьютерная графика. СПб., 2002.

30. Практикум по экономической информатике. Учебное пособие. / Под ред. Шуремова Е.Л., Тимаковой Н.А., Мамонтовой Е.А. – М.: Перспектива, 2000.

31. Могилев А.В. Информатика: Учебное пособие . 2-е изд., М.: Изд. центр "Академия", 2003.

32. Могилев А.В. Практикум по информатике. М.: Издательский центр "Академия", 2003.

33. Туребаева Р.Д., Улжибаева Г.Ш., Кадирова Ж.Б., Жаркимбекова А.Т. "Ақпараттану пәні бойынша зертханалық машықтанулар" , 2005.

34. Туребаева Р.Д., Улжибаева Г.Ш., Актаукенова Г.С., Абишева А.А. " Ақпараттану пәні бойынша программалау тілдерін үйренуге арналған зертханалық машықтанулар" , 2005.

35. Туребаева Р.Д., Улжибаева Г.Ш., Томилова Н.И., Ақтаукенова Г.С. Жаркимбекова А.Т. Ақпараттану пәні бойынша емтихандық бақылау тестілері. - ҚарМТУ, 2005

36. Иманбаева Д.А., Жаркимбекова А.Т. Ақпараттану пәні бойынша практикалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар. - ҚарМТУ, 2006.

Қосымша әдебиеттер тізімі

1. Экономическая информатика: Учебник / Под ред. Косарева. В.П. – М.: Финансы и статистика, 2004.

2. Атовмян И.О. Архитектура вычислительных систем. М.: МИФИ, 2002.

3. Гуров В.В., Ленский О.Д., Соловьев Г.Н., Чуканов В.О. Архитектура, структура и организация вычислительного процесса в ЭВМ типа IBM PC М.: МИФИ, 2002.

4. Таха Х. Введение в исследование операций. – М.: Вильямс, 2001.

5. Гуськов А. Спецификация объектно-ориентированных языков программирования. – М., 2004. – 464 с.

6. Смит С. Методы объектно-ориентированного анализа и проектирования. – СПб., 2005. – 532 с.

7. Федосеев Л. Основы программирования в объектно-ориентированной среде. – М., 2005. – 378 с.

8. Дьяконов В. Компьютерная математика. Теория и практика. М.: Горячая линия -Телеком, 2001.

9. Щербаков А.Ю. Введение в теорию и практику компьютерной безопасности.-М., 2001.

 


<== попередня лекція | наступна лекція ==>
Тапсырма | МІНІСТЕРСТВО ОСВІТИ І НАУКИ, МОЛОДІ ТА СПОРТУ УКРАЇНИ


Онлайн система числення Калькулятор онлайн звичайний Науковий калькулятор онлайн